- •1. Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің заңды тұлғаларының салық салу жүйесінің айырмашылықтары
- •2. Шет мемлекеттердің заңды тұлғаларға салық салу ерекшеліктері
- •3. Қазақстан Республикасындағы салықтардың негізгі түрлері.
- •1. Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің заңды тұлғаларының салық салу жүйесінің айырмашылықтары
- •1.1 Салық жүйесінің даму тарихы. Әлемдегі қазіргі салықтық жүйелер бағыттары
- •1.2 Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларға салық салу жүйесі
- •2. Шет мемлекеттердің заңды тұлғаларға салық салу ерекшеліктері
- •2.1. Шет мемлекеттердің салық салу жүесіне жалпы сипаттама
- •2.2. Францияның заңды тұлғаларына салық салу жүйесіне сипаттама
- •Салық функциясы.
- •3.Қазақстан Республикасының салық түрлері.
- •3.1 Жанама салықтар.
- •3.2 Жеке табыс салығы.
- •3.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
- •3.4 Әлеуметтік салық.
- •2000-2003 Жыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет түсімдерінің пайыздық құрылымы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
3.4 Әлеуметтік салық.
Әлеуметтік салық-мемлекетте алынатын салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналык сактандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдардың орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбек ақы төлеу қорларының 28% мөлшерінде белгіленеді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылады.
Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетте 17℅ алады. Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдері, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар әлеуметтік салық төлеуші болып табылады.
Жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез-келген нысанындағы оның қызметкерге төлейтін шығыстары резидент -заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін әлеуметтік салық салу объектісі, ал жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар үшін олардың өзін қоса алғанда, қызметкерлер саны бұл салық салудың объектісі болып табылады.
Әлеуметтік салық мөлшерлемесі - 20%. Салықтың жұмыс істеу барысында оның мөлшерлемелері өзгеріп отырады, сондай-ақ әртүрлі төлеушілер үшін 26%-дан 6,5%-дейін сараланады.
Резидент-заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратып бейрезиденттер шетел әкімшілік-басқарушы, инжинер-техник қызметкер мамандар үшін 11% мөлшерлемесі бойынша әлеуметтік салық төлейді.
Жеке кәсіпкерлер, арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, жеке нотариустар, адвокаттар өзі үшін үш айлық есептік көрсеткіш және әрбір қызметкер үшін екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу көру қабілетінен айрылған мүгедектер үшін жұмыс істейтін мамандырылған ұйымдар 6,5% мөлшерлеме бойынша әлеуметтік салық төлейді. Арнаулы салық режимін қолданылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін әлеуметтік салық мөлшерлемелері белгіленген.
Әлеуметтік салық төлеу салық төлеушінің тіркеу есебі алынған жері бойынша есепті айдан кейін кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей жүргізілуі керек.
Патент немесе оңайлатылған мағұлдама негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері – заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер әлеуметтік салық төлеуді салық салудын осы тәртібімен қарастырылған басқа салықтармен жиынтық сома түрінде жүреді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискальды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызметі. Фискальды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез-келген мемлекеттің өмір сүру үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің, мейлі мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын, аса кызықтыратын мәселесі болып табылады. Баршамызға белгілі таразының екі жағы бар, біріншісі мемлекеттің кажеттілігінен туындаса, ал екіншісі еркін кәсіпкерлікті ұстағандардың мүдделерінен шығады.
Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсак, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқауымызға болады. Салықтардың реттеушілік ролі негізінен мынандай шарттарға жауап беруі қажет: мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің негізгі байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады.
Үкімет басшысының хабарлағанындай, 2001 жылдың қорытындысы бойынша, мұнайды экспорттаудан тек салық түрінде ғана мемлекеттік бюджетімізге 500 миллион АҚШ доллары шамасындағы қаржы түспей қалған. Мұндай көлемдегі қаржы республикалық бюджетіміздің төрттен бір бөлігіндей мөлшерін құрайды. Егер бұл көрсеткіш тек қана мұнай саласында орын алған болса, онда еліміздің бүкіл шикізатын экспорттаудан түспей қалған қаражаттың мөлшері қандай болар екен?
