- •Эволюцияның шегі.......
- •Ч. Дарвин ілімінің алғы шарттары. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі, негізгі қағидалары.Эссе жазыңыз.
- •Онтогенез эволюциясында екінші реттік қарапайымдануға мысал келтір.
- •Табиғи сұрыпталудың түрлерін ата.
- •Аралық формалар, оларға мысал келтір. Бар
- •Ч. Дарвин ілімінің алғы шарттары. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі, негізгі қағидалары.Эссе жазыңыз.
- •Дизруптивті (бөлшектегіш) сұрыпталудың механизмі.
- •Адаптация – табиғи сұрыптаудың салдары. Адаптацияның классификациясы. Эссе жазыңыз.
- •Физиологиялық адаптацияға мысал келтір.
- •Сұрыпталудың интенсивтілігі нені көрсетеді?
- •Адаптация – табиғи сұрыптаудың салдары. Адаптацияның классификациясы. Эссе жазыңыз.
- •Дизруптивті (бөлшектегіш) сұрыпталудың механизмі.
- •Күрделі адаптацияға мысал келтір.
- •Аналогты органдар, оларға мысал келтір.
- •Мутация және оның түрлері. Ба
- •Макроэволюция. Макроэволюция заңдалақтары және негізгі бағыттары.Эссе жазыңыз.
- •Мүшелер мен функциялар эволюциясы. Мүшелер қызметінің сандық өзгеруі, мысал келтір.
- •Тұрақтандыршы сұрыпталудың механизмі.
- •Аналогты органдар, оларға мысал келтір.
- •Макроэволюция. Макроэволюция заңдалақтары және негізгі бағыттары.Эссе жазыңыз.
- •Макроэволюция. Макроэволюция заңдалақтары және негізгі бағыттары.Эссе жазыңыз.
- •Онша мамандалмаған ата тектен пайда болу ережесі, мысал келтір.
- •Үркіткіш рең, оның мысалдары. Бар
- •10Билет
- •Макроэволюция. Макроэволюция заңдылықтары және негізгі бағыттары.Эссе жазыңыз.
- •2.Эволюцияның қайтымсыздық ережесі, мысал келтір
- •3.Мимикрияға, оның мысалдары.
- •5.Табиғи сұрыпталудың түрлерін ата.
- •6. Зооценоз деген не?
- •11Билет
- •Онтогенез - филогенез негізі.
- •2.Популяциялық толқындар эволюцияның элементарлы факторы ретінде
- •3.Физиологиялық адаптацияға мысал келтір.
- •4.Корреляциялық өзгергіштік.
- •5.Геномдық мутация дегеніміз не?
- •6.Экожүйенің анықтамасы
- •12Билет.
- •Биосфера эволюциясы. Оның кезеңдері.
- •2.Прогресс құбылысының классификациясы. Биологиялық (экологиялық) прогресс, мысал келтір.
- •3.Мутациялық өзгергіштіктің себептері.
- •4.Тұрақтандыршы сұрыпталудың механизмі.
- •5.Экожүйе дегеніміз не?
- •6.Аналогты органдар, оларға мысал келтір.
- •13Билет
- •Болашақта адам эволюциясының жолдары қандай болуы мүмкін?
- •2.Прогресс құбылысының классификациясы. Шексіз прогресс, мысал келтір.
- •3.Модификациялық өзгергіштік. Мысал келтір.
- •4.Бірінші реттік сукцессия
- •5.Фитоценоз дегеніміз не?
- •6.Биогеоценоз неден тұрады? Терминді енгізген ғалым.
- •14Билет
- •Экожүйе эволюциясының проблемалары. Экожүйенің эволюциясы.
- •Мүшелер мен функциялар эволюциясы. Мүшелердің көпфункционалдылығы, мысал келтіріп түсіндір.
- •Екінші реттік сукцессия –
- •Конвергенция дегеніміз не? Мысал келтір
- •Биоценоз дегеніміз?
- •Үркіткіш рең, оның мысалдары.
- •15 Билет
- •Нomo туысының эволюциясының негізгі сатылары.
- •2.Мүшелер мен функциялар эволюциясы. Мүшелер қызметінің сандық өзгеруі, мысал келтір.
- •3.Мимикрияға, оның мысалдары.
- •5.Табиғи сұрыпталудың түрлерін ата.
- •6. Зооценоз деген не?
- •16 Билет
- •Саналы адамның нәсілдерге дифференциациясы?
- •Моңғолоидтік нәсілдерге тән белгілер
- •Эволюцияның негізгі бағыттарының алмасып отыру ережесі, мысал келтір.
- •Корреляциялық өзгергіштік.
- •Геномдық мутация дегеніміз не?
- •Экожүйенің анықтамасы
- •Физиологиялық адаптацияға мысал келтір.
- •17 Билет
- •Табиғи сұрыпталудың эволюциядағы мәні
- •Онша мамандалмаған ата тектен пайда болу ережесі, мысал келтір.
- •Анаболия. Оның эволюциялық маңызы.
- •4.Эволюцияның қайтымсыздық ережесі, мысал келтір
- •Табиғи сұрыпталудың эволюциядағы мәні.
- •Онша мамандалмаған ата тектен пайда болу ережесі, мысал келтір.
- •Анаболия. Оның эволюциялық маңызы.
- •Эволюцияның қайтымсыздық ережесі, мысал келтір
- •Модификациялық өзгергіштік[өңдеу]
- •Сақиналы құрттардың эволюциясы.
