Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геомеханика Асет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
689 Кб
Скачать
☆

1.6. Жобалауға берілген мәліметтер

- кен сілемінің созылымы, Lсоз=1200 м.

- кен сілемінің құлау бұрышы, α=600.

- кен сілемінің тiк қалыңдығы, m=9 м.

- кен сілемінің жер бетiнен орналасқан тереңдiгi, =200 м.

- кенді қоршаған тау жаныстарының бекемдiк коэффициентi, f=5.

- кеннің тереңдігі, =800м.

- кен сілемінің бойлық жылжу бұрышы, =550

- кен сілемінің төнбе және жатпа жақтағы жылжу бұрышы, β= =400

1.7. Бақылау стансасының жобасын жасау

Бақылау стансаларын салмай тұрып, ең алдымен оның жобасы жасалынады. Жоба, кен игерілетін орынның кен-геологиялық жағдайын, бақылау стансасы профильдік сызықтарының өзара орналасуын және жерасты қазбаларының орындарын сипат-тайтын, түсіндірмелік жазбадан және сызбалардан тұрады.

Түсіндірмелік жазбаның құрамына: бақылаулардың мақсаты, кенді қоршаған тау жыныстарының қысқа-ша кен-геологиялық сипаттамасы; қолданылатын қазу жүйесі; профиль-дік сызықтардың орындары және олардың ұзындықтары; реперлердің арақашықтықтары; тірек және жұмыс реперлерінің сандарын есептеу; реперлердің конструкциясы және орнату тәсілдері; бақылаудың әдісте-месі және т.б. кіреді.

Сызба құжаттары: 1:1000: 1:2000 масштабтардағы бақылау стансасының планынан, профильдік сызықтар бойынша қималардан тұрады.

1.1 - кесте. Жылжу бұрыштарын анықтау кестесі

Тау жыныс

тары құрылымы

Тау жыныстары топтары, берік

тік коэффиц -fорт

Топ-ша-лар

Рудалық дененің құлама бұ-рышы-α, град

Жылжу бұрыштары, градус

δ

β

γ

β1

I. Қатпар-

ланған

құрылым

1. f (< 5)

1

2

3

0 – 45

46 – 75

76 – 90

55

55

55

45

40

45

55

-

-

-

40

40

2. f (5 ÷ 8)

1

2

3

4

0 – 45

46 – 60

61 – 75

76 - 90

60

60

60

60

50

40

40

45

60

60

-

-

-

-

50

50

3. f ( > 8 )

1

2

3

4

0 – 45

46 – 60

61 – 75

76 - 90

65

65

65

65

50

45

45

50

65

65

-

-

-

-

50

50

II.

Қатпар-ланбаған

құрылым

4. f ( ≥ 8)

1

2

3

4

0 – 45

46 – 60

61 – 75

76 – 90

70

70

70

70

70

65

65

65

90

65

-

-

-

-

α

65

Әрбір профильдік сызық тірек және жұмыс реперлерінен тұрады. Тірек реперлері профильдік сызықтар-дың ұшына, жылжу аймағынан тыс жерлерге салынады және профильдік сызықтың соңындағы олардың саны екеуден кем болмауы қажет.

Жұмыс реперлері күтілетін жыл-жу аймағының ішіне салынады. Мүмкін болады-ау деген жылжу аймағының шекаралары негізгі тау жыныстарындағы жылжу бұрыш-тарын (β, γ, β және δ) 10˚-қа кішірейген, ал жоғарғы топырақ қабатында φ–жылжу бұрышы арқылы анықталады. Профильдік сызықтардың ұзындықтары былайша анықталады.

Кен бойлығына кесе көлденең профильдік сызықтың ұзындығы вертикаль қималарда жылжу бұрыштары арқылы анықталады. Қималардағы тазалау қазбаларының төменгі шека-расынан β-10° бұрышымен, ал қазбаның жоғарғы шекарасынан γ -10° бұрыштарымен, тасымалдарға дейін және әрі қарай φ бұрышы арқы-лы сызықтар жүргізіліп, жер бетімен қиылысқан жерлерде А және Б нүктелері алынады.

Алынған А және Б нүктелері жер бетіндегі күтілетін жылжу аймағының шекарасы болмақ, ал екі нүктенің арасындағы қашықтық қөлденең қимадағы профильдік сызықтың жұмыс бөлігін анықтайды.

Рудалық дене күрт құлама болғанда (α >45°) жылжу аймағының шекарасын көрсетілгендей, жатпа бүйір жақта β1-10° бұрышымен анықтайды.

Профильдік сызықтардың арақашықтықтары 50 м-ден аспауы керек .

Кеннің бойлық қимасындағы профильдік сызықтың ұзындығы, жобадағы тазалау жұмыстарының екі жақ шекарасынан, δ-10° бұрышымен негізгі тау жныстарына дейін, әрі қарай тасындыларда φ бұрышы арқылы жер бетімен қиылысқан сызықтар арқылы анықталады. Сөйтіп жер бетінде етінде Ж мен З нүктелері белгіленеді. Сөйтіп, Ж және З нүктелері бойлық қимадағы жылжу аймағының шекарасы болып есептеледі.

Бірінші тірек реперінен профильдік сызықтардың жұмыс бөлігіне дейінгі апрақашықтық 50 м кем болмауы керек және де тірек реперлерінің бір-бірінен қашықтығы жердің бедеріне байланысты 50-100м болуы да мүмкін.

1.3- сурет. Жылжу процесін бақылау стансасының жобасы

1.3- сурет. Жылжу процесін бақылау стансасының жобасы