- •Оттегі гомеостазының бұзылыстары
- •Гипоксия
- •Экзогендік (гипоксиялық) гипоксия
- •Эндогендік гипоксиялар
- •Тіндерде оттегінің пайдаланылмауынан дамитын гипоксия
- •Тіндерде қоректік заттардың тотығуы мен фосфорлану үрдістерінің бір-біріне ұласпауынан дамитын гипоксия
- •Гипоксия кезіндегі зат алмасулары мен физиологиялық міндеттемелердің бұзылыстары.
- •Гипероксия
- •Су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары
- •Өкпенің газ алмастыру қызметін сипаттайтын қалыпты көрсеткіштер
- •Гипогидратация немесе сусыздану.
- •Гипогидрияны емдеу жолдарының негіздері.
- •Гипергидрия немесе сулану.
- •Гипернатриемия
- •Гипонатриемия
- •Кальций, фосфор, магний иондары алмасуының бұзылыстары
- •Гипокальциемия және гиперкальциемия
- •Фосфор иондары алмасуының бұзылыстары
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары
- •Қандағы қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің реттелу жолдары
- •Жасуша ішілік қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің реттелу жолдары
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің (қсү) артериалық қандағы калыпты көрсеткіштері
- •Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылыстары
- •Гиперкапния кезіндегі жүйелердің бұзылыстары
- •Семіздіктің жіктелулері
- •Біріншілік (идиопатиялық) семіру
- •Семірудің зардаптары
- •Гиперлипопротеинемиялар. Атеросклероз
- •Атеросклероз
- •Бауырда бос май қышқылдарынан үшглицеридтер мен бете-липопротеидтер түзілуі
- •Атеросклероздың патогенезі
- •Қан плазмасындағы майлар мен липопротеидтердің алмасулары
Бауырда бос май қышқылдарынан үшглицеридтер мен бете-липопротеидтер түзілуі
Гиподинамия атеросклероз дамуына өзінің елеулі үлесін қосады. Ой жұмысымен шұғылданатын адамдардың қанында атерогендік липопротеид-тердің деңгейі көтеріледі. Қол жұмысымен шұғылданатын адамдардың арасында атеросклероз сирек кездеседі. Олардың қанында антиатерогендік липопроитеидтер, атерогендік липопротеидтерге қарағанда, басым болады және липопротеидтерді ыдырататын ферменттердің белсенділігі жоғары болады. Сонымен бірге гиподинамия адамның семіруне әкеліп, майлардың алмасуын бұзады.
Семіздік, әсіресе 50 жасқа дейінгі жас адамдарда, атеросклероз дамуына қатерлі ықпал болады. Оны гиперлипопротеидемия, гиподинамия, гипертензия және семіруге әкелетін инсулинге төзімділік болуымен байланыстырады.
Атеросклероз дамуында дұрыс қоректенбеудің маңызы бар – деп есептеледі. Тағамда холестериннің, қаныққан май қышқылдарының және жеңіл қорытылатын көмірсуларының көп болуы, керісінше, онда қанықпаған май қышқылдарының, тағамдық талшықтардың, антиоксиданттардың аз болуы атеросклероз дамуына қолайлы жағдай туындатады.
Артериалық гипертензия тамыр қабырғаларына атерогендік липопротеидтердің өтуін арттырады. Бұл кезде қан қысымының көтерілуінен эндотелий жасушалары бүлінеді, тегіс салалы ет жасушаларының гипертрофиясы мен гиперплазиясын туындатып, атеросклероз дамуын күшейтеді. Атеросклероз дамуында ангиотензин-II қомақты үлес қосады. Ол:
√ артериолаларды жиырады;
√ макрофагтар бета-липопротеидтерді жұтып көпіршіктенген жасушаларға айналуын арттырады;
√ тамыр қабырғасында миоциттердің гипертрофиясмы мен гиперплазиясын күшейтеді;
√ интерлейкин-6 өндірілуін көбейтеді.
