- •Курстық жұмыс
- •Мазмұны
- •Бақылау стансасының жобасын жасау ............................................... 4
- •Карьер кемерлерінің орнықтылығын зерттеу ............................... 18
- •Бақылау стансасының жобасын жасау
- •1.1 Геомеханикалық процестер туралы жалпы түсінік
- •1.2. Қазақстанның кен – байлықтары
- •1.3. Шолақтау кен орынының кен - техникалық жағдайлары
- •Тау жыныстарының физикалық – механикалық қасиеттерін зерттеу
- •1.5. Тау жыныстарының беріктік паспорттарын құру
- •1.6. Жобалауға берілген мәліметтер
- •1.7. Бақылау стансасының жобасын жасау
- •1.8. Бақылау нәтижелерін өңдеу
- •Карьер беткейлерінің орнықталығын зерттеу
- •2.1 Карьер кемерлерінің орнықтылығын бақылау
- •2.2 Карьер кемерлерінің орнықтылығын г.Л.Фисенконың график-
- •2.3 Карьердегі деформацияларға қарсы шаралар
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бақылау стансасының жобасын жасау
1.1 Геомеханикалық процестер туралы жалпы түсінік
Геомеханикалық зерттеулер жердің бетінде, жер қойнауында, және зертханалық жағдайларда әртүрлі аспатар иен қрал-жабдықтар арқылы жүргізіледі.Ол аспатарды жасап шығаруда “Геомеханика” физика, механика, электроника және тағы басқа ғылымдардың деректеріне сүйенеді.
Геомеханикалық зерттеу нәтижелері математикалық өңдеуден өтеді. Осыған байланысты, геомеханикада ғылымы математикалық өңдеуге, геоақпараттық жүйе технологияларын қолдануға және нәтижелерінің сапасын бағалауға көп көңіл бөлінеді.
Тау-кен жұмыстары жүріп жатқан кездегі массивтегі геомеханикалық процестер күрделі болып келеді және олардың даму заңдылықтары негізінен мына факторларға байланысты:
1. Тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттері және олардың жер қойнауында орналасу қалпының жылжу прцесіне, жылжу бұрыштарына және жер бетінің деформациялану ерекшеліктеріне тигізетін әсері. Жұмсақ тау жыныстарында жылжу процесі көбіне бір қалыпты жүреді, ал берік және қатты жыныстар ең алдымен иіліп, біраз уақыт ілініп тұрады, одан кейін күрт опырылып құлайды. Жұмсақ тау жыныстарының жылжу бұрыштары берік жыныстарға қарағанда көлбеулеу келеді.
2. Кеннің құлау бұрышы – α жылжу бұрыштарына және жер бетінің деформациялануына әсер етеді. Тікелей орналасқан кендерге жыныстардың сырғуы тән және көбіне горизонталь деформациялар болады, ал жатық және көлбей жатқан кендерде қабаттар иілуге ұшырайды да вертикаль деформациялар көбейе түседі.
Мульда ішіндегі жылжудың қауіпті аймағы құлау бұрышына тікелей байланысты.
3. Кеннің орналасу тереңдігі – Н және қалыңдығы m байланысты. Кен неғұрлым тереңде орналасса және қалыңдығы кіші болса, соғұрлым деформациялар және жер бетінің шөгуі аз болады.
Егер тау-кен жұмыстары жер бетіндегі объектілерге әсерін тигізбейтін тереңдікте жүргізіліп жатса, ондай тереңдікті қазба жұмыстарының қауіпсіз тереңдігі деп атайды.
Кеннің қалыңдығы оның тереңдігіне қарағанда жылжу процесіне керісінше әсер етеді, яғни қазып алынатын кен қалың болса жылжу процесі тез жүреді, горизонталь және вертикаль деформацияларының шамалары әжептеуір үлкен болады.
4. Жер беті деформацияларының ерекшеліктеріне топырақ қалдығы және жер рельефі де әсер етеді. Топырақ жылжу процесін әлсіретіп жұмсартып, негізгі жұмыстарыдың жылжу деормациясын азайтады. Топырақ көп болса жер бетінде жарықшақтар аз кездеседі. Сондай-ақ таулы аймақтардағы жыныстар сырғып жылжу тездете түседі.
5. Қазба жұмыстарының әсерінен жыныстырдың бұзылу (қирау), жылжу процесінің дамуы жылдамдай түседі. Тау жыныстары жарықшақтанып, мөлшерлері өртүрлі блоктарға бөлініп кеңістіктерге құлай бастайды.жазықтардың құлау бұрыштары және созылым азимуттарының жылжу процесіндегі опырылу бұрыштарымен тіеклей баланыстылығы тікелей аналитикалық зерттеулер арқылы дәлелденіп отыр.
Жарықшықтардың жиілігі опырылу аймағының үйкеле түсіну әкеліп соғады.
6. Жұмсақ тау жыныстарына гидрогеологиялық жағдай да үлкен әсер етеді, жыныстардың су өткізгіштігі жарықшақтарға, капиллярлық курстарға және де ірі тектоникалық бұзылыстарға байланысты болады. Әлбетте, бұл жылжу бұрыштарнының көлбеулене түсінуіне әкеліп соғады.
7. Кен-технологиялық факторлары: жер астында қолданылып жатқан кен игеру әдісі, тау қысымын игеру, кенді ұтымды қазып алу, тазалау жобаларынң бағыты және жүргізу жылдамдығы және т,б, жылжу процесінің жылдамдығына, заңдылығына және жер бетінде орналасқан объектілерге әсер етеді.
