- •1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын
- •2 “Риза” жауапкершілігі шектелген
- •1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық мазмұны мен мәні
- •1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
- •1.2 Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі әдістері мен тәсілдері
- •1.3 Қаржылық тұрақтылықты талдаудың ақпарат көздері
- •2 “Риза” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің қаржы тұрақтылығын терең талдау
- •2.1 Баланс активтері мен олардың құрылым көздерінің ара қатынасын талдау
- •Құрамы мен құрылымын талдау
- •2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау
- •Т олтыру коэффициентінің графигі
- •А бсолюттік өтімділік графигі
- •2.3 Іскерлік белсенділікті талдау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
1.3 Қаржылық тұрақтылықты талдаудың ақпарат көздері
Қаржылық жағдай дегеніміз - кәсіпорын өзінің қызметін қаржыландыру қабілеті. Ол кәсіпорынның қалыпты міндеттелуіне (жұмыс істеуіне) керекті қаржылық қорлармен қамтамасыздығымен, оларды орналастырудың мақсатқа сәйкестігі және тиімді пайдалануды, басқа заңды ұйым (заңдық құқығы бар) немесе жеке тұлға мен қаржылықтың өзарақатынастарымен, төлеуқабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.
Талдаудың негізгі мақсаты - қаражаттың қызметтегі кемшіліктерді дер мезгіінде анықтап, оларды жою, кәсіпорын қаражаттың жағдайын және төлеуқабілеттілігін жақсарту резервтерін табу. Бұл кезде келесі міндеттерді орындау керек:
1) Өндірістік, саудалық және қаражаттық қызметтердің әр түрлі көрсеткіштерінің арасындағы өзара себепті - салдарлы байланысты зерттеудің негізінде қаржылық қорлардың кірісі бойынша жоспарды орындау мен оларды кәсіпорын қардылық жағдайын жақсарту үшін пайдалануды бағалау;
2) Шаруашылық қызметінің нақтылы жағдайлары мен меншікті және қарызға алынған қорлардың бар болуынан, мүмкіндік қаражаттың нәтижелерді және экономикалық рентабельділікті болжау. Қорларды пайдаланудың әртүрлі варианттарында қаржылық жағдайдың моделдерін жасау.
3) Қаржылық қорларды тиімдірек қолдану және кәсіпорын қаржылық жағдайын бекітуге бағытталған нақты шараларды қолдану.
Қаражаттық жағдайды талдау - шаруашылық қызметінің жалпы да толық талдауының бөлігі, ол ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Сыртқы бөлігі баспасөзге шықан есеп берудің деректері бойынша өткізіледі. Оны кәсіпорын тыс айналысатын контрагенттер мен меншік иесі немесе мемлекеттік ұйымдар өткізіледі. Ол фирманың жетістіктерінің барлық құпияларын ашпауға мүмкіндік береді, өйткені ол кәсіпорынның қызметі туралы шектелген ақпаратқа негізделген. Осылардың бәрі кәсіпорынның қызметімен өткізіледі және оның қорытындылары кәсіпорынның қаржылық жағдайын жоспарлау, бақылау үшін, сонымен бірге ең жоғары табысын алу және алдын ала банкроттыққа ұшырауды ескеруге тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдаланылады. Мазмұны бойынша ішкі талдау өте терең, өйткені ол басқару және өндірістік есептеудің деректеріне (таянады) негізделеді.
Қаражаттық жағдайды талдаудың ақпарат көздеріне назар аударсақ, бухгалерлік есеп стандартына сәйкес қаражатық есеп беру келесіден тұрады:
- бухгалтерлік баланс № 2 БЕС сүйенеді;
- қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруі № 3 БЕС;
- ақша қаражатының қозғалысы (өзгеруі) туралы есеп беру № 4 БЕС;
- оларға түсіндірме жәе басқа қосымша ақпараттар, кестелер және диаграммалар.
№ 2 стандарт активтер мен меншікті капиталдың, міндеттемелердің қаржылық есеп берудегі мәні мен ұсынысын анықтайды, бірақ оларға баға беруін қарастырмайды. Бұл стандарт қаржылық есеп беру кезегінде ашып көрсетуге қажетті болатын ақпаратқа талаптар қою. Есеп беруде заңды тұлғаның атауы, мекен жайы, есептік мерзімі және есептік кезеңі көрсетілуі керек. Одан басқа келесілер болуы қажет: 1) ұйымның іс-әрекеті туралы қысқаша баяндамасы; 2) қаржылық есептеулерде ұсынылатын өлшем бірлігі; 3) ұйымның заңды нысаны (формасы).
