- •Isbn 9965-526-77-х
- •I тарау коллоидты жүйе
- •§1. Коллоидты жүйе туралы түсінік
- •§2. Меншікті бет
- •§3. Дисперсті жүйенің жіктелуі
- •II тарау беттік құбылыстар мен адсорбция
- •§ 1. Беттік керілу
- •§ 2. Фазаның жанасу шегіндегі бос энергия
- •§3 Адсорбциялық құбылыстың жалпы сипаттамасы
- •Адсорбция ↔ десорбция
- •§ 4. Катты дене газ шегіндегі адсорбция
- •§ 5. Адсорбция изотермасы
- •§ 6. Сұйық – газ жанасу шегіндегі адсорбция
- •§ 7. Қатты дене – сұйық жанасу шегіндегі адсорбция
- •§ 8. Адсорбция түрлері мен теориясы
- •III тарау молекула - кинетикалық қасиеттер
- •§1 Броундық қозғалыс
- •§2 Диффузия және флуктуация
- •§3 Осмос қысымы
- •IV тарау коллоидты системаларды алу және тазалау
- •§ 1 Коллоидты – дисперсті системаларды алу
- •§2 Коллоидты системаларды тазарту
- •V тарау коагуляция және тұрақтандыру
- •§ 1 Коллоидты ерітінділердің коагуляциясы
- •§2 Ұю кинетикасы
- •§ 3 Коллоидтардың тұрақтылығы
- •§ 4 Ұюдың түрлері
- •VI тарау құрылымдану және микрогетерогенді жүйе
- •§1 Құрылымдану және реология
- •§ 2 Суспензиялар
- •§ 3 Эмульсиялар
- •§ 4 Көбіктер
- •§ 5 Аэрозольдер
- •VII тарау коллоидты баз
- •§1 Коллоидты баз түрлері
- •§2 Коллоидты баз ерітінділерінің қасиеттері
- •§3 Тұрақтандыру және солюбилизация
- •§4 Коллоидты ерітінділер
- •Коллоидты жүйелер
- •4.2. Коллоидты бөлшектер дисперстілігі
- •4.3. Диспергирлеу әдісі
- •4.4. Еріген зат бөлшектерін ірілендіріп коллоидты
- •4.4.1. Коллоидты ерітінділерді химнялык конденсация жолымен алу.
- •4.4.3. Коллондты ерітінділерді химиялық жолмен алуга мысалдар
- •4.5. Коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы
- •§ 5 Коллоидты ерітінділердің оптикалық қасиеттері
- •5.1. Турбидиметрия. Рэлей теңдеуі
- •5.2. Ультрамикроскоптық әдіс
- •5.3. Нефелометриялық әдіс
- •§ 6 Коллоидты ерітінділердің тұтқырлығы
- •VIII тарау. Лабораториялық жұмыстар
- •Хроматографиялық адсорбция
- •Коллоидтық химия бойынша ұсынылатын лабораториялық жұмыстар тізімі
- •Тест тапсырмалары
- •11 Вариант
- •13 Вариант
- •Қосымша кестелер
- •1,3,4 Крандар; 2 бюретка Бақылау сұрақтар
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған сұрақтар
- •Колоидты системалардың электрлік қасиеттері мен мицелла құрылысы
- •Коллоидты системалардың тұрақтылығы және коагуляциясы
- •Коллоидты системаларды тұтқырлығы және анықтау
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Мазмұны
§4 Коллоидты ерітінділер
Коллоидты жүйелер
Екі немесе одан да көп заттардың өзара бірелкі араласуы нәтижесінде түзілген, өн – бойында қасиеті бірдей жүйелі ерітінділер деп аталатындығы мәлім.
Жалпы, ерітінді деген ұғымның кең ауқымдылығы соншалықты, олардың қатты, сұйық және газ күйіндегі ерітінділер деп топтайды.
Ал, күнделікті тұрмыста жиі ұшырасатын түрлі тәтті сусындар, сироп-сірнелер, айран-сүт және оның өнімдері де ерітінділер тобына жататындығына онша назар аудара бермейміз. Бұл ерітінділер коллоидты жүйелер тобын құрайды да, соңғыларға бояу-сырлардың, мұржалардан шыққан түтіндердің, ауадағы тұман, шаң-тозаң, аспандағы бұлттардың да жата беретініне көңіл бөлмейміз.
Коллоидты ерітінділердің кәдімгі өзіміз қарастырып келген ерітінділерден басты айырмашылығы – ерітілген зат бөлшектерінің ірілі-ұсақтығымен өзгешелігінде.
Кәдімгі ерітінділерде еріген зат бөлшектері молекула-ион деңгейінде, яғни 10-9м-ден кіші болады. Коллоидты ерітінділерде еріген зат бөлшегінің ірілі-ұсақтығы 10-9-10-6 м аралығына жатады. Ал, еріген зат бөлшектерінің ірілігі 10-6-10-4 м аралығында болса, мұнда й коллоидты жүйелер жүзінді, эмульсиялар деп аталады.
Эмульсиялар дегеніміз – еріген зат пен ерігіш екеуі де сұйық күйінде ұшырасатын жүйелер. Мысалы, сүт, кілегей. Мұндағы май бөлшектері сүт, кілегей бойында біркелкі таралып эмулься түзген.
