- •1. Географиялық ғылымдарындағы туристік елтанудың негізгі
- •3.Туристік елтанудың міндеттері және әдістері
- •4.Елдің туристік бейнесі
- •5.Елдің туристік бейнесінің қалыптасуында табиғи және мәдени мұрасының маңызы
- •6. Халықаралық туризмнің глоболизациялық процесі
- •8 .Әлем елдерінің туристік типологиясы
- •2 Батыс Еуропаның аумағы және халық саны бойынша шағын болып келетін жоғары дамыған мемлекеттері (Австрия, Швейцария, Бельгия,Нидерланды).
- •1. Ердавлетов с.Р., Алиева ж.Н. География международного туризма – Алматы: Қазақ университеті, 2013 ж.
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі:
5.Елдің туристік бейнесінің қалыптасуында табиғи және мәдени мұрасының маңызы
Шығу туризмінің нарығында ол жер Санта Клаустың тұратын жері, қар мекені мен ойын сауық жері. Финляндияның жаздық демалыс орталығы ретінде дамытып отырған компания оның қабылдау стереотипін жеңе алмай және қысы қатты суық мемлекет кейпіне сәйкес келмеді.Мемлекеттің туристік бейнесі жыл бойы өзгермегенде көбінесе ол абсолюттенеді. Мысалы, Тайланд «мәңгілік жаз елі» ретінде қабылданады, бірақ бұл Тайландтың көп бөлігін алып жатқан субэкваторлық климатқа сәйкес келмейді.
Әрбір атауды өзіндік характеристикасы бар: «Скандинавиялық рапсодия», « Күміс аралдары» және т.б. Бұл маршруттардың басты кемшілігі, мемлекеттің ерекшелігін зерттеуге уақыттың жетіспеушілігі. Туроператорлардың айтуы бойынша экономикалық туристік автобустар сұранысқа ие себебі олар аз уақыт ішінде мемлекеттің ең қызықты жерлерін көрсетеді. Бірақ осындай турларды « Европаны шоқып шығу» деген сөзбен теңестіруге болады себебі, туристер автобустың терезесінен көрген мемлекетті « кішкентай мемлекетті екі сағат ішінде аралап шықтық», «үйлері өте ұқыпты» және көп нәрсе көрдік соның бәрі араласып кетті деп сипаттайды.
Туристтік бейне ұсынылып отырған туристік турларғада байланысты. «Елтануға бағытталмаған (Нестрановедческий)» туризм жарнамасында- жағажай туризмі, тау шаңғы туризмі, экстремалды туризм және тағы басқаларында- мемлекет жай ғана фон болып табылады. Жарнамаларда «экскурсия» орындары ғана белгіленіп, маршрут толығымен көрсетілмейді. «Елтану туризмінің» басты мақсаты елдің мәдени тарихи жерлерімен және көрікті жерлерімен таныстыру. Осы жағдайда оларды міндетті түрде атап шығады, және әр турдың өзіндік атауы бар: мысалы, «Әдемі Вена», «Классикалық Италия» және т.б. Бұл круиз маршруттарына да қатысты.
Туристік шолуға кіретін мәдени көзтартар жерлер көбіне әлемге танымал объектілермен беріледі. Бір немесе басқа объектіні таңдау тек оның мәдени – тарихи құндылығымен ғана емес, жол жүрудің жеңілдігемен, көп адамды сидыратын жер болуына, туристік сұранысқа да тәуелді.
Солай, Кипрдағы Тродос тау массивіне жасалған экскурсияларды қабырғалары көркем безендірілген - Кикос провославты шіркеуіне апарады, ал соның жанындағы ЮНЕСКО – ның мәдени және табиғи көркем жерлер қатарына енген византиялық шіркеулерге адам аса көп бармайды. Бұған кері мысал ретінде Египетті келтірсе болады. Мұнда бұл тізімге енген алты объект те экскурсиялық программаға енген, бұл олардың орналасуының қолайылығыныың ла пайдасы.
Елменен танысудың дәстүрлі мәдени салты болып – «фольклорлы кештерді» айтуға болады (Египет пен Тунистегі «араб түндері», Шехерезада түндері). Бұлар шын мәнінде туристік сұранысты қанағаттандыру үшін жасалған ұлттық дәстүрдің суррогаттары болып табылады. Оның жергілікті тұрғындардың күнделікті өмірімен ұқсастығы шамалы ғана. Экскурсиялық программаларда әсіресе, саясаттық феномендарға көңіл бөлінеді: «Лефкосия – бөлінген қала», «Берлин стенасы».
Табиғи жағдайда туристік аудандар өзімен өте қатты өзгерген табиғи ландшафтыларды көрсетеді.
Көбінесе туристер халқы тығыз орналасқан аймақтар мен инфраструктурасы жақсы дамыған елдерге саяхатқа шығады.Мүлде қол тимеген табиғат аясында да және курортты жерлерге де саяхаттайды.Сонымен қатар туристтер мәдени-тарихи объектілермен танысу үшін белгілі бір аймаққа барады.Экскурсия барысында ең алдымен «мәдени ландшафтпен» танысады.Бұл түсініктің бірнеше мағынасы бар.Ең алдымен туристтер үшін мәдени ландшафт дегеніміз жарқын виальді белгілер,оған кіретіндер тұрғындар бейнесі мен шаруашылық,мәдени форма,сервис деңгейі,тамақтану ерекшелігі.Географтардын айтуынша туристтік мәдени ландшафт «мәдени ландшафтан» кішірек.
Андалусияның мәдени ландшафты дегеніміз-бұл ең алдымен қала ландшафты.Кез келген Еуропа халқы сияқты жерлерді жаулап алу қорғандар мен қамалдарды соғудан басталған.Субтропикалық климат тән,шағын қалалар мен ауылдық жерлерінде кірпіштен жасалған үйлер, көбінесе әктелген.Ауылдық жерлерде туристтерге арналған маршруттар бар,оливтік және цитрустық аймақтары жетерлік.
