- •1. Географиялық ғылымдарындағы туристік елтанудың негізгі
- •3.Туристік елтанудың міндеттері және әдістері
- •4.Елдің туристік бейнесі
- •5.Елдің туристік бейнесінің қалыптасуында табиғи және мәдени мұрасының маңызы
- •6. Халықаралық туризмнің глоболизациялық процесі
- •8 .Әлем елдерінің туристік типологиясы
- •2 Батыс Еуропаның аумағы және халық саны бойынша шағын болып келетін жоғары дамыған мемлекеттері (Австрия, Швейцария, Бельгия,Нидерланды).
- •1. Ердавлетов с.Р., Алиева ж.Н. География международного туризма – Алматы: Қазақ университеті, 2013 ж.
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер тізімі:
8 .Әлем елдерінің туристік типологиясы
Бірініші тип– экономикалық тұрғыдан жоғары дамыған, халықаралық туризмнің жетілген әлеуметтік-экономикалық жүйесімен, кешенді туристік мамандардырылған, Әлемдік туристік кеңістік орталығын құрайтын елдер жатқызылады.
Бұл типке халықаралық туризмде бұрыннан бері қалыптасқан мемлекеттер жатады. Бұлардағы қалыптасқан халықаралық жүйе қайтадан құрылған қызметтер мен ішкі тұрақтылығымен ерекшеленеді. Олар пропорциялық жүйеге негізделген, яғни тұрақтылықты беруімен сипатталады. Өсу ақырын жүреді, яғни нарықтағы қалыптасқан пропорцияны қолдайды(оптималдылыққа жақын).
Бұл елдердің туристік жүйесі иерархиялық кеңістік шыңында тұрақталған және қол жетілген дәрежені ұстап тұруға тырысады.
Заманауи әлемнің елдерінде типтік аналогиясы бойынша олардың әлемдік шаруашылық және халықаралық қатынастар жүйесіндегі орнының қатынасының тобын үш негізгі топшаға бөлуге болады:
І Негізгі туристік елдер –
АҚШ
Германи
Франция
Ұлыбритания
Италия
Япония.
Дәл осы топқа Испанияны да қосса болады. Ол экономикасы өте жақсы дамыған мемлекетке жатпаса да, бірақ әлемнің негізгі туристік нарығы болып табылады.
Бұл топ елдері тек өзінің экономикалық және ғылыми-техникалық емес, сонымен қатар туристік потенциалымен де ерекшеленеді. Бұларда сұраныс та, әлемдің ұсыныс та туады. Оларды диверсифицирленген халықаралық туристік нарық ерекшелейді, яғни оларда шамамен барлық танымал туристік саяхаттар түрі ұсынылады, сонымен қатар туристік қатынастың жағарғы белсенділігі де байғалады. Бұл елдер бір жағынан халықаралық нарықта көшбасшылыққа тартыс жүргізсе, екінші жағынан біріге отырып нарықты бақылауда ұстап отыр.
2 Батыс Еуропаның аумағы және халық саны бойынша шағын болып келетін жоғары дамыған мемлекеттері (Австрия, Швейцария, Бельгия,Нидерланды).
Австрия мен Швейцария туризмнің әлемдік нарығында өзінің орнын жоғары дәрежеде қызмет көрсететін қымбат туристік бағыттар секілді дәстүр бойынша анықтайды. Басты туристік мемлекеттерден өзгешеленетіні олар аса тар туристік мамандануға ие - сауықтыру, мәдени- танымдық, спорттық және іскерлік туризм, бірақ бұл қызмет түрлерінде жоғары беделге жетеді.
Халықаралық туризм олардың ұлттық экономикасына маңызды ықпалын тигізеді. Бұл елдердің ерекше белгісі - халықтың өміріне экспорт пен импорт көрсеткіштерінің үлкен мәні, сонымен қатар экспорттың тиімділік коэффициенті халықаралық туризм сферасына да кіреді. Олар дамыған мемлекеттердің арасында туристік айырбастың ең жоғары қарқындылығымен ерекшеленеді. Осымен бірге олардың туристік келу мен кетудің жалпы көлеміндегі үлесі аз, және олар халықаралық туризм нарығының маңызды сегменттерін өздігінен бақылап отыруға қабілетті емес.
Бельгия мен Нидерланды халықаралық туризм нарығында бірқалыпты жағдайды алады. Олар Австрия және Швейцариямен салыстарғанда халықаралық туристік еңбек бөлісінде одан аса тар маманданумен ерекшеленеді, бірақ бұл ретте туризм нарығының пропорционалды құрылымын иеленеді. Ол екі маңызды сегменттермен көрсетілген - мәдени-танымдық туризммен (ортағасырлық мәдениеттің жақсы сақталған ескерткіштерімен қалада саяхаттау) және аса дамыған іскерлік туризммен. Бұл елдерге транзиттік туристік ағымның үлкен көлемі тән, сондықтан ұлттық туристік әкімшіліктердің басты міндеттерінің бірі келушілердің болуын жалғастыруды арттыру болып табылады.
3 Канада өзінің толығымен экономикалық дамуының ерекшелігі ( "қоныс аударған капитализм мемлекеті" секілді) және ұлттық халықаралық туризм нарығының қатты ықпалмен қалыптасуы мен АҚШ-тың белсенді қатысуын есептеумен дербес топшаға ажыратылған.
Екінші тип - әлемдік туристік кеңістікте Жартылай шеткі аймаққа жатқызылатын, халықаралық туризмнің көп функционалды жүйесін мемлекеттің қолдауымен қарқынды қалыптасатын, туристік ағымдардың айрықша ішкіаймақтық бағытталуы және аймақаралық туристік айырбастың өсуімен қалыптасатын жаңа туристік мемлекеттер.