Эволюцияның қайтымсыздық ережесі, мысал келтір
эволюция бағытының кері қайтпайтындығы — оны 1883 жылы Л.Долло тұжырымдаған. Бұл ереже бойынша тарихи даму барысында қандай да болмасын бір топ өздері жүріп өткен бұрынғы қалпына қайтып оралмайды. Бұл ереженің генетикалық негізі болып бір-біріне ұқсас екі генофондтардың (генотиптердің) пайда болу ықтималдығының өте аз мөлшерде болуы, тіпті болмауы саналады. Дегенмен, филогенез барысында кері мутациялардың пайда болуы арқасында ертеде кездескен кейбір қарапайым белгілердің қайталануы мүмкін.агзалардың прогрессивтік мамандануы — оны 1876 жылы Ш.Депре тұжырымдаған. Осы типпен эволюцияланушы топ әрі қарай мамандануды терендетіп дамиды. Бұл ереженің генетикалық негізі ретінде бір топ генофоңцының шектеулі болуын және оның нақтылы адаптивтік аймақ факторларының әсерінен қалыптасатындығын айтуға болады.
№ 18 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
Эволюцияның элементарлы факторлары
Дарвин негізін қалаған эвлюциялық теорияның негізгі қағидалары күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ, қайта жаңадан қолдау тауып дамытылуда.Мутатциялар мен комбинациялар өзгергіштері туралы ілімді терең талдап олардың пайда болуы механизмдері зерттелуде.Табиғи сұрыпталу әсеріне экспериментті жолмен зерттеулер жүргізілуде. Эволюцияның жаңа факторлары айқындала түсуде, олардың қатарына популяциялық толқындар немесе тіршілік толқындарын жатқызуға болады.Табиғи популяциялар мөлшері үнемі ауытқып тұрады: популяциядағы особьтар саны бірде кеміп бірде артумен болады.Бұл процестер бір-біріне азды-көпті ретпен алмастыра алады,сондықтан оларды тіршілік толқыны немесе популяциялық толқын деп атайды. Олар бір жағдайларда жыл маусымдарына байланысты болады. Енді бір жағдайларында толқындар едәуір ұзақ мерзімінен соң байқалып климат жағдайларының немесе азық молшылығының ауытқуына байланысты болып шығады. Кейде популяциялар мөлшерінің өзгеруінен ормандағы өрт, су тасқыны, өте қатты аяз немесе қуаңшылық себепші болып табылады. Бұл толқындар популяциядағы сирек кездесетін гендер мен генотиптер концентрациясын мүлде кездейсоқ және шұғыл өзгертеді.Толқындар бәсеңсіген кезеңде бір қыдыру гендер мен генотиптер толық жойылып кетуі мүмкін, ол кездесоқ және оларды биологиялық құндылығына тәуелсіз жүзеге асырады.Ал басқалары да кездейсоқ қалып қояды сөйтіп популяцияның мөлшері жаңадан артқан кезде өзінің концентрациясы да шұғыл көтеріледі. Мутациялық процесс тәрізді популяциялық толқындар да кездейсоқ бағытсыз тұқым қуалайтын материалды тірілшілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталуға жүргізіп береді.Оқшаулану да, яғни особьтардың еркін будандасуына түрлі-түрлі кедергілердің пайда болуы эволюциялық факторларға жатады.Ол бір түрдің саналуан популяцияларының гендік құамында маңызды айырмашылықтар пайда болуына яғни популяциялардың үсті -үстіне оқшаулана түсуіне жеткізеді.Қарастырылған факторлардың барлығы да эволюциялық процесті белгелі бір жаққа бағыттай алмады. Олар популяциялардағы әртүрлі генотиптердің концентрациясын арттырады немесе кемітеді, сөйтіп табиғи сүрыпталудың тиімділігне әсерін тигізеді. Табиғи сұрыпталу бірден-бір бағыттаушы маңызы бар эволюциялық фактор болып табылады, өйткені ол нақтылы жағдайларына байланысты жүретіндіктен, түрлердің тіршілікке бейімдейді.Табиғи сұрыпталудан жаңа популяциялар, сондай-ақ одан әрі түр тармақтары мен түлер пайда болады.
Филогенетикалық реликтілерге мысал келтір. Олардың сақталып қалу себептері.
Популяциялық толқындар оның түрлері.
Популяциялық толқындар дегеніміз' - бұл популяциядағы дарақтар санының өзгеруі. "Популяциялық толқындар" ұғымын және тіршілік толқыны деп атап, С.С.Четвериков енгізді. Сандар мөлшерінің ауытқуы жыл маусымдарына, апаттарға және табиғи өзгерістерге, адамның араласуына, жыртқыштар мен паразиттер санының өзгеруіне және т.б. байланысты болуы мүмкін. Популяциялық толқынның негізгі эволюциялық рөлі мынадай: толқынның қарбалас кезінде сұрыптауда орасан көп таңдау жасауға болады, өйткені жануарлар көп және олар тіршілік үшін күрес тіршілік етудің соншалықты шиеленісуіне тек қана ең бейімділері тірі қалады. Сөйтіп, "популяциялық толқын" табиғи сұрыпталудың үдерісін тиімдірек етеді. Популяциялық толқындарды зерттеу кезінде көрсетілген тағы бір маңызды проблема - түрлердің экологиялық және эволюциялық сандар мөлшеріне тәуелділігі. Мысалы, жыртқыштар және олардың олжалары, паразиттер және иелері, қоректік бәсекелестік жағдайларындағы жақын туыстас түрлер және т.