Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2. гипоксия-обмен-КЩС, липидный обмен,атероскле...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Атеросклероз

Атеросклероз (грек. athero – ботқа, лат. scleros – беріш, қатты) –ірі және орташа артериялардың ішкі (интима) және ортаңғы (медиа) қабықтарында, липопротеидтер мен холестериннің жиналуымен қабаттасатын, дәнекер тіндердің артық өсіп-өнуінен фиброздық түйіндақтар қалыптасуы. Атеросклерозға қолқа, жүрек, мый және аяқтардың артериялары жиі ұшырайды. Содан артериялық тамырлар өздерінің серпімділігін жоғалтады. Созылғыштық қасиетінің төмендеуінен олар ағзалар мен тіндерді мұқтаждығына сәйкес қанмен қамтамасыз ете алмайды.

Этиологиясы. Атеросклероз дамуына көптеген эндогендік және экзогендік қауіп-қатерлі ықпалдар әкеледі.

Эндогендік ықпалдар:

● тұқым қуалаушылыққа бейімділік;

● адамның егде тартқан жас мөлшері мен жынысы;

● жан-дүниелік күйзелістер, жағымсыз көңіл-күйлер, эмоциалық ауыртпалықтар;

● аутоиммундық серпілістер;

● гиподинамия;

● семіру;

● артериялық гипертензия (әсіресе 50 жастан асқан адамдарда);

● қантты диабет (әсіресе инсулинге тәуелсіз 2-түрі);

● гиперинсулинизм;

● гипергомоцистеинемия дамуы - атеросклероз дамуында маңызды орын алады.

Экзогендік ықпалдарға:

● қоршаған орта ықпалдары;

● шылым шегу;

● жұқпалар мен вирустар; т.б. жатады.

Тұқым қуалаушылықтың маңызы. Атеросклероз дамуында белгілі ферменттер жүйесінің гендік ерекшеліктері маңызды. Мәселен, тамыр қабырғаларының ферменттік белсенділігі жоғары болатын жануарларда (егеуқұйрықтарда) эксперименттік атеросклерозды алу өте қиын болады. Керісінше, тамыр қабырғаларының ферменттік белсенділігі төмен жануарларда (қояндарда) атеросклероздың эксперименттік үлгісін алу жеңіл болып келеді.

Кейбір отбасылары адамдарының қанында тұқым қуатын гиперлипопротеидемияның 2 және 3-ші түрлерінде қарқынды ауыр атеросклероз дамиды (жоғарыдан қараңыз). Бұндай отбасыларында тіпті жаңа туған нәрестелерде миокард инфаркты дамуы және 8-12 жасар балалар осы дерттен жан тапсыруы байқалады.

Эпидемологиялық зерттеулер бойынша атеросклероз кейбір мемлекеттердің (Жапония, Қытай, Африка) тұрғындарының арасында сирек кездесетіні белгілі. Бұл деректі ұлттық, нәсілдіқ ерекшеліктермен түсіндіруге болар еді. Бірақ осы мемлекеттерден АҚШ-қа көшіп барған адамдарда атеросклероз дамуы тездеп, жергілікті халықтармен бірдей деңгейге көтерілетіні байқалды. Бұл дерек атеросклероз дамуында адамды қоршаған орта ықпалдарының маңызы зор екендігін көрсетеді.

Адамның жас мөлшері мен жынысының маңызы. Атеросклероз негізінен ұлғайған, қарт адамдарда байқалады. Осыдан атеросклероздың даму негізінде жасқа байланысты артериялардың қабырғаларындағы зат алмасуларының өзгерістері жатады деп есептелінеді Электрондық микроскоппен зерттеу ар0ылы қарт адамдардың қан тамырларының қабырғаларында жасушалардың ультрақұрылымдық орналасу тәртібі бұзылатыны, эндотелий жасушаларының сыртқы әсерлерге сезімталдығы қатты көтерілетіні, эндотелий асты қабатының кеңейіп кететіні байқалды. Қан тамырларының ішкі қабығы жасушаларының шеткері жақтарында өзгерген ет жасушалары пайда болады. Бұл жасушалармен өндірілген нәруыздар тамыр қабырғаларына жиналып, жас ұлғаюына байланысты оларда кальций тұздары тұнып, атеросклероз дамуына қолайлы жағдай туындатады.

Атеросклероз 65 жасқа дейінгі ер адамдарда, әйелдерге қарағанда, 5-еседен астам жиі кездеседі. Ол жастан кейін еркектер мен әйелдерде бірдей жиілікпен байқалады. Еркектерде атеросклероз жиі дамуына қолайлы ықпалдар болып темекі шегу, артериалық гипертензия, оларда жиі кездесетін стрестік жағдайлар, жыныстық гормондардың айырмашылықтары есептеледі. Әйелдердің жыныстық гормондары антиатерогендік жоғары тығыздықты липопротеидтердің өндірілуін арттырады. Еркектердің жыныстық гормондары атерогендік төмен тығыздықты липопротеидтердің деңгейін көбейтеді, холестериннің бауырда тотығуын тежейді.

Әртүрлі себептерден әйелдердің жыныстық бездерінің қызметі төмендеуіне байланысты оларда атеросклероздың дамуы да артады, жүректің ишемиялық ауруы жиілейді.

Жан-дүниелік күйзелістер, жағымсыз көңіл-күйлер, эмоциалық т.б. ауыртпалықтар кездерінде қан тамырларындағы эндотелий жасушаларының мембраналарында май қышқылдары асқын тотығуының маңызы бар. Осыдан артериялардың ішкі қабығында зат алмасуларының өзгерістері, эндотелий жасушаларының атеросклероз дамытатын липопротеидтерге өткізгіштігі көтерілуі, бейтарап майлардың ыдырауы күшейіп, босаған май қышқылдарынан бауырда үшглицеридтер мен төмен тығыздықты липопротеидтер түзілуі артады (-сызбанұсқа)

.

- сызбанұсқа