11 Билет
2 Бронхтардың обструкция синдромы Обструкция синдромы деп бронхоспазм нәтижесінде бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуынан пайда болған организмнің патологиялық жағдайын атайды. Бұл синдромның клини-калық белгілерінің негізінде бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуы, соның нәтижесінде нашарлаған әр келкі (көбінесе ауа шығару жылдамдықтың шек-телуіне байланысты) вентиляция және өкпенің қалдықты көлемінің ұлғаюы жатады. Нақты бронхообструкция синдромына ұсақ бронхтардың өткізгіш-тігінің өзгеруі жатады. Бұндай жағдай бронхтардың шырыш қабатының қабынуы мен ісінуінен (созылмалы бронхит, аллергиялық компонент) дағды-да шырыш қабатының ісінуімен бірге жүретін бронхоспазмнан(өкпе демікпе-сі), көбінесе бронхтарды сырттан қысып тарылтатын диффузды перибронхи-алды фиброздан пайда болады. Созылмалы обструктивті аурулардың негізгі клиникалық белгілері болып келесі симптомдар есептелінеді: 1) қою және тұтқыр қақырығы бар жөтел; 2) қатты ентігу; 3) «өкпелік жүрек» синдромы-ның дамуы; 4) ең ақырында тыныс алу және жүрек жетіспеушілігінің дамуы. Бұл аурудың ең жиі кездесетін этиологиялық факторы — ол темекі тарту. Созылмалы обструктивті бронхитпен ауырған науқастарда цианоз бен жүрек қызметінің жетіспеушілігі жиі анықталады. Обструктивтік синдромның осындай варианты кезінде терминалды бронхиолалардың шырыш қабатының қабынып, ісінуінің нөтижесінде пайда болған альвеолалар гипожелдеткіші, отгетінің парциалды қысымының төмендеуі, көмір қышқылының парциалды қысымының жоғарылауы — гипоксемия мен гиперкапния, кейін альвеолар-лық капиллярлардың тарылуы және кіші қан айналым шеңберіндегі гипертензия пайда болады. Бұдан әрі өкпелік жүрек пайда болады, оның қалпына келе алмайтын перифериялық ісінуге әкеліп соғады.
Өкпенің созылмалы обструктивті синдромының келесі бір себебі - ол обструктивтік эмфизема, бұл кезде көгеру айқын анықталмайды. Бұл ауруда да бронхиалды обструкция байқалады, бірақ та негізінен альвеолалардың созылымды қасиеттері жойылғандықтан, бронхиолалардьң қабырғалары бір-біріне жақындайды, ол әсіресе дем шығарған кезінде жақсы анықталады.
13 Билет
3 Бауыр циррозы.
Бауыр циррозы дегеніміз – бауыр ұлпасы дистофияға және өлі еттенуге ұшырап, бауырда дәнекер тінінің өсуімен сипатталынатын созылмалы үдемелі ауру. Нәтижесінде бауыр қызметі бұзылады. Бұл өзгерістер теңгерусіз түрде байқалады.
Әртүрлі жұпалар (А гепатиті), тамақтанудың жеткіліксіздігі, маскүнемдік, өт өзектерінде өттің тұрып қалуы (өттің өзгеруі және қозғалу жұмысының бұзылуы), зат алмасулардың өзгерістері (сусамыр, тирео токсикоз), созылмалы жүрек жеткіліксіздігі т.б.
Жіктелуі. Морфологиялық және клиникалық белгілері бойынша бауыр циррозы келесі түрлерге бөлінеді: порталдық цирроз, вирустық цирроз, билиардық цирроз, аралас түрі. Дәрістік белсенділігіне байланысты: белсенді, белсенді емес. Қызметінің өзгеру дәрежесіне байланысты теңгерулі, теңгерусіз түрлері бар.
Аурудың негізгі клиникалық белгілері сырқаттың кезеңіне, әкеліп соқтыратын себептеріне байланысты. Бауыр циррозының дамуында үш кезең байқалады: бастапқы, айқын және ақырғы. Алғашқы кезеңінде уыттану белгілері онша білінбейді. Дегенмен науқастың денесін әлсіздік билеп, тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмендейді. Басы, іші ауырады, тамаққа тәбеті тартпайды, денесі аздап сарғыш тартады, ауыз қуысының сілекей қабаты қызарады, «лакталған тіл» байқалады. Бауырды сипап қарағанда , ол тығыз тартып, қабырғадан төменіректе білінеді. Сырқаттың айқын кезеңінде бауыр тығыздалып, пішіні кішірейе түседі. Жалпы уыттану белгілерімен қатар бауыр қақпасы көк тамырында қысымның жоғарылауы байқалады. Бауыр мен көк бауыр тығыздалып, ішке сары су жиналады (асцит), порталды гипертензия белгілері дамиды, тері бетінде бауырлық жұлдызшалар білінеді. Бауыр циррозының ақырғы кезеңі өте ауыр өтеді. Науқастың терісі, бұлшық еті дистрофиялық өзгерістерге ұшырайды, науқас арықтайды, гиповитаминоз пайда болады, терісі құрғап, сарғаяды, ішек – қарыннан қан кетеді. Науқастарда диспепсиялық құбылыстар байқалады: тәбеттің төмендеуі, лоқсу, құсу, іштің кебуі, өтуі, ұйқысының бұзылуы. Цирроздың теңгерулі түрінде науқастардың жалпы жағдайы аса өзгермейді, бауыр қызметі негізінен сақталады. Ал цирроздың теңгерусіз түрінде тез шаршау, айқын дене сарғаюы, порталдық гипертензия, каңсырау синдромы дамиды, бауыр қызметінің бұзылғанын зертханалық тексерістер айқын білдіреді. Сырқаттың соңғы кезеңінде бауыр комасы дамиды.
