- •1. Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің заңды тұлғаларының салық салу жүйесінің айырмашылықтары
- •2. Шет мемлекеттердің заңды тұлғаларға салық салу ерекшеліктері
- •3. Қазақстан Республикасындағы салықтардың негізгі түрлері.
- •1. Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің заңды тұлғаларының салық салу жүйесінің айырмашылықтары
- •1.1 Салық жүйесінің даму тарихы. Әлемдегі қазіргі салықтық жүйелер бағыттары
- •1.2 Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларға салық салу жүйесі
- •2. Шет мемлекеттердің заңды тұлғаларға салық салу ерекшеліктері
- •2.1. Шет мемлекеттердің салық салу жүесіне жалпы сипаттама
- •2.2. Францияның заңды тұлғаларына салық салу жүйесіне сипаттама
- •Салық функциясы.
- •3.Қазақстан Республикасының салық түрлері.
- •3.1 Жанама салықтар.
- •3.2 Жеке табыс салығы.
- •3.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
- •3.4 Әлеуметтік салық.
- •2000-2003 Жыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет түсімдерінің пайыздық құрылымы
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
3.3 Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
Қазақстан Республикасының салық жүйесіндс табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруге болады. Оларға үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланғаны үшін төлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардын пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын және шаруашылық қызметіне пайдаланылатын материалдарды, шикізатты, минералды ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.
Техногендік минералды құрлымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға салынатын салығы мен арнаулы төлемдерді төлеушілер болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленетін салық режимі тек қана Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалатын келсімшартта айқындалады.
Келсімшарттардың негізгі түрлеріне қарай жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың екі үлгісі берілген:
Бірінші үлгі жер қойнауын пайдаланушының салық кодексінде көзделген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін көздейді;
Екінші үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеу, сонда-ақ салық заңнамасында көзделген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуді көздейді, оларға шикі мұнай мен басқа да пайдалы казбаларға салынатын акциз, үстеме пайдаға салынатын салық, мүлікке салынатын салық қосылмайды.
Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері мыналарды қамтиды:
І.Үстеме пайдаға салынатын салық
2.Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері:
1 .бонустар:
а) қол қойылатын;
б) комерциялық табу.
2. роялти
3. өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі.
Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері болып табылады және жер койнауын пайдалануға жасалған келсімшартта белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақшалай нысанда төленеді.
Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды жүргізудің жеке жағдайларын негізге ала отырып, бонустардың мынандай түрлерін төлейді: қол қойылатын бонус және комерциялық табу бонусы. Жасалатын келісім шарттың техникалық-экономикалық есептеріне сәйкес бонустардың бір немесе екі түрі де белгіленуі мүмкін.
Қол койылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келсімшарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығы үшін біржолғы төленетін төлемі болып табылады және келісімшарт жасаған кезде белгіленеді. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерін пайдалы қазбалар көлемі мен кен орнының экономикалық құндылығы ескерілген есеп негізінде Үкімет белгілейді және ол келісімшартпен белгіленген мерзімде, бірақ келсімшарт күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей төленуі тиіс.
Коммерциялық табу бонусы келсімшарт аумағында әрбір комерциялық табу үшін, соның ішінде кен оындарына қосымша барлау жүргізу барысында, бастапқы аталған алынатын қорды арттыруға жеткізетін пайдалы қазбалардың табылғаны үшін белгіленеді. Оның мөлшерлемесі салық салу объектісі, есептеу базасы мен мөлшерлемені негізге ала отырып белгіленеді. Салық салу объектісі кен орнынан алынатын пайдалы қазбалар қорының осы мақсаттағы көлемі болып табылады. Коммерциялык табу бонусының мөлшерлемесі 0,1 пайыздан кем болмауы керек.
Пайдалы қазбаларды өндіруді жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасамастан жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшін республикалық бюджеттің кірісіне Үкімет белгілеген мөлшерде роялти түріндегі аударымдар жасайды. Бұл орайда салық салу объектісі мен осы аударымдарды төлеу мерзімдерін белгілеу роялти төлеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Роялти – пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік кұрлымдарды қайта өңдіру процесінде жер қойнауын пайдалану кұқығы үшін төленетін төлем. Ақшалай немесе заттай нысанда төленеді,
Пайдалы қазбалардың көлемі немесе нақты өндірілген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлық өнім өндірілген пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша роялти салынған объекті болып саналады.
Кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша роялти барлық жер қойнауын пайдаланушылар, соның ішінде пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруге жасалған келсімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратындар үшін тіркелген мөлшерлеме бойынша 1 пайыздан 10 пайызға дейін мөлшерде белгіленген. Пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша роялти салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей төленеді.
Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға салынатын салығы - салыстырмалы жақсы табиғи жағдайлардағы қызметінен алынған немесе рыноктің салыстармалы жағдайында шығарылған өнімді сатудан алынған қосымша пайда үшін төленетін төлем.
Өнімді бөлу туралы келсімшарттар және кең тараған пайдалы қазбалар мен жерасты суларды өндіруге жасалған келсімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратындарды қоспағанда, жер койнауын пайдаланушылар осы келісімшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруге көздемеген жағдайда, үстеме пайда салығын төлеушілер болып табылады.
Жер койнауын пайдаланушы пайданың ішкі нормасын 20 пайыздан астамын алған салық кезеңіндегі әрбір жекелеген келсімшарт бойынша жер қойнауын пайдаланушының таза табыс сомасы үстеме пайдаға салық салу объектісі болып табылады. Сонымен бірге үстеме пайдаға салынатын салыктың мөлшерлемелері салық кезеңіндегі таза кіріске пайыздармен баспалдақты үдеме бойынша 4 пайыздан ЗО пайызға дейін белгіленген. Үстеме пайдаға салынатын салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей төленеді.
Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі тараптардың келсімімен анықталады, бұл келісімге сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларға ақылы негізде келсім-шарт аумағында пайдалы қазбаларды өндіруге кұқық беріледі. Өнімді бөлу бойынша үлес ақшалай немесе заттай нысандарда төленуі мүмкін. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесінің есебін жер қойнауын пайдаланушы тіркеген жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей табыс етеді.