Қантты диабет атерослероз дамуына қатерлі фактор болып есептеледі. Бұл аурумен ауыратын науқастардың 75%-нда 40 жасқа дейін атеросклероздың көріністері байқалады. 10 жылдан астам ауырған адамдардың барлығында атеросклероз дамиды. Солардың ішінде әсіресе диабеттің 2-түрі атеросклероз дамуына өте қауіпті. Бұл кезде организмде инсулиннің мөлшері қалыптыдан жоғары болуы мүмкін. Бірақ оның безден тыс әсер ету тетіктерінің жеткіліксіздігінен диабет дамиды. Бұл кезде атеросклероз дамуына қанда атерогендік липопротеидтердің көбеюімен қатар, гипергликемия, гемостаздың бұзылыстары, артериалық гипертензия, гиперинсулинемия қолайы жағдай туындатады (-сызбанұсқа).
- сызбанұсқа
Қантты диабет кезінде гемостаздың өзгерістері қан қатпаларының артық құрылуына бейімділікпен сипатталады. Тромбоциттердің белсенділігі көтерілуі тамыр қабырғаларында жасушалардың өсіп-өнуін күшейтетін өсу факторлары босап шығуына әкеледі. Осыдан тегіс салалы ет жасушаларының бөлініп көбеюі артады, оларда коллаген мен гликозамингликандардан тұратын тіректік мембрананың бөлшектері құрылады. Бұлар атеромалардың құрылуын жеделдетеді.
Гипергликемия кезінде қан сұйығындағы және тамыр қабырғаларындағы липопротеидтер көмірсуларымен байланысып кешендер құрады. Осыдан өзгерген төмен тығыздықты липопротеидтер қан тамырлары жасушаларымен, әсіресе макрофагтармен, жұтылады. Бұл атеросклероз дамуының негізінде жатады. Ал, жоғары тығыздықты липопротеидтер көмірсуларымен байланысудан олардың белсенділігі төмендейді де, холестеринді бауырға тасымалдау қабілеті азаяды.
Ұзақ мерзім гипергликемия тромбоциттер мен тамыр қабырғаларында тромбоксан А2 түзілуін көбейтіп, простациклин өндірілуін азайтады. Сол себепті қантты диабет кезінде тромбоциттердің адгезиясы мен агрегациясы артып кетеді.
Қантты диабетпен ауыратын адамдарда қан тамырларын кеңейтетін нитроксид өндірілуі азаяды, керісінше, оларды тарылтатын, тегіс ет жасушаларының өсіп-өнуін сергітетін – эндотелин-1 өндірілуі артады.
Гиперинсулинизм. Қанда инсулиннің көбеюі өз бетінше, төмен тығыздықты және аралық тығыздықты липопротеидтердің түзілуін арттырып, атерогендік әсер етеді. Сонымен бірге инсулиннің артықтығы қан тамырлары қабырғаларының жасушалары өсіп-өнуін арттырады.
Гипергомоцистеинемия. Гомоцистеин эндотелий жасушаларына уытты әсер етіп интиманың өткізгіштігін көтереді. Сондықтан гипергомоцистеинемия атерогендік фактор деп есептеледі. Цистеин мен цистиннің алмасуына қажетті метиониннің, фолациннің, кобаламиннің, В6-витаминінің тағамда жеткілікті болуы атеросклероз дауынан сақтандыратын әсер етеді.
Қоршаған орта ықпалдарының маңызы. Қоршаған ортаның (демалатын ауаның, ауыз суының, топырақтың) әртүрлі химиялық заттармен ластанулары атеросклероз дамуына ықпал етуі мүмкін. Бұл заттарға көміртегі тотығын, күкіртті сутегін, қорғасын, бензол, сынап қосындыларын т.с.с. жатқызуға болады. Олардың әсерлерінен организмде заттардың, әсіресе майлардың, алмасуларының бұзылыстары дамиды. Сонымен бірге, бұл кезде артериялардың қабырғаларында липидтердің асқын тотығуынан дистрофиялық, сіңбелі өсіп-өнулік өзгерістер дамуы мүмкін. Автокөліктердің кәсіби жүргізушілерінің арасында өткізілген зерттеулер, олардың қанында атерогендік липопротеидтердің көбейетінін, жиі жүректін ишемиялық ауруы дамитынын көрсетті (Т.П. Ударцева). Бұл мамандарға бір жағынан химиялық улы мұнай өнімдері, екінші жағынан ұзақ гиподинамия әсер етеді.
