Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2. гипоксия-обмен-КЩС, липидный обмен,атероскле...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің (қсү) артериалық қандағы калыпты көрсеткіштері

Қышқылдық-сілтілік үйлесімділікті талдағыш құралдың арнайы электродтарымен дәріпіспекке ауа енгізбей алынған артериалық қанда Н+ (нмоль/л), рСО2 мен рО2 мөлшерін (килопаскаль (кПа), немесе с.б.б. мм) анықтайды. [Н+] иондарының артериалық қан мен веналық қанда айырмашылығы мардымсыз мөлшерде (2 нмоль/л-ден аз) болады. Дегенмен, қолға бұрау салып қан алғанда шеткері қанайналым бұзылыстарынан, жергілікті тін бүліністерінен немесе қан ағуының тоқтауынан веналық қанда қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің көрсеткіштері дұрыс бағаланбауы мүмкін. рСО2 веналық қанда артериалық қаннан 1,1 кПа немесе 8 мм Hg мөлшерінде артық болады. рО2 көктамырлар қанында 7,5 кПа-ға немесе 56 мм Hg-ге кем болады.

Н+ мөлшері рСО2 деңгейіне тікелей байланыста болса, НСО3- деңгейіне кері байланыста болады, былаша айтқанда ол рСО2/НСО3-арақатынасын есептеп шығару арқылы анықталады.

[Н+] = К● рСО2 : [НСО3-] х 100, мұндағы

К – белгілі үлестік қысымы кезіндегі СО2-ның ерігіштік қасиетінің көрсеткіші. [Н+] нмоль/л, бикарбонат ммоль/л, ал рСО2 килопаскаль (кПа) өлшемдерінде анықталғанда 37˚С температура кезінде ол 180 шамасында, ал рСО2 с.б.б. мм-мен өлшенгенде 24-ке тең болады.

Осы өрнек бойынша Н+ мен рСО2 мөлшері белгілі болғанда бикарбонаттың деңгейін есептеп шығарады. Солармен бірге қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің жағдайын анықтайтын кейбір құралдар мына көрсеткіштерді де анықтап береді:

● шынайы (өзекті – ағылш. Actual) рН - температурасы 38˚С-да ауасыз жерде анықталған артериалық қанның рН мөлшері, қандағы немесе жасуша сыртындағы сұйықта қышқылдық-сілтілік үйлесімділік ауытқуының теңгерілу дәрежесін көрсетеді;

● шынайы (өзекті) рСО2 - температурасы 38˚С-да ауасыз жерде анықталған артериалық қандағы СО2 газының үлестік қысымы, қышқылдық-сілтілік үйлесімділік теңгерілуінің тыныстық тетіктерінің дәрежесін көрсетеді;

● шынайы (өзекті) бикарбонат (АВ - ағылш. Actual Bicarbonate) - температурасы 38˚С-да ауасыз жерде анықталған артериалық қандағы СО2 газының үлестік қысымы (шынайы рСО2) кезіндегі қан сұйығындағы бикарбонаттардың мөлшері. Оның өзгерістері метаболизмдік және тыныстық бұзылыстар кездерінде байқалады;

● стандарттық бикарбонат (SВ – ағылш. Standard Bicarbonate) - деп қанның оттегімен толық қанығуында, қандағы көмірқышқылы газының үлестік қысымы (рСО2) сынап бағанасы бойынша 40 мм және температурасы -38°С болғандағы бикарбонаттың деңгейін айтады. Оның өзгерістері қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің метаболизмдік бөлшегінің жағдайын көрсетеді және ол газдық ацидоз бен алкалоз кездерінде өзгерістерге ұшырамайды. Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстарын қалпына келтіру үшін қолданылатын есептерде бұл көрсеткіштің маңызы жоқ; өйткені ол қандағы басқа буферлік жүйелердің жалпы жағдайын көрсетпейді;

● буферлік негіздер (ВВ) - тұтас қанның негізгі буферлік (гидрокарбонаттың, органикалық және бейорганикалық фосфаттың, нәруыздардың) аниондарының жиынтық мөлшері. Ол барлық буферлік жүйенің қуатын анықтайды және қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің метаболизмдік бөлшегін сипаттайды.

● буферлік негіздердің ығысуы (ВЕ-ағылш. Ьаsеs ехсеss- негіздердің артықтығы) – деп буферлік негіздердің орташа қалыпты денгейінен науқас адамдағы анықталған деңгейінің айырмашылығы. ВЕ-нің қатты өзгерістері метаболизмдік бұзылыстардың айқын белгісі болады. Ол теріс немесе оң жаққа қарай ығысуы ықтимал.

ВЕ теріс жаққа қарай азаюы организмде деммен шығарылмайтын қышқылдар көбейіп, сілтілік заттардың азаюын (метаболизмдік ацидоз дамуын) көрсетеді.

ВЕ оң жаққа қарай ығысуы деммен шығарылмайтын қышқылдардың азаюын немесе сілтілердің артық болуын (метаболизмдік алкалоз дамуын) айғақтайды. Газдық ацидоз бен алкалоз кездерінде ВЕ шамалы ғана өзгереді.

Буферлік негіздердің ығысуын анықтау арқылы арнайы формулалармен қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің ауытқуларын түзету үшін организмге қажетті қышқылдар мен сілтілердің ммоль мөлшерін есептеп шығаруға болады.

ҚСҮ-тің өзгерістерін аниондардың тапшылық мөлшерін анықтау арқылы да байқауға болады. Аниондардың тапшылығы (АТ) деп катиондар мен аниондардың жалпы мөлшерінің айырмашылығын түсінеді. АТ, қарапайым әдістермен анықталмайтын, қан сұйығындағы нәруыздардың, бейорганикалық фосфаттың, күкірттің және органикалық қышқылдардың (сүт, бета-оксимай, ацетосірке т.с.с. қышқылдардың) көптеген аниондарының мөлшерін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына өрнек бойынша анықталады:

АТ = ([Na+, мэкв/л] + [К+, мэкв/л]) – ([НСО3-, мэкв/л] + [CL-, мэкв/л]).

Адамда қалыпты АТ мөлшері 14-18 ммоль/л.

АТ, газдық ацидоз кезінде өзгермей, метаболизмдік ацидоз кезінде көбейеді. Гидрокарбонаттың несеппен көп шығарылуынан дамитын (бүйрек өзекшелік ацидоз) . ацидоз кезінде қан сұйығында хлор иондары көбейеді және аниондардың тапшылығы өзгермейді.