Осындай көлеңкелі экономиканың келеңсіз әрикеттерінен еліміздегі күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерге аса зәру болып отырған тұрғындардың бөлігі көп зардаптар шегуде. Екініші жағынан, салық салынатын базаның кемуіне, экспорттаушы емес экономиканың басқа салаларында қызмет атқарып отырған кәсіпорындарға жүктелетін салық ауыртпалығы арта түсуде. Аталған кемшіліктерді жою үшін, ең алдымен салық заңына жаңадан өзгертулер енгізу аса қажет. Кіріс министрінің атап өткеніндей, жаңадан қабылданған салық кодексінде айтарлықтай өзгерістер енгізілмеген, демек жіберілген кемшіліктер алдағы уақытта да жіберілуі мүмкін. Әрине енгізілген өзгерістер әбден саралануы және салық жылының басынан бастап іске асуы кажет. Салық төлеушілер үшін салық жүйесінің ең болмағанда үш-бес жылға дейін тұрақты болып қалуы аса маңызды шарт болып табылады. Тұрақсыз экономика жағдайында бұлай болу әрине мүмкін емес, әсіресе жалпы ішкі өнімнің мөлшері дүниежүзілік бағаға тәуелді жағдайында бұл өте қиынға соғады.
Жер қойнауындағы табиғи байлықтарды өндірушілердің табыстары әлемдік бағаға байланысты екенін ескере отырып, оларға салынатын табыс салығына прогрессивті ставканы енгізген дұрыс болар еді. Егер шикізаттың қалыптаскан бағасы орта көрсеткіштен жоғары болып қалыптаса, онде осындай шикізатты экспорттаушы кәсіпкерлер бағаның артық мөлшеріндегідей пайызда қосымша табыс табады. Бұл артық табыс мөлшері қазіргі салық заңына кәсіпорындардың ішкі пайда нормаларына сәйкес үстеме пайда салығы арқылы алып отыр. Бұл аталған салықтың кемшілігі мынада: біріншіден, ішкі пайда нормасын анықтау кезінде оның мөлшеріне әр түрлі себептер мен субъективті жағдайлар әсер етуі мүмкін, екіншіден. Пайда нормасын қайта-қайта қарастырып отыру қажет, өйткені шикізаттын әлемдік бағасы күн сайын өзгерістерге ұшырауы мүмкін.
Аталған кемшіліктерді жою үшін шикізатты өндірушілерге салынатын табыс салығының базасын кәсіпорынның ішкі пайда нормасынан шикізаттың сатылу уақытындағы қалыптасқан әлемдік бағасы мен шикізатты өндіру мен тасымалдауға кеткен шығындардың айырмасына ауыстыру керек. Бұл арада неліктен шикізаттың сатылу бағасы емес, сатылған уақыттағы қалыптасқан әлемдік баға алынып отыр? Оған себеп, кез-келген шикізатты болсын, дайын өнімдерді болсын экспорттаушы кәсіпорындар сатылу бағасын жасаған келсім шарттарында төмендетіп жазып, сөйтіп табыс мөлшерін азайтып көрсетуі әбден мүмкін, ал белгілі бір уақытта қалыптасқан шикізат бағасын кемітіп көрсетуі мүмкін емес және оның дұрыстығын тексеру онша қиынға соқпайды. Сонымен қатар шикізаттың өзіндік құны мен тасымал шығынын анықтау кей жағдайда тұрақты болып қалады. Бұл арада экспорттаушы кәсіпорындардың келіспейтін жақтары орын алуы мүмкін, мәселен, Қазақстан шикізатының сапасының төмендігі. Шын мәнінде туындайтын қайшылықтарды реттестіру қиын емес.
