- •1. Кардиогенді шоктың этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.
- •2.Жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушілігінің этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.
- •3.Өкпе шемені кезіндегі шұғыл көмек және дәрігердің әрекеті.
- •3. Перечень основных диагностических мероприятий:
- •4. Жедел тәждік синдром кезіндегі «Жедел көмек» диагностикалық критерилері және дәрігер әрекеті.
- •Тексеру нәтижесі: Митралды регурги-тация шуы, гипотен-зия, өкпе шемені, өкпесінде сырылдар-дың болуы; Тамырлардың атеро-склероздық аурулары-ның болуы; Кеудесін басқан-дағы ауырсынулар.
- •5. Жедел инфаркт миокардының этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.
- •6. Жедел инфаркт миокарды кезіндегі шұғыл көмек.
- •7. Гипертониялық криздің этиологиясы, патогенезң, диагностикалық критерилері.
- •8. Гипертониялық криз кезіндегі шұғыл көмек.Емі
- •11.Неотлож.Помощь при гиперт.Кризе.
- •9. Жүрекшелік пароксизмалды тахикардияның этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.
- •16.Неотлож.Помощь при наджелуд.Пароксизмал.Тахикардии.
- •11. Қарыншалық пароксизмалды тахикардияның этиологиясы, патогенезі, диагностикалықкритерилері.
- •19.Этиология,патогенез,диагност.Критерий желудочковой экстрасистолии.
- •21. Неотл.Помощь при синдроме Морганье-Адамса-Стокса.
- •16. Кенеттен жүрек өлімі кезіндегі «Шұғыл көмек» дәрігерінің әрекеті және диагностикалық критерилері.
- •22. Диагн.Критерии и тактика врача скор.Пом. При внезап.Сердечн.Смерти
- •23.Показания и правила проведения слр.
- •18. Бронх демікпе ұстамасының этиологиясы, патогенезі,диагностикалық критерилері.
- •24.Этиология,патогенез,диаг.Крит. Приступа бронхи.Астмы.
- •19. Бронх демікпе ұстамалары кезіндегі шұғыл көмек.
- •25. Неотлож.Помощь при приступе бронх.Астмы
- •28. Этиология, патогенез и диагн.Критерии спонтан.Пневмоторокса
- •29. Неотлож.Помощь при спонтан.Пневмотороксе.
- •31. Неотлож.Помощь при легочном кровотечении.
- •33. Этиология,патогенез,диагн.Крит. Ларингоспазма.
- •34. Неотлож.Помощь при ларингоспазме.
- •37. Этиология,патогенез,диагност.Критерий анафилакт.Шока.
- •38.Неотлож.Помощь при анафил.Шоке.
- •44. Этиология, патогенез и диагностика тромбоэмболии легочной артерии.
- •45. Неотложная помощь при тромбоэмболии легочной артерии.
- •46. Диагностика и неотложная помощь при фибрилляции желудочков
- •49. Лабораторная диагностика острого инфаркта миокарда.
- •50. Классификация гипотензивных препаратов.
2.Жедел сол жақ қарыншалық жетіспеушілігінің этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.
Сол қарыншалық жіті жетіспеушілік жəне оның негізгі көріністері — жүрек демікпесі жəне өкпе ісінуі — патологиялық жағдай, қанның сұйық бөлігінің өкпенің интерстициальді тініне, сонан соң альвеолаларға ығысуы. Ауыр тұншығу, цианоз, бүркілдеген тыныс сияқты клиникалық көріністер байқалады.
Диагностикалықкритерилер Жіті сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігі кезінде:
- ауа жетіспеу сезімімен кенеттен басталуы;
- кейде тұншығуға өтетін, əртүрлі дəрежедегі үдемелі ентігу;
- кейде Чейн-Стокс тынысы (қысқа кезеңді гипервентиляцияның тыныстың тоқтауымен кезектесуі);
- жөтел (басында құрғақ, сонан соң қақырықпен), кейін – көпіршікті қақырық, кейде күлгін түске боялған;
- науқас мəжбүрлі қалыпта отырады (ортопноэ);
- науқас қозған, тынышсыз;
- тері жабындыларының боз жəне ылғалды болуы (суық тер), шырышты қабаттардың цианозы;
- тахикардия (120-150 рет минутына), протодиастолалық шоқырақ ырғағы;
- мойын веналарының ісінуі;
- АҚ-ның қалыпты немесе төмен көрсеткіштері;
- ылғалды сырылдар басында естілмеуі мүмкін немесе өкпенің төменгі бөлігінде аз мөлшерлі майда көпіршікті сырылдар анықталады, ұсақ бронхтардың шырышты қабатының ісінуі бронхообструкция жəне дем шығарудың ұзаруымен, құрғақ сырылдармен, өкпе эмфиземасының көріністерімен көрінуі мүмкін;
- өкпенің альвеолярлы ісінуінде (өкпе ісіну синдромы)- қашықтықта да өкпенің барлық бетінде анық əртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естілуі мүмкін (бұрқылдаған тыныс);
- перкуторлы – жүректің абсолютті тұйықтығының сəл солға қарай ығысуы (сол қарыншаның дилятациясы).
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Ентікпенің алғаш дамуы мен оның сипатын (кенеттен пайда болуы немесе үдемелі өршуі) анықтау, сонымен қатар пайда болу жағдайын (тыныштықта немесе физикалық күш түскенде) білу.
2. Қазіргі жағдайға əкелген симптомдарды анықтау (кеудедегі ауыру сезімі, гипертониялық криз эпизоды).
3. Науқастың қабылдаған дəрі-дəрмектерін жəне оның эффективтілігін анықтау.
4. Анамнез жинау
5. Жалпы жағдайын жəне өмірлік маңызды функцияларды бағалау: есін, тынысы, қан айналымы.
6. Науқастың қалпы: ортопноэ.
7. Визуальді бағалау: тері жабындыларын (боз, ылғалды), акроцианоздың болуы, мойын веналарының жəне кеуденің жоғарғы бөлігі веналарының ісінуі, шеткі ісінулер ( аяқ-қолдың, асцит).
8. Тыныс алу жиілігін (тахипноэ), пульсті (тахикардия немесе кейде брадикардия).
9. АҚҚ-ын өлшеу: САҚ-ның 90 мм с.б. төмен түсуі - шок белгісі; гипотония (миокардтың ауыр зақымдануы кезінде); немесе гипертензия ( ағзаның стресстік жауабы кезінде).
10. Перкуторлы: жүректің абсолютті тұйықтығының солға немесе оңға ұлғаюы (кардиомегалия).
11. Пальпаторлы: жүрек ұшы түрткісінің ығысуы жəне ұлғайған ауыру сезімді бауырдың болуы.
12. Жүрек аускультациясы: протодиастолалық немесе пресистолалық шоқырақ ырғағы, жүрек ұшында систолалық шу.
13. Өкпе аускультациясы: ылғалды сырылдар.
Қосымшадиагностикалықшаралартізімі
Жедел сол қарыншалық жүрек жетіспеушіліктің ЭКГ-белгілері:
- I, II, aVL, V5-6 əкетулерде Р тісшесінің екеуленуі жəне амплитудасының ұлғаюы;
- Р тісшесі амплитудасының екінші теріс фазасы ұзақтығының ұлғаюы немесе V1 əкетулерде теріс Р тісінің пайда болуы;
- Теріс немесе екі фазалы РIII;
- Р тісі енінің ұлғаюы – 0.1 с жоғары.
