Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кур. “РИЗА” ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕЛГЕН СЕРІКТЕСТІ...doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231 Кб
Скачать
☆

2 “Риза” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің қаржы тұрақтылығын терең талдау

“РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің қаржы жағдайын талдауға кірісеміз. Бұл кәсіпорынның негізгі қызметі- халық тұтынатын тауарларды өндіру болып табылады. Кәсіпорынның қаржы жағдайы туралы нақты мәлімет алу, өрлеу динамикасын көру үшін, 1999-2000 жылдардың ағымдағы және есеп беру жылының көрсеткіштерін қаржылық есеп беруде қолдананамыз. Кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ететін және де кәсіпорынның есептік саясатында қандай өндірістер бар екенін қарастырып, берілген мәліметтерді қарастырамыз.

“РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестің қаржы жағдайын дәлірек бағалау үшін, қаржылық есеп беруді, талдауды келесі кезектен жүргіземіз:

  • кәсіпорынның мүлік жағдайын бағалау;

  • кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдау;

  • кәсіпорынның төлеу қабілеттілігін талдау;

  • іскерлік белсенділігін талдау;

  • несие төлеу қабілеті мен банкроттықты болжауды талдау.

2.1 Баланс активтері мен олардың құрылым көздерінің ара қатынасын талдау

Баланс активтері мен олардың құрылым көздерінің арасында тығыз байланыс бар мүлік жағдайын талдау кәсіпорын активтері мен пассивтерінің құрамымен сипаттамасын беруге арналған. Мүлік дегеніміз- меншіктік құқығы бар материалдық объект. Кәсіпорынның мүлігі- оның активтерінің жиынтығы. Мүлікті сатып алу көздері кәсіпорынның құрылым көздерінде (меншікті капитал міндеттемелер) орналасқан. Мүлікті жағдайды талдау мақсаты шаруашылық субъектінің эканомикалық потенциалының, яғни, кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің құрамы мен құрылымының сипаттамасын беру болып табылады.

Кәсіпорынның активтерінің негізгі (критерий) сипаттамасы-олардың құрылымының тиімділігі (кәсіпорынның қызметінің ерекшелігіне сәйкес) мен активтердің құрамының сапасы.

Мүлікті сатып алу көздерін талдауда кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және өнімділігі жөнінде көзқарасына, меншікті және қарызға алынған қаржылардың ара-қатынасына көңіл аударылады.

Мүлікті жағдайды талдау тәжірибесінде баланстік тік және көлденең біріктіру арқылы жүргізіледі, сонда бастапқы және өзгертілген есеп - айырысу үлкейтілген баптар номенклатурасымен бірге талдануы мүмкін.

Мүлікті жағдайды талдағанда аналитикалық кестелер қолданылады, олар кәсіпорынның қаражаттарын және оның пайла болу көздерінің құрылымын, оның жке көрсеткіштерінің динамикасын сипаттайды.

Талдаудың осы кезеңінде кәсіпорынның қызметі туралы түсінік қалыптасады, оның мүлкінің және көздерінің құрамындағы өзгерістер, әртүрлі көрсеткіштерінің өзара байланыстары айқындалады. Осы мақсатта баланстың активі мен пассивінің жеке баптарының ара-қатынастары, олардың баланстың жалпы қорытындысындағы үлесі анықталады, өткен кезеңмен салыстырғандағы баланстың негізгі баптарының құрылымындағы ауытқу сомаларын есептейді.

Баланстың валютасының жалпы өзгеру сомасы құрама бөліктеріне бөлінеді, ол активтер құрамындағы, олардың қалыптасу көздерінің қозғалыстарының сипаты және олардың өзара байланыстылығ туралы алдын-ала тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Ұзақ мерзімі және ағымдағы қаражаттардың құрамындағы өзгерістерді талдау барысында, олардың кәсіпорындарының міндеттемелерінің өзгерістері өзара байланыста қарастырылады.

Мүлікті талдау үшін төмендегі көрсетілген аналитикалық кесте макеті құрастырылады.

Кесте 2.1

“РИЗА” жауапкершілігі шектелген серістестік мүлкінің