Егер, коллоидты бөлшектер газ күйіндегі зат бойында (ауада) біркедкі таралса, онда оларды аэрозольдер деп атаймыз.
Ерітілген зат бөлшектері қатты болса, олардың шаң-тозаң немесе түтін, ал сұйық молекулаларынан тұрса, тұман дейді.
Тұрмыста жиі ұшырасатын кейбір шаң-тозаң, бұлттардың бөлшектерінің ірілі-ұсақтығын төменгі 7-кестеде келтірген:
7-кесте. Аэрозоль құрамындағы бөлшектердің ірілі-ұсақтығы
Аэрозоль |
Бөлшек мөлшері, м |
Аэрозоль |
Бөлшек мөлшері, м |
Тұман Ақша бұлттар Нөсер бұлттар |
5·0-7 110-6-1·10-5 1·10-5-1·10-4 |
Темекі түтіні Отын түтіні
|
1·10-7-1·10-6 1·10-7-1·10-5 |
Жаратылыс дүниеліктерінде жиі ұшырасатын эмульсиялар жүзінді – суспензиялар, аэрозольдер, көбіктер бәріде микрогетерогенді жүйелер тобын құрайды.
Сонымен қатар, желімдер, шайырлар, сірнелер, сүзбелер, ірімшіктер ірі молдекулалы қосылыстар ерітіндісі, бояу-сырлар бәрі де коллоидты ерітінділерге жатады.
Біз, сұйық ерітінділермен еріткіштерді жүйелі түрде қарастырып келе жатқандықтан, қатты заттардың сұйық еріткіштерде коллоидты ерітінді түзуіне тоқталамыз.
Өзіміз ескерткендей еріген зат ірілі-ұсақтығы коллоидты жүйелерде басты көрсеткіш болып табылатындықтан «дисперстілік» ұғымымен танысалық.
4.2. Коллоидты бөлшектер дисперстілігі
Кез келген заттың майда-ірілігін, ұсақ-ұнтақтығын анықтайтын шама – оның дисперстілігі деп аталады.
Дисперстілікті – ұнтақталған бөлшектердің диаметрінің немесе көлденең қимасының ұзындығының кері шамасымен анықтайды, яғни
D = 1/a, [м-1]
мұндағы: D – дисперстілік
а – бөлшек диаметрі немесе көлденең ұзындығы.
Қарастырылып отырған заттардың дисперстілігін жүйелі түрде сипаттау үшін, сол заттардың меншікті аудан беті деген шама кіргізіледі де, формуласы төмендегіше жазылады:
Sменш.= S0/m немесе Sменш.= S0/V
Жалпы жағдай үшін, меншікті аудан бетін табу формуласын төмендегідей түрде жазуға болады:
Sменш.= S0/V = K · 1/a = K · D
Мұндағы К - бөлшек формасын ескеретін есептеу коэффициенті.
Көп жағдайларда заттың меншікті аудан бетін оның масса бірлігіне шағып есептейді:
Sменш.= S0/т = S0/V · ρ
Мұндағы: m - қарастырылып отырған зат массасы; V, р - сол массасы m - затының көлемі және тығыздығы.
Мысал. Азотты адсорбциялау арқылы анықталған силикагельдің меншікті аудан беті 4,1·105 м2/кг. Аталған заттың тығыздығы 2,2 г/см3. Осы силикагельдің бөлшектерін шар тәріздес деп қабылдап, оның диаметрін анықтаңыз.Талдау. Есеп шартын ескере отырып, мьна формуланы пайдалану дұрыс нәтиже береді деп тұжырымдаймыз:
Sменш.= S0/V · ρ
Бөлшектер шар тәріздес деп ескертілгендіктен, мына теңдіктер орынды:
S0=4πr2; V=4/3πr3
Енді есеп берілгендерін жазып алып шығару оңай
.
Берілгені: Шешімі:
S
менш.=
4,1·105
м2/кг
Sменш.=
S0/V
·
ρ
= 4πr2/(4/3πr3)=
ρ = 2,2 г/см3= 2.2 · 103кг/м3 =3/r ·ρ = 6 / d·ρ.
d=6/
Sменш
·
ρ=6/(4,1·105·2.2
· 103)=
d=? 6/2.02·108=6.65·10-9м=6.65нм.
Сонымен, коллоидты ерітінділер бойындағы коллоидты бөлшектер кәдімгі ерітіндіде еріген бөлшектерге қарағанда ірілеу болып келеді. Мұны сипаттау үшін өзіміз жоғарыда талдаған дисперстілік үғымын пайдаланамыз.
Ұнтақталған нақты бір дисперстілікке ие бөлшектер – дисперсті фаза, ал олар біркелкі таралып коллоидты ерітінді түзілетін еріткіш - дисперсионды орта деп аталынады.
Демек, коллоидты ерітінділер – дисперсті фаза – ұнтақталған ерітілген бөлшектермен, осы бөлшектер біркелкі таралған еріткіш – дисперсионды ортадан тұрады және бұларды зольдер деп те атай береді.
Жалпы, дисперсті жүйелермен химияның арнаулы саласы – коллоидты химия айналысады.