б. Қояндар өте қатты түраралық күрес жағдайларында болып шығады. Бұдан соң жыртқыштар қояндардың барынша мүмкіндігі бар санын жояды да тақыршылықтан көп мөлшерде өле бастайды. Гендердің ығуы - саны аз оқшауланған популяциялардағы аллельдер жиілігінің кездейсоқ, бағытсыз өзгеруі. Бұл құбылыс тек қана өте аз санды дарақтары бар популяцияларда өте алады. Егер өте аз дарақтар көбейетін болса, онда мейоздық ығу деп аталатын құбылыс пайда болатын екен. Ондайда ұрықтануға кездейсоқ үдерістер барысында белгілі генотиптері бар гаметалар көбірек қатысады. Сонымен бірге бұл мүлде жақсы емес генотип болуы мүмкін. Яғни популяцияның саны көп болғанда оның дарақтары, демек олардың фенотиптері мен генотиптері табиғи сұрыпталудың әрекетіне ұшырайды. Бұл жағдайлардағы кездейсоқтықтың алғашқылар да болады, бірақ ол шешуші рөл атқармайды, өйткені кездейсоқ сирек кездеседі және соңғы нәтижелерді анықтай алмайды. Популяциядағы кездейсоқтың бірнеше нашар бейімделген дарақтарды тірі қалдыруы мүмкін. Егер популяция көп санды болса, наашр бейімделген көптеген дарақтары "кездейсоқ сақтала" алмауы мүмкін. Саны аз популяцияда мұндай әсердің болуы мүмкін, сондықтан ол гендер ығуы деп аталады. Гендер ыққан кезде әдетте популяцияның гомозиготалығы аллельдердің әлдебіреуінде артады. Бұл дарақтардың аздығы себепті жақын туыстылардың шағылысуы нәтижесінде өтеді. Біртіндеп, егер тіпті бұл аллель сұрыптауда жойылуыға тиісті болса да популяция түгел белгілі ген (аа) бойынша гомозиготалы бола бастайды. Бұл тірішілік етуге икемдігі аз популяциялар да пайдасыз, өйткені олар көбнесе генетикалық сақтаманы құрайды. Мекен ету жағдайлары өзгерген жағдайда бұл бұрын зиянды аллель немесе генотип, мысалы, аа пайдалы болып, түрдің одан әрі тірі қалуын қамтамасыз етуі де мүмкін. Атап айтқанда аралдағы қанатсыз құжынақтар (бунақденелілер) түрі, сірә, осылай қалыптасқан шығар. Гендердің ығу құбылысы біріне - бірі байланыссыз кеңестік және америкалық генетиктері ХХ ғасырдың 40-жылдары ашып, сипаттап жазылған.
Мимикрияға мысал келтір. Бүркеніш рең, мимикрия – жануарлардың барлық топтарында болатын бейімділіктің бір түрі. Жануарлар эволюциябарысында табиғи сұрыпталып, сыртқы орта жағдайына бейімделіп отырады. Осының нәтижесінде жануарлар жауларынажем болмауға, жемтігін көрінбей барып ұстауға, қауіпсіз көбеюге мүмкіндік алады. Бүркеніш рең жасырушы рең,сақтандырушы (үркітуші) рең, қорғаныш рең болып үш топқа бөлінеді.
Жасырушы рең – жануарлардың дене пішіні мен реңінің айналадағы ортаның түсіне сәйкес келуі. Мысалы, шөп арасында жүретін жәндіктердің реңі сол жердің өсімдігі түстес (тропиктік орманда тіршілік ететін жыландарды ондағы шырмауықтардан ажырату мүмкін емес), мәңгі жасыл ормандағы жануарлар жасыл түсті, құмдағы жануарлар сарғыш түсті болады. Кейбір жануарлар (қоян, тиін, сасық күзен, т.б.) қыста ақ, жазда қоңырқай түсті келеді. сақтандырушы (үркітуші) рең – көбінесе улы және шағатын жәндіктерге тән белгі. Улы жылан, сона және аралар әр түрлі жолақты ашық реңді болуына байланысты бірден ерекшеленіп көзге түседі. Бұлардың денесінде улы немесе жағымсыз иісті зат болғандықтан, жаулары жоламайды. Мысалы, бұзаубастың үстіңгі қанаты жасырушы реңді, астыңғы қанаттары сақтандырушы реңді болады. Қауіп төнген кезде, алдыңғы қанаттарын көтереді де, астындағы ашық түсті сақтандырушы реңді қанаттарын жайып, жауын үркітіп жібереді.
Қорғаныш рең – қауіпсіз жәндіктердің пішіні мен түсі, мінез-құлығы жағынан улы, шағатын, қауіпті жәндіктерге ұқсастығы. Мысалы, балшықшы сауысқан, т.б. құс жұмыртқасының түсі мен пішіні қиыршық жұмыр тасқа ұқсас болады. Жауынан қорғана алмайтын усыз, жыртқышқа жеуге жарамды кейбір жәндіктер, улы, жыртқышқа, жеуге жарамсыз жәндіктерге ұқсас келеді. Жануарлардың қимылы, ұшып-қону ерекшеліктері де жауынан бүркемеленудің бір түрі болып табылады. Мысалы, кейбір көбелектер ағаштан үзіліп түскен жапырақ тәрізді ұшады. Өсімдіктер бүркеніші негізінен пайдалы жәндіктерді өзіне тарту не зиянды жануарларды үркіту, сескендіру бағытында дамиды. Бұл организмді түгел қамтымайды, тек белгілі бір органда пайда болады. Мысалы, белозор (Раrnassіa) өсімдігінің гүлі шырынсыз болғанымен, ол бал шырынды өсімдіктерге ұқсас. Жәндіктер онда шырын бар деп қонып, гүлін тозаңдандырады. Орхидеяның гүлі тозаңдандырушы жәндіктердің ұрғашысына ұқсас болғандықтан, олардың еркегі оған қонып, тозаңдандырып кетеді. Бүркеніш реңнің жануарлар тіршілігінде маңызы өте зор. Әр түрлі пішін мен бүркеніш реңдер жануарлардың сол ортаға бейімделгендігінің нәтижесі болып табылады
Дизруптивті (бөлшектегіш) сұрыпталудың механизмі.
