- •1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын
- •2 “Риза” жауапкершілігі шектелген
- •1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық мазмұны мен мәні
- •1.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
- •1.2 Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі әдістері мен тәсілдері
- •1.3 Қаржылық тұрақтылықты талдаудың ақпарат көздері
- •2 “Риза” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің қаржы тұрақтылығын терең талдау
- •2.1 Баланс активтері мен олардың құрылым көздерінің ара қатынасын талдау
- •Құрамы мен құрылымын талдау
- •2.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау
- •Т олтыру коэффициентінің графигі
- •А бсолюттік өтімділік графигі
- •2.3 Іскерлік белсенділікті талдау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
Т олтыру коэффициентінің графигі
2. Жылдам өтімділік коэффициенті (Кж.ө.)
Кж.ө.= (АА - ТМҚ) / (ағымдағы міндеттемелер);
бұл жерде, АА - ағымдағы жылдар;
ТМҚ - тауарлы-материалдық қорлар.
1999 жылғы есеп беру кезеңінің басы: 10606,96 - 5957,8 = 0,62;
Ағымдағы жыл есеп беру кезеңі: 12952 - 4226 = 0,84;
2000 жылғы есеп беру кезеңінің соңы: 10680 - 8330 = 0,62.
Осы коэффициенттің есептеу кезінде міндеттемелер немесе қарызға алынған қаражаттардың қысқартылуы, ағымдағы активтердің қысқартылуынан асты, сондықтан өзгерісті қаржылық тәуелсіздіктің өсуі сияқты қарастыру керек.
3. Абсолют өтімділік коэффициенті (Ка.ө.)
Ка.ө,= (ақша қаражаттарын) / (ағымдағы міндеттемелер);
Бұл коэффициент өтімділіктің қатаң сипаты болып есептелінеді, ағымдағы міндеттемелердің қай бөлігі жедел өтілу мүмкіндігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің төменгі шамасы - 0,2 болу керек.
“РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінде осы коэффициент:
01.01.2000 ж. есеп беру кезеңінің басы: 805,2 / 7565,8 = 0,11;
Ағымдағы жыл есеп беру кезеңі: 73 / 10500 = 0,007;
2000 жылғы есеп беру кезеңінің соңы: 2113 / 8330 = 0,26.
“РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің
А бсолюттік өтімділік графигі
Осы графикте “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің төлемқабілеттілігі 1999 жылдың соңында түсіп, ал 2000 жылы өзінің жағдайын дұрыстаанын байқаймыз. Бұл жақын уақыт ішінде ағымдағы қарыздардың 0,26 бөлігінің жабылуының мүмкіндігін көрсетеді.
Жоғарыда айтылып кеткендердің бәрін жалпылағанда мынадай қорытынды жасауға болады.
Талдауға түскен жылдар арасында “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің балансы ағымдағы өтімділікке ие болды, бұл кәсіпорынның 2000 жылдың соңында төлемқабілеттілігінің жақсарғанын көреміз. Сонымен “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестіктің өтімділігі көп активтердің мөлшерін өсіру керек. Ол үшін кәсіпорын басқарушылары дебиторлық қарызды ақша қаражаттарына айналдыру жолымен істеуіне болады.
2.3 Іскерлік белсенділікті талдау
Іскерлік белсенділіктің көрсеткіштері - ағымдағы негізгі қызметінің нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды. Кәсіпорының іскерлік белсенділігі аспектісінде біріншіден оның қаражат айналымының жылдамдығында анықталаы. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражаттарын қаншаға тиімді қолдануын анықтайтын, әртүрлі коэффициенттерді зерттеуде негізделген. Кәсіпорынның қаржы жағдайы активтерге салынған қаражаттар тез ақша қаражаттарына айналғанынан тікеей тәуелді.
Біздің білуімізше, кейбір актив түрлерінің айналым жылдамдығы әртүрлі, яғни ақшалай түрге айналуы. Активтер айналымдығының жылдамдығын анықтау үшін келесі коэффициенттерді қолданады.
