Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Көмірді гидрогендеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
446 Кб
Скачать
☆

2.2.6 Көмірдегі минералды қосындыларды анықтау

Көмірді күлдеу кезінде әр түрлі процестер (карбонаттардың айырылуы, пириттің темір оксидіне тотығуы т.б.) жүретіндіктен минералды бөліктің химиялық құрамы өзгереді, яғни көмірдің күлділігі минералды қосындылардың мөлшерінен бөлек ажыратылады. Сондықтан тек қана көмірдің күлділігін анықтап коймай, ондағы минералды қосындылардың болу мөлшерін білудің маңызы зор. Осы мақсатта көмірдің зерттелетін сынамасы сұйытылған хлор сутек және фтор сутек қышқылдарымен өңделеді, бұл жағдайда көмірдің минералды бөлігінің біршамасы ериді.

Сынама төмендегідей жүргізіледі:

Массасы 5-10 г көмірді су моншасында 30 минут қыздыру арқылы алдымен 75-100 мл 10% хлор сутек қышқылымен, содан кейін дәл сондай уақыт ішінде 3% фтор сутек қышқылымен өңдейді. Декантациядан кейін көмірді сүзгішке көшіріп, сумен жуады да, сүзгішті көмірмен бірге кептіреді. Массаның шығыны бойынша еріген минералды қосындының мөлшері жайында қорытынды жасалады.

2.3 Сұйық, қатты және газ тәрізді өнімдерді анықтаудың физика - химиялық әдістері

  1. Инфрақызыл спектрлік сараптау

Инфрақызыл спектрлер KarlZessфирмасынын SpecordJR-75 құрылғысында 4000-400 см-1 жиіліктері аралығында жазылған [44]. Кристалдықүлгілер калий бромидімен таблеткалар түрінде жазылды. Массасы 100 мг калий бромидіне 1 мг зат алынып, біртектіұнтақ күйге дейін үгітілді. Жиіліктерді анықтауда жіберілетін қателіктер:

  1. Газды-хромотографиялық сараптама

Гидрогендеу өнімдері–фракцияларқұрамын анықтау 7% скваланмен толтырылған ұзындығы 50мм, ішкі диаметрі0,2мм тоттанбайтын болаттан тұратын капиллярлы бағаналарда жалынды- иондалатын детоктормен ЦВЕТ-530 хромотографында жүргізілді. Газ-тасымалдағыш–аргон1,0-1,3 мл/мин жылдамдықпен берілді, ағынды бөлгіш 1:20. Бағдарланған температураны арттыру 40-110°С интервалы аралығында 2°С/мин жылдамдықпен жүргізілді. Нәтижелердіөңдеу арнайы компьютерлік бағдарлама бойынша орындалды [45].

2.3.3 Газдың тығыздығын пикнометр көмегімен анықтау

Газдың меншікті салмағын анықтамас бүрын бос пикнометрдіөлшеп, ашық шүмекпен вакуумды насосқа жалғайды. Пикнометрдегі ауаны ығыстырғаннан кейін шүмекті жабады. Пикнометрді насостан бөліп тастайды. Пикнометрді аналитикалық таразыда өлшейді. Пикнометрді бюреткамен жалғап, бюреткадан зерттелетін газды қысымды склянка көмегімен пикнометрге екі ыдыстағы қысым тең болғанша жібереді. Пикнометр газбен толтырылғаннан кейін оны бюреткадан ажыратып өлшейді.

Қалыпты жағдайдағы газ көлемі ,формуласы бойынша анықталады:

(2.12)

мұндағы V - бюреткадан берілген газ көлемі, см3;

Р - атмосфералыққысым, мм сынап бағанасы;

t-температура, °С.

Газдың тығыздығы , мына формула бойынша анықталады:

(2.13)

мұндағы b-пикнометрдіңгазбен массасы, г;

а -бос пикнометрдің салмағы, г.

Газдың ауамен салыстырғандағы меншікті салмағы , мына формула бойынша анықталады:

(2.14)