Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кур. “РИЗА” ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕЛГЕН СЕРІКТЕСТІ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, өндірістік және қаржылық мәселелерін шешу үшін, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау керек. Терең және нақты талдаудың арқасында кәсіпорынның қызметін бағалап, басқару органдарына нақты ұсыныстарды, қаржы тұрақтылығын және іскерлік белсенділігін жоғарлайды.

Экономикада қаржылық талдаудың мәні өте зор: біз “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің материалдарын қолдана отырып, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаймыз.

Талдау қорытындысы төмендегідей:

“РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің мүлік жағдайының құрамы 1999 жылдың басында 10980,70, 2000 жылдың соңында 13181 көрсеткіштеріне болды.

Кәсіпорынның тұрақтылығына келсек, меншікті капиталдың шоғырлану коэффициенті өткен жылмен салыстырғанда 0,1 пайызға өскен. Дегенмен, ол теориялық мөлшерден төмен, өйткені меншікті капиталдың үлесі 60 пайыздан жоғары болуы керек.

Төлеу қабілеттілігіне келетін болсақ, мұнда баланстың мүмкіндігін сипаттайтын теңсіздіктердің біреуі орындалмаған, яғни А1<П1, бұл кәсіпорынның ең жедел қарыздарының көтермеуін білдіреді. Себебі абсолютті өтімді ақша қаражаттарымен қысқа мерзімді инвестициялар көрсеткіші:

1999 жылдың есеп беру кезеңінде А1805,1, ал 2000 жылдың есеп беру кезеңінің соңында А12113 -ті құраған. Ал жедел міндеттемелер олардан жоғары: 1999 жылдың есеп беру кезеңінде П17565,8, ал 2000 жылдың есеп беру кезеңінің соңында П17307-ге тең болды. Дегенмен жалпы толтыру коэффициенті (ағымдағы өтімділік) келесідей:

1999 жылдың есеп беру кезеңінде 1,41, ал 2000 жылдың есеп беру кезеңінің соңында 1,29 - ға тең болды, яғни коэффициент мәні төмендесе де, біз ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерді толық өтей алатынын көреміз.

Іскерлік пен сенімділікті қарастырғанда, іскерлік белсенділік көрсеткіштерінің ағымдағы негізгі қызметінің нәтижелері мен тиімділігін сипаттайтынын айта кетеміз. Кәсіпорында капиталдың жалпы айналым коэффициенті өткен жылмен салыстырғанда өскен. 1999 жылдың есеп беру кезеңінде 2,67, ал 2000 жылдың есеп беру кезеңінің соңында 4,74, яғни “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігі ресурстарды қолдануының тиімді екенін көреміз.

Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың айналым жылдамдығын талдағанда, 1999 жылы “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігі дебиторлық қарызын уақытында ала алмағандығынан, яғни ақшаның жоқтығына әкеліп, кредиторлық қарыздың айналым мерзімін өсіріп (ұлғайтып) жіберді. Нәтижесінде кәсіпорынның қаржы жағдайы нашарлап және тез уақыт ішінде банкрот деп санауымызға болушы еді. Бірақта 2000 жылы, есептік саясатын өзгертіп, “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестік дебиторлық және кредиторлық қарыздарының айналым мерзімін қысқартып пайда болған тенденциясын тоқтатты. Кәсіпорын басқарушыларының таңдап аған есептік саясатын әрі қарай дамыта беру керек деп ойлаймыз.

Қолданылған әдебиеттер

  1. Абрютина М.С., Грачев А.В. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. -М: Финансы и статистика, 1998.

  2. Ажибаева З.Н., Сейдахметова Ф.С. Учет и анализ дебиторской задолженности./Библиотека бухгалтера и предпринимателя/, 1998, №1.

  3. Белых П.П. Финансовый анализ в оценке инвестиционной привлекательности предприятий. /Бухгалтерский учет/1999, №10.

  4. Бернстайн П.А. Анализ финансовой отчетности: теория, практика и интерпретация. /Гл.ред.серии Я.В.Соколов. -М: “Финансы и статистика”, 1996.

  5. Бопиева Ж.Қ., Темирбекова Л.А. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық іс-әрекетін талдау. Оқу-әдістемелік құрал. -Қарағанды, 2000.

  6. Быков Е.В. Показатели денежного потока в оценке финансовой устойчевости предприятия. /Фиансы/ 2000, №2.

  7. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия, Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.

  8. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и Анализ финансовой отчетности, Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.

  9. Качалин В.В. Финансовый учет и отчет в соответствии со стандартами СААР. М.: Дело, 1998.

  10. Кмизухова К.К., Кершенова А.М. Разъяснения по заполнению примерных схем финансовой отчетности организаций. /Бюллетень бухгалтера, 1998, №8-9.

  11. Нурсеитов Ә.О. Ликвидность баланса и платежеспособность предприятия. /Бюллетень бухгалтера, 1998, №46.

  12. О банкротстве Закон РК от 07.04.95 г., №2173.

  13. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. -М.: ИНФРА-М, 1995.