Сұрыпталудың бұл түрі орта жағдайларына кенеттен күрт өзгеруі кезінде байқалады. Ағылшынша дизрупт- бөліп тастау деген ұғымды білдіреді. Папуляциядағы генотип топтардың бір-бірінен артықшылығы болмайды бұл кезде бірнеше белгінің қалыпты жағдайдан ауытқуы байқалады да түр жекелеген топтарға, жекелеген топтар жеке дараларға бөлінеді.Сұрыптаудың бұл түрі өсімдіктерде жиі кездеседі.
Дегенерация – Дегенерация(лат. degenero – біртіндеп жойылу) – табиғаттағы тірі организмдердің эволюциялық даму бағытының бірі. Кейінгі кезде дегенерацияны катагенез және регресс деп те атап жүр. Табиғаттағы кейбір түрлердің көбейіп, таралу аймағының ауқымды болуы – сол түрлердің құрылымдық деңгейінің қарапайымдала түсуіне әкеліп соғады. Жалпы дегенерация биологиялық прогреске жол ашады. Бұл көп жағдайда паразитті немесе бір орында бекініп тіршілік ететін түрлерге тән. Мысалы, паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамыры, жапырақтары болмағандықтан, фотосинтез процесі жүрмейді. Мұндай өсімдік түрлері тек өздері бірге тіршілік ететін иесінің есебінен өсіп, көбейеді. Паразитті тіршілік ететін таспа құрттардың (өгіз және шошқа цепендері) сезім, ас қорыту мүшелері жойылған, ал жүйке жүйесіқарапайымдала түскен, оның есесіне өзіне ғана тән сорғыштары, тісшелері, бекитін қармақшалары, т.б. жақсы дамыған. Сол мүшелері арқылы олар өз иесінің ішегіне бекініп тіршілік етеді. Мұндай құрттардың жыныс мүшелері өте жақсы дамыған. Мысалы, өгіз цепені өзінің 18 – 20 жылдық тіршілік ету кезеңінде 11 млрд-қа жуық жұмыртқа береді. Соның нәтижесінде олар табиғатта кеңінен таралып, өз түрін сақтап қалады. Дегенерация нәтижесінде организмдердің дербес дамуында жеке ұлпалардың және мүшелердің құрылым деңгейі қарапайымдала түседі. Мысалы, бақаның дернәсілінің (шөмішбалықтың) құйрығы бірте-бірте жойылып, ересек бақаға айналады;
№ 19 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
Төменгі сатыдағы көпклеткалылардың эволюциясы.
Тіршіліктің пайда болуы проблемасы биологиядағы әрқашан талас проблемалардың бірі болып келеді. Тірі дененің анорганикалық материядан пайда болуы жайында тікелей дәлелдемелер болмауына байланысты, мұны шешу қиын болды және бұл тіршіліктің пайда болуы жайында биологияға идеалистік ұғымдардың енуіне мүмкіндік береді. Идеалистер, ең алдыңғы қатардағы діни ілімдердің өкілдері құдайдың құдіретін қуаттап тезис ұсынады. Өсімдіктерді, жануарларды, адамды өлі инертті заттардан қазіргі біздің көріп жүргеніміздей толық бейнелі түрінде құдай жаратты деп түсіндірді. Насекомдар, құрттар және басқа да көп клеткалы организмдер өздігінен пайда болады деген ұғымдарды 17 ғасырдың орта кезінде италияндық ғалым Франческо Редидің жұмыстары жоққа шығарды. Ол етті ыдысқа салып бетін дәкемен жауып тәжірибе жасап шыбын личинкаларының шіріген еттен дамымайтындығын дәлелдеп береді. Тіршіліктің өздігінен пайда болуы жайындағы осы гипотезаны идеалистік бағыттағы ғалымдар ғана емес жаратылыс зерттеуші –матералистер де жақтады. Тіршіліктің пайда болуын Ламарк та жақтады, бірақ ол өлі заттан тірі организмдердің пайда болуы атышулы тіршілік күшінен деп таныған жоқ, оның себепшісі жылу, ылғал, жарық және электр сияқты табиғаттың материялы факторлары деп таныды. Тіршіліктің жер бетінде пайда болуы жайындағы осы кездегі теориялардың ішінен, қазіргі биохимиялық зертеулердің негізінде Энгельстің көзқарасын қолдап дамытып отырған тыянақтырағы академик А. И. Опариннің теориясы.
Филогенездің екініші реттік формалары: конвергенция және параллелизм.Эволюцияда дивергенцияға қарама-қарсы үдеріс - конвергенция (бірігу). Бұл - әр алуан ағзалардың бірдей тіршілік ортасының бірдей тіршілік жағдайларына көшкен кездегі ұқсас белгілерінің дамуы. Жалпы дене құрылысындағы, сондай-ақ жеке мүшелердің құрылысындағы ұқсастық конвергенция нәтижесі болып табылады. Мұндай мүшелер аналогиялық (ұқсас) мүшелер деп аталады. Олардың құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас, бірақ шығу тегі әр түрлі болады. Мысалы, өте шапшаң қозғалып, сулы ортада тіршілік ететін әр түрлі ағзалардың жүзбеқанаттары және дене пішінінің сүйір болуы. Акула (шеміршекті балықтар), ихтиозавр және мозазавр (теңіз және тұщы су жорғалаушылары), бүкіл сүйекті балықтар (су түбінде өмірсүретіндерінен басқа), сондай-ақ киттер мен дельфиндердің де (сүткоректілер) дене құрылысы осындай.Конвергенцияның айқын да нақтылы мысалы - қанат. Әр алуан жүйелеу тобының ұшатын өкілдерінің қанаттары мүлде басқа-басқа мүшелерге және дене бөліктеріне негізделген. Мәселен, бунақденелілердің (көбелектер, қоңыздар және т. б.) қанаты - дене жабынының катпары. Құстарда - қуатты қауырсындары бар алдыңғы аяқ. Жорғалаушыларда (птеродактили) және сүткоректілерде (жарғанаттар және ұшарлар) - тері қатпары; қанатты кесірткелерде - алдыңғы аяғы мен денесін, ұшарда - алдыңғы аяғы мен артқы аяғын және жарғанатта - алдыңғы аяғы мен құйрығын жалғастырады. Өсімдіктерде қылтан және тікен конверсияға мысал бола алады. Бір жағдайда жапырақ түр өзгерістері - тікен түрінде (кактус, жантақ), екінші жағдайда - өркен (долана), осындай түзілістер жемістерде (сасықмеңдуана, шоңайна) түрінде кездеседі. Параллелизм(Грек тілінен аударғанда «қатар жүру»)- деп туыстық жағынан өте жақын организмдердің ұқсас белгілерінің бір-біріне тәуелсіз дамуын айтады.