1. капиталдың жалпы айналым коэффициенті (Кк.ж.а.)
Кк.ж.а.= (өткізілген өнімнен түскен түсім) / (баланс валютасының орташа мөлшері);
1999 ж. - 33551,83 / ( (10980,70 + 14245,79)/2 ) = 2,67 рет;
2000 ж. - 64992 / ( (14245 + 13181)/2 ) = 4,74 рет, =2,07.
Бұл коэффициент кәсіпорынның іскерлік белсенділігі жөнінде жалпылай түсінік береді. Бұның жағымды шегі жоқ және сол салаға байланысты өзгереді. Коэффициенттерді салыстырғанда “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің барлық ресурстарды қолдануының тиімділігін көреміз. Егер 2000 жылы “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің капиталы 2,67 рет айналса, ал 2000 жылы ол 4,74 рет айналды. Сондықтан кәсіпорынның активтерінің айналымдығы өсті, бұл кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалаудың оң жағы деп саналады.
2. Негізгі қаражатардың айналымдылығының коэффициенті немесе қорқайтарымы, яғни кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлардың қолдануының тиімділігін көрсетеді.
Қорқайтарымы=(өткізілген өнімнен түскен түсім) / (НӨҚ-ң орташа жылдық құны);
1999 ж. - 33551,83 / ( (280,6 + 1210,77)/2 ) = 45,0 ;
2000 ж. - 64992 / ( (1212 + 2441)/2 ) = 35,6, Ф0 = - 9,4.
Мына көрсеткіште “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестіктің негізгі қаражаттардың айналымдылығы қысқарғанын көреміз.
3. Меншіктік капиталдың айналымдылығының коэффициенті:
Км.к.а.= (өтк. өнімнен түскен түсім) / (менш. капиталдың орташа мөлшері);
“РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінде:
1999 ж. - 33551,83 / ( (3414,90 + 3743,92)/2 ) = 9,38;
2000 ж. - 64992 / ( (3745 + 4851)/2 ) = 15,2, Ф0 = 5,82.
Бұл көрсеткіш бірнеше аспект бойынша қарастырылады:
- коммерциялық жағынан, сатудың артықшылығы немесе жетіспеушілігі;
- қаржы жағынан, салынған меншікті капитал айналымының жылдамдығы;
- экономикалық жағынан, ақша қаражаттарының активтілігін көрсетеді.
Алынған көрсеткішке қарап “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестіктің берілген көрсеткіштердің өскенін байқаймыз, яғни, бұл кәсіпорынның құрылтайшыларының қаражаттарын тиімді қолданатынын көреміз.
4. Ағымдағы активтердің айналым коэффициенті (Ка.а.а.). Бұл коэффициент есеп мерзімі ішінде айналым қаражаттарының барлығы қанша айналым жасағанын көрсетеді. Өндіріс уақыты мен айналым уақытының қысқару себебінен айналым саны өседі. Соның нәтижесінде қорлардың мөлшері азаяды, яғни, қорларға салынған ақша қаражаттаы айналымға жіберіледі. Ал ақша қаражаттары өз кезегінде кәсіпорынның ең өтімді активтерін көейтеді, яғни, төлемқабілеттілігі мен қаржы жағдайын жақсартады.
Ка.а.а.= (ө. ө. т. т.) / (ағымдағы активтердің орташа мәні);
1999 ж. - 33551,83 / ( (10606,96 + 12952)/2 ) = 2,85;
2000 ж. - 64992 / ( (12952 + 10680)/2 ) = 5,51, Ф0 = 2,66.
Айналым активтерінің айналымдылығының жылдамдығы тек қана айналым санымен ғана емес, ұзақтығымен де анықталынады. Бір айналымның ұақтығын тапқанда: 365 күнді/Ка.а.а. көрсеткішіне. Осыдан:
1999 ж. - 365 / 2,85 = 129 күн;
2000 ж. - 365 / 5,51 = 67 күн.
