- •1 Әдеби шолу
- •1.1 Көмірдің химиялық және петрографиялық құрамы
- •1.2 Көмірді гидрогендеу катализаторлары
- •1.2.1 Көмірді гидрогендеу процесінің темір, темір оксиді, темір гидроксиді негізіндегі катализаторлары
- •1.2.2 Темір және басқа металдардың күкіртті қосылыстары негізіндегі катализаторлар
- •1.3 Көмірді гидрогендеу арқылы сұйық өнімдер алудың негізгі технологиялық процестері
- •1.4 Көмірлерді гидрогендеу кинетикасы
- •2 Тәжірибелік бөлім
- •2.1 Шикізат пен катализаторлардың сипаттамалары
- •2.2 Көмірдің физика-химиялық қасиеттерін анықтау
- •2.2.1 Көмірдің ылғалдылығын анықтау
- •2.2.3 Көмірдегі ұшқыш заттардың шығымын анықтау
- •2.2.4 Көмір құрамындағы жалпы күкірт мөлшерін анықтау
- •2.2.5 Көмір құрамындағы фосфорды анықтау
- •2.2.6 Көмірдегі минералды қосындыларды анықтау
- •2.3 Сұйық, қатты және газ тәрізді өнімдерді анықтаудың физика - химиялық әдістері
- •Инфрақызыл спектрлік сараптау
- •Газды-хромотографиялық сараптама
- •2.3.3 Газдың тығыздығын пикнометр көмегімен анықтау
- •2.4 Көмірді механикалық өңдеу
- •2.5 Тәжірбиелерді жүргізу әдістемесі мен аппаратурасы
- •3 Тәжірибе нәтижелері мен оларды талдау
- •3.1 Талдыкөл кен орны көмірінің физика-химиялық сипаттамалары
- •3.2 Талдыкөл кен орны көмірін гидрогендеу процесі
- •3.3 Көмірді каталитикалық гидрогендеу өнімдерінің химиялық құрамы
2 Тәжірибелік бөлім
2.1 Шикізат пен катализаторлардың сипаттамалары
Жасанды сұйық өнімдер алу мақсатында каталитикалық гидрогендеу процесін жүргізу үшін зерттеу нысаны ретінде Талдыкөл кен орны көмірі алынды.
Талдыкөл кен орны көмірі Шөптікөл кен орнының шығыс жалғасы болып табылады және жасы мезо-кайназой қалдықтарынан тұрады. Кен орнының құрамына 3 кен орны кіреді: Ащыкөл, Талдыкөл, Шөптікөл.
Талдыкөл көмірінің петрографиялық құрамы 7-кестеде келтірілген.
7-кесте – Талдыкөл кен орнының петрографиялық құрамы
Кен орны |
Петрографиялық құрам, % |
Витриниттің шағылысу көрсеткіші |
||||
Талдыкөл |
Vt |
L |
Sm |
F |
Ro |
|
80,1 |
6,8 |
2,0 |
11,1 |
0,51 |
||
Талдыкөл көмірінің петрографиялық құрамы 80,1% витриниттен (Vt), 6,8% липтиниттен (L), 2,0% семивитриниттен (Sm), 11,1% фюзенирленген (F) компоненттерден құралады. Петрографиялық құрамы бойынша Талдыкөл кен орны көмірі витриниттің жоғары мөлшерімен сипатталады. Витриниттің шағылысу көрсеткіші R0 0,51 құрайды.
Гидрогендеу процесі үшін көмір құрамындағы С:Н қатынасы 8-ден 16 аралығында, ал ұшқыш заттардың мөлшері 35-36%-дан кем болмауы қажет. Талдыкөл кен орны көмірі элементтік және петрографиялық құрамы бойынша жасанды сұйық өнімдер алу мақсатында гидрогендеу процесін жүргізуге жарамды шикізат көзі болып табылады.
Талдыкөл кен орны көмірінің минералды бөлігінің құрамы 8-кестеде келтірілген.