Анаболия. Оның эволюциялық маңызы. Анаболия — дамудың соңғы фазасында болатын филогениялық өзгеру жолы. Морфогенездің ортаңғы фазаларында болатын өзгерістердің онтогенездік жолы девиация делінеді. Архаллаксис органның эмбриондық дамуының ең басында болатын өзгерістер, осыған байланысты бүкіл морфогенез барысы кенет өзгереді.Филэмбриогенездің осы үш жолы туралы ұғым беретін нақтылы мысалдарды қарап өтейік. Анаболия, немесе дамудың соңғы сатысындағы қондырма. Анаболия кезінде белгілі органның жеке дамуы ата-тегіндегідей жүреді. Ал, дамудың аяқ кезінде қондырма ретінде осы оргаға өзгеріс енеді.Сарган деп аталатын балықтың дамуы жануарлардағы анаболияны түсіндіру үшін мысал бола алады. Сарган езіне жақын балықтардан жақ аппаратының қүрылысы женінен ажыратылды. Оның екі жағы да ілгері карай сорайып шығып, тұмсык, құрап тұрады , және мұның астыңғы жағы үстіңгі жағынан бір шама ұзын. Сарганның онтогенезін зерттегенде жеке дамуының ең басында ұзындығы 10 ммэмбрионының жақтары сорайған ұзын емес, оның астыңғы жағы үстіңгі жағынан болмашы ғана ұзындау болатындығы анықталды. Сарганға туыстас балықтардың бәрінің жақтары, мысалы атеринканікі де осындай, олардың ересектерінде де сол қалпын сақтайды. Ал саргандағы жағдай басқаша, оның ұзындығы 21 мм келетін шабағының төменгі жағы сорайып өсіп, үстіңгі жағынан әлденеше рет үзын болып кетеді. Кейінірек шабақтың ұзындығы тоғыз сантиметрге жеткенде үстіңгі жағы ұзарып өсе бастайды, бірақ мұның өсуі, астыңғы жағының өсуінен баяу болады. Үстіңгі және астыңғы жақтардың осындай қалпы гемирамфустың ересек особьтарында болады. Бұл мысалдан, сарганда атеринкаға қарағанда, жеке даму барысында өкі жаңа фаза — гемирамфус фазасы және ересек сарган фазасы қосылатыны көрінеді. Сөйтіп, сарганның жақ аппараты анаболия жолымен дамиды, яғни.онтогенездің аяғында қондырма пайда болады; мұнда атеринкамсіі салыстырғанда екі қондырма болды.Қазіргі уақытта биологиялық системалар интеграциялануына көптеген өзгерістер еніп жатыр. Себебі көптеген түрлер жойылып, ал басқа бір түрлер қолдан сұрыпталу нәтижесінде пайда болып отыр. Биологиялық жүйелердің тұрақталмауы – ол табиғи процесс. Себебі эволюция барысында оларға көптеген өзгерістер енеді.
Эволюцияның қайтымсыздық ережесі, мысал келтір
эволюция бағытының кері қайтпайтындығы — оны 1883 жылы Л.Долло тұжырымдаған. Бұл ереже бойынша тарихи даму барысында қандай да болмасын бір топ өздері жүріп өткен бұрынғы қалпына қайтып оралмайды. Бұл ереженің генетикалық негізі болып бір-біріне ұқсас екі генофондтардың (генотиптердің) пайда болу ықтималдығының өте аз мөлшерде болуы, тіпті болмауы саналады. Дегенмен, филогенез барысында кері мутациялардың пайда болуы арқасында ертеде кездескен кейбір қарапайым белгілердің қайталануы мүмкін.агзалардың прогрессивтік мамандануы — оны 1876 жылы Ш.Депре тұжырымдаған. Осы типпен эволюцияланушы топ әрі қарай мамандануды терендетіп дамиды. Бұл ереженің генетикалық негізі ретінде бір топ генофоңцының шектеулі болуын және оның нақтылы адаптивтік аймақ факторларының әсерінен қалыптасатындығын айтуға болады.
Үркіткіш реңге мысал келтір.
сақтандырушы (үркітуші) рең – көбінесе улы және шағатын жәндіктерге тән белгі. Улы жылан, сона және аралар әр түрлі жолақты ашық реңді болуына байланысты бірден ерекшеленіп көзге түседі. Бұлардың денесінде улы немесе жағымсыз иісті зат болғандықтан, жаулары жоламайды. Мысалы, бұзаубастың үстіңгі қанаты жасырушы реңді, астыңғы қанаттары сақтандырушы реңді болады. Қауіп төнген кезде, алдыңғы қанаттарын көтереді де, астындағы ашық түсті сақтандырушы реңді қанаттарын жайып, жауын үркітіп жібереді.
