- •Мазмұны:
- •Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері........ 4
- •Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайын талдау .................................................................................................... 13
- •Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
- •1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
- •1.2. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні
- •Шағын бизнес ерекшеліктері
- •Кесте 1 - Залал шеккен кәсіпорындар саны
- •2. Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайын талдау
- •2.1 Қазақстан Республикасындағы дамыған шағын бизнестің қазіргі жағдайы
- •. Қазақстандағы шағын бизнесті дамытудағы потенциялды салалар
- •2.3 Шағын бизнесті дамытудың проблемалары
- •3. Шағын бизнесті дамытудағы проблемаларды шешу жолдары және дамудың перспективті бағыттары
- •3.1 Шағын және орта бизнесті дамытудағы проблемаларды стратегиялық даму негізінде шешу
- •3.2 Кластерлік жүйе шағын бизнесті дамытудың негізгі перспективті бағыты
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Кәсіпкерлік қолда бар қаржы,материал және еңбек қорларын игеру базасында қызмет көрсету немесе өнімге деген белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа бизнесті құру процесі ретінде қарастырылады. Кәсіпкерлік феномені жер, еңбек және капитал сияқты өндіріс жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қозғаушы күш болып табылады. Сондықтан кәсіпкерліктің соңғы уақытта негізгі өндіріс факторларымен бір қатарға қойылып жүргені кездейсоқ емес.
Жалпы кәсіпкерлік жөнінде Қазақстанда 90-жылдардың басында қайта құрудың басталуымен айтыла бастаған. Бұл кезде былайша айтқанда, “ комсомолдық кәсіпкерлік” басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған “СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы” заңы алғаш рет ресмилендірді. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік қызметті қолдауға байланысты бірқатар заңдар шықты. Өз еліміздегі шағын, орта және ірі бизнес ерекшеліктерін айқындап алдық. Жұмыспен қамтылғандардың саны өсті. 1994 жылы жалпы жұмыспен қамтылғандардың саны 164 мыңға жетті.Кәсіпкерлік қызмет салаларының ішінде біріншіорынға сауда шықты.
Нарыққа көшу барысында бәрімізге белгілі көптеген реформалар жүргіздік. Соның ішінде шағын және орта бизнеске аса көңіл бөлінді. Шағын және орта бизнесті қолдауға мемлекет көптеген кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер жасады. Соның нәтижесінде елімізде кәсіпкерлердің саны қазіргі кезде біршама өсіп қалды. Әрине алғашқы кезде шындап бетбұрыс болмағанмен кейіннен жүре түзелдік. Қазақстан Республикасы Статистикалық Агенттігінің мәлімдеуі бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 626 187 жетті. Олардың 76,9 пайызы жұмыс істеушілер болып саналады. Шағын және орта бизнестің даму көрсеткіші ретінде оның жалпы ішкі өнімдегі алатын үлесі 25 пайыз. Дегенмен, бізде көптеген кемшіліктер кездеседі. Кейбір құрылған кәсіпорындардың жұмыс істеуі ұзаққа бармай жабылып қалатын жағдайлар көп кездеседі. Бұған себеп, әлі уақытқа дейін кәсіпкерлердің білімінің жоқтығы. Атап айтсақ, маркетинг, менеджмент, қаржы, есеп жүйесі ғылымдарынан хабарсыз болуы. Қолдағы бар қаржыны дұрыс пайдалана алмауы, өндіріп отырған өнімге немесе қызмет көрсетуге деген сұраныс деңгейінің дұрыс анықталмауы және т.б. себептер бар.
Алдағы уақытта Қазақстан БСҰ-на кіруге дайындалуда. Осыған байланысты, еліміздің отандық кәсіпкерлікті қолдау үлкен роль атқарады. Отандық кәсіпорындардың бәсеке қабілеттігін арттыру еліміздің шағын және орта бизнестің әлемдік нарықта жұмыс істей алуының кепілі. Еліміз шикізат өндіру бағытынан шикізаттық емес бағытқа көшуді мақсат тұтып отыр. Табиғи байлықтардың шектеулі екенін ескере отырып, нақты емес секторларды дамыту үкіметтің дұрыс саясаты. Осыған орай еліміз кластерлік жүйеге көшуді алдағы уақытта міндеттерінің біріне айналдырды. Ол бойынша белгілі бір географиялық аймақта кәсіпорындар бірігу керек. Үкімет 5-7 сала кластерінде нақты жобалар жасайтынын мәлімдеді.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің халықаралық нарықта мықты бәсекелес болуы елдің әл-ауқатының жақсаруының кепілі. Кәсіпкерлік қызметке қолайлы жағдай жасап, өркендеуіне жол ашсақ, қолдау көрсетсек, ол бізге жауап ретінде елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады. Болашақ кәсіпкерліктің өркендеп келе жатқан экономикамыздың қомақты қоректендірушісіне айналатынына біз сенімдіміз.
