Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эволюция шпорррррр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146 Кб
Скачать
☆

17 Билет

  1. Табиғи сұрыпталудың эволюциядағы мәні

Табиғи сұрыпдалу-эволюциялық процестің негізін қозғаушы күші.Ол популяциялар санын көбейтіп гендік құрамының алуан түрлілігін арттыруға жеткізетін түрдің кең таралып орналасуы кезінде ойдағыдай өтеді.Мұпдай жағдайларда сұрыпталу мүмкіндіктеріөрістей түседі.Табиғи сұрыпталудың қарқындылығымен бағыты жылдың әр маусымында жыл сайын өзгеріп отырады.Бұлособьтардың биологиясымен тіршілік жағдайларының ауытқуына байланысты жүреді.

Табиғи сұрыпталудың кезінде айналадағы орта жағдайлары сұыптаушы фактор болып табылады.Осыған орай табиғи сұрыпталу тек популяциялар мен түрдің толық пайдасы үшін ғана әсер етеді.

Табиғи сұрыпталу органикалық дүниенің бүкіл тарихы барысында жерде тіршілік пайда болғаннан бері жүруде . Табиғи сұрыпталу мен қолдан сұрыпталу бір-бірімен тығыз байланысты: жануар тұқымдары мен өсімдіктер сортарына қолдан сұыпталудан басқа табиғи сұрыпталу да әсер етуде.

  1. Онша мамандалмаған ата тектен пайда болу ережесі, мысал келтір.

  2. Анаболия. Оның эволюциялық маңызы.

Анаболия — дамудың соңғы фазасында болатын филогениялық өзгеру жолы. Анаболия, немесе дамудың соңғы сатысындағы қондырма. Анаболия кезінде белгілі органның жеке дамуы ата-тегіндегідей жүреді. Ал, дамудың аяқ кезінде қондырма ретінде осы оргаға өзгеріс енеді.Сарган деп аталатын балықтың дамуы жануарлардағы анаболияны түсіндіру үшін мысал бола алады. Сарган езіне жақын балықтардан жақ аппаратының қүрылысы женінен ажыратылды. Оның екі жағы да ілгері карай сорайып шығып, тұмсык, құрап тұрады , және мұның астыңғы жағы үстіңгі жағынан бір шама ұзын. Сарганның онтогенезін зерттегенде жеке дамуының ең басында ұзындығы 10 ммэмбрионының жақтары сорайған ұзын емес, оның астыңғы жағы үстіңгі жағынан болмашы ғана ұзындау болатындығы анықталды. Сарганға туыстас балықтардың бәрінің жақтары, мысалы атеринканікі де осындай, олардың ересектерінде де сол қалпын сақтайды. Ал саргандағы жағдай басқаша, оның ұзындығы 21 мм келетін шабағының төменгі жағы сорайып өсіп, үстіңгі жағынан әлденеше рет үзын болып кетеді. Кейінірек шабақтың ұзындығы тоғыз сантиметрге жеткенде үстіңгі жағы ұзарып өсе бастайды, бірақ мұның өсуі, астыңғы жағының өсуінен баяу болады. Үстіңгі және астыңғы жақтардың осындай қалпы гемирамфустың ересек особьтарында болады. Бұл мысалдан, сарганда атеринкаға қарағанда, жеке даму барысында өкі жаңа фаза — гемирамфус фазасы және ересек сарган фазасы қосылатыны көрінеді. Сөйтіп, сарганның жақ аппараты анаболия жолымен дамиды, яғни.онтогенездің аяғында қондырма пайда болады; мұнда атеринкамсіі салыстырғанда екі қондырма болды

4.Эволюцияның қайтымсыздық ережесі, мысал келтір

Эволюция- қайтымсыз процесс екендігін кезінде Ч. Дарвин «Тіпті тіршілік еткен ортасы қайтадан  бұрынғыдай болып қайталанғанмен жойылған түр  еш уақытта  қайта қалпына келмейді»- деп жазды.

Дельфиннің, киттің ескектерінің ішкі  құрылысында сүтқоректілерге тән 5 саусақты аяқтың негізгі белгілері сақталған. Мутацияның нәтижесінде, популяцияның гендік қоры ылғи жаңарып отыратындықтан еш уақытта өткен

ұрпақтың гендік қорын қайталамайды. Әйтеуір, бір кезде қарапайым қосмекенділерден  бауырымен жорғалаушылар пайда болса, бауырымен жор-

ғалаушылардан қайтадан қосмекенділер шықпайды.

Өсімдіктердің Қырымда өсетін мәңгі жасыл бұташық-кірпішөпті мысалға алайық. Оның сабағында жылтыр қалың жапырақтары бар. Кірпішөптер ертеректе құрғақшылыққа бейімделіп, жапырақтары суды көп буландырмас үшін жойылған. Қайтадан ылғалды ортаға ауысқанда жапырақтарының орнына жапырақ пішінді бұтақтар пайда болған.

Эволюцияның бір қалыпты еместігі.

Жүздеген миллион жылдар бойы жер бетінде ешқандай өзгеріссіз тіршілік етіп жатқан организмдер де бар, оған қылышқұйрық, саусаққанатты балықтар, гаттерия жатады. Бұларды екінші  сөзбен “тірі қазбалар” дейді.

№ 17 ЕМТИХАН БИЛЕТІ