Қаржылық есеп беруде алғашқы кезеңдегі керекті мәліметтері келтіру тиіс. Қаржылық есеп берудің мақсаты: пайдаланушыларды субъектінің қаржылық жағдайы, қызметтің нәтижелері және оның есеп беру кезеңіндегі өзгерістер туралы пайдалы, маңызды және нақты ақпаратпен қамтамасыз ету. Қаржылық есеп берудің орталық элементі баланс болып табылады, ол активтердің, міндеттемелердің және кәсіпорынның меншікті капиталдың белгілі уақыт мерзіміне берілген толық көрінісі.
Ол екі бірдей бөлшектерден тұрады. Бухгалтерлік есептің жаңа стандарттарын қабылдағанға дейін ол оң және сол бөліктерінің (актив және пассив) теңдігімен сипатталынатын екі жақты кесте болған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес баланс баптаының орналасуы қабылданған, баланстың екінші бөлімі меншікті капитал және міндеттемелер деп аталады.
Баланс активі: ұзақ мерзімді (1) және ағымдағы (2) активтер бөлімдерінен тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің құрамына:
- жер-меншік құқығы мен тұрақты пайдалану құқығы негізінде анықталады;
- меншікті, ұзақ мерзімді жалға алынған, уақытша республикаға әкелінген және одан әкетілген негізгі құралдар, активтерді иеленуді шектеу міндеттемелерге кепілге салынған активтер, амортизациялардың есептеу әдістері (негізгі құралдарын қай топтары бойынша жылдамдатылған амортизациялық әдістер қолданылған);
- сақтаулы және қызметі тоқтатылған негізгі құралдар;
- өндірісте пайдаланылмайын негізгі құралдар және т.б.;
- материалдық емес активтердің құрылымы, оларда амортизацияланудың әдістері;
- инвестициялар - инвестор ықпал етіп отырған ірі шаруашылық серіктестіктердің тізбесі және соларға қатысу үлесі; тәуелді шаруашылық серіктестіктің инвестордың табысындағы (шығындағы) табысын (шығысының) үлесі; инвестордың кірісіне пайыздар, роялти, дивиденттер және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бойынша енгізілген едәуір сомалар; инвестицияларды сатуды шектеу, кіріс кіргізу және т.б.;
- ұзақ мерзімді дибиторлық қарыз түрлеріне және оны өтеудің болжамды мерзіміне қарай; алдағы кезеңдердің шығындары оларды шығынға жазудың мерзімдері бойынша және т.б.
Ағымдағы активтердің құрамында тауар-материалдық қорлар түріне қарай: көлік дайындау шығындары сомасы құндылықтар түріне қарай; болашақ кезеңдердің шығындары, оларды шығынға жазудың мерзімдері бойынша; ақша қаражаттары олардың түрлеріне қарай (егер жыл ішінде олардың пайдалануы шектелген болса); қысқа мерзімді қыржылық инвестициялар баланстық және ағымдағы құны бойынша баға да, дебиторлық қарыз құны бойынша; дибиторлық қарыз оны өтеудің болжамдық мерзімі және дибиторлар топтары бойынша ашып көрсетіледі.
Баланстың екінші бөлігі 3 бөлімнен тұрады: меншікті капитал (3), ұзақ мерзімді міндеттемелер (4), ағымдағы міндеттемелер (5).
Меншікті капитал бөлігінде: есеп беу жолындағы жарғылық капиталдағы өзгерістер туралы ақпарат. Акционерлік қоғамдарда акциялардың әрбір түрі бойынша мынандай мәліметтер келтірілуге тиіс: жарияланған, шығарылған және айналымда жүрген (жарияланған, жазып алынатын және төленген капитал) акцияларының саны мен сомасы; акциялардың номиналды және ағымдағы құны; дивиденттерді есептеп жазу; артықшылығы бар акциялар бойынша төленбеген девиденттер; сатып алынған меншікті акциялар (акциялардың түрі, саны, құны); болашақта шығару үшін жарияланған акциялар, аукцион бойынша және есеп беру кезеңінде аукциондар бойынша шығарылған акциялар, акциялар бойынша премиялар.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер дегеніміз - бір жылдан астам мерзімге берілген несие мен қарыздар және кейінге қалдырылған салықтар.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер бөлігінде: қамтаасыз етілген және қамтамасыз етілмеген кредиттер және қаражаттар; мерзімі кейінге қалдырылған салықтар; банктік кредиттер мен қарыз қаражаттары бойынша пайыздық ставкалар; кредитер мен қарыз қаражаттарды өтеу мерзімдері, кредиттік шарттардан және ақша қаражаттарын қарызға алу шарттарынан туындайтын, түсіндіруді керек ететін басқа мәселелер.
