- •1.Теориялық бөлім
- •1.1 Өкпенің желдетілуі
- •1.2 Өжва классификациясы және оларға қойылатын талаптар
- •1.3 Жасанды вентиляцияны жүргізу тәсілдері
- •1.4 Өжв аппаратына қойылатын медико-техникалық талаптар
- •1.5 Өжж сұлбасы және жұмыс істеу принципі
- •1.6 Жасанды ауа жаңартудың жолдары
- •1.7 Өкпенің жасанды ауа жаңарту құрылғылары
- •1.8 Өкпенің ауа жаңарту құрылғыларының көлемдік көрсеткіштерінің әдістері.
- •1.9 Құрылғының жұмысының тәртіптемелері
- •2 Техникалық бөлім
- •Оттектің физикалық қасиеті
- •4 Экономикалық бөлім
- •4.1. Жалпы жағдай
- •4.1.2.Жасанды вентиляцияны жүргізу тәсілдері
- •4.1.3. Өжв аппаратына қойылатын медико-техникалық талаптар
- •4.2. Өкпеге жасанды вентиляциялау аппаратын құрастыру үшін кететін капиталды шығындар
- •4.2.1 Құрастырушылардың жалақысы
- •4.2.2 Cатып алынған бұйымдар мен негізгі материалдардың өндірістік құны мен санының есептелуі.
- •5 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- •5.1.2 Жұмыс зонасының ауасына қойылатын жалпы санитарлық – гигиеналық талаптар
- •5.1.3.Жасанды вентиляцияны жүргізу тәсілдері
- •5.2.3 Өрт сөндірудің химиялық құралдары
- •5.2.4 Өртке қарсы су құралы
- •5.4.4 Өрт байланысы және дабыл беру
- •5.4.1. Емдеу мекемелерінің зертханаларын ұстау тәртібі
- •5.5. Табиғи және жасанды жарық тусіруді ұйымдастыру
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
5.1.2 Жұмыс зонасының ауасына қойылатын жалпы санитарлық – гигиеналық талаптар
ҚР ҚНжЕ 12.01.2002 құжаты кәсіпорындағы жұмыс зонасының ауасына қойылатын талаптар бекітеді. Бұл стандарт микроклимат көрсеткіштеріне қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар мен жұмыс зонасының ауасының зиянды заттарының шегін бекітеді. Жұмыс зона ауасының зиянды заттарының шегі жұмыс орнының қайда орналасқанының тәуелсіз орнатылады.
Микроклимат қойылатын талаптар жер асты және кен орындары, транспорттық құралдарда, жануар мен құстар орналасқан орындарда, ауылшаруашылық бұйымдарын сақтау орындарына қатысы жоқ.
Жаңадан жұмысқа қабылданғандар міндетті түрде қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженерден 10 күннің ішінде 2 сағаттан таныстырма нұсқауды өтеді. Кейін жұмыс орнында учаске шебері тарапынан алғашқы нұсқау жүргізіледі. Жылына бір рет жұмыс тәртәбі және мамандығына қарамастан мерзімдік немесе қайталау нұсқауы өткізіледі. Жаңа жабдық алынғанда немесе технологиялық үрдісі өзгергенде жоспардан тыс нұсқау өткізіледі.
Ағымды нұсқау ауысым шебері тарапынан ауысым сайын жұмыс алдында жүргізіледі. Цехқа жұмысқа станокшы ретінде немесе мамандығы жоқ кісілер қабылданғанда жеке өндірістік оқудан өтеді. Олар білікті қызметкерге тапсырылады және бас инженер тарапынан бекітілген бағдарлама бойынша оқытудан өтеді, кейін біліктілік комиссиясына дәреже алу үшін емтихан тапсырады.
Жоғарыда аталған нұсқаулардың бәрі арнайы журналда жазылады. Цехтағы еңбек қорғаудың күйіне қоғамдық нұсқау жауапты. Қоғамдық нұсқаушы кәсіподақтық жиналыста ашық дауыс беру арқылы сайланады.
Еңбекті қорғау жөнідегі комиссия зауыттық кәсіподақ комитеті жанында алдын ала жасалған жоспар бойынша жұмыс істейді, бес жұмысшыға қауіпсіздік техникасы жөніндегі бір қоғамдық бақылаушы болуы қажет. Ішкі ведомстолық қадағалау қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер тарапынан жүзеге асады.
Жабдықтың жөндеуіне байланысты болған жұмыстардың кезінде қауіп жөнінде хабарлайтын жазулары бар тақталар қолданылады. Электр қондырғыларымен байланысты жұмыстар кезінде олардың электр жүйесінен ажыратылатын жерлерінде «Қоспаңыздар, адамдар жұмыс істеп жатыр!» деген жазуы бар тақталар ілінеді. Электр жабдығын жөндгеннен кейін осы жабдықпен жасалған жөндеу жұмыстарының өндірісіне жауапты кісі оның қосылуын және іске асуын тексереді.
Еңбек қорғау мен еңбек қауіпсіздігі туралы негізгі түсініктемелер толық көлемде келесі құқықтық жəне нормативтік құжаттарда көрсетіледі: «Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік туралы заң», «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі» жəне т.б. Кез - келген адамның практикалық қызметтерінде көрініс табатын құжаттардың бірнеше түріне тоқтала кетейік. Бұл анықтамаларды білу адамның еңбек үрдісі жəне басқа қызметтерде өмір сүруімен байланысты мəселелерді тереңінен түсінуге мүмкіндік береді.
«Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің» 1- тарауында еңбек қорғау
түсінігіне келесідей анықтамалар беріледі: – бұл еңбек қызметі үрдісінде жұмысшылар өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның құрамына құқықтық, əлеуметтік – экономикалық, техникалық – ұйымдастырушылық, санитарлы – эпидемиологиялық, емдеуші профилактикалық, реабилитациялық жəне басқа шаралар мен құралдар кіреді.
Бұл анықтама еңбек қауіпсіздігі анықтамасымен үндес болып келеді – шаралар кешенімен қамтамасыздандырылған, еңбек қызметі үрдісінде жұмысшыларға өндірістік жəне зиянды факторлардың əсер етуіне жол бермейтін жұмысшылардың қорғалу жағдайы.
Бұл екі анықтамадан көретініміз еңбектің ең негізі екені, ол материалдық, рухтық жəне де басқа да адам өмірі мен қажеттілігін қанағаттандыратын құндылықтарды құруға бағытталған адамның қызметі. Еңбектің осы анықтамасына байланысты адамның қызмет ету сферасы көпжақты: білімдік, спорттық, мəдени, құрылыстық жəне т.б.