Гомологты органдар, оларға мысал келтір ( гр, сәйкестілік) шығу тегі мен құрылысы бірдей ұрық бастамасынан дамыған әр түрлі жануар мен өсімдік мүшесі.
№ 20 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
Сүтқоректілердің эволюциясы- Сүтқоректiлер(MAMMALIA) немесе аңдар класының негiзгi белгiлерi: тiрi туу, балаларын қоректендiру үшiн сүт бөлетiн сүт бездерiнiң болуы, дене қуысын төстi және құрсақты етiп диафрагмамен бөлу және жылықандылық. Бұл кластың маңызды ерекшелiгi – жоғарғы жүйке жүйесiнiң дамуы. Сүтқоректiлер эволюциясының шыңы болып адам туысы және саналы адам {Homo sapiens} түрi есептеледi. Сүтқоректiлердiң тарихи дамуы үш бағытта жүрдi: жұмыртқа салушы сүтқоректiлер, қалталы сүтқоректiлер және плацентарлы сүтқоректiлер. Тек плацентарлы дамыған төл туатын жоғарғы сүтқоректiлер, тiршiлiк үшiн күресте жеңiп шықты.Жұмыртқа салушы және қалталылар, австралиядан басқа континенттерде табиғи сұрыптауға түстi және жойылып кеттi.Жамылғысы кезеңдеп түлейтiн жүннен (өстен) және жүн астынан тұратын түктi. Терiде тер бездерi аз, майлы және иiстi бездерi бар. Сүт бездерi – емiзiктерi бар түр өзгерткен тер бездер.Сүтқоректілердің шығу тегінің көзі рептилиялар шежіресінің ең басында орналасатындығы дәлелденген және бұл кластың қазіргі өкілдерінің арасындағы байланыс өте әлсіз.Карбонда пайда болған пеликозаврлар қарапайым сүтқоректілердің ежелгі рептилиялық тегі болып саналатын топ. Бұл рептилиялардыңұйымдасуы өте төмен болды, бірақ синапсидті бассүйек( бір самайтжоғалы бір самай шұңқырлы) дами бастады.Рептилияларда пайда болып, бірақ ары қарай дамымай қалған неопаллиумның қарқынды түрде дамуы. Жаңа қыртыстың дамығандығы сонша, ол алдыңғы мидың сыңарларын толығымен жапты және күмбездің ескі бөлімдерін( архипаллиум мен палеопаллиум) алдыңғы мидың ішіне қарай ығыстырды.Сүтқоректілердің класс болып қалыптасуы көптеген миллиондаған жылдарға созылды.
Архалаксис, оның эволюциялық маңызы.Архаллаксис немесе бастапқы сатыдағы өзгерістер. Дамудың бастапқы фазасындағы өзгерістер әрқашан кенет және күшті ауытқуда болады. Бұл сияқты жағдайлардың бәрінде де органның филогениялық өзгерістері бүрынғы құрылымының кайта түзілуі болып табылмайды, жаңа түзіліс болып табылады.Архаллаксис жольшен бұрыннан бар құрылымдардың саны көбейеді, олардың орны ауысады, мүндағы ең негізгісі, жаңа он-тогенез бейнесінде тіпті басқаша жаңа құрылымдар пайда болады.Сүт қоректілерде түктің дамуы жануарлардағы архаллаксиске нақтылы мысал болады. Түк рептилиялардағы мүйіз қабыршақтың гомологы. Арғы тегін алғанда бүлардың бәрі плакоидті қабыршақтың туындысы. Ал, егер мүйіз қабыршақ девиация жолымен филогениялы дамыған болса, сүт қоректілердің түгі нағыз архаллаксис жолымен пайда болды.Тек түктің ең бастапқы даму фазасы ғана қабыршақтың бас-тапқы даму фазаларына үқсайды. Бұл эпидермис клеткаларының шоғырлану түрінде болады . Осымен онтогенездік процестердің үқсастығы аяқталады. Пайда болған зпидермис клеткаларының тобы дамып келе жатқан дәнекер тканьді емізікшенің түрткісімен сыртқа томпайып шығудың орнына терінің шын қабатына қарай тереңдеп төмен түсіп, одан былай түк өзінше дамиды. Соның нәтижесінде негізінен өзгеше құрылым пайда болады; мұның онтогенезінде плакоидты қабыршақтың құрылымының филогениялық дамуы қайталанбайды. Архаллаксис жолымен филогениялық өзгерістер органдардың эволюциясында кеңінен орын алады, бұл жануарларға қарағанда өсімдіктерде көп. Осы жолмен симметриялы орналасқан қрылымдардың саны артты, мысалы жапырақ шоғындағы (мутовка) жапырақ саны немесе андроцеядағы аталық саны артты.Қаралып өткен филэмбриогенездің негізгі үш жолын (модустарын) салыстыра келгенде Мюллер — Гекель заңын анаболия бейнесінде дамитын белгілерге толығымен қолдануға болатындығы көрінді. Ал, девиацияда оны онтогенездің бастапқы фазаларына ғана қолдануға келеді.Архаллаксиске биогенетикалық зан мүлдем колдануға келмейді.
