Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геомеханика Асет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
689 Кб
Скачать
☆

1.2. Қазақстанның кен – байлықтары

Бүгінде Қазақстан республикасы өзінің аумағы мен ұшан – теңіз табиғи байлығы жағынан ірі экономикалық аймақ болып саналады. Д.И.Менделеевтің химиялық кестесінде көрсетілген элементтердің барлығы да бар деуге болады. Жерасты байлықтарымыз еліміздің мақтанышы. Егер жер қойнауындағы пайдалы кендерді қазып алып халық илігіне жұмсау алдымыздағы айқын жол болса, онда геомеханиканы жан-жақты игеру маңызды мәселе болмақ. Кен игерушілер білімдерін ұдайы толықтырып, ғылымның әр саласынанхабарлар болып отыруға тиіс, ой-өрісін кеңейте беруі қажет. Сондықтан да, бұл пәнде тау жыныстары жайында, оның қасиеттері және оларды зерттеу, тау-кен жұмыстарының зиянды әсерлерінен құрылыстар мен қоршаған ортаны қоршау шараларытуралы түсінікті ұғым беріледі.

Ғалымдар Қазақстанның барланған жер қойнауындағы қорын шамамен АҚШ-тың 10 триллион долларына бағалап отыр.Қазақстан – мұнай, газ, титан, уран, алтын және басқа түсті металлдар қоры жағынан әлемде ей бай ел болып саналады. Вольрам қорынан әлемде бірінші орында, хром мен фосфорит рудаларынан – екінші, ал қорғасын мен молибденнен – төртінші, жалпы темір рудалары қорынан (16.6 миллиард т.) Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ, Индия, Ресей менУкраинадан кейін алтыншы орында тұрмыз.

Бүгінде Қазақстанға АҚШ пен Батыс Еуропа елдері, сонымен қатар Турция, Иран, Пакистан, Япония және Қытай қызығушылық танытып отыр. Әрине, ол біздің Республикамыздың стратегиялық шикізат ресурстарының, оның ішінде мұнай мен газ жағынан жоғары мүмкіншілігінде.

Қазақсиан территориясында дәл қазір перспективті 14 бассейні бар, оларда тек 160-да мұнай мен газ барланған.Егер олардың бәрін пайдалансақ біздер Сауд Арабиясы, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктерінен кем түспес едік. Сонымен қатар, 100-ден астам көмір кен орындары, оның ішіндегі ең ірісі Екібастұз кені және 50 миллиард тоннадан артық қоры бар Қарағанды бассейні.

Қазақстанның негізгі тау-кен – металлургия кешендеріне: «ҚАЗАҚМЫС» - мыс компаниясы, «ҚАЗЦИНК» - мырыш өндіруші компания, «ҚАЗХРОМ» - хром өндіреді, «ҚАЗФОСФАТ» - тыңайтқыштар өндіреді, «ҚАЗАТОМПРОМ» - уран өндіреді.

Біз осы курстық жобада Орталық Қазақстан аймағындағы Жезқазған кен орнын қарастырымыз.

1.3. Шолақтау кен орынының кен - техникалық жағдайлары

ШОЛАҚТАУ ФОСФОРИТ КЕНІ – Жамбыл облысы Қаратау қаласынан оңтүстікке 4 км, Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 90 км жерде орналасқан. Мұндағы фосфорит кені 5 км-ге созылып, тік немесе аударылып жатыр. Фосфорит кені төменгі кембрийдің шолақтау свитасында орналасқан. Фосфоритті қат-қабат төменнен жоғары қарай төрт шоғырға жіктеледі; кремнийлі шоғыр, құрамында 7 – 8 м фосфат-карбонат қабатшалары бар Р2О5-тің мөлшері 2,5 – 6% болып келетін күңгірт сұр, қара түсті шомбал немесе жұқа тақталанған қабат;төм енгі фосфоритті шоғыр, құрамында Р2О5 22 – 23%, орташа қалыңдығы 2,85 м, күңгірт сұр түсті шомбал немесе қалың тақталанған қабат; фосфат-кремнийлі шоғыр, Р2О5 14%, орташа қалыңдығы 3,4 м, ашық сұр немесе сарғыш түсті, сарғыш түсті, тығыз майда түйірлі фосфатталған шақпақтас пен кремнийлі фосфориттен тұрады; басты фосфорит шоғыры, Р2О5-тің мөлшері 28,6%, қалыңдығы 4 – 20 м, фосфоритті конгломерат пен жоғары сапалы фосфориттен түзілген. Бұл шоғырдың түсі сұр және күңгірт сұр шомбал, кейде қалың тақталы тау жыныстарынан тұрады. Кеннің қоры А+В+С1 категориялары бойынша 38 млн. т.

Қазфосфат» ЖШС-нің филиалы «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені (әрі қарай ТКӨК) фосфорит кенін қазып алып, өңдейтін тау-кен комбинаты болып табылады.    Бүгінде «Шолақтау» ТКӨК фосфорит кенін Жамбыл облысының Талас ауданындағы үш кен орнынан қазып алуда. Бұлар Шолақтау, Ақсай, Шилібұлақ кеніштері. Оларда кен қазып алып, оны дайындаудың алғашқы кезектегі жұмыстарын атқаратын кешендер құрылған, сондай-ақ автокөлік және теміржол цехтары, механикалық-жөндеу және құрылыс-жөндеу бөлімшелері бар.

Бір мезгілде баршаға мәлім пайдалы қазба байлықтары–шыны жасау өнеркәсібінде қолданылатын әктастар мен доломит кеніштерінде де қазба жұмыстары жүргзіледі. Каратау қойнауының фосфоритті кен базасы негізінде құрылған кәсіпорын–Қазақстан мен Орта Азия, сондай-ақ Республика фосфор өнеркәсібінің сары фосфор мен минералды тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ете алатын бірден бір ірі өндіріс орны болып табылады. Бұл фосфорит шикізатын өткерер рынок пен оның тұтынушылары келешекте кімдер болатындығын анықтап берді.

Филиалда «Жастар» кенішінен шығатын фосфорит кенін ұсақтаудың ең оңтайлы жүйесі енгізілген. Бұл тұйықталған цикл бойынша жүретін ұсақтап-сұрыптау жұмыстары барысында автокөліктік, эксковаторлық, бульдозорлық жұмыстар көлемін қысқартуға мүмкіндік берді; «Шолақтау» өнеркәсіп алаңының қазандығы сұйық отыннан анағұрлым үнемді әрі экологиялық тұрғыдан таза отын түріне–табиғи газды пайдалануға көшірілді.

«Шолақтау» ТКӨК құрылымына кіретін өндірістік бөлімшелер аз емес: 

Бұл - «Шолақтау» жерасты кеніші, ұсақтап-сұрыптау цехы, автокөлік цехы, қуатпен қамтамасыз ету цехы, механикалық-жөндеу цехы, құрылыс-жөндеу цехы, техникалық бақылау бөлімі, сатып алып-жабдықтау бөлімі және ішкі режимді бақылау цехы. Бір-бірімен байланысты бұл бөлімшелердің бәрі бірлесе, келісе отырып жұмыс істейді.