Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Patfiz 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377 Кб
Скачать
☆

Артериялық гипертензия (аг)

Прямая соединительная линия 12 Прямая соединительная линия 11

Біріншілік немесе Екіншілік,

эссенциялық әйгіленімдік (бүйректік, жүйкелік,

(90-95%) эндокринді ж.б.) (5-10%)

АҚ= ҚМК х ШТЖК

Жүректік шығарылымның ұлғаюы (ҚМК) болады:

  • Симпатикалық жүйке жүйесінің межеқуаты жоғарылауы, жүрекке оң хроно және инотропты әсер көрсететін нейромедиаторлар.

  • Айналымдағы қанның көлемі ұлғайғанда (АҚК)

- бүйректің шығару қызметі бұзылғанда;

  • гипернатриемияда;

  • нағыз гиперволемияда;

  • минералокортикоидтардың шығарылымы жоғарылағанда.

Шеткері тамырлардың жалпы кедергісінің жоғарлауына (ТЖШК) әкеледі:

  • артериялық тамырлардың альфа-адренорецепторларының катехоламиндермен тітіркенуі;

  • тамырлардың жиырылуын туындататын ренин және ангиотензинге айналдырушы ферменттің (ААФ) көп мөлшерде түзілуі;

  • тамыр қабырғасы миоциттерінің гиперплазиясы және гипертрофиясы;

  • тамырлардың тонусын эндотелий тәуелді өзін-өзі реттеу тетігінің бұзылуы. Тамыр тарылтатын эндотелиндердің өндірілуінің артуы және тамырды кеңейтетін ықпал-нитроксидтің (NO) өндірілуінің азаюы.

91,. Біріншілік (эссенциальді) артериялық гипертензияның дамуының себептері және механизмі.

Эссенциялық гипертензия – жүйелер мен ағзалардың біріншілік құрылымдық зақымдануына байланыссыз артериялық қысымның көтерілуімен сипатталатын ауру. Бұл аурудың негізінде тамыр межеқуатын жүйкелік - сұйықтық реттелуінің бұзылуы жатады.

Эссенциялық гипертензия – негізінде тамыр межеқуатын реттеуге қатысатын гендердің мутациясы жататын полигенді ауру. Тұқымқуалаушылыққа бейімділік сыртқы орта ықпалдарының әсерінен дамиды.

Қауіп-қатер жайттары:

  • Тектік жайттар (тұқымқуалаушылыққа бейімділік)

  • Бір ұрықтық егіздердегі жоғары сәйкестік

  • Ата-анасының біреуі АГ-мен ауыратын болса АГ-ның даму қауіптілігі жоғары ( 6 есе)

  • Жастық шағыңда АГ-ның даму қауіптілігі

  • АГ-ға бейімді сызықты егеуқұйрықтарды (SHR – spontaneously hypertensive rats) құру

  • Мембрана арқылы иондар (Са++) тасымалдануының ақаулары

Сыйымдылығы жоғары тамырлар миоциттерінде Са++↑ → бұлшықеттердің тұрақты жиырылуы

  • Бүйрек өзекшелерінде мембрана арқылы иондар тасымалдануының ақауы → судың және натрийдің ұсталынуы

  • Эндотелий жасушаларымен өндірілетін эндогенді тамыр кеңейткіштердің (нитроксид, простациклин ж.б. ) өндірілуінің төмендеуіне әкелетін тамыр межеқуатын реттейтін эндотелий-тәуелді тетігінің бұзылуы

  • Ангиотензиноген тегінің құрылымдық ерекшеліктері

  • Әлдостеронның алмасуына қатысатын ферменттердің ақауы

  • Ұзақ уақытқа созылған жан-дүниелік күйзелістер

  • Адамдарда эмоциялық ауыртпалықтардан кейін АГ жиі дамиды

  • Кәсібі жан-дүниелік күйзелістермен байланысты адамдарда АГ жиі дамиды

  • Ас тұзын шамадан тыс артық қабылдағанда (күніне 5 г артық)

  • Шылым шегу, ішімдік ішу, аз қозғалу, шу, вибрация, түнде жұмыс жасау

  • Семіру, тамырлардың атеросклерозы, эндокриндік аурулар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]