Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аби ДП.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1.2 Өжва классификациясы және оларға қойылатын талаптар

Өкпені жасанды вентиляциялау (ӨЖВ) – ауаны немесе басқа газдарды қоршаған ортадан өкпеге және өкпеден қоршаған ортаға жасанды түрде көшіру арқылы газ алмасуды қолдау әдісі. Өкпені жасанды вентиляциялау аппараты – бұл қанды оттегімен қанықтыру және көмірқышқыл газды өкпеден шығару мақсатымен жасалған, өкпеге газ қоспасын күштеп жіберу үшін арналған медициналық құрылғы. ӨЖВ аппараттары қолмен басқарылатын және механикалық болуы мүмкін. Механикалық аппараттың жұмыс істеу үшін сығылған ауа орталық медициналық мекеменің газбен жабдықтау жүйесінен де (немесе, тасымалдау кезінде, балоннан), дербес микрокомпрессордан да жіберілуі мүмкін. Қазіргі заманғы ӨЖВ аппарттары жоғары технологиялы медициналық құрылғы болып табылады. Олар пациентке көлемі мен қысымы бойынша респираторлық көмегін қамтамасыз етеді.

1.3 Жасанды вентиляцияны жүргізу тәсілдері

Өкпені жасанды вентиляциялаудың екі негізгі тәсілі бар: чөкпеге ауа жіберу тәсілі сыртқы тәсіл сыртқы тәсіл. Өкпеге ауа жіберу тәсілінде ӨЖВ газ қоспасын тікелей жоғарғы тыныс алу жолдарына жіберу арқылы жүзеге асады. Сыртқы тәсілде кеуде қуысына сырттан әсер ету арқылы асырылады.

Өкпеге ауа жіберу тәсілінде өкпеге газдың өтуі оны қкпеге айдау арқылы жүзеге асады. ӨЖВ-ның екі негізгі түрі бар: тура қысымды вентиляция және кері қысымды вентиляция. Тура қысымды вентиляция инвазивті (эндотрахеялы түтік арқылы) немесе инвазивті емес (беттік маска арқылы) болуы мүмкін. Тағы да фазаларды көлемі мен қысымы арқылы ауыстыруы бар вентиляция болуы мүмкін. ӨЖВ-ның көптеген режимдарына басқарылатын жасанды вентиляция (CMV), қосалқы жасанды вентиляция (ВИВЛ, ACV), кезектесетін мәжбүрлемелі вентиляция (IMV), синхронизацияланған кезектесетін мәжбүрлемелі вентиляция (SIMV), бақыланатын қысымды вентиляция (PCV), қолдаулы қысымды вентиляция (PSV), инверттелген дем тарту және дем шығару қатынасты вентиляция(иИВЛ, IRV), қысымды түсіру вентиляциясы (PRV) және жоғары жиілікті режимдер.

1.4 Өжв аппаратына қойылатын медико-техникалық талаптар

ӨЖВ аппараттарына қойылатын талаптар МЕСТ 18856-81 стандартымен реттеледі. МЕСТ жоғары жиілікті ӨЖВ аппараттырына таралмайды.

МЕСТ бойынша ӨЖВ аппараттарының классификациясын жүргізуге болады.

Кесте-1. – ӨЖВ аппараттарының классификациясы

Негізгі нысаны

Қосымша нысаны

Функционалдық мүмкіндіктер кеңдігі мен пациенттің жасы бойынша

  • Ересектер мен жасы 6-дан үлкен балалар үшін (1, 2, 3 группалар)

  • жасқа дейінгі балалар үшін (4 группа)

  • нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балалар (5 группа)

Жұмыс әрекеті бойынша

  • сырттан әрекет ететін респиратолар

  • ішінен әрекет ететін респираторлар

  • дем алудың электростимуляторлары

Жетектің түрі бойынша

  • қолмен басқарылатын жетекті

  • электрожетекті

  • пневможетекті

  • аралас жетекті

Бағытталу бойынша

  • стационарлы

  • транспортты

Басқару құрылғысы бойынша

  • микропроцессорсыз респираторлар

  • микропроцессорлы (интелектуалды) респираторлар

Инспираторлы фазаны басқару тәсілі бойынша

  • қысым

  • көлем

  • ағын

  • уақыт бойынша бақылау

Дем алу циклының фазаларын ауыстырып қосу тәсілі бойынша

  • дем шығарудан дем алуға (триггерлеу немесе дем алу инициациясы)

  • дем алудан дем шығаруға (циклдау)

  • уақыт

  • қысым

  • ағын

  • көлеме бойынша

Тағайындалу бойынша

  • жалпы тағайындалу

  • арнайы тағайындалу

Қазіргі уақытта қолданылып отырған ӨЖВ аппараттарын және МЕСТ 18856-81 қарастыра отырып, ӨЖВ аппараттарының параметрлері келесі аралықта болуы мүмкін:

  • дем алу көлемі 0,1...2,5 л;

  • минуттық вентиляция 0,5...50 л/мин;

  • дем алу жиілігі 10...99±5 мин-1;

  • дем алу мен дем шығару уақытының қатынасы 1:1,3...1:3;

  • дыбыс қуатының деңгейі – 60 дБА дейін;

  • пневможетек және электрожетегі бар ӨЖВ аппараттары үшін:

  1. тоқтаусыз атқарылатын жұмыс – 5*105...10*105 сағ

  2. тоқтауға дейін атқарылатын жұмыстың орташа уақыты – 10*105...20*105 сағ

  3. жөндеуге дейінгі орташа қызмет мерзімі – 2 жыл

  4. толық қызмет мерзімі – 4 жыл

  5. аппаратың жұмыс режимін белгілеу уақыты 30 с-тан артық болмауы тиіс.

Аппарат пациентке дем алу қоспасын реверсивті емес дем алу контуры арқылы жеткізуі керек. Одан басқа аппараттың көп режимдарда жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет.

Осы талаптарды қамтамасыз ету үшін аппаратты микропроцессор арқылы басқару ыңғайлы. Программаланатын программалар жадын қолдану басқарудың икемді жүйесін құрастыруға және жұмыс режимі кезінде аппараттың диагностикасын жүргізуге мүмкіндік береді.

Қабылдауды жақсарту үшін орнатылған параметрлердің индикациясын сандық таблода көрсету керек. Аппараттың жұмысы кезінде келесі параметрлер көрсетілуі керек: минуттық вентиляция, вентиляция жиілігі, дем алу уақытының цикл уақытына қатынасы, дем алу көлемі, үрлеу жылдамдығы, газ қоспасының температурасы.

ӨЖВ кезінде қайғылы оқиғаны болдырмау үшін жарықтық және дыбыстық сигнализация мына жағдайларда қамтамасыз етілуі керек: дем алу қоспаның температурасының 41оС-тан жоғары көтерілуі, тоқ көзінің кенеттен өшуі, дем алу контурынан ауаның шығуы.

Аппаратты жиілігі 50Гц, кернеуі 220В айнымалы тоқ көзімен де, 12В-тық аккумуляторлы батареямен де жабдықтау қажет.

ӨЖВ аппараттары сенімділігін, қолдануға ыңғайлылығын және ремонтқа кететін уақытты, энергияны және қаражатты үнемдеуін қамтамасыз етуі керек.

Және де жұмыс кезіндегі минималды температура +10 оС, максималды температура +35 оС болуы керек.