- •Isbn 9965-526-77-х
- •I тарау коллоидты жүйе
- •§1. Коллоидты жүйе туралы түсінік
- •§2. Меншікті бет
- •§3. Дисперсті жүйенің жіктелуі
- •II тарау беттік құбылыстар мен адсорбция
- •§ 1. Беттік керілу
- •§ 2. Фазаның жанасу шегіндегі бос энергия
- •§3 Адсорбциялық құбылыстың жалпы сипаттамасы
- •Адсорбция ↔ десорбция
- •§ 4. Катты дене газ шегіндегі адсорбция
- •§ 5. Адсорбция изотермасы
- •§ 6. Сұйық – газ жанасу шегіндегі адсорбция
- •§ 7. Қатты дене – сұйық жанасу шегіндегі адсорбция
- •§ 8. Адсорбция түрлері мен теориясы
- •III тарау молекула - кинетикалық қасиеттер
- •§1 Броундық қозғалыс
- •§2 Диффузия және флуктуация
- •§3 Осмос қысымы
- •IV тарау коллоидты системаларды алу және тазалау
- •§ 1 Коллоидты – дисперсті системаларды алу
- •§2 Коллоидты системаларды тазарту
- •V тарау коагуляция және тұрақтандыру
- •§ 1 Коллоидты ерітінділердің коагуляциясы
- •§2 Ұю кинетикасы
- •§ 3 Коллоидтардың тұрақтылығы
- •§ 4 Ұюдың түрлері
- •VI тарау құрылымдану және микрогетерогенді жүйе
- •§1 Құрылымдану және реология
- •§ 2 Суспензиялар
- •§ 3 Эмульсиялар
- •§ 4 Көбіктер
- •§ 5 Аэрозольдер
- •VII тарау коллоидты баз
- •§1 Коллоидты баз түрлері
- •§2 Коллоидты баз ерітінділерінің қасиеттері
- •§3 Тұрақтандыру және солюбилизация
- •§4 Коллоидты ерітінділер
- •Коллоидты жүйелер
- •4.2. Коллоидты бөлшектер дисперстілігі
- •4.3. Диспергирлеу әдісі
- •4.4. Еріген зат бөлшектерін ірілендіріп коллоидты
- •4.4.1. Коллоидты ерітінділерді химнялык конденсация жолымен алу.
- •4.4.3. Коллондты ерітінділерді химиялық жолмен алуга мысалдар
- •4.5. Коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы
- •§ 5 Коллоидты ерітінділердің оптикалық қасиеттері
- •5.1. Турбидиметрия. Рэлей теңдеуі
- •5.2. Ультрамикроскоптық әдіс
- •5.3. Нефелометриялық әдіс
- •§ 6 Коллоидты ерітінділердің тұтқырлығы
- •VIII тарау. Лабораториялық жұмыстар
- •Хроматографиялық адсорбция
- •Коллоидтық химия бойынша ұсынылатын лабораториялық жұмыстар тізімі
- •Тест тапсырмалары
- •11 Вариант
- •13 Вариант
- •Қосымша кестелер
- •1,3,4 Крандар; 2 бюретка Бақылау сұрақтар
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған сұрақтар
- •Колоидты системалардың электрлік қасиеттері мен мицелла құрылысы
- •Коллоидты системалардың тұрақтылығы және коагуляциясы
- •Коллоидты системаларды тұтқырлығы және анықтау
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Мазмұны
§3 Тұрақтандыру және солюбилизация
Коллоидты БАЗ-дың тұрақтандыру қабілеті олардың фазааралық қабатқа адсорбциялануымен анықталады. Олардың беткі қабаттағы концентрациясы жоғары болғандықтан, көлемдік концентрациядан бірнеше есе артық болады. Адсорбциялық қабатта да БАЗ мицелласындағыдай полюсті емес топтардың тоатасуы жүреді. Ондағы адсорбциялық қабаттың құрылысы БАЗ-дың табиғатына, фазаралық бетке, осы беттің адсорбциялану дәрежесіне, ортаға енген түрлі қосымшаларға байланысты. Баз-дағы адсорбциялық қабатты лиофиль дейді, ал ол су ерітіндісінде болса, оны гидрофиль дейді, мұның нәтижесінде ондағы бөлшектер жақындағанда тебіледі. Ал, егер осы құбылысты ионогенді БАЗ әкелсек, онда қос электр қабаты электрокинетикалық тебілісте болады екен. Ионогенді емес БАЗ ерітінділері үшін электрокинетикалық әсер болмайды; мұндағы дисперстік системаны тұрақтандыру – коллоидты химиядағы әлі толық шешуін таппаған жайдың бірі.