Егер экспортталатын шикізаттың әлемдік бағасы күрт төмендеп кетсе, онда мәселе қалай шешілмек деген сұрақтың қойылуы сөзсіз. Оған жауап
беру үшін, мұндай экспорттың еліміз үшін маңыздылығын сарапқа салуымыз қажет. Егер әлемдік бағаның төмендеуіне қарамастан шикізатты экспорттау еліміз үшін аса маңызды болып қала берсе, онда өндіруші кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмек көрсету аса қажет. Салық салу жағынан шикізатты экспорттаушылар үшін көмекті табыс салығының ставкасы төмендеген сайын пропорционалды түрде табыс салығының ставкасын азайту қажет. Мұндай әрекет шикізатты өндірушілер мен экспорттаушылар үшін едәуір көмек болар еді. Әрине, салықтай көмектің белгілі бір шегі болуы тиіс, егер экспортталатын шикізаттың әлемдік бағасы белгілі бір деңгейден төмендеп кететін болса, онда мұндай шикізатты өндіруді тоқтату қажет болар еді.
Сонымен, шикізатты экспорттаушыларға қолданылып келген үстеме пайдаға салынатын салықты алып тастап, бір ғана прогрессивті табыс салығын қолданған дұрыс болар еді. Осы аталған салық төлеушілер мен еліміздің экономикасында орын алып отырған монополиялык кәсіпорындарды теңестіріп қарауға болады. Өйткені монополиялық кәсіпорындар өз кезегінде үстеме пайда табу үшін, өздерінің тауар немесе қызмет бағаларын қайта-қайта көбейтуге кұштар болып отыр. Мемлекет тарапынан монополияға карсы комитеттің бағаның өсуін тежейтін белгілі бір рөлі орын алғанымен, әр түрлі жолдармен монополиялық кәсіпорындар әлі де болса мұндай әрекеттерін тоқтата қойған жоқ. Осыған орай, бағаның өсуіне кедергі болатын әкімшілік жүйеден бөлек экономикалық жолы да орын алуға тиіс сияқты. Әңгіме бағаның тұрақты жағдайда болуын ынталандыратын салықтың қажеттілігінде болып отыр. Кейбір экономикасы дамыған батыс елдерінде, тұрғындардың өміріне аса қажетті салалардағы кәсіпорындар үшін пайда нормасы мемлекет тарапынан 12 пайыз шамасында етіп қойылған. Яғни кәсіпорын осы нормадан артық тапқан табысынан салық түрінде түгелдей мемлекет бюджетіне өткізуі тиіс.
Қазақстан жағдайында халыққа комуналдық қызметтер көрсетіп отырған жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін мемлекет тарапынан мұндай қысымдық көрсету көптеген қиыншылықтарға алып келуі мүмкін. Мысалы, инвестиция жасаған кампания саладан өз қаржысын алып, пайда нормасы жоғары болатын салаға ауысып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан Қазақстандық кәсіпорындар үшін ішкі пайда нормасын инфляциялық пайызды ескере отырып, 20-25 пайызға дейін көтеруге болады. Мемлекеттік кіріс министрлігі мен монополияға қарсы комитет монополиялық кәсіпорындардың осылайша белгіленген пайда мөлшерін дұрыс сақталуын қадағалап отыратын болса, жеткілікті болар еді. Осындай шаралардың нәтижесінде мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс түсімінің ұлғаюымен бірге Қазақстандық тұтынушылар үшін монополиялық кәсіпорындарының қызметтері арзанырақ түсетін болады. Қорыта айтқанда, монополиялық кәсіпорындар бағаның көтерілуіне айтарлықтай қызықпайтын болады, себебі баға көтерілгенімен кәсіпорынның пайда мөлшері еш өзгермейді. Мемлекет тарапынан болатын мұндай әрекет нарықтық қатынастарға ешқандай кедергі болмайды, керсінше, бұл нарық кезіндегі мемлекеттің экономиканы аса бір ойландыратын мәселенің бірі -
жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтардың мөлшері. Кәзіргі таңда кәсіпорындарда қызмет атқаратын жеке тұлғалардың жалақыларына екі түрлі: табыс салығы және әлеуметтік салық салынады. Сонымен қатар міндетті түрде жалақының 10 ℅ зейнетақы қорына аударылады. Мәселенің жайын жалақыны төлейтің заңды тұлғалар жағынан қарайтын болсақ, онда жалақы үлестіру барысында кәсіпорындардың қосымша қаржыға шығындалуын байқаймыз. Жалақы қоры неғұрлым көбейген сайын кәсіпорындар соғұрлым әлеуметтік салықты көп төлейді. Бұл қызметкерлердің еңбек ақысын көтеруге кәсіпорындар мүдделі емес деген сөз. Жалақы мөлшерін көбейткен күннің өзінде де кәсіпорындар әр түрлі жолдармен нақты жалақы мөлшерін азайтып көрсетеді. Осыған байланысты Қазақстан салық жүйесінің алдында қалайша еліміздің азаматтарының орташа жалақы мөлшерін көтеруге болады және кәсіпорындарды қандай жолдармен жалақыны көтеруге ынталандыруға болады деген мәселелер тұр.
Қазақстан салық жүйесінде орын алып отырған әлеуметтік салық компания қожайындарының өз кызметкерлеріпің жалақы мөлшерін көбейтуін ынталандыру тұрмақ, керсінше бұл салықтан қалай құтылуды ойлап, бастарын қатыруға итеріп отыр. Мәселе тек әлеуметтік салық ставкасының жоғарылығында ғана болып отырған жоқ, сонымен қатар бұл салық салынатын базада да болып отыр. Дамыған мемлекеттердегі әлеуметтік салық ставкасы 4-12 пайыз аралығында болып отыр, оны тек компаниялардың өздері ғана емес, жалақы алушылар бөлісіп төлейді. Қазақстанның жалақы алушы азаматтары әлеуметтік салықтың ауыртпалығынан құтылғанымен, жалақы төлеуші компанияларға үлкен ауыртпалық жүктеліп отыр. Себебі жылдық жалпы жалақы қоры орташа есеппен алғанда компаниялар пайдасының 40-70 пайызын құрайды, ал осы уақытқа дейін әлеуметтік салық ставкасы 26 пайызды құраған болса, кәсіпорындар өз пайдасының 18 пайызына дейінгі мөлшерін мемлекетке әлеуметтік салық түрде төлеуге мәжбүр болады екен. Бұған 30 пайыздық занды тұлғаларға салынатын табыс салығын қосатын болсак, компанияларға жүктелетін салық ауыртпалығының жоғары екендігін көруге болады.
Тәжірбиеде көрсеткендей, компаниялардың басым көпшілігі әлеуметтік салықтан құтылудың белгілі жолдарын пайдаланып, салық комитеттеріне шын жалақы қорының тек 30-40 пайыздарын ғана көрсетуде. Әрине, салықтарды толық төлеп жүрген кәсіпорындар да жеткілікті және ондайларға көп алғыс айту қажет. Осы аталған мәселелерге байланысты мынандай ұсыныс туындайды.