Берілген мәліметтер бойынша ағымдағы активтердің айналымдығы 2000 жылы 62 күнге қысқарады. 2000 жылы бір айналымның ұзақтылығының азаюы, кәсіпорынның қаржы жағдайының жақсы екендігін көрсетеді.
5.Дебиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті (Кд.қ.а.)
Кд.қ.а.= (ө.ө.т.т.) / (орт. деб. қарыз) ;
1999 ж. - 33551,83 / 6231,375 = 5,39;
2000 ж. - 64992 / 5772 = 11,26.
Бұл коэффициент дебиторлық қарыздың айналымдылығының сапасын және оның көлемін көрсетеді.
Сонымен бірге дебиторлық қарыздың, кезең ішіндегі айналым санын табамыз. Бұл кәсіпорынның бір күнге есептегендігі қаражат төлеу кезеңінің ұзақтығын көрсетеді.
Дебиторлық қарыздың ұзақтығы = Т / (деб.қар.айн.саны);
Т - талданатын кезеңнің күн саны.
1999 ж. - 365 / 5,39 = 68 күн;
2000 ж. - 365 / 11,26 = 33 күн.
Осының нәтижесінде 1999 жылы дебиторлық қарыздың айналым жылдамдығы 5,39-11,26 дейін өсті, яғни “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігіне 2000 жылғы 33 күн дебиторлық қарызды қайтару үшін керек. Осыларды қорытындылағанда “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің дебиторлық қарызын уақытында ала алуын және нәтижесінде қаржы жағдайының жақсы екенін көрсетеді.
6. Кредиторлық қарыздың айналымдылық коэффициенті (Кд.қ.а.)
Бұл коэффициент кәсіпорынның өз коммерциялық шоттарын қалайша тез төлейтінін көрсетеді. Осы коэффициенттің өсуі кәсіпорынның кредиторлық қарыздарын өтеу жылдамдығының өсуін көрсетеді, ал кемуі - кредитқа сатып алуының, яғни қолма-қол ақшаның жоқтығын көрсетеді.
Кк.қ.а.= (өнім өндірудің шығындары) / (орт. кред. қарыз);
1999 ж. - 51,53 / 7455,14 = 0,007;
2000 ж. - 8344 / 8123,5 = 1,028.
Алынған мәліметтер бойынша “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің 2000 жылы жағдайы жақсарды.
Атап кеткен коэффициенттерді салыстырғанда “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің іскерлік белсенділігі туралы мынадай қорытынды жасауға болады.
Талдауға түскен жылдар арасында кәсіпорының негізгі қаражаттары қысқарып, активтердің айналымдылығымен бірге меншікті капиталдың айналымдылығы өсті. Бұл кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалауда жағымды шектеу болып саналады. Бірақ талдау жүргізгенде 1999 жылдың ағымдағы активтердің айналымдылығының ұзақтығымен 2000 жылы “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестік қаржы жағдайын жақсартып алды, сонымен бірге ағымдағы активтердің айналымдылығы 50 күнге қысқарды.
Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың айналым жылдамдығын талдағанда, 1999 жылы “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігі дебиторлық қарызын уақытында ала алмағандығынан, яғни ақшаның жоқтығына әкеліп, кредиторлық қарыздың айналым мерзімін өсіріп (ұлғайтып) жіберді. Нәтижесінде кәсіпорынның қаржы жағдайы нашарлап және тез уақыт ішінде банкрот деп санауымызға болушы еді. Бірақта 2000 жылы, есептік саясатын өзгертіп, “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестік дебиторлық әе кредиторлық қарыздарының айналым мерзімін қысқартып пайда болған тенденциясын тоқтатты. Кәсіпорын басқарушыларының таңдап аған есептік саясатын әрі қарай дамыта беру керек деп ойлаймыз.