Бұл топтың елдері (Малайзия, Тайланд, Филиппин, Турция, Біріккен Араб Әмірлігі) халықаралық туризм нарығының қазіргі қалыптасу кезеңдеріне жедел өтіп жатыр. Ол халықаралық туристік келулердің өсуімен және сыртқы туристік айырбастың жоғары қарқынымен сипатталады. Бірақта, толығымен оңды үрдістерді иеленетін халықаралық туризмнің дамуы әркелкілік пен тұрақсыздығымен ерекшеленеді.
Осы тектес елдер туризмнің бірнеше түріне мамандандырылады: жағажай-шомылу сауықтыру бағытында, конгресс-көрмелік, іскерлік туризмнің әртүрінде – инсентив-туризмде, сонымен қатар танымдық және спорттық. Туристік ағынды басатын бөлігінде ішкіаймақтық бағыт бар. Континентаралық сапарлардың өсу көлемі көрінеді.
Үшінші тип– орташа дамыған елдер. Полупериферии дүниежүзілік туристтік кеңістіктің жартыфункционалды жүйемен халықаралық туризм трансформация кезеңінде, негізінен экстенсивті жолмен халықаралық туризмнің дамуы және туристік ағынның ішкіаймақтық бағытталуы.
Бұл типке Орталық-Шығыс Европа (Венгрия, Польша, Словения) елдері жатады, сонымен қатар Ресей, халықаралық туризмнің трансформация жүйесін басынан өткізіп жатқан, жоспарлыдан оның нарықтық типіне көшу. Ұлттық туристік нарықтың құрылымы бұл елдерде шұғыл әлсіз басқарылатын кіру және шығу туризмінің дамуымен жүргізіледі.
Халықаралық туризмнің дамуы қарқынды болады, бірақ тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Ол негізінен экстенсивті мінезді болады және соңғы уақытқа дейін туристік ағынның кіру және шығу көлемін басты бейне жолы тікелей өсірумен жүрді.
Ұсыныс нарығы халықаралық туризмның саласында монополиялық күй алған ұлттық туристтiк компанияларды мемлекет меншiгiнен шығарудан кейiн шағын бизнесте абсолюттік формада “атомизирован” болып шықты. Мұраға жеткiлiксiз дамыған және туризмнің тозған материалдық-техникалық базасы қалды. Оның жаңаруы шетелдiк капиталдың тартылуымен жүзеге асырылады.
Бұл елдердегі халықаралық туризмнің қазiргi даму сатысын өркениетті нарыққа ауысу түрімен анықтауға болады. Туристтiк секторда өндірістік концентрация процесі мен бәсекелестік күрестің асқынып кетуі арқылы құрылымдық қайта құрылу болады. Халықаралық туризм бірте-бірте осы мемлекеттердің ұлттық экономикасына әсерін күшейтуде. Туризм облысындағы мемлекеттік саясат қазір қалыптасу кезеңінде жүр.
Туризм облысындағы халықаралық бөліну еңбегі нәтижесінде бұл мемлекеттер емдік, сауықтыру, танымдық, сонымен қатар іскерлік туризм түрлеріне мамандануда. Бұл мемлекеттердің туристік бағыт ретінде таңдалуы бағаның тиімділігі мен көрсетілетін қызметтің сапасына байланысты анықталады. Әлемдік туризм нарығында жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсетуге байланысты олар өздерін арзан туристік бағыт ретінде елестетеді. Классикалық, яғни бұл мемлекеттерден шығушы және келуші туристердің жиілігі анық кескінделген коммерциялық бейнеге (шоппингке) айналып бара жатыр. Туристік ағым географиясында күшті ішкіаудандық бағдарлану байқалады, туристік алмасу көрші мемлекеттер арасында жүріп жатыр.
Төртінші тип– жартылай Периферияға және әлемдік туристік кеңістіктің “жылжыған” Перифериясына қарайтын Кариб теңізінің кіші аралдық мемлекеттері теңіздік үлгідегі америкалық курорттарды ұсынады.
Бұл мемлекеттердегі халықаралық туризмнің жылдам өсуіне ыңғайлы табиғи-климаттық жағдайлар, табиғи аттрактивтілік, Батыс жарты шарындағы ірі туристік шығу нарығындағы – Солтүстік Америка, әсіресе АҚШ әсер етеді.
Заманауи туристік инфрақұрылым, ойын үйлері мен басқа да көңіл көтеру орындарының дамуы шетелдік капиталдың арқасында. Негізгі инвесторлар ретінде АҚШ-тың туристік және қонақүйлік монополиялары болып табылады.
Бұл топтың мемлекеттері экономика жағынан артта қалған, себебі оларда халықаралық туризм мен бірге ауыл шаруашылығы қатар дамыған. Бұл туризм облысындағы белсенді мемлекеттік политика болып табылады.
Халықаралық туризм бүкіл ұлттық экономиканың “даму нүктесі
ретінде қаралады”.
Бесінші тип - әлемдік туристік кеңістіктегі. Перифериге қатысы бар дамушы елдер, қоса халықаралық туризм нарығындағы нашар дамыған елдер. Аумағын басқа мемлекеттің аумағы жан-жағынан қоршап тұрған мемлекеттің дамуы немесе халықаралық туризмнің табиғи бағдарланған түрі. Бұл топ түріне Шығыс және Оңтүстік Африка елдері КЕния,Танзания, Намиб, Зимбаве, Ботсвана жатқызылады, яғни мұнда халықаралық туризм нарығы бастапқы даму үстінде келе жатыр
