Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия казакша.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159 Кб
Скачать
☆

7. Гипертониялық криздің этиологиясы, патогенезң, диагностикалық критерилері.

Гипертониялық криз (ГК) – АҚ 180/120 мм.с.б. жоғары немесе индивидуалді биік көлемдерге дейін кенет жоғарылауы. Асқынған гипертониялық криз ми, бүйрек, тәж қан айналымдарының нашарлауымен көрінеді және АҚ-ды парентералды препараттардың көмегімен алғашқы минуттар мен сағаттар ішінде төмендетуді талап етеді. Асқынбаған гипертониялық криз нысана мүшелер зақымдалуының жоқтығымен сипатталады және АҚ-ды бірнеше сағатта төмендетуді салыстырмалы керек ететін жағдайға жатады.

Гипертониялық криз төмендегілердің аясында дамиды:

    1. Гипертониялық аурудың (сонымен бірге оның алғашқы көрінісі ретінде де).

    2. Симптоматикалық артериялық гипертензияда АҚ кенет жоғарылауы мүмкін болатын жағдайлар: реноваскулярлы АГ; диабеттік нефропатия; феохромацитома; жедел гломерулонефрит; жүктілер эклампсиясы; бүйрек зақымдалуымен жүретін дәнекер тінінің жүйелі аурулар; симптоматикалық препараттарды қолдану (соның ішінде кокаинді ); бас сүйегі жарақаттары.

Гипертониялық криздің дамуына жиі әсер ететін факторлар: гипотензивті дәрілік препараттарды қолдануды тоқтату; психоэмоцианалді стресс; тұз бен сұйықтықты көп қолдану; физикалық күш түсіру; алкоголді көп мөлшерде қолдану; метеорологиялық өзгерістер.

Гипертониялық криз патогенезінде ● Тамырлық механизм- жалпы перифериялық қарсыласудың артериолалардың вазомоторлы (нейрогуморалды әсері) және базалды (натрий ұстап қалуда) тонусының жоғарылауы нәтижесінде биіктеуі. ● Кардиалды механизм – жүрек лақтыруының, миокард жиырылуының және ЖЖЖ жоғарылауына шығару фракциясының жоғарылауы ЖҚҚ.

Қарау және физикалық зерттеу

● өмірге қажетті функцияны және жалпы жағдайды бағалау: есі (көру, кереңдік, ессіздік), тынысы (тахипноэның болуы);

● визуалды бағалау: науқастың қалпы (жатыр, отыр, ортопноэ), тері жамылғысының түсі ( бозғылт, гиперемия , цианоз) және дымқылдығы (жоғары, құрғақ, маңдайында суық тер); мойын тамырлары (көк тамырдың ісінуінің болуы, көзге көрінетін пульсация); шеткері ісіктердің болуы;

● пульсты зерттеу (дұрыс, дұрыс емес) жүректің жиырылу жылдамдығын санау (тахикардия, брадикардия);

● екі қолда да АҚ өлшеу (қалыпты айырмашылық < 15 мм с.б.);

● перкуссия: жүректің салыстырмалы шекарасының тұйықтығы солға ұлғаюының болуы;

● пальпация: жүрек түрткісін бағалау және оның орналасуы;

● жүрек аускультациясы: қолқада II тонның ыдырауы және акценті, тондарды бағалау;

● қолқа (аневризманың жыртылуы немесе қолқаның қабыршақтануына күмәндану және бүйрек артериясының \оның стенозына күмәндану) аускультациясы;

● өкпенің аускультациясы : екі жақ бөлігінде ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдың болуы;

● көрудің төмендеуін, құсудың, тырысудың, стенокардияның, ентігудің болуын нақтылау; диурезді бағалау;

● неврологиялық статусты зерттеу: ес дәрежесінің төмендеуі, көру алаңының ақауы, дисфагия, аяқ-қолдарда қимыл-қозғалыс функциясының бұзылуы, жүрісінің және тепе-теңдіктің бұзылысы, зәрдің ұсталмауы.

Құрал аспаптық зерттеу: 12 тіркемеде ЭКГ-ны тіркеу: ритмді бағалау, ЖЖЖ, өткізгіштігі, сол жақ қарыншаның гипертрофия белгілерінің болуы, миокард инфарктісі және ишемия.