Солюбилизация коллоидты БАЗ ерітіндісінің мицелла құрылысымен тығыз байланысқан қасиеттің бірі. Коллоидты БАЗ-дың концентрлі ерітіндісіне әуелде таза суда ерімейтін органикалық қосылысты қосса, ол ериді, мұны солюбилизация дейді. Солюбилизация кезінде термодинамикалық тепе-теңдіктегі мөлдір ерітінді пайда болады. Коллоидты БАЗ ерітіндісінде еритін затты солюбилизат деп атайды. Түрлі БАЗ-дың ерітіндідегі солюбилизациялау қабілеті түрліше; коллоидты БАЗ көмірсутекті тізбек ұзарған сайын онда коллоидты солюбилизацияланатын органикалық қосылыстың мөлшері артады. Сол сияқты коллоидты БАЗ ерітіндісіндегі мицелла түрі шар тәрізді болған кезде, онда солюбилизацияланатын заттың мөлшері ерітінді концентрациясына орай артып отырады, ал мицелла түрі пластина тәрізді болса, онда жоғарылайды. Ол солюбилизацияланатын заттың құрылысына да тәуелді болады. Мәселен, солюбилизат ретінде көмірсутекті қолданса, онда оның молекулалық салмағы азайған сайын, коллоидты ерігіштік артады. Әдетте, солюбилизатқа электролиттерді қосқанда да солюбилизация артады.
Қазір солюбилизацияны БАЗ мицелласында органикалық қосылыстардың еруі деп қарастырады. Оның түрлі механизмі болуы мүмкін. Полюсті емес көмірсутектер мицелла ядросында ериді, ал полюсті органикалық заттар (спирттер, аминдер) мицеллада ерігенде, олардың көмірсутекті тізбегі мицелла ішіне, ал полюсті бөлігі су фазасына қарай бағытталады.
Коллоидты БАЗ ерітіндісіндегі мицелла пластина тәрізді болса, онда еритін органикалық қосылыс осы пластина арасына сынаша еніп, оарды ығыстырады және осы кезде ол мицелладағы полюсті емес көмірсутекті радикал арасына (өзіне ұқсас аралыққа) енеді. Бұл болжамның дұрыстығын сабын мицелласындағы пластина аралығын бірде солюбилизацияға дейін, бірде нақ осы мицелланы солюбилизациядан кйін рентгенографиялық әдіс көмегімен өлшеніп дәлелденді.
Коллоидты БАЗ-дың қолданылуы. 1. Суда коллоидты БАЗ болса, онда ол ерітіндінің беттік керілуін төмендетеді және жуушы сұйықтың жұғуы артады. 2. Сабын молекуласы кірленген талшық үстіне, қатты дене бетіне немесе сұйыққа жақсы адсорбцияланады да өте мықты адсорбциялық қабат құрайды және сыналық қысым күші туындайды. 3. Кірленген бөлшек бетіндеггі адсорбцияланған пленка осы бөлшектерге агрегативті тұрақтылық береді және оны талшықтың басқа жеріне көшірмейді. 4. Коллоидты БАЗ жуушы затта көбік тудырады да кірді механикалық жолмен алуды арттырады. Бұл құбылыс флотация кезінде де пайдаланылады.
