Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салық жүйесінің даму тарихы. Әлемдегі қазіргі с...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

2.2. Францияның заңды тұлғаларына салық салу жүйесіне сипаттама

Францияның салық жүйесінің ерекшеліктері:

  • міндетті аударымдардың жоғары үлесі

  • әлеуметтік бағыттағы қорларға аударылатын жарналардыңжоғары үлесі

  • тікелей салық салудың төмен деңгейі мен жанама салықтардың жоғары деңгейі

Францияның салық жүйесі салықтарды орталық бюджетке түсетін салықтар және жергілікті салықтар деп бөледі. Мемлекеттік салықтар орталық бюджеттің табыс базасы болып саналады. Жалпы бюджеттің шамамен 60% жуығын жанама салықтар береді, әсіресе ҚҚС.

ҚҚС-ң отаны да осы Франция мемлекеті болып саналады. Ол 1954 жылы Лоре оқымыстының еңбегімен енгізілген. Салық бюджеттік түсімдердің 45% ҚҚС-ның үлесінде.

Қазіргі кезде бұл салықтың негізгі ставкасы 18,5%. Кейбір тауар түрлеріне, мысалы: автомобиль, кино тауарлары, темекі бұйымдары, бағалы терілерге жоғарылатылған мөлшерлеме 22% қолданылады. Ал, төмендетілген 5,5% азық-түлік тауарларының көптеген түрлеріне, ауыл шаруашылық өнімдеріне, кітаптарымен дәрі-дәрмектерге қолданылады.

Бұл салық бойынша айтарлықтай жеңілдіктер де қарастырылған. Мысалы: 1991 жылдың қаржы заңдылығындағы 25 бапқа сәйкес, кәсіп-орын, егер қаржы жылындағы айналымы 70 мың франктан аспаған жағдайда, бұл салықтан босатылады.

Осымен қоса, ҚҚС-нан мыналар бостылады:

  • мәдени, спорттық, тәрбиелік, әлеуметтік, әкімшілік салалардағы істерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер;

  • медицина және білім беру;

  • кейбір еркін мамандықтар: жеке мұғалімдік іс, жеке тәжірибеленуші дәрігерлер, рухани шығармашылықпен айналыса-тын адамдар.

Салық төлеушіге таңдау мүмкіндігі де берілетін жайлар болады, яғни ҚҚС-н төлеу ме, немесе табыс салығын төлеу ме? Бұл ғимаратты жалға бергенде, қаржы және банк ісінде; әдеби, әртістік, спорттық салада, жергілікті шаруашылықта берілетін жеңілдік түрлері.

Сондай-ақ, тұтыныс салықтары ҚҚС-мен қоса басқа да жанама салықтармен толықтырылады, яғни акциздер. Акцизделетін тауарлар тізіміне мыналар кіреді: алкоголь ішімдіктері, темекі бұйымдары, сірің-ке, оттық, бағалы металдан жасалған бұйымдар, қанат және кондитер бұйымдары, сыра және минералды суы, автомобиль көліктерінің кейбір түрлері, ұшқыш аппаратары.

Кеден баждарын да қажетті салықтар қатарына қосуға болады.Кеден баждарының басты мақсаты – табыс табу емес, ішкі нарықты қорғау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен ұлттық өнеркәсіпті де қорғау болып табылады. Кеден баждары мемлекттің экономикалық саясатының құра- лы ретінде пайдаланылады.

Табыс салықтарын кәсіпорындар және жеке тұлғалар төлейді. Кәсіп-орындардың таза табысына салық салынады. Салықтың жалпы мөлшер-лемесі – 34%. Кейбір жағдайларда ол 42% көтеріледі. Әлдеқайда төмен мөлшерлемелер 10-нан 24% жер пайдаланылуынан түскен табыстарға құнды қағаздарға салынған салымдарға т.б. қолданылады.

Ал жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы Францияның мемлекеттік бюджеттеріндегі түсімдердің 20% жуығын қамтамасыз етеді. Бұл салық мөлшерлемесі прогрессивті сипатта. 0-ден 56,8% мөлшерлемесі табыс көлеміне қарай қолданылады. 0-мөлшерлеме дегеніміз, табыс 18140 франктен аспайтын жеке тұлғаларға қолданыла-ды, яғни салыққа ілінбейді деген сөз.

