Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кур. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176 Кб
Скачать
☆
    1. Шағын бизнес ерекшеліктері

Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық, ал шағын кәсіпкерлік құрылымдардың кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер бар. Басты дәлел - шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпорындар стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл қажет етеді, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл және одан көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт айтарлықтай азырақ - жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық жаңалықтар - бұл дәстүрлі түрде үлкен бизнес саласы деп саналатын, бірақ статистикаға қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды технологиялық жаңартпашылықтардың 95% шағын бизнес саласынан келуде. Басқа қайнар көздердегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын фирмалар 24 есе көп жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасауда.

Сондықтан Европа Достастығында (EC) экономиканың жеке секторындағы 15,7 миллион кәсіпорындардың барлығы дерлік шағын және орта бизнес түрінде болуы кездейсоқтық емес. Шағын бизнес кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62 млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты, статистикалық мәліметтср бойынша 16 млн. адам өздеріне және 46 млн. адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.

Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын бизнеске анықтама беруге тырысып келеді. АҚШ Конгресс Комитетіне шағын бизнестің 700-ге жуық анықтамасы ұсынылған. Шағын бизнесті сипаттаудың түрлі критерийлері бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмыс істеушілердің саны, депозиттердің көлемі, негізгі өндіріс қорларының актив бөлігінің өлшемі, басқару аппаратының өлшемі, кіріс мөлшері. Ең кең таралған критерийлердің бірі жұмыс істеушілердің саны. Кейбіреулер жұмысшылар саны 100-ге дейін, тағы біреулер 50-ден 1000-ға дейін, үшіншілері 100-ден 1500-ге дейін жететін кәсіпорындарды шағын бизнес кәсіпорындары деп санауды ұсынуда.

Германияда ереже бойынша, жұмыспен қамтылған адамдар саны 1-ден 500-ге жететін кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызады, сөйте тұра олар келесі 4 категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін, 50-ден 99-ға дейін, 100-ден 199-ға дейін, 200-ден 449-ға дейін. Германияда жылдық ақша айналымы 3,5-нан 11,5 миллион неміс маркасын құрайтын фирмалар, шағын фирма деп саналады. Германиядағы шағын кәсіпорындардың тиімділігі АҚШ-пен Жапонияға қарағанда жоғары. Мұнда 12,3% ірі кәсіпорындардың және ол жерлерде жұмыспен қамтылған 34% жұмысшылардың үлесіне ұлттық табыстың тек 52,6% ғана келеді. Жұмыс орындарының үштен екісінен көбі шағын кәсіпкерліктің арқасында ашылуда.

Жапонияда заңды түрде белгіленген кәсіпорындар критерийлері бар: өнеркәсіп, көлік жөне құрылыста — 300 адамнан көп емес, көтерме саудада — 100, бөлшек сауда және қызмет көрсету саласында — 50, олар осы критерийлерге қарай шағын және орта кәсіпорын статусын ала алады. Сондай-ақ жарғылық капитал мөлшері де шектелген: өнеркәсіп, құрылыс және көлікте — 770 мың доллардан жоғары емес, көтерме саудада — 230 мың доллар, қызмет көрсету саласында 77 мың доллар.

Ресей Федерациясының казіргі қолданып жүрген заңдарына сәйкес, шағын кәсіпорындарға:

• өнеркәсіпте - 200-адамға дейін;

• құрылыста - 100 адамға дейін;

• көтерме саудада - 50 адамға дейін;

• ауылшаруашылығында -50 адамға дейін;

• ғылымда және өндірістік емес салада — 25 адамға дейін;

• бөлшек саудада - 15 адамға дейін; жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.

Қазқстанда адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997ж. 8-сәуірдегі № 499 қаулысына сәйкес шағын кәсіпорындарға:

• өндірісте, құрылыста және шаруашылықта — 50 адамға дейін;

• саудада және түрмыстық қызмет көрсетуде - 30 адамға дейін;

• көлік және байланыста -25 адамға дсйін;

• ғылымда және жаңартпашылық қызметте - 20 адамға дейін;

жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады. Жұмыс істеушілер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта бизнеске жатады.

Авторлары, шағын бизнесті жұмысшылардың саны, капитал айналымы, өндіріс көлемі сияқты және т.б. көрсеткіштер арқылы анықтау көзқарасынан бас тартуды ұсынатын зерттеулер де бар. Оның орнына шағын бизнесті ірі бизнестен принципті түрде ажырататын сипаттамаларға көңіл бөлуді ұсынуда, атап айтқанда: нарық үлесі, негізін салушылардың кәсіпорынды басқарулары, шешім қабылдау процесіне ірі кәсіпорын әсерлерінің жоқтығы. Мұндай позицияны австралиялық ғалымдар да ұстануда, олар қаржы, бухгалтерлік есеп, қызметкерлерді басқару, қамсыздандыру, маркетинг, өндіріс немесе қызмет көрсету мен сатуды қамтамасыз ету саласында 1 немесе 2 адамның ғана өздерінің жеке мамандарының көмегінсіз барлық стратегиялық шешімдерді қабылдауға өкілеттігі бар бизнесті шағын деп есептеуді ұсынады.