- •Мазмұны:
- •Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері........ 4
- •Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайын талдау .................................................................................................... 13
- •Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
- •1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
- •1.2. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні
- •Шағын бизнес ерекшеліктері
- •Кесте 1 - Залал шеккен кәсіпорындар саны
- •2. Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайын талдау
- •2.1 Қазақстан Республикасындағы дамыған шағын бизнестің қазіргі жағдайы
- •. Қазақстандағы шағын бизнесті дамытудағы потенциялды салалар
- •2.3 Шағын бизнесті дамытудың проблемалары
- •3. Шағын бизнесті дамытудағы проблемаларды шешу жолдары және дамудың перспективті бағыттары
- •3.1 Шағын және орта бизнесті дамытудағы проблемаларды стратегиялық даму негізінде шешу
- •3.2 Кластерлік жүйе шағын бизнесті дамытудың негізгі перспективті бағыты
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
. Қазақстандағы шағын бизнесті дамытудағы потенциялды салалар
Қазақстанның потенциялды салаларын анықтау шағын бизнестің дамуының бағыты болып саналады. Еліміздің әр аймағында қалыптасқан өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайына байланысты шағын кәсіпорындар ашу оның даму жолындағы тиімді қадамдардың бірі болып табылады. Осыған орай, еліміздегі «Шағын және орта кәсіпкерлік бойынша республикалық ақпараттық көрме орталығы » шағын кәсіпорындардың өнімді өткізудің перспективті және потенциалды салаларын анықтау үшін зерттеу жүргізді. Бұл зерттеу тек кәсіпкерлердің ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің де қызығушылығын тудырып отыр. Зерттеу республиканың барлық аймақтарында шағын кәсіпорын субъектілерінің арасында жүргізілді.
Осыдан екі бағыт ашылады:
1 Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың потенциалды материалдық өндіріс саласы;
2 Жаңа технология енгізу мен франчайзинг принципі бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындарды құру және ұйымдастыру;
Жаңа өндірістерді құруда немесе мемлекеттік қолдаудың әдістерін таңдауда әртүрлі өнеркәсіп салаларында немесе қызмет көрсету аяларындағы шағын және орта бизнестің ерекшеліктерін ескеру керек.
Кейбір салаларда шағын және орта бизнесті дамытуда сол жердің халқының табысын және шығындардың құрылымын есепке алу керек.
Жүргізілген зерттеулер бойынша шағын кәсіпорындар үшін потенциалды салар анықталды. Төмендегі қызмет түрлері өндіріп отырған өнімнің өнімділігінің өсуіне, нарықтың кеңеюіне алып келеді.
Тамақ өнеркәсібі
ет және ет өнімдерін қайта өңдеу және консервілеу;
балық және балық өнімдерін қайта өңдеу және консервілеу;
өсімдік және жануарлар майын өндіру;
кондитерлік тағамдар мен нан өнімдерін және печенье өндіру;
ликер және шарап өндіру;
минералды сулар, алкогольсыз сусындар және шырын өндіру;
Жеңіл өнеркәсіп
сыртқы және трикотажды киімдер тігу;
жүннен иірілген жіп өндіру;
тері бұйымдарын өндіру;
теріден киімдер тігу;
Химия өнеркәсібі
синтетикалық және пластикадан тауарлар жасап шығару;
ыдыстар шығару;
сантехникалық бұйымдар;
Ағаш өндіру және жиһаз өнеркәсібі;
ағаш өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу;
арнайы жиһаздар жасап шығару ( шкаф- купе, компьютерге арналған үстелдер, орындықтар және тағы басқа );
әртүрлі тұрғын үйге арналған бұйымдар;
Құрылыс және құрылыс материалдары өнеркәсібі
цемент өндіру;
кірпіш, тротуар плиткаларын шығару;
құрылыс қағаздары;
түрлі-түсті бояулар және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру;
Ауыл шаруашылығы
өндіріске шикізаттар дайындау;
ұлттық сусындар ( қымыз, шұбат ) өндіру;
шаруа қожалықтары мен фермерлікті дамыту;
Қазіргі таңда осы аталған салалар даму үшін ең қажетті, потенциалды болып отыр. Бұл шикізат қоры мен мемлекеттік қолдауға сүйенеді. Қазақстанда осы салаларды дамыту үшін келесі нормативті актілер қабылданды:
« Тауарларды импорттауда ішкі нарықты қорғау шаралары » туралы ҚР Заңы 28.12.1998ж №3371
20.08.2001ж №1088 ҚР Үкіметінің « Тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы импорт алмастыру тауарларының 2001-03ж.ж. арналған бағдарламасын бекіту » туралы қаулысы
22.12.1997ж №1817 ҚР « Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығын 2010 жылға дейінгі даму стратегиясы » туралы қаулысы
11.09.2000ж №1378 ҚР Үкіметінің « 2001-05ж.ж. Қазақстан аймақтары бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сақтаудың ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту » туралы қаулысы
12.12.2001ж №1621 ҚР Үкіметініің « Қазақстандағы 2010 жылға дейінгі жүзімді және өнімдерін дамыту бағдарламасын бектіу » туралы қаулысы
25.07.2001ж №1003 ҚР Үкіметінің « 2001-03ж.ж. аралығында ағаш өнімдері және жиһаз өнеркәсібін дамыту бағдарламасын бекіту » туралы қаулысы
15.11.2004ж №1719 ҚР Үкіметінің « 2004-2006ж.ж. ірі қалалардың шеткі аймақтарында сүт өнімдерін дамыту » туралы қаулысы
30.11.2004ж №1548 ҚР Үкіметінің « 2004-06ж.ж. құрылыс материалдарын өндіру, батыс аймақтарда конструкциялау бағдарламасын бекіту » туралы қаулысы