8-кесте – Талдыкөл кен орны көмірінің минералды бөлігінің химиялық құрамы
Минералды бөліктің құрамы |
Мөлшері, |
SiO2 |
42,2 |
Al2O3 |
26,00 |
Fe2O3 |
22,78 |
CaO |
2,59 |
MgO |
2,52 |
TiO2 |
1,57 |
K2O |
0,32 |
8-кестенің жалғасы
Минералды бөліктің құрамы |
Мөлшері, |
Na2O |
0,94 |
SO3 |
0,54 |
Сирек кездесетін элементтер |
0,54 |
Кестеден көрінгендей, көмірдің минералды бөлігіндегі темір (ІІІ) оксидінің мөлшері 22,78%-ды құрайды. Әдебиеттерде атап көрсетілгендей көмірді гидрогендеу процесінде Ғе2О3 каталитикалық белсенділік көрсетеді. Темірлі катализатор құрамында промоторлар ретінде бірнеше пайыз Аl2О3, К2О (кейде СаО) болады. Бұл жағдайда А12О3құрылым түзуші қосынды болып табылады, ол темірдіңүстіңгі бетін үлкейтіп темір кристалдарын рекристалдануға қарсы тұрақтандырады. К2О– белсендендіруші қосынды, темірдің каталитикалық орталықтарыныңбелсенділігін арттырады немесе жаңа белсенді орталықтарды тудырады. Гидрогендеу процесінде каталитикалық белсенділікті арттыруда ТіО2-де оңәсер етеді. Минералды бөліктің құрамында барлық аталған оксидтердіңболуы гидрогендеу процесініңкатализаторы болып табылатын Ғе2О3-нің каталитикалық белсенділігін арттыратыны сөзсіз.
Тәжірибелік зерттеулер жүргізу үшін Талдыкөл кен орнының көмірін алдын-ала бөлшектеп, мөлшері 200 мкм-ге дейін диірменде ұнтақталды. Көмір үлгілерін тотығу, реактивтер, атмосфера, шаң-тозаң сияқты ластану көздерінен қорғау мақсатында сақтық шаралары толығымен сақталды. Гидрогендеу процесінде паста түзгіш ретінде Павлодар мұнай өңдеу зауытының қайнау температурасы 5000С температурадан жоғары мұнай фракциясы қолданылды. Павлодар мұнай өңдеу зауыты гудронының физика-химиялық сипаттамасы 9-кестеде келтірілген.
9-кесте – Павлодар мұнай-химия зауыты гудронының физика-химиялық сипаттамасы
Көрсеткіштер |
Гудрон |
Тығыздық, г/см3 |
1,0 |
Элементтік құрам, % С Н N S O |
83,12 10,81 0,63 4,02 1,42 |
t0C балқудың басталуы |
455 |
Фракциялық құрам |
45 |
Қайнау температурасы 455-5200C (%) |
12,5 |
9-кестенің жалғасы
Көрсеткіштер |
Гудрон |
520 0C қайнау температурасынан жоғары (%) |
87,5 |
Асфальтендер, (%) |
8,9 |
Майлар, (%) |
91,1 |
Металдардың құрамы (г/т) V Ni Mo |
135,0 81,0 7,0 |
Кен орнына территориялық жағынан жақын орналасқан өндірістердің қалдықтарын пайдалану экономикалық тұрғыдан алғанда тиімді, транспорттық тасымалдауға жұмсалатын шығынды аз талап ететіндігі ескеріле отырылып, көмірді гидрогендеу кезіндегі каталитикалык қасиеттерін зерттеу мақсатында құрамында әр түрлі мөлшерде темір қосылыстары бар Торғай жерінің бокситтері, Павлодар зауытының бокситті рудаларды өңдеуден кейінгі қалдық – қызыл шлам және Өскемен каласындағы титан-магний комбинатының қалдықтары сыналды. Катализаторлардың сапалық және сандыққұрамы 10-кестеде берілген.
10-кесте – Катализаторлардың сапалық және сандыққұрамы
Катализатор |
Химиялыққұрамы |
Мөлшері, мас. % |
Х, мас. % |
Боксит №239 |
SiO2- Al2O3- Fe2O3-х |
40,5-30,4-20,0 |
9,10 |
Боксит №729 |
SiO2- Al2O3- Fe2O3-х |
15,9-40,9-19,7 |
23,50 |
Боксит №094 |
SiO2- Al2O3- Fe2O3-х |
5,1-5,1-23,7 |
66,10 |
Боксит №704 |
SiO2- Al2O3- Fe2O3-х |
18,6-39,3-20,2 |
21,90 |
Боксит №706 |
Al2O3- ТiO2- Fe2O3-х |
43,98-2,46-2,2 |
51,36 |
Боксит №710 |
SiO2- Al2O3- Fe2O3-х |
16,6-44,7-14,7 |
24,00 |
Қызыл шлам |
Fe-Al2O3-SiO2-TiO2-х |
28,4-20,0-8,7-0,7 |
42,20 |
Титан-магний комбинатының қалдығы |
FeСl3- FeСl2-Аl- SiO2-TiO2 |
16,8-8,0-1,73-7,6-3,2 |
62,67 |
