Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия казакша.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159 Кб
Скачать
☆

4. Жедел тәждік синдром кезіндегі «Жедел көмек» диагностикалық критерилері және дәрігер әрекеті.

Жедел коронарлы синдром – тұрақсыз стенокардияға немесе жедел миокард  инфарктіне күдік тудыратын симптомдар немесе клиникалық белгілер жиынтығы. Жедел коронарлы синдромға миокард инфарктісі, ST-тісшесінің  жоғарылауымен бірге кеелетін миокард инфарктісі немесе тұрақсыз стенокардия жатады.ST-жоғарылауымен жедел коронарлы синдромға кеудесіндегі ауырсыну немесе жайсыздық (дискомфорт) және ЭКГ- да ST-сегментінің тұрақты  жоғарылауын немесе коронарлы артерияның жедел толық бітелуін   көрсетеді. Бұл жағдайда емдеудің негізгі мақсаты тамыр бітелуін тез және тұрақты жою. Осы мақсатта тромболитиктер қолданылады.  

Клиникалық белгілері: Төс астындағы және жүрек тұсындағы қысып  немесе басып ауырсынуы. Ауырсынудың сол жақ немесе оң  қолға, мойынға,  төменгі жаққа, сол жақ жауырын астына, эпигастрий аумағына таралуы   мүмкін. Науқас қозған, мазасыз, онда қорқыныш сезімі пайда болады. Нитратты тіл астына қойған кезде әсері жоқ немесе ауырсынуды толық   жоймайды немесе ауырсыну қысқа уақыттан кейін қайта мазалайды. Тері  жабындары бозғылт, суық тер басқан. Жалпы әлсіздік, ауа жетіспеушілік  мазалайды.   

Тексеру нәтижесі: Митралды регурги-тация шуы, гипотен-зия, өкпе шемені, өкпесінде сырылдар-дың болуы; Тамырлардың атеро-склероздық аурулары-ның болуы; Кеудесін басқан-дағы ауырсынулар.

ЭКГ: ST сегментінің жаңадан ығысулары (0,05 mV), немесе Т тісшесінің инверсиясы (0,2 mV); Даму мерзімдері белгісіз дерттік Q тісшесі, ST сегменті мен Т тісшесі өзгерістерінің анықталуы; Қалыпты ЭКГ немесе R тісшесі басым тіркемелерде Т тісшесінің инверсиясы немесе оның жайдақталуы.

Жедел көмек:1. Нитроглицерин таблеткасы 0,5-1мг тіл астына немесе спрей түрінде 0,4-0,8 мг. немесе 1-2 доза ауырсынуды басу үшін. Қажет болған жағдайда және  артериалдық қысымның деңгейін бақылай отырып, әрбір 5-10 мин сайын қайталау.  2. Ацетилсалицилді қышқылы (егер науқас өзі қабылдамаса) - 160-325 мг.   3. Гепарин 5000 БІРЛІК көк тамырға.    4. Ауырсынуын басу үшін есірткілік аналгетиктер енгізіледі. Морфин 1 мл 1% - ерітіндісін + 10 мл натрий хлорид ерітіндісімен көк тамырға 5-10 мин 3-5 мл-ден ауырсыну басылғанға дейін енгізеді.   

5. Жедел инфаркт миокардының этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.

Анықтамасы: миокард инфарктісі -ол жүрек бұлшық етінің ишемиялық некроздануы және жедел коронарлы қанайналымның жеткіліксіздігінен дамиды.

Диагностикалық критерийлер: Шағымы және анамнезі - МИ негізгі клиникалық белгілеріне ангинозды ауыр-сыну жатады. МИ кезіндегі ангинозды ауырсыну жүрек қыспаға ұқсас. Бірақ ауырсыну күштірек және «тесіп», «ашытып», «пышақ сұққандай», «шаншып» сияқты сипатта болады. Ауырсынуды сезу толқын тәрізді дамиды, кезеңімен азаяды, бірақ ауырсыну толық басылмайды. Ангиналды ауырсынудың орна-ласуы көбінесе кеуде іші, сирек –сол жақ кеуде клеткасының жартысы немесе құрсақ үсті аймағында орналасады. Ангинозды ауырсыну сол жақ жауырынға, иыққа, сол жақ қолға тарайды, көбінесе таңертеңгілік уақытта, нитроглицерин әсеріне басылмайтын бірнеше сағатқа созылатын ауырсыну пайда болады. МИ пайда болуының бастапқы кезінде пайда болатын басқада варианттар бар. Олар: демікпелік, абдоминалды, аритмиялық, цереброваскулярлы немесе симптомсыз.

  • Демікпелік түрі –көбінесе МИ көлемді, қайталанған науқастарда кездеседі. Клиникасында жедел сол жақ қарынша жетіспеушілігі дамиды.

  • Абдоминалды түрі-ауырсыну синдромының орналасуы диспепсиялық көрністерімен сипатталады. Көбінесе төменгі миокард инфаркты дамиды.

  • Аритмиялық түрі-клиникалық көрнісінде айқын ырғақ және өткізгіш бұзылысы байқалса, пароксизмдер, суправентрикулярлы немесе қарыншалық тахикардия, толық АВ блокада дамиды.

  • Цереброваскулярлы түрі-көбінесе егде жастағы науқастарда немесе бас қан айналысы бұзылған адамдарда боладыОл бас айналу,құсу кей-де–бас миының қанмен қамтамасыз етілу бұзылыстарының белгілері-мен сипатталадыКейде бұл шағымдар сирек немесе мүлдем болмайды.

Жедел МИ –тың симптомдарының сипаттамасы: ангинозды ауырсыну синдро-мы, инспираторлы ентігу, тері жамылғысы мен түсінің өзгеруі (бозарған, мра-морлы, цианоз), суық, жабысқақ тер; науқас қозғыштығы, қозғалыстың нашар-лауы, өлім үрейі, полиурия. Физикалды тексерулер: тері жамылғысының бо-заруы, суық тер, жүрек тондары көмескі; артериялық қан қысымы төмендеуі мүмкін, әсіресе систолалық, кейде артериялық қан қысымы аздап көтерілуі мүмкін немесе ИМ гипертониялық криз айясында пайда болуы мүмкін; тыныс алудың нашарлауы (ентігу, тыныс алу жетіспеушілігі).Лабораториялық тексе-рулер: экспресс тесттің көмегімен тропонин -Т анықтау. Аспаптық тексеру-лер: ЭКГ-жүрек бұлшықетінің некроз ошағын, оның тереңдігін және локализация-сын анықтайды. ЭКГ белгілерін келесі белгілермен көрсетеміз: патология-лық Q-тісшесі, R-тісшесінің амплитудасының төмендеуі, QRS-және Т –тісшелерінің дискордантты болуы, сол жақ Гис шоғыры блокадасы. Ал субэндокардиалды МИ-да ЭКГ да болатын өзгерістер: Q – тісшесі болмайды, 2 мм ST сегіментінің изо сызықтан төмен болуы.