Популяциялық толқындар оның түрлері.Популяциялық толқындар дегеніміз' - бұл популяциядағы дарақтар санының өзгеруі. "Популяциялық толқындар" ұғымын және тіршілік толқыны деп атап, С.С.Четвериков енгізді. Сандар мөлшерінің ауытқуы жыл маусымдарына, апаттарға және табиғи өзгерістерге, адамның араласуына, жыртқыштар мен паразиттер санының өзгеруіне және т.б. байланысты болуы мүмкін. Популяциялық толқынның негізгі эволюциялық рөлі мынадай: толқынның қарбалас кезінде сұрыптауда орасан көп таңдау жасауға болады, өйткені жануарлар көп және олар тіршілік үшін күрес тіршілік етудің соншалықты шиеленісуіне тек қана ең бейімділері тірі қалады. Сөйтіп, "популяциялық толқын" табиғи сұрыпталудың үдерісін тиімдірек етеді. Популяциялық толқындарды зерттеу кезінде көрсетілген тағы бір маңызды проблема - түрлердің экологиялық және эволюциялық сандар мөлшеріне тәуелділігі. Мысалы, жыртқыштар және олардың олжалары, паразиттер және иелері, қоректік бәсекелестік жағдайларындағы жақын туыстас түрлер және т.б. Қояндар өте қатты түраралық күрес жағдайларында болып шығады. Бұдан соң жыртқыштар қояндардың барынша мүмкіндігі бар санын жояды да тақыршылықтан көп мөлшерде өле бастайды. Гендердің ығуы - саны аз оқшауланған популяциялардағы аллельдер жиілігінің кездейсоқ, бағытсыз өзгеруі. Бұл құбылыс тек қана өте аз санды дарақтары бар популяцияларда өте алады. Егер өте аз дарақтар көбейетін болса, онда мейоздық ығу деп аталатын құбылыс пайда болатын екен. Ондайда ұрықтануға кездейсоқ үдерістер барысында белгілі генотиптері бар гаметалар көбірек қатысады. Сонымен бірге бұл мүлде жақсы емес генотип болуы мүмкін. Яғни популяцияның саны көп болғанда оның дарақтары, демек олардың фенотиптері мен генотиптері табиғи сұрыпталудың әрекетіне ұшырайды. Бұл жағдайлардағы кездейсоқтықтың алғашқылар да болады, бірақ ол шешуші рөл атқармайды, өйткені кездейсоқ сирек кездеседі және соңғы нәтижелерді анықтай алмайды. Популяциядағы кездейсоқтың бірнеше нашар бейімделген дарақтарды тірі қалдыруы мүмкін. Егер популяция көп санды болса, наашр бейімделген көптеген дарақтары "кездейсоқ сақтала" алмауы мүмкін. Саны аз популяцияда мұндай әсердің болуы мүмкін, сондықтан ол гендер ығуы деп аталады. Гендер ыққан кезде әдетте популяцияның гомозиготалығы аллельдердің әлдебіреуінде артады. Бұл дарақтардың аздығы себепті жақын туыстылардың шағылысуы нәтижесінде өтеді. Біртіндеп, егер тіпті бұл аллель сұрыптауда жойылуыға тиісті болса да популяция түгел белгілі ген (аа) бойынша гомозиготалы бола бастайды. Бұл тірішілік етуге икемдігі аз популяциялар да пайдасыз, өйткені олар көбнесе генетикалық сақтаманы құрайды. Мекен ету жағдайлары өзгерген жағдайда бұл бұрын зиянды аллель немесе генотип, мысалы, аа пайдалы болып, түрдің одан әрі тірі қалуын қамтамасыз етуі де мүмкін. Атап айтқанда аралдағы қанатсыз құжынақтар (бунақденелілер) түрі, сірә, осылай қалыптасқан шығар. Гендердің ығу құбылысы біріне - бірі байланыссыз кеңестік және америкалық генетиктері ХХ ғасырдың 40-жылдары ашып, сипаттап жазылған.
Мимикрияға мысал келтір.Бүркеніш рең, мимикрия – жануарлардың барлық топтарында болатын бейімділіктің бір түрі. Жануарлар эволюциябарысында табиғи сұрыпталып, сыртқы орта жағдайына бейімделіп отырады. Осының нәтижесінде жануарлар жауларынажем болмауға, жемтігін көрінбей барып ұстауға, қауіпсіз көбеюге мүмкіндік алады. Бүркеніш рең жасырушы рең,сақтандырушы (үркітуші) рең, қорғаныш рең болып үш топқа бөлінеді.Жасырушы рең – жануарлардың дене пішіні мен реңінің айналадағы ортаның түсіне сәйкес келуі. Мысалы, шөп арасында жүретін жәндіктердің реңі сол жердің өсімдігі түстес (тропиктік орманда тіршілік ететін жыландарды ондағы шырмауықтардан ажырату мүмкін емес), мәңгі жасыл ормандағы жануарлар жасыл түсті, құмдағы жануарлар сарғыш түсті болады. Кейбір жануарлар (қоян, тиін, сасық күзен, т.б.) қыста ақ, жазда қоңырқай түсті келеді. сақтандырушы (үркітуші) рең – көбінесе улы және шағатын жәндіктерге тән белгі. Улы жылан, сона және аралар әр түрлі жолақты ашық реңді болуына байланысты бірден ерекшеленіп көзге түседі. Бұлардың денесінде улы немесе жағымсыз иісті зат болғандықтан, жаулары жоламайды. Мысалы, бұзаубастың үстіңгі қанаты жасырушы реңді, астыңғы қанаттары сақтандырушы реңді болады. Қауіп төнген кезде, алдыңғы қанаттарын көтереді де, астындағы ашық түсті сақтандырушы реңді қанаттарын жайып, жауын үркітіп жібереді.Қорғаныш рең – қауіпсіз жәндіктердің пішіні мен түсі, мінез-құлығы жағынан улы, шағатын, қауіпті жәндіктерге ұқсастығы. Мысалы, балшықшы сауысқан, т.б. құс жұмыртқасының түсі мен пішіні қиыршық жұмыр тасқа ұқсас болады. Жауынан қорғана алмайтын усыз, жыртқышқа жеуге жарамды кейбір жәндіктер, улы, жыртқышқа, жеуге жарамсыз жәндіктерге ұқсас келеді. Жануарлардың қимылы, ұшып-қону ерекшеліктері де жауынан бүркемеленудің бір түрі болып табылады. Мысалы, кейбір көбелектер ағаштан үзіліп түскен жапырақ тәрізді ұшады. Өсімдіктер бүркеніші негізінен пайдалы жәндіктерді өзіне тарту не зиянды жануарларды үркіту, сескендіру бағытында дамиды. Бұл организмді түгел қамтымайды, тек белгілі бір органда пайда болады. Мысалы, белозор (Раrnassіa) өсімдігінің гүлі шырынсыз болғанымен, ол бал шырынды өсімдіктерге ұқсас. Жәндіктер онда шырын бар деп қонып, гүлін тозаңдандырады. Орхидеяның гүлі тозаңдандырушы жәндіктердің ұрғашысына ұқсас болғандықтан, олардың еркегі оған қонып, тозаңдандырып кетеді. Бүркеніш реңнің жануарлар тіршілігінде маңызы өте зор. Әр түрлі пішін мен бүркеніш реңдер жануарлардың сол ортаға бейімделгендігінің нәтижесі болып табылады
Жасырушы (криптикалық) реңге мысал келтір Жасырушы рең – жануарлардың дене пішіні мен реңінің айналадағы ортаның түсіне сәйкес келуі. Мысалы, шөп арасында жүретін жәндіктердің реңі сол жердің өсімдігі түстес (тропиктік орманда тіршілік ететін жыландарды ондағы шырмауықтардан ажырату мүмкін емес), мәңгі жасыл ормандағы жануарлар жасыл түсті, құмдағы жануарлар сарғыш түсті болады. Кейбір жануарлар (қоян, тиін, сасық күзен, т.б.) қыста ақ, жазда қоңырқай түсті келеді.
