Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салық жүйесінің даму тарихы. Әлемдегі қазіргі с...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

Салық функциясы.

а) Салықтың қоғамдық қажетілікті қамтамасыз ету функциясы.

Мемлекет заң бойынша қоғамның кез-келге талабын және оларды белгілі бір қызмет түрлерімен қамтамасыз етуі тиіс.Ол үшін мемлекет осы функцияларын атқару үшін өзінің материялдық резервін қалыптастыруы тиіс.Бұл салада әрине заңды түрде халықтан салық жинау арқылы ғана аталған материялдық қаржылық қажеттілігін қамтамасыз етіп отырады.Мемелекет халықтан қаржылық қорын қалыптастыру үшін салық алады,ал сол алынған қаржы міндетті түрде халыққа қайтарылатын болады.Бұл жерде әрине мемлекет халыққа көрсететін қызметін көлемі мен дәрежесіне және халықтың төлейтін салығының арасындағы мөлшер мәселесін шешу міндеттілігі туындауы анық.Бұл мәселені мемлекет әділетті тең түрде шешеді.

Салық ауырпашылығының коэффициенті =(мемлекеттік салық+жергілікті салық):ұлттық табыс.

Әлеуметтік қамтамасыз ету ауыртпашылығының коэффициенті=(зейнетақы төлемі+медициналық сақтандыру):ұлттық табыс.

Халыққа суммарлық ауырпашылықтың коэффициенті-(салық ауртпашылығының коэфффициенті+әлеуметтік қамтамасыз ету ауыртпашылығыны коэффициенті):ұлттық табыс.

Салық ауртпашылығының халықаралық коэффициенттерінің салыстырмалары.

Жапония

АҚШ

Ұлыбритания

Германия

Франция

Швеция

Салық ауыртпашылығыны коэффициенті

22,9

26,2

40,0

31,0

40,6

55,8

Әлеуметтік қамтамасыз ету ауыртпашылығының коэффициенті

15,5

9,8

1,0

25,7

25,5

19,7

Халықтың суммарлық ауыртпашылығының коэффициенті

38,4

36,0

50,0

56,7

66,1

75,5

Салық ауыртпашылығының коэффициенті дамушы мемлекеттер соның ішінде АҚШ пен салыстырғанда Жапониның коэффициенттік ставкасы бірнеше мөлшерде төменгі деңгейде екендігін атап көрсеткен жөн.Соған қарамастан Жапонияда жалпы ұлттық масштапта осы салық ауыртпашылығының көрсетілген коэффициентін төменгі ставкада белгілеу туралы билікке қарсы пікірлер әліде бар.

б) Табысты бөлу функциясы.

Салық міндеттілігінің көлемі мен дәрежесіне қарай азаматтар бір-біріне бірнеше белгілер бойынша ажыратылады.Мұндай жағдайда,салық ауыртпашылығының коэффициенті салық төлеушілердің дәрежесі бойынша белгіленетін болады.Яғни табыс мөлшері аз болғанына байланысты төменгі ставкадағы салық ауртпашылығы жүктеледі,ал табыс мөлшері жоғары мөлшердегі салық төлеуші жоғары мөлшерде салық ауыртпашылығын көтеріп салық төлейді.(вертикалды типтегі әділеттілік).Мемлекеттік бюджетті қалыптастыруда жоғарыда көрсетілген идея эканомиканың даму сатысында үлкен қолдауға ие болды.Бұл салықтың басты міндеті халықтың табысымен меншігін тең түрде бөлемен үлестіруді неғұрлым тең әрі әділетті жолда пайдалану болып табылады.

в) Эканомикалық жағдайды реттеуші функциясы

Мемлекеттік бюджет эканомикалық жағдайды реттеуші ресурс ретінде көрініс табады.Эканомкалық құлдырау кезінде барлық қаржы қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылады,бұл жерде керісінше мемлекет кірісі азаяды.Салықтан тағыда мынадай функциялар күтіледі: Эканомикалық құлдырау кезінде салық ставкасы барынша төмендетіледі,ал эканомика қарқынды дамыған кезде салық ставкасының мөлшері жоғарланады.Табыс салығы да ставканы жоғарылатумен төмендетуге бағытталған арнайы тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындамайды,эканомика қарқынды дамыған кезде табыс көбейеді,ал эканомика құлдыраған кезде табыста төмендейді сол аралықта табыс салығына салынатын салық ставкасы төмендеп жоғарылап тұрады.Бұл жерде втаматта түрде реттеліп отырылады.

Германияның салық жүйесі Л.Эрхард заманынан бері мынадай қағидаларға негізделіп құрылуда:

  • салыққа жұмсалған шығындар мүмкіндігінше аз болуы керек;

  • салықтар құрылымдық саясатқа сәйкес болуы керек;

  • салықтар табысты әділ бөлуге бағытталуы керек;

  • салық жүйесі екі жақты салық салуды болдырмауы керек;

  • салықтар бәсекеге кедергі болмауы керек;

  • салық жүйесі адамдардың жеке өмірін құрметтеуі керек және т.б.

Германия салық жүйесіне тән ерекшелік – бюджет жүйесі буындарының арасында жиынтық салық түсімдерінің күрделі әрі көп сатылы бөлінуі. Басқа мемлекеттерге қарағанда Германияда табыстар вертикалды және горизонталды деңгейде теңестіріледі. Табысы жоғары Бавария, Вюртемберг, Солтүстік Рейн-Верстфалия тәрізді жерлер өзінің қаржы ресурстарының бір бөлігін Саксония, Шлезвиг-Голштейн сияқты біршама нашар дамыған жерлерге береді.

Германия Конституциясына сәйкес, елде мемлекеттік биліктің екі деңгейі: федералдық және жер билігі бекітілген. Общиналар үшінші билік деңгейі емес, жердің құрамы ретінде қаралады. Осыған байланысты федерация, жер, общиналардың құқықтары салық салу аясында қатаң бөлінген және Конституция және бірқатар салық қатынастарын реттейтін заңнамалармен реттеледі.

Қазіргі кездегі қолданыстағы салық жүйесі 1969 жылғы ірі салық реформасы барысында қалыптасты. Германияның салық жүйесінің нығайып, дамуында 1986, 1988 және 1990 жылдары жүргізілген салық реформалары маңызды рөл атқарды. 1986-1988 жылдары жүргізілген салық реформалары барысында халықтан алынатын табыс салығын, әсіресе, балалы отбасылыларға салынатын салық мөлшерін төмендету мәселелері қарастырылды. Нәтижесінде салық салынбайтын минимум өсті, отбасылы салық төлеушілерге берілетін салық жеңілдіктері ұлғайтылды, салық прогрессиясы оңайлатылды. 1990 жылы жүргізілген салық реформасы барысында салық салынбайтын минимум мөлшері одан әрі арттырылды; прогрессивтік салық салу шкаласы енгізілді; білім алуға кеткен шығындар шегерімге енгізілді; мүлік салығының ставкасы төмендетілді және т.б.

Қазіргі кезде Германия салық жүйесі салықтардың 50 түрін белгілеген. Салықтар былай бөлінеді:

  • федералдық салықтар;

  • жер салықтары;

  • біріккен салықтар;

  • жергілікті община салықтары;

  • шіркеу салықтары.

Реформаға дейін федералдық салықтарға акциздер, баждар, айналымға салынатын салық, мүлікке салынатын салық жатқызылды. Федералдық салықтарға:

  • капитал қозғалысына салынатын салық;

  • кеден баждары;

  • сақтандыру салығы;

  • вексель салығы;

  • сыраға салынатын салықтан басқа тұтыну тауарларына салынатын салық т.б. жатады.

Жер салықтарына:

  • мүлік салығы;

  • мұраға салынатын салық;

  • алынған жер учаскесіне салынатын салық;

  • өрт салығы;

  • сыраға салынатын салық;

  • ойын үйлеріне салынатын салық және т.б. жатады.

Біріккен салықтарға:

  • еңбекақыға және тұрақты табысқа салынатын салық;

  • капитал бойынша табыстан алынатын тұрақсыз табыстар және корпорация салығы;

  • қосылған құн салынатын салық;

  • қолөнер салығы.

Салықтық түсімдердің үлесі негізінен жеке тұлғалардың табыс салығы мен қосылған құнға салынатын салық тәрізді екі үлкен салық есебінен құрылады. Біріккен мемлекеттік бюджетке түсетін барлық салықтарды екі топқа топтастыруға болады:

  • меншікті салықтар;

  • біріккен салықтар.

Меншікті салықтар белгілі бір әкімшілік аумақтық бірлікке белгіленеді және соған толық көлемде түседі.

Біріккен салықтар белгіленген нормалар шегінде федерация, жер, общиналар арасында бөлініп, әр түрлі деңгейдегі бюджеттерге бірдей мезгілде келіп түседі. Біріккен салықтарға табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық т.б. жатады.

Жеке тұлғалардың табыс салығы азаматтығынан тәуелсіз барлық жеке тұлғалардан алынады. Салық салу барысында басты назар салық төлеушінің тұрғылықты мекеніне аударылады. Соған байланысты шектелген және шектелмеген салық жауапкершілігі ажыратылады. Шектелмеген салық жауапкершілігіне Германияда тұрақты тұратын және ел ішінде мекен-жайы бар жеке тұлғалар, сондай-ақ шетелдегі неміс мекемелерінің қызметкерлері тартылады. Олар алған көзінен тәуелсіз барлық табыстарынан салық төлейді. Қалған жеке тұлғалардың барлығы шектелген салық жауапкершілігіне тартылады.

Қазіргі кезде Германияда 2 ірі салық түрлері – жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы мен қосылған құнға салынатын салық болып табылады, себебі мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімінің салықтық түсімдердегі ҚҚС-ның үлесі 28 пайыз құрайды. Ал жалпы салықтық түсімдердің бюджеттің кірісіндегі үлесі 80 пайызға тең.

Салық салу объектісі ретінде жеке тұлғаның барлық табыстары қаралады:

  • еңбекақысы;

  • капиталдан алған табыстары;

  • бағалы қағаздардан алған табыстары;

  • мүлікті жалға беруден алған табыстары т.б. жатады.

Салық төлеушілер қызмет түріне байланысты бірнеше категорияға бөлінеді. Атап айтқанда:

  • жалғыз басты салық төлеушілер;

  • ажырасқандар, бірақ асырауында баласы бар салық төлеушілер;

  • ерлі-зайыптылар, әрі олардың тек біреуі ғана жұмыс істесе;

  • ерлі-зайыптылар, әрі олардың әрқайсысы салықты бөлек өз алдына төлесе;

  • салықты бірге төлейтін ерлі-зайыптылар;

  • бірнеше жерде жұмыс жасайтын салық төлеушілер.

Әрбір категориядағы салық төлеушілер үшін дербес шегерістер қарастырылған. Салық прогрессивтік шкаламен жеке тұлғаның табысы мен заңға сәйкес бекітілген шегерістер арасындағы айырмадан төленеді.

Табыс салығының ставкалары

Тарифтік зоналар

С алық салынатын табыс (марка)

Салық ставкасы,

пайызбен

жалғыз бастылар ерлі -зайыпт

0 / 12095 0/24191

0

1-ші лимиттік зона

12096/55727 24192/111455

25,9/33,5

2-ші лимиттік зона

55728/120041 111456/250083

33,5/53

Жоғарғы пропорционалды зона

120042 жоғары 250084 жоғары

53

Ерлі-зайыптыларға және олардың балаларына, 64 жастан асқан қарттарға, мүгедектерге арнайы салық шегерімдері қарастырылған. Емделуге кеткен шығындар, алимент, өмірді және медициналық сақтандыруға төлеген жарналар, шіркеу салығы салық салынатын табыстан толығымен шегеріледі.

Табыс салығы декларация негізінде немесе төлем көзінен төленеді. Жалдамалы жұмыскердің салығын жұмыс беруші табыс салығын салық картасы негізінде есептеп, ұстап қалып, салық органына аударады. Салық картасы коммунадағы (общинадағы) тұрғылықты жерінде толтырылып, қай категорияға жататыны көрсетіледі. Егер күнтізбелік жыл ішінде табыс салығының сомасы отбасы немесе жұмыс жағдайына байланысты ауытқыған жағдайда, өзгеріс дереу салық картасына енгізіледі. Жыл соңында салық картасы негізінде толық есеп айырылысады.

Декларация негізінде табыс салығын есептеу барысында күнтізбелік жыл ішінде алған барлық табыстары қамтылады. Ерлі-зайыптылар ортақ декларация тапсырған жағдайда, олардың жиынтық табысы екіге бөлініп, бір бөлігіне салық есептеледі және сол салық сомасы екіге көбейтіледі. Ерлі-зайыптылар әрқайсысы бөлек декларация тапсырған жағдайда, бұл есептеу механизмі қолданылмайды; жалғыз басты салық төлеушілерге қолданылатын есептеу механизмімен табыс салығын есептеп, төлейді.

Мұра мен сыйға салынатын салық әрбір мұрагердің үлесінен алынады. Салық салу барысында мұрагерлер төрт разрядқа бөлінеді. Мысалы, бірінші разрядқа ерлі-зайыптылар және олардың балалары жатады. Оларға 7 пайыздық ставка қолданылады. Негізінде салық ставкасы мүліктің құнына және туыстық деңгейіне байланысты 7-50 пайыз аралығындағы ставкамен алынады. Жылжымайтын мүлікке орта есеппен 1,5 пайыз мөлшерінде салық салынады.

Қазіргі кездегі қолданыстағы корпорация табысына салынатын салық 1977 жылғы салық реформасы нәтижесінде енгізілді. Салық сомасы федералдық және жер бюджеттері арасында бөлінеді. Заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығын меншік нысанынан тәуелсіз төлейді. Салық салу объектісі болып жылдық жиынтық табыс пен заңға сәйкес бекітілген айырмасы табылады. Салық ставкасы – 40 пайыз. Салық тоқсан сайын бірдей үлеспен бөлініп, төленеді. Корпорациялық салық бойынша декларация салық органына есепті жылдан кейінгі жылдың 31-ші мамырына дейін тапсырылады.

Қосылған құнға салынатын салық Германиядағы негізгі салықтардың бірі болып табылады. Бюджет кірісіндегі үлесі – 28 пайыз. Салық салу объектісі болып айналым саналады. Салық бюджетке түскен соң үш бюджет арасында бөлінеді. Салық екі түрлі ставкамен алынады: 7 пайыз – азық-түлік, газет-журнал, кітаптарға, ауылшаруашылығының өнімдеріне, жолаушы тасымалы қызметіне қолданылса, одан басқаларының барлығына 15 пайыздық ставка қолданылады. Аталмыш салықтан ауыл және орман шаруашылығының өнімдері, экспортқа шығарылған тауарлар босатылған.

Негізгі жергілікті салықтардың бірі қолөнер салығын өнеркәсіп, сауда және т.б. қызмет түрлерімен айналысатын кәсіпорындар, серіктестіктер, жеке тұлғалар төлейді. Бұл салық жанама салықтың санатына жатады. Салық базасы болып компания капиталы табылады. Салық ставкасын муниципалды органдар бекітеді.

Жер салығы ауыл және орман шаруашылығындағы кәсіпорындарға, жер учаскелеріне салынады. Салық салынатын объект 3 жылда бір рет бағаланып отрырады. Салық ставкасы 1,2 пайыз. Мемлекеттік кәсіпорындар, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, ауруханалар, интернаттар, діни мекемелер, сондай-ақ ғылыми мақсатта қолданылатын жерлер аталмыш салықты төлеуден босатылған. Германияда тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында қайтадан салынған тұрғын үйлердің жерлері 10 жылға дейін жер салығын төлеуден босатылады. Жер учаскесі бір иеден екінші иеге сатылған жағдайда салық сату бағасынан 2 пайыз мөлшерінде төленеді. Салықты өткен кезең үшін аванстық төлем түрінде тоқсан сайын общиналар алады.

Меншікке салынатын салық 1995 жылдан бастап, жеке тұлғаның жиынтық мүлік салығының ставкасы 1 пайыз болып бекітілді, оған дейін 0,5 пайыздық ставка қолданылған болатын. Өнеркәсіп орындары мен компаниялар үшін салық ставкасы 0,6 пайыз мөлшерінде. Ауыл және орман шаруашылығындағы мүліктерге салық төмендетілген ставкамен салынады.

Автокөлікке салынатын салық негізгі екі факторға тәуелді: цилиндр көлеміне, яғни двигатель қуатына және катализатордың болуына. Катализатормен жарақтандырылған көліктерге төмендетілген салық ставкалары қолданылады.

Германияда ауыл шаруашылығына салық салудың ерекшелігіне бұл салаға көптеген салық жеңілдіктерінің берілуін, салықты есептеудің оңайлатылған және орташа әдістерін қолдануын жатқызуға болады. Ауыл шаруашылығына берілетін негізгі салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:

  • шағын шаруашылықтар үшін пайданы анықтаудың оңайлатылған әдісі;

  • жеделтілген амортизация;

  • инвестициялық салықтық несие;

  • қосылған құнға салынатын салық бойынша төмендетілген ставканы қолдану (ауылшаруашылық өнімдер үшін 7 пайыз);

  • жекелеген ауылшаруашылық кооперативтер салықтан толығымен босату (корпорациялық, мүлік және қолөнер салығы бойынша);

  • фермерлік шаруашылықтарға алғашқы 10 жылда пайдасы мен мүлкі бойынша салық салынбайтын минимум мөлшерін бекіту.

Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарға салық салу мақсатында олар 3 топқа бөлінеді. Үш топтың әрқайсысының өздерінің табысты есептеу әдістері бар.