Барынша көп мөлшерлеме 246770 франктан асатын табыстарға са-лынады. Ақшалай капиталдардан түскен табыстарға да салық салынады. Қозғалмайтын мүлікті сатудан түскен пайда, салық салынатын табыстарға қосылады. Ал құнды қағаздар операциясынан түскен пайда-ға 16% мөлшерлеме қолданылады.

Қозғалмайтын мүлік операциясымен байланысты пайдаға да салық салынады, егер келісім шарт саласы 20 мың франктан асса. Бұл жағдай-да үш мөлшерлеме қарастырылған – 4,5% және 7% өнер бұйымдарына және де 7,5% бағалы келісім шарттары үшін.

Келесі жерде меншікке салынатын салық туралы тоқтаған жөн. Мүліктер қатарына мыналар жатады: ғимараттар, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындары, қозғалмалы мүлік, құнды қағаздар т.б. Салық мөлшерлемелері мүлік құнына байланысты ажыратылады.

Мемлекеттік және жергілікті органдар тиісті аумақ шеңберінде халыққа қызмет жасау саласында қоғамның жан-жақты саласын қамтиды.Осы қызмет құрамына мыналарды жатқызуға болады: қорғаныс саласы,аймақты ішкі шабуылдан сақтандыру,полиыцияның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі,қоғамдық инфрастуктураны көтермелеу,автокөлік жолдарын жасау,балаларды оқыту қызметтері жатады.Жоғарыда аталған қызметтерді атқару кезінде жұмсалған қаржының орнын салықтан түскен қаржымен толтырады.

Жапония мемлекетнің эканомикасы нарықтық принципке негізделе отырып эканомикада еркін бәсекелестік орнаған.Мемлекеттің барынша өз функцияларын толық атқару үшін осы аймақтың тұрақты азаматтары заңда белгіленген негіздер бойынша салық ауыртпашылығын өздерінің мойындарына алады және оны төлеуге міндетті болады.Жапонияның Конституциясының 30-бабында « Заңда белгіленген негіздер бойынша хадық салық төлеу міндетін алады және оны төлеуге міндетті деп белгіленеді».Жапония мемлекетінің азаматтарына міндетті салықтық ауыртпашылық өндірістік тәртіппен емес тек заң нормалары арқылы ғана жүктелетін болады.Яғни салық төлеу ауыртпашылығы заңдабелгіленген нормалар арқылы ғана туындайды деген сөз.Егер азаматар заңда белгіленген салықты төлемеген жағдайда онда заң шеңберінде мәжбүрлеу элемнттері бар іс-әрекеттер қолданылады.Сондықтан салық ауыртпашылығы мемлекеттік биліктің салық салу құзыреті арқылы сипаталады.

Салықтың ерекшелігін келесі негіздер бойынша сипаттауға болады.Мемлекет өзінің алдында тұрған функциясын атқару мақсатында қаражат көзін қалыптастыру үшін халыққа заң бойынша салық ауыртпашылығын жктеп салық салу саясатын жүргізеді.Қаражат көзі мемлекеттің өзінің функциясын қажетті дәрежеде атқарып халықтың сұраныстарын қалыптастыру үшін жиналады.Салықтар және басқада қаржылық ресурстар заң бойынша бірнеше кретерийлермен қамтамасыз етілген.Салық салумен салықты жинау заң талаптарына сай әділетті принциптермен қамтылған.(салық заңының басымдығы принципі).

Жапония мемлекетінің Конституциясының 84-бабында «Аңымдағы алықтартардың өзгеруімен жаңа салық түрі мен ставкасын енгізу арнайы заң бойынша немесе жалпы заң нормаларына сай енгізіледі»--деп атап көрсеткен.

Халыққа міндеттелген салық тиісті органға ақшалай ныснда қолма-қол түрінде төленетін болады.Бұрынғы өткен кезеңдерде салықты натуралды материял түрінде төледе қолданылған болатын.Қазіргі жағдайда салықтар мемлекетке тек қолма-қол ақша түрінде төлейді.Бұл тәсіл біркелкілікпен әділеттілікті қамтамасыз етеді