Мутациялық өзгергіштіктің түрлері. дегеніміз организмнің генотипінің өзгеруіне байланысты болатын, яғни тұқым қуалайтын өзгергіштік. Дарвин тұқым қуалайтын өзгергіштікті табиғи және қолдан сұрыптаудың алғы шарты деп есептеді. Бірақ Дарвиннің тұсында тұқым қуалаушылық туралы тәжірибе жүзінде алынған деректер және оның ұрпаққа берілу заңдылықтары белгісіз елі. Сондықтан әр түрлі формадағы өзгергіштіктерді тұқым қуалау тұрғысынан айыру мүмкін болмады. Өзгергіштіктің түрлері туралы мәселе XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде ғана ғылыми тұрғыдан дәлелденді. «Мутация» деген терминді ең алғаш 1901 жылы Голландия ғалымы Г де Фриз өзінің «Мутациялық теория » деп аталатын еңбегінде қолданды. Ол есек шөптің белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитындығын және бұл ауытқуардың тұқым қуалайтындығын байқады. Г де Фриздің теориясының кейбір мәселелері осы күнге дейін өз мәнін жойған жоқ..Олар: 1. Мутацияның кенеттен пайда болатындығы 2. Жаңадан пайда болған формалардың тұрақты келетіндігі 3. Мутациялардың сапалық өзгеріс болып саналатындығы 4. Мутацияның өзі әр түрлі бағытта – пайдалы да, зиянды да болатындығы 5. бір рет болған мутацияның қайтадан қайталана алатындығы. Бірақта Г де Фриздің қателік жақтары да жоқ емес. Ол табиғи сұрыптау мен мутацияны бір-біріне қарсы қойды.Яғни ол мутациядан кейін бірден жаңа түр пайда болады деп есептеді. Шын мәнінде мутация тұқым қуалайтын өзгергіштіктің негізі болып есептеді ал жаңа түр ұзақ уақыт сұрыпталудың нәтижесінде пайда болады. Мутациялар әр түрлі бағытта жүзеге асады. Олардың көпшілігі организмнің тіршілік қабілетін кемітіп жібереді. Кейде өлімге душар етеді, оны летальді мутация деп атайды. Жалпы мутацияны эволюциялық процесстің алғашқы материалдық негізі деп есептеу керек. Бірақ жеке мутациялар түрді өзгерте алмайды. Мутация жыныс жасушаларындағы және хромосома аппаратындағы өзгерістеріне байланысты бірнеше типке бөлінеді. Мутацияның типтері. Мутациялық процестің өзін секірмелі түрде, яғни кенеттен пайда болатын және индукциялық деп бөледі. . Мутация сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады, оларды мутагендер деп атайды. Мутагендердің үш түрі кездеседі. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық мутагендер. Физикалық мутагендерге радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәулелер, лазер сәулелері және т.б. жатады. Химиялық мутагендерге колхицин, этиленимин, никотин қышқылы және т.б. химиялық қосылыстар жатады. Олардың саны қазір 400-ден асады. Өте жоғары концентрациядағы кейбір гербицидтер мен пестицидтер де мутация тудыра алады. Сондықтан гербицидтер мен пестицидтерді шамадан тыс мөлшерде пайдаланбау қажет. Жасушадағы зат алмасу процесі кезінде түзілетін кейбір ыдырау өнімдері мен организмге тағам арқылы келіп түсетін радиоактивті заттарда да (мысалы, сүйекте жинақталатын стронций, т.б.) мутагендік қасиет болады. Оларды биологиялық мутагендер дейді. Мутациялық процесті табиғи жағдайда кенеттен пайда болатын секірмелі және мутагендік факторлармен арнайы әсер етуден пайда болған индукциялық деп екіге бөлуге болады. Мутацияның мұндай түрі организмде тұқым қуалайтын өзгергіштікті қолдан жасауға мүмкіндік туғызды. Мутациялар организмнің қандай жасушаларында пайда болатындығына байланысты генеративтік (жыныс клеткаларындағы) және сомалық (дене клеткаларындағы) болып екіге бөлінеді. Жыныс клеткаларында болатын мутация келесі ұрпаққа тікелей беріледі. Ал сомалық мутация жