Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кур. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176 Кб
Скачать
☆

3.2 Кластерлік жүйе шағын бизнесті дамытудың негізгі перспективті бағыты

Бүгінгі таңда көптеген ғалымдардың, кәсіпкерлердің және үкімет ұйымдарының бас назарында бәсекелестік қабілет концепциясы жатыр. Бәсекелестік қабілеттің кең мағынасы фирмалардың шетелдік нарықтарды жаулап алу және өзінің позицияларын мықтап ұстау. Американдық ғалым Майкл Портер, жақында Қазақстанда болған, бәсеке қабілеттілікті толық түсіну үшін алдымен кемелденуге не жеткізетінін білу керек дейді. Ол сонымен қатар былай дейді, « Қазақстан нарықтық экономикаға өту кезеңінде көптеген жұмыстар атқарды. Макроэкономикалық саясат өте мықты болды, құрылымдық реформалар, зейнетақы реформасы, әлеуметтік саясат жүргізілді. Қазақстан сіз бірнәрсе істей алатыныңызды басып көрсетті. Қазір Қазақстан жағдайы дамудың келесі сатысына өтуге дайын».

Портердің артықшылық бәсекелесі теориясына сәйкес, кез келген даму деңгейі бірдей ел белгілі бір артықщылықтар иеленеді. Ол артықшылықтар: еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, еңбек ресурстарының жоғарғы сапасы, тауар және қызмет көрсету сапасы, басқару әдістері және т.б.

М. Портердің теориясының шешуші жері ол – елдің бәсеке қабілетігінің « ұлттық проблемасы » болып табылады.

Факторлы – елдің өндіріс факторларымен қамтамасыз етілуі. Бұл – жоғары квалификациялы еңбек, табиғи ресустар, капитал және инфрақұрылым. Еңбек факторы «мирасқорлық» ( табиғи ресустар, квалифицияланған еңбек және т.б.) және құрылған болып екіге бөлінеді.

Бәсеке артықшылығы үшін ең маңызды болып «мирасқорлық» факторы саналады. Яғни сол елде құрылған. Бұл жағдайда институционалды механизмдердің жоғары деңгейлі сапасын иеленген елдер бәсекеге қабілетті бола алады. Білім, тұрғындардың ерекшелігі, физикалық инфрақұрылым және капитал сияқты факторлар өте маңызды. Қазақстанда, Портердің айтуы бойынша, даму үшін потециал бар, сонымен қатар әрі қарай дамыған экономикаға жетуге қажетті активтер бар. Алайда мұнай және басқа табиғи ресурстасрды мақсатқа жетудің құралы ретінде қарастырмау керек.

Сұраныс талабы – тауарлар мен өнеркәсіп қызметтеріне сұраныстар жергілікті және халықаралық нарықта да талаптары. Қазақстан өзіндікң нарығы шектеулі және үлкен территорияға таралған, сыртқы нарық бәсеке қабілеттігінің анықтаушы талаптарының бірі болып табылады. Бізде үлкен халық жоқ, гигиант нарық жоқ. Кейбір елдерде инвеститциялық компаниялар өз инвестицияларын үлкен нарықтар үшін салады.

Бәсеке қабілеттігінің тағы бір талабы - өзара байланысқан және қолдаушы салалар. Бұлар фирмалардың бәсеке қабілеттігін көтеру үшін өте маңызды. Бұл саланың артықшылығы « ромбының » келесі компоненттеріне байланысты. Алайда бұл талап кластер құруда шешуші роль атқарады.

Фирма стратегиясы, құрылым және бәсеке « ромбының» төртінші компоненті болып табылады. Мұнда инновация және тиімді қызмет етуді ендіруде қатты қысым көрсететін жергілікті компаниялар арасындағы бәсеке өте маңызды.

Күшті бәсеке тек жергілікті нарықта артылықшылықтарды ойлап табуда ғана емес, сонымен қатар халықаралық нарыққа шығуға мәжбүрлейді. Тек сирек жағдайларда ғана ішкі нарықта лайықты бәсекені кездестірмей, халықаралық нарықта жақсы бәсекелес ретінде көрінуі мүмкін.

ІІ этапқа өту кезеңінде қазақстандық, аймақтық және әлемдік деңгейдегі нарықтың қызықтырушысы және оның 223 саладағы кластері мен сегментерінің динамикасы бағаланды. Осы талдау тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге әлемде кластердің даму потенциалын және оны 9 кластерге қысқартуға мүмкіндік берді. Мынадай 9 кластер:

  1. Туристік сала

  2. Құрылыс материалдарын өндіру

  3. Текстилдік сала

  4. Жиһаз өнеркәсібі

  5. Тамақ өнеркәсібі

  6. Инвестициялық банктердің қызметі

  7. Жүк тиеу

  8. Тау-кен өнеркәсібін құрал-жабдықтар өндіру саласы

  9. Металлургия өнеркәсібі

Осы аталған 9 кластер бойынша қазақстандық өндірушілердің шетелдік бәсекелестерге қарағандағы шығындары анықталды. Аймақтық нарықта экспорттағы тауарлардың мүмкіншілігі бағаланды.