Ағымдағы (бір жылдың ішінде өтелуге тиісті) міндеттемелер бөлігінде: қысқа мерзімді қарыздар мен овердраф сомалары; ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі; бюджеттен тыс қорларға түрлеріне қарай төленетін салықтарды, алымдарды және төлемдерді қоса алғанда, кредиторлық қарыздың сомалары; болашақ кезеңдердің кірістері түрлеріне қарай; болжаусыз жағдайлар бойынша есептелінген төлемдер. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігі түсіндіріледі. Ағымдағы бөік кәсіпорынның кредиттік шартқа сәйкес (қайта қаржыландырудың сомалаы мен мерзімдері) ұзақ мерзімді негізде міндеттемелерді қайта қаржыландыру (рефинансирование) туралы шешім қабылданған жағдайда пайда болады және т.б.
Берілген №3 бухгалтерлік есептік стандарт 1997 жылдың бірінші қаңтарынан бастап іске қосылды. Бұл стандарт қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша есебін және оның заңды тұлғалардан құралуы (банк және бюджеттік ұйымдардан басқа), бұл әртүрлі қаржы есебімен бірге заңды тұлғаның әр мерзімге қаржы есебін салыстыру болып табылады. Сонымен қатар стандарт кіріс және шығыс баптарының тәртібін анықтайды. Олардың ішінде төтенше жағдайларда болған шығындар мен табыстар, есептік бағалауда өзгерістер мен тоқтатылған операциялар, есептік саясат және қаржы есебінде нақты қателерді түзету.
Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы төмендегі мәселелер түсіндірілуге тиіс:
- кәсіпорын қызметінің барлық түрлерінен түскен кірістің төмендеуіне ықпал еткен факторлар;
- сатылған өнімнің өзіндік құнын арттыруға ықпал еткен факторлар;
- жалпы және әкімшілік шығындардың, пайызы бойынша төлемдердің және сату бойыша шығындардың сатылу көлемімен, былтырғы жылдық деңгейімен салыстырғанда деңгейінің өсуіне төмендеуі және т.б;
- төтенше жағдайының шығындары мен кірістері;
- есеп беру жолындағы орын алған әрбір төтенше жағдайы бойынша түсінік беру;
- кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижелеріне есеп беру жылы елеуі ықпал еткен басқа да шаруашылық операцияларын ашып жазу қажет.
Қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері арқылы есеп беру жыл басынан басталған мерзім ішіндегі кәсіпорын тауарының сатылуынан және қызмет көрсетуден түскен барлық табыстардың түрлері, табыстың басқа баптары мен түсімі кәсіпорынның өзінің қызметін сүйемелейтін барлық шығынының сомасымен салыстыруынан тұрады. Берілген салыстырулардың нәтижесі таза табыс (зиян) болады.
Бұл формада келесі ақпарат ашылады:
Негізгі қызметтен түскен табыс(өткізуден түскен түсім);
Өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны;
Жалпы табыс (1-2);
Мерзім шығындары: -жалпы және әкімшілік шығындар;
- ақы төлеудің шығындары;
-сауда (сатылу) шығындары;
Негізгі қызметтерден түскен табыс (зиян) (3-4);
Негізгі емес қызметен түскен табыстар (зиян);
Салық салуға дейінгі әдетті қызметтен түскен табыстар (зиян) (5-6);
Табыс салығы;
Салық салынғаннан кейінгі әдетті қызметен түскен табыс (зиян) (7-8);
Төтенше жағдайлардан түскен табыс (зиян);
Таза табыс (зиян) (9-10).
№ 4 бухгалтерлік есеп стандартында ақша қаражатарының қозғалымы туралы көрсетілген. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру қаржылық есеп-қисаптың міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Ақша қарааты дегеніміз - субъектінің кассада және банктегі шоттарында жатқан барлық ақшасы. Ақша қаражатының қозғаласы-олардың келіп түсуі және шығуы.
Ақшалай қаражаттың қозғалысы бойынша есеп беру: операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінде есеп беру мерзіміндегі ақшалай қаражаттардың кірісі мен шығысы туралы мәлеметтермен қамтамасыз ете отырып, пайдаланушыларға заңды ұйым (заңды құқығы бар адам) қаржылық жағдайының өзгеруін бағалауға мүмкіндік береді. Операциялық қызмет - заңды тұлғалардың негізгі қызметіне байланысты табыс түсіру жөніндегі операциялар және инвестициялық қаржылық қызметке қатысы жоқ басқа қызметке байланысты операциялар. Заңды тұлға операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысын тура және жанама әдісті пайдалана отырып ашуына болады. Тура әдіс БЕС №4 “ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепке” сәйкес, бұл ақшалай түсімдер мен төлемдердің негізгі түрлері ашылатын әдіс. Бұл әдіс әрбір ақшалай операцияны, оны зерттеуге және оның қай қызмет түріне жататынын анықтауға негізделген. Тура әдіс қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөнінде есеп берудің әрбір бабын түзетуді білдіреді. Бұл жағдайда өнім өткіуден түскен түсімдерден бастайды және олардан тауарларды алу бойынша, ағымдағы шығындар несие үшін және бюджетке төлемдер бойынша барлық ақшалай төлемдер шегеріледі. Нәтижесінде операциялық қызметтен ақшаай қаражаттың сомасын шығарады.
Жанама әдіс-бұл таза табысты (зиянды) ағымдағы активте мен міндеттемелердің өзгеруіне, сондай-ақ өткен кезеңмен салыстырғанда, инвестициялық және қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығындарды түзететін әдіс. Бұл әдіс бухгалтерлік баланс пен қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп берудегі ақпараттарға негізделген.
Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен мөлшерінде өзгеріс туғызған операциялар.
Қаржылық қызмет - меншікті капитал мен сырттан алынған қаражаттардың құрамы мен мөлшеріне өзгеріс туғызған операциялар. Негізгі қызмет - өткізуден түсім түсіру, аванстар, жабдықтаушылырдың шоттары бойынша ақы төлеу, еңбекке ақы төлеу, бюджетпен есеп-айырысу.
Заңды ұйымның қызметінің түрлері бойынша топтастыруы пайдаланушыларды ақпаратпен (мәліметтермен) қамтамасыз етеді, ол субъектінің қызметінің түрлерінің, оның қаржылық жағдайының әсерін бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттарының қозғалымы туралы есеп бойынша мынадай негізгі мәселелерді ашып жазу керек:
Операциялық қызметтен түске ақша қаражаттарының қозғалымын анықтау үшін кәсіпорын қандай әдісті (тікелей немесе жанама) қолданды. Жанама әдісті қолданғанда таза кіріске (шығынға) түзету енгізген жөн болар еді;
Ақша қаражаттарының қозғалуы кәсіпорыннан гөрі көбінде клиенттердің қызметін көрсететін болғанда, клиенттің атынан түскен ақша түсімдері мен төлемдер нетто-негізінде анықталады;
Ақша қаражаттарының қозғалымдағы шектеулер және т.б.
Қаржылық есеп-қисап жүргізуді жасаған кезде, кездеспей тұра алмайтын жекелеген мәселелерге түсінік бергенде қайталаудан қашу керек, өйткені баланста және басқа үлгілерде (формаларда) бір ақпарат қайта-қайта пайдаланылады, ол тек солардың әрбірінде әрқалай тұрғыда көрінеді.
Түсіндірме хатта кәсіпорынның қаржылық жағдайымен қаржылық қызметіне жалпы баға берілуге тиіс.
Бухгалтерлік есеп-қисап жүргізу нақты белгіленген уақыт кезеңіндегі қаржылық-шаруашылық қызметін бір-бірімен біте қайнасқан көрсеткіштерінің жиынтығы болып табылады. Бухгалтерлік есеп-қисап жүргізудің формалары (үлгілері) ақпарат және қисын жағынан біте қайнасқан, осының өзі кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайы туралы жан-жақты ақпаратты қозғаушы күш (динамика) ретінде көрсетіп, қаржылық есеп-қисап жүргізуді қаржылық талдау жүргізудің толық қанды базасы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның қаржылық жәй-күйін талдау әдістемесі қаржылы есеп-қисап жүргізуде берілген ақпараттық мақсаттар мен көлеміне байланысты. Егер мақсат шаруашылық жүргізуші субъектінің (адамның) жәй-күйімен даму (өсіп-өркендеу) мүмкіндіктер туралы қарапайым да көрнекті ақпарат алу болса, онда талдаушының жұмысы экспресс-талдаумен шектеледі.
Түсіндіру қағазында келесі ақпаратты көрсету қажет:
1. Активтерді иелену құқығының шектелуі;
2. Міндеттемелерге берілген кепілдіктер;
3. Активтер мен міндеттемелер;
4. Зейнетақымен қамсыздандырудың шартты бейнесі;
5. Алдағы кезеңнің ұзақ мерзімді салымдарын қаржыландыруға арналған қаржылар.
Түсіндіру қағазында пайдаланушылардың сұранымына сәйкес қаржылық есеп беру баптары туралы қосымша ақпарат болуы керек. Ол субъектіге әсер ететін белгісіздіктер және қауіп туралы түсініктемелер енгізуіне болады. Сонымен қаржылық жағдайдың сыртқы талдауы үшін есеп берудің жоғарыда аталған түрлері пайдаланылады.
Ішкі пайдаланушылардың қосымша ақпарат көздерін пайдалануға мүмкіндіктері бар, олар: оперативтік есептеудің деректері, статистикалық есеп беру, бухгалтерлік есептің бастапқы формалары мен регистрлері және кәсіпорындардың шарттары.