Компания қызметкерлері |
Төленетін жалақы мөлшері, теңге |
45000 асатын мөлшер |
1-қызметкер |
50000 |
5000 |
2-қызметкер |
40000 |
|
3-қызметкер |
60000 |
15000 |
4-қызметкер |
20000 |
|
5-қызметкер |
100000 |
55000 |
6-қызметкер |
30000 |
|
барлығы |
300000 |
75000 |
Таблицада көрсетілгендей, компанияның тек үш қызметкердері ғана 300 теңгеден артық жалақы алады, ал жалақы қоры бойынша компания 300 теңгеден әлеуметтік салық төлемейді. Яғни компания қожайындары өз қызметкерлерінің жалақыларын көтергенде айтарлықтай қосымша шығындарға ұшырайтын болады. Сонымен мұндай өзгерістер компапиялар үшін өте тиімді болып табылады, ал мемлекет қандай жағдайда болады екен? Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен әлеуметтік салықты төлейтін және төлемейтін компаниялардың арақатнасын есептеу қажет. Шын мәнінде, ортадан болатын жалақылары бар компаниялардың көпшілігі әлеуметтік салықты төлемейтіндер. Әлеуметтік салықты төлеуші компанияларға жүктеген ауыртпалықты жеңілдетуді салық ставкасын төмендетпей-ақ, салық салу базасының ауқымын азайту арқылы жүргізуге болады. Әлеуметтік салықтық салынатын базасы жалақы қоры болғандықтан, осы салыққа салынатын жалақы қоры мөлшерін азайту қажет. Ол үшін ең жоғарғы әлеуметтік салық салынатын жалақы қорын анықтау қажет және жалақы қорындағы тек сол мөлшерге дейінгі жалақыға әлеуметтік салық салыну қажет, ал ондай мөлшерден артық жалақыға компаниялар мүлдем әлеуметтік салық төлемеуі қажет. Мысалы, әлеуметтік салық салынбайтын бір адамға шаққандағы жалақы мөлшері 45000 тенге болатын болса, онда жалақы қоры 300000 теңгені құрайтын компания кестеде көрсетілген ретте өз жалақы қорынан әлеуметтік жалақы төлейтін болар еді. Егер осы өзгерісті енгізе отырып, республикада қызмет атқарып отырған компаниялардың барлығына дұрыс түсініктеме жүргізілсе, бұл өзгерістен мемлекеттік бюджет үшін тиімділіктің жоғары болары анық.
Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік салық төленбейтің деңгей 45000 тенге шамасында алынған, бұл мөлшер біріншіден елімізде қалыптасқан орташа жалақы мөлшері 15000 тенгеден үш есе көп, ол деген сөз, әлеуметтік салық қамтылған компаниялардың жалақы қоры республика бойынша айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды. Қазіргі таңда республика Президентінің басшылығымен әлеуметтік салық ставкасы 26 пайыздан 20 пайызға дейін төмендетілді. Сонымен әлеуметтік салықтар бойынша аталған өзгерістердің нәтижесінде мемлекетке, компанияға, әсіресе еліміздің азаматтарына келер пайда айтарлықтай болар еді.
Республикада өмір сүріп отырған жалақылары төмен азаматтар үшін салық заңымызда қарастырылмаған деуге болады. Мысалы, салық заңында жеке тұлғалардың табыстарына қолданылатын шегерімдердің мөлшері барлық жеке тұлғалар үшін бірден-бір айлық есептеу көрсеткіші деңгейінде және әрбір бір айлық есептеу көрсеткішінен төмен табыс табатын немесе мүлдем табысы жоқ әрбір жанұя мүшесі үшін бір айлық есептеу көрсеткіші мөлшерінде шегерім жасауға рұқсат етіледі, яғни жалақы мөлшері 45000 теңге болатын және жалақысы 4500 теңгені құрайтын жеке тұлғалардың табстарына қолданылатын шегерімдердің шамасы бірдей. Бұл әрине әділдікке жатпайды, ал салықтардың классикалық үлгісі бойынша әлемдік принципі алдыңғы орынға ие болу қажет.