Организмде ванадийдің және супероксиддисмутаза ферментінің құрамына енетін – селеннің тапшылықтары атеросклероз дамуын күшейтеді.
Шылым шегу атеросклероз дамуына бірнеше жолдармен әкеледі:
√ темекі шегетін адамдардың қанында атеросклероз дамуына қарсы әсер ететін жоғары тығыздықты липопротеидтердің өндірілуі азаяды;
√ темекі түтініндегі көміртегінің моноксиді эндотелий жасушаларын бүліндіреді;
√ темекі түтінінде болатын мутагендік заттар тегіс салалы ет жасушаларының құрылымдық гендерін мутацияға ұшыратады;
√ темекі шегуден дамитын ұзақ гипоксия тегіс ет жасушаларының өсіп-өнуін арттырады, төмен тығыздықты липопротеидтердің лизосомалық гидролиздік ферменттермен ыдыратылуын тежейді. Темекі шегетін адамдарда атеросклерозбен қатар артериосклероз дамиды. Осыдан аяқ артерияларын бітеп қалатын эндоартериит жиі кездеседі.
Жұқпалар мен вирустардың маңызы. 1973 ж. С. Fabricant әріптестерімен атеросклероздың дамуын вирустардың ұзақ әсерлерімен түсіндірді. Олар мысықтарда жасалған тәжірибелерде ұшық (герпес) туындататын вирустардың әсерлерінен бүйрек жасушаларында майлардың алмасуы бұзылатынын және оларда холестериннің жиналатынын көрсетті. Артынан бұл ғалымдар, жұқпаларға ұшырамаған тауық балапандарын өсіріп, оларда герпес вирустарының әсерінен қан тамырларының атеросклерозы дамитынын байқады. Электрондық микроскоппен зерттеу арқылы кенеттен өлген адамның жүрегінде, артынан атеросклерозға ұшыраган қолқа мен артериялардың қабырғаларында герпес вирусының бөлшектері табылды. Сонымен, ұшық дамытатын вирустармен атеросклероз дамуында белгілі байланыс бар екені анықталды. Солардың ішінде атеросклероздың этиологиясында Эпштейн-Барр вирусының (ЭБВ) маңызы бар. Атеросклероздың клиникалық көріністері кездерінде қанда Эпштейн-Барр вирусына қарсы антиденелер болатыны анықталды. ЭБВ Т- және В-лимфоциттерге, макрофагтарға, қан тамырларының эндотелий жасушаларына, тегіс ет жасушаларына, тромбоциттерге тікелей бүліндіргіш әсер етеді. Осы келтірілген деректердің негізінде, кейбір ғалымдардың ойлары бойынша, атеросклероз дамуын туындататын себепкер ықпал болып ЭБВ есептеледі.
Сонымен бірге, атеросклероз кезіндегі эндотелий жасушаларының бүліністері ұзақ әсер ететін жұқпалардың (Chlamydia pneumoniae) әсерлерімен түсіндіріледі. Оған мынадай дәлелдер келтіруге болады:
√ серологиялық әдістермен эпидемиологиялық зерттеулер кездерінде бұл бактерияларға қарсы антиденелер табылды;
√ атеросклероздық түйіндақтарда көрсетілген бактерияларды анықталады;
√ атеросклерозбен және осыдан миокард инфарктымен ауыратын адамдарды антибиотиктермен емдеу өзінің алғашқы нәтижелерін көрсете бастады (Грацианский Н. А., 1997).
Егер бұл дерттің пайда болуын герпес вирустардың немесе бактериялардың әсерлерінен десек, онда: неге жаңа дамып келе жатқан мемлекеттердің тұрғындарының немесе әйелдердің арасында атеросклероз сирек кездеседі?— деген сүраққа жауап қайтару қиын.
