- •1. Арал теңізінің тарихы және географиялық орны.
- •Арал тағдары толғатқанда
- •Іі. Арал теңізін зерттеу
- •Арал қазан төңкерісі, Азамат соғысы жылдарында
- •Балық шаруашылығы
- •Ауыл шаруашылығы
- •Көлік, жолдар және байланыс
- •Халыққа білім беру
- •Арал мұнайының болашағы
- •Арал қаласы
- •Аманөткелаулықтық округі
- •Бөген ауылдық округі
Ауыл шаруашылығы
Арал ауданы халқының ата кәсібі мал шаруашылығы: қой, жылқы, түйе, және мүйізді ірі қара болды. Бұл салада Аралдың басқа жерлерден бір ерекшелігі Орск, Орынбор жәрмеңкелеріне жақындығы еді. Сол жаққа үйір-үйір жылқы, мыңдаған қой айдаған, оларды сатып өздеріне қажетті бұйымдарды алып отырды.
Арал ауданың Қарақұм беткейі мал өсіруге қолайлы. Шаруалар жазда ос ышұрайлы, суы мол құдығы бар жерлерге тоқтап, көшіп-қонып отырған. Олардың бірсыпырасның қыстауы Сырдария бойында орналасқан, қалғандары Қарақұм қойнауында Арал теңізінің, Сырдарияның жиегінен малдың қысқы жемі, шөбі дайындалған. Ал жеке адамдар бұл шаруалармен қатар балық та аулаған.
Арал өңірінде 1930 жылғы есеп бойынша 407394 бас мал болған, оның ішінде: жылқы 20720 бас, ірі қара 30625, түйе 40817, қой, ешкі 315132 бас. Мұндай мал басының көп болуының басты себебі бұл өңірде табиғи шөптің молдығы, екіншіден жеке адамдар да мал басын өсіруге ынталы болды.
Арал ауданының тұрғындары мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығымен де айналысты, әсіресе Ақирек, Жаңа құрылыс, Көгерту, Аманөткел, Қотанкөл, Беларық атты қоныстарда 1928 жылы егілген егістің көлемі 4420 гектар болса, 1931 жылы 5577 гектарды құрады.
Ауданда мал шаруашылығын өркендетуге, әсіресе қой басын көбейтуге ерекше көңіл аударылды. Осы мақсатта Өзбекстанның 1800 бас қаракөл қойы, 100-ден астам қошқар сатып алынды. Ал Ресейден 50 бас асыл тұқымды қошқар, 10 асыл тұқымды бұқа алынды.
Ауданда, 1940-1945 жылдарда 26 үлкенді-кішілі колхоз болды. Аманөткел, Қотанөткел, 8 март, Жаңа құрылыс, Беларық, Ақшатау, Буденный, Энгельс, Орджоникидзе, Киров, Большевик 30 жылдық.
Қазақстан, Жарық көл, Каганович, Көктем Калинин, Алға Куйбышев, Жаңа талап, Жігер, Қызыл керуен, Чикалов, Көгерту, Октябрь. Осы аталған колхоздардың 13-і мал және егін щаруашылығымен айналысты. 50-шы жылдарға дейін әрбір колхоз 50-60 үйден тұрды. 50-жылдың орта мезгілінде республика бойынша майда колхозды ірілендіру басталды. 1955 жылы 30 мыңдықтар атты қозғалыс басталды да қолынан іс келеді, ұйымдастырушылық қабілеті бар деген азаматтар осы колхоздарды басқаруға жіберілді. МЖС (машина-мал шаруашылығы стансасы да) Мәскеуден, Самарадан келген инженер кадрлармен толықтырылды.
Көлік, жолдар және байланыс
Арал теңізінің стратегиялық және экономикалық жағынан пайдалану мақсатында темір жол жүргізу өте тиімді болды.
Орынбор-Ташкент темір жолының құрылысын салуды патша Үкіметі 1878 жылы жобалаған болатын, бұл негізінен Азия елдерін отарлау саясатының жалғасы еді.
1901-1905 жылдары оның құрылысы салынып бітті. Темір жол саудасы екі жақтан басталады- бірі Орынборданғ екіншісі ташкенттен жүргізіліп, екі жақ Қазалы станциясының маңында түйісті. 16 сәуір 1906 жылы Орынбор-Ташкент жолы ресми түрде ашылып пайдалануға берілді.
Райым су айдағыш пункті 1902 жылы салынды, ол Шалқар станциясына дейін темір жолдың бойындағы елді мекендерді сумен қамтамасыз етті. Темір жолдың ұзындығы 2090 км-ге созылды, алғашқы кезде 4 мың, 1902 жылы – 17 мың. 1904 жылы 30 мың адам жұмыс істеді. Құрылысқа Киевтен, Самарадан, Полтавадан, Херсон губерниясы мен Закавказиядан көптеген инженер мамандар келіп жұмыс істеді.
1905-1907 жылдары Шалқар станциясында 159, Қазалыда 151, ал Сексеуілде 100-ге тарта адам іжұмыс істеді.
Қарақұм, Сыр өңіріндегі кең байтақ шөл далада көшіп-қонып жүрген қазақтар біртіндеп темір жол бойына қоныстана бастады, олар өздерінің түйе, ат арба көліктерімен тас, құм, ағаш басқа да құрылыс материалдарын тасыды, ауыр жұмыс істеді. Бұлар басқа жақтан келген халықтармен достасып кетті, патша үкіметіне деген наразылыққа үн қосты,
Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы келешек Қазақстан, Орта Азия елдерімеен қатынас тұрақтанды, сауда-саттыққа кең жол ашылды. Сонымен қатар Арал теңізінің байлығын игеруге ықпал етті.
Арал ауданы аумағы үстімен 160 км темір жол желісі өтті, темір жол станциясы: Сексеуіл, Көнту, Арал теңізі, Сапар, Аралқұм, Шөміш, Қамбаш, Бекбауыр және 12 разъездер бар.
1902-1903 жылдары Сексеуіл депосының алғашқы үйі салынды, кейіннен ол кеңейтілді. 1932 жылға дейін мұнда паравоздар жөндеуден өткізілді. 1935 жылы депоның екінші үйі салынды. Депода тоқарлық, темір жол ұстасы, компрессор цехтары әртүрлі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл өзінің паровоз паркін ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
1928 жылы Сексеуіл станциясында кірпіш цехы салынып, өнім шығара бастады. Бұл темір жол бойындағы станция, тұрғын үй, су құбырларын салуда үлкен роль атқарды. Кірпіш өте сапалы болды, сол үйлер күні бүгінге дейін міні кетпей сол қалыпында сақталуда.
Темір жол байланысы республиканы халық шаруашылығын өркендетуге үлкен ықпал жасады. Арал теңізінен, яғни Арал, Мойнақ (Қарақалпақ) балық кәсіпшілігін жыл сайын дайындаған 450-500 мың центер балық өнімдерін осы темір жол арқылы бұрыңғы одақтың жүздеген қалаларына жөнелтіліп отырылды. Сол сияқты Арал теңізі портынан Қарақалпақ республикасына барлық құрылыс, азық-түлік жүктері жөнелтіліп, қайтарда мақта жүктерін Арал теңізі арқылы тасылды. Теңіз жолы басқа көліктерге қарағанда әлде қайда тиімді, әрі арзан болды.
Арал қаласында “Узбекснаб” деген мекме болды, оның қызметі екі ел арасындағы жүк қатынасын реттеп өткізеді. Бұл мекеме, поезбен келген жүкті портқа жеткізеді, баржаларға тиетеді. Отан соғысының алғашқы жылдарында, яғни 1941-1943 жылдары, армия қатарына алынған өзбектер мен қарақалпақтар кемелермен, қаптаған ақ жүгерілерін арқалап, Аралға келіп, поезға отырылғызды.
Орынбор-Ташкент темір жолы салынғаннан бері станциялармен разъездердің келбеті мүлдем өзгерді, сәнді орындар мен үйлер бой түзеді.
Ал Сексеуіл поселкасы ерекше. Сол кездерде бір қабатты қызыл кірпішпен салынған тұрғын үйлер, клубтар, мектеп әлі күнге дейін көз тартады. Кейінен 50-60 жылдарда, екі қабатты 10-15 үйлер, стадион салынды.
1902-1903 жылыдары Сексеуіл депосының алғашқы үйі салынды, кейіннен ол кеңейтілді.
Сонымен қатар өнеркәсіп орындарында, атап айтқанда Арал балық комбинатында, кеме жөндеу зауытында, балықшылар тұтыну одағында басқа да ірі өнеркәсіп орындарында дербес автопарктер ұйымдастырылып, жүк және жолаушылар тасылды.
Қыс айларында, теңіз қатқан уақытта, 100-200 жүк машиналары Бөген, Аманөткел, Қарашаған, Қаратереңнен балық тасиды. Дөңгелегіне темір селтікті орап алған жүк машинасы мұзбен 100-120 км қашықтықты 1,5-2 сағатта игеретін еді.
Халық Аралдан Аманөткелге келеді, ол үшін дариядан өтуі керек. Ұзақ жылдар бойы Дариядан өтетін көпір болмады. Екі аймағын біріктіріп үстін тақтаймен байлап отырады да ескек есуші адам адамдарды, жүкті, малды, екінші бетіне шығарады. Бұл дарияның Хан деген жерінде орналасты. Халық одан әрі Ақшатау, Шөмішкөлге барады. Кейінен 60-70 жылдарда дариядан өтетін бірнеше қайықты біріктіріп, жасаған “көмір” пайда болды.
1960 жылдан бастап Қызылорда Арал тас жолы іске қосылды, кейін ол асфалтьталды, Алматы-Москва орталық жолымен ұштастырылды.им1978-1960 жылдарда Арал-Бөген, тас жолдары салынды.
Аралда 1940 жылдың басында әуе жолы ашылды, ұшақтар теңіз аралдар мен жағалауындағы елді мекендермен қатынас жасап тұрды, ал бұл 1970 жылы өз алдына звено болып қайта құрылды. Ұшақтар Алматы-Қызылорда, Ақтөбе-Мәскеу аралығына қатынасады. 1960-1970 жылдарда Арал-Мойнақ-Нөкіс әуе жолы қатынас орнады, Аралдың бүкіл елді мекендеріне де ұшақ ұшты.
Теңіздің тартылуы, экономикалық қиындығы әуе жолы қатынасының да болашағына кері әсерін тигізді.
Қазіргі заман тұрғысынан қарағанда байланыс жүйесі адамдарды, елмен-елге хат-хабар байланыстары тек ғана ат, түйе көліктерін пайдалану арқылы жүргізіліп отырған. Орталық мекендерде (ояз, болыс, ауыл орталықтарында) хабар-ошарға пайдаланатын ат көліктерін арнайы бағып, күтімге арнаған. Ресейдің Орск қаласынан қазақ даласы мен Орта Азияны жалғастыратын керуен жолдары қатынасының негізі болды. Мысалы, Бұхара-Хиуа жолы Аманөткел, Арал, Ырғыз арқылы Ресей жеріне жетті. Осы керуен жолдарының бойында жолаушылардың демалатын, көліктерін жайлайтын қызыл үй деп аталатын бекеттер болды.
Хат-хабар почтасы бір бекеттен екінші бекеттен жеткізіліп отырған. Осындай қатынас бекеттерінің бірі Арал-Ырғыз жолы, ол осыдан 80 шақырымдай жерде, Сазды елді мекенінің тұсында әлі күнге дейін қызыл үйдің орны болды.
1901-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолы салынғаннан бастап почта-телеграф байланысы дами бастады. Арал стансасы арқылы өтетін жоол бойындағы елді мекендерді және Алматы-Ташкент-Мәскеу сияқты орталық қалаларымен байланыс тұрақтандырылды.
Арал теңізінде бірнеше балық аулайтын орталықтар бар: Арал, Бөген, Қаратерең, Қарашалаң, Тастүбек, Ауан, Ұялы тағы басқада. Екінші жағынан мал жайылымында бірнешеленген елді мекендер бар. Бұлармен байланыс, күнделікті өмір үшін қажет болды.
Бізге белгілі жергілікті, республиалық және Жоғарғы Кеңеске сайлаулар жүретін, оның қорытындыларын жеткізу үшін бірнеше сайлы аттар, шаналар, жігіттер дайындалатын. Ал жоғарыдан түскен нұсқауларды елді мекендерге уақытылы жеткізулі керек болды.
Кеңес үкіметі алғашқы күннен бастап байланыс жүйесін ретке келтіруге назар аударды, әсіресе шалғай аудандармен, сатылап-сатылап жетілді.
Мәскеу-Алматы аралығында 55,56 санды поезд жүрді, ол әрбір разъездерге тоқтап, тұрғындарға түрлі тамақ өнімдерін, екінші жағынан түрлі ақпараттарды қалдырады, алып кетеді. Ол ақпараттар елді пунктерге жөнелтілді. Бұлда бұған дейінгі, ат-түйемен қатынасқа қарағанда, әлдеқайда жағдайы жеңілдетті.
1930 жылдың аяғында аудан орталығында морзе байланыс торабы орнатылды, оның бөлімшелері елді мекендерде де құрылды: Ұялы, Ауан, Ұзын-қайыр, Бөген балық зауыттары мен балық пунктерінде және ірі кемелерде морзе телеграфы белгісімен жұмыс істейтін стансалар орнатылды, бұл ақпарат алмасуды жеңілдетті. Бұл 60-жылдардың басына дейін іске асты.
Осы уақыттан бастап қалада және ірі елді мекендерде радиохабарын тарату ірі өріс алды. Алғашқы кезеңдерде радио нүктесі өндірісте, көше орталығында, көпшілік орындарда орнатылды.
Осы 30 жылдардың аяғында ауданның барлық елді мекендері радиоландырылды, орталық пунктер ашылды. Алғашқы аудандық байланыс торабы 8 науыз көшесіндегі үйге орналасты, тақтайдан салынған, сол кездегі әсем үй еді. Айтушылыр бұл Гайнадин деген татар саудагерінің үйі көрінеді, оның қарсысында аудандық типогафия болды.
Ұзақ уақыт елді мекендерге хабар қайықпен, не көләкпен жеткізіліп тұрды. 1950жылы аудандық байланыс бөліміне арнаулы “Попов” атты қатер байланыс жұмыстарын атқарды.
60-70-80 жылдарда аудан байланыс жүйесі ірі өзгерістерге ұшырады, барлық елді мекндермен телефон, 60 жылдың екінші жартысынан теледидар іске қосылды, 1979 жылы үш қабатты аудандық байланыс үйі салынды, 3 мың номерлік телефон нүктесі іске қосылды. Ал 1993 жылы қаланың солтүстік жағында жаңадан 2000 номерлік телефон станциясы пайдалануға берілді.
70-80 жылдарда бір қатар ауылдық жерлерде байланыс мекемесі жаңа үйлерге орналастырылды. Олардың жұмысы аудандық және ауылдық кеңестердің қатаң бақылауында болды.