Шын мәнінде жалақылары бір-бірінен өте алшақ жатқан жеке тұлғалар үшін осы аталған шегерімдердің қажеттілік деңгейі эр түрлі болады. Жалақысы ең төменгі деңгейге жақынырақ болатын тұлғалар үшін табысқа солданылатын шегерімдердің ролІ елеулі болып табылса, ал жалақылары орта деңгейден жоғары тұрғандар үшін шегерімдердің бары не, жогы не, бәрібір. Тәжірибе жүзінен қарайтын болсақ, жергілікті салық комитеттері кеке түлғалардың табысьтна қолданатын шегерімдердің дұрьтс және заңды болуын қадағалау үшін, кәсіпорындардан ай сайын эрбір қызметкерлердің жанұя мүшелерінің шынымен де табыс таппайтындығын айкындайтын құжаттарды талап ете алады. Шынында да ай сайын кез келген жанұяда қандайда бір өзгерістер болып жатуы әбден мүмкін. Осындай объективті және субъективті жақтарды ескере отырып, келесі ұсыныстарды қозғауға болады. Бірінші, жеке тұлғаға қолданатын шегерімдердің мөлшерін өзгерту және оны тек табысы төменгілерге ғана қолдану, екінші, табыс салығынан ең төменгі жалақы алушыларды босату.Қолданылып жүрген шегерімпің өзі өте елеусіз болғаидықтан, бір айлық септеу көрсеткіші ешкімге де айтарльщтай көмек бола алмайды. Сондықтан ;еке түлғалардың табыс салығына колданылатын шегерімнің мөлшері кем егенде ең төменгі жалақы мөлшеріне теңестіру қажет. Сонда, қазіргі аңдағы ең томенгі жалақы 4500 тенгені қүрайтын болса, осындай мөлшерде :алақы алатындар мүлдем табыс салығынан босатылады деген сөз.Ал орташа және жоғарғы деңгейдегі мөлшерде жалақы алатындар үшін элданылатын шегерімдерді қысқарту қажет. Егср Қазақстандағы орташа алақы 15000 тенгені кұрайтын болса, онда осы мөлшерге дейін жалақыға ір айлық ең төменгі жалакы деңгейінде шегерім колданып, ал эрбір табысы эмен немесе мүлдем жоқ жанүя мүшелері үиіін бұрыпғысынша бір айлық эрсеткіші деңгсйінде шегерім жасаған жөн. Қалған жеке тұлғалар үшін, яғни, орташа жалакыдан жоғары табыс табушыларға ешқандай шегерімдерді қолдану қажет емес. Сонымен, егер республикамыздың салық жүйесіндегі жеке тұлғаларга салынатып табыс салығына осындай өзгерістерді енгізетін болсақ, табысы өте төменгі дәрежедегі азаматтарымызға едэуір көмек жасаған болар едІк. ұндай өзгерістен кейін мемлекет ешкандай да зардап шекпейді, керсінше, быс орташа деңгейден жоғары болатын салық толеупіілердің шақыларына қолданылатын шегерімдердін алып тастағанның арқасында шекетіміздің бюджетінің кіріс жағы үлғая түспек. Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған ұсыныстарды жүзеге асыру қиынға coқпайды, ал олардан түсетін экономикалык тиімділікті айтарлықтай болары
Соңында келесідегідей қорытындылар жасауға болады:
Қазақстан территориясында көшпелі өмір кезінде салық жүйесі мемлекеттік биліктің құралы ретінде дамудың қажетті шегіне жеткен жоқ;
Тиімді салық жүйесін құру негізінде өзіндік тәжірибесі болмағандықтан, шетелдік тәжірибеге сүйену қажет;
Салық жүйесінің «үш киті»: салықтық қатынастарды реттеудің құқылы негізі; салықтарды және басқа да төлемдерді жинайтын ұйымдар; салықтарды құрудың формалары, түрлері және әдістері;
Салық жүйесінің І кезеңі (1991-1995ж.) оның көлемділігімен (салықтардың 45 түрі, салық заңдылығының 14 нормативті актілері) немесе фискальді бағытталумен (салық алымдары 95 % дейін) ерекшеленді. Нәтижесі: ЖІӨ тұрақты жыл салығы төмендеуі, бюджетке түсімдердің азаюы, төлемдердің жасалмау дағдарысы, «көлеңкелі» айналымның мөлшерінің ұлғаюы;
1995 жылғы Қазақстан Республикасының «Салықтар туралы» заңы (ІІ кезең) салық ауыртпалығын азайтты, «селективті жеңілдік беру» саясатын тоқтатты, салықтар санын 11 дейін қысқартты және салық жүйесінің тиімділігін арттырды. Нәтижесі: ЖІӨ азаюын тоқтатты, инвестициялар ағымы ұлғайды, іскерлік белсенділік жанданды;
Салық саясатында ҚҚС маңызы өсті, ол салық ауыртпалығында көбірек үлес салмағына (54 %) иеленді. Оның іс-әрекет механизмі, ставка деңгейі, оны алу әдісі экономиканың дамуын тежеді, дағдарысын тереңдетті;
2001 жылдың салықтық «жаңалығы» әлеуметтік салық ставкасының 26 %-тен 21 %-ке төмендеуі және 16 % мөлшерінде ҚҚС ставкасының енгізілуі болып табылады. Бөлшектік зерттеу кезінде ҚҚС қатынасында салық ауыртпалығы тұтыну өнімдерін өндірушілерге таратылды, ал ҚҚС – жанама салық болғандықтан аз қамтамасыз етілген тұрғындарға әсер етті.
2001 жылдың Салық кодексі салық жүйесінің құрылымын өзгертіп, эволюциялық сипатта болды. Салық кодексі бойынша Қазақстан Республикасының салық жүйесінің негізгі қасиеті салық салудың халықаралық қағидаларына сәйкес болып табылады.
Осылайша, Қазақстан салық жүйесі 13 жылда салық қатынастарының үйлесімділікке бағытталған 3 рет реформаға ұшырады, яғни ол бюджетке салық түсімдері жеткілікті болатын, салық ауыртпалыгының тиімді деңгейі нарықтық реттеушілік әсермен құрылды.
Қазақстанға өзінің бизнесін жасырғаннан гөрі, салықтарды төлеу ұтымды болатын салық жүйесі қажет. Салық кодексі Қазақстан Республикасының салық жүйесінің үйлесімді, жоғары теңдестірілген болуына бірінші қадам жасады деп есептеу қажет.
ҚОСЫМША «А»
Рет№ |
ҚР Салық жүйесі туралы занға сәйкес жалпы мемлекеттік салықтар, аударымдар және алымдар |
Рет№ |
ҚР салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер жөніндегі ҚР 24.04.1995 ж. Заңына сәйкес |
1 |
Пайдаға салық |
1 |
Занды тұлғаларға табыс салығы (30%) |
2 |
Шетел азаматтары, яғни азаматтығы жоқтардан алынатын табыс салығы |
2 |
Жеке тұлғалардан табыс салығы |
3 |
ҚҚС |
3 |
ҚҚС |
4 |
Акциздер |
4 |
Акциздер |
5 |
Бағалы қағаздар мен операцияларға салық |
5 |
Бағалы қағаздар мен операцияларға салықтар |
6 |
Көлік құралдарына салынатын салық |
6 |
Көлік құралдарына салықтар |
7 |
Георазведкаға және ізденіс жұмыстарына шығындарын жабуға салынатын төлем |
7 |
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтар |
8 |
Табиғи ресурстарға салықтар |
8 |
Орман алымдары |
9 |
Экспорт, импортқа салықтар |
9 |
Отын және жанармай жинаудағы алымдар |
10 |
Кеден тарифтері мен баждары |
10 |
Занды тұлғалардың көлік жолдарын қолданудағы алымдар |
11 |
Тіркелген (ренталық) төлемдер |
11 |
Жұмысбастылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік қорға аудару |
12 |
Автоқұралдарды сатып алуга салықтар |
12 |
Барлығы: 11 төлемдердің аударымдары мен алымдары |
________________
Ескертпе: ақпарат негізі Қазақстан Республикасының Салық кодексінен алынған № 209.
12 желтоқсан 2003 ж. Алматы: 2004 – 238 бет.
ҚОСЫМША «Б»
