Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аби ДП.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

5.1 Тіршілік қауіпсіздігі

Еңбек өнімділігі адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетін сақтау, адам еңбегін жұмыс мезгілін үнемдеу,оның белсенді жұмыс істеу периодын ұзарту, өнімнің жоғары сапасын көтеріп, қоғамдық еңбекті үнемдеу, негізгі өндірістік қорларды қолдануды жақсарту апаттар санын азайту және тағы басқалары арқылы артады. Еңбек жағдайларын жақсарту және оның қауіпсіздігі өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруларды төмендетеді, бұл еңбекшілердің денсаулығын сақтайды және сонымен қатар қолайсыз жағдайларда жұмыс барысындағы төленетін жеңілдіктер мен қосымша ақша төлемдерін азайтады. Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді – қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Бұл Заң 1 қаңтар 2000 жылдан бері жұмыс істейді.

Өндірістік қауіпсіздік шаралары ҚР келесі заңнамалары мен нормативтік құжаттарына сүйене отырып жүзеге асады:

- Қазақстан Республикасының №252-III «Еңбек кодексі» 15.05.2007ж;

- Қазақстан Республикасының «Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі туралы» заң 28.02.2004ж;

- Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заң 10.12.1999ж;

- Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» 22.11.1996ж.

Техникалық реттеу – тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік-экономикалық ұйымдастыру, техникалық және емдеу алдын алу шараларын білдіреді. Техникалық реттеу тұрғысынан көп түсініктер мен анықтамалар үкімет аралық ҚР СН ж Е-1999 10 желтоқсанда бекітілген стандартта көрсетіледі. Төменде солардың негізгілерін келтіруге болады:

  • Қауіпті өндірістік факторлар – кейбір белгілі жағдайларда жұмыс істеушіге тигізетін әсері денсаулығының басқа түрде төменделуіне әкелетін өндірістік фактор;

  • Өндірістік жарақат – өндірістік жарақаттардың жиынтықтарымен сипатталатын құбылыс;

  • Қауіпсіздік техникасы – қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен жұмыс істеушілерге тигізбеуге бағытталған ұйымдастыру шараларының және техникалық құралдарының жүйесі;

  • Зиянды өндірістік фактор дегеніміз – белгілі жағдайларда жұмыс істеушіге тигізетін әсері ауруға немесе оның жұмыс қабілетін төмендетуге әкелетін өндірістік фактор. Зиянды өндірістік факторлардың әсерінен сақтану үшін өндірістік санитария талаптарын қатаң орындап отыру қажет;

  • Өндірістік –санитария дегеніміз – жұмыс істеушілерді зиянды өндірістік факторлардың әсерінен сақтайтын немесе оны төмендетіп ұйымдастыру шараларының жеке техникалық құралдарының жүйесін білдіреді.

Өндірістік техникалық реттеудің мақсаты тек адамның қауіпсіздігі емес, сонымен қатар оның денсаулығын сақтау болып саналады. Кәсіби сырқаттардың түрлері жұмыскерлерге зиянды өндірістік факторлардың әсерлерінен пайда болады.

Бұл таңдауда қаңылтыр қалыптау үшін қосиінді баспақта қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етуге бағытталған бір қатар шаралар жасалады. Зиянды құбылыстардың әсерін төмендету бойынша электр қауіпсіздік шаралары ұсынылған. Қауіпті және зиянды өңдірістік факторлардың әсерінен болатын жарақаттану мен окыс жағдайлардың процентін азайтуға бағытталған медициналық тексерулер, инструктаж, еңбек қауіпсіздігінің ережелері мен инструкцияларын бұзғандары үшін талондық кітапшаның енгізілуі суықтай қалыптау цехының территориясын белгілеу ұйымдастыру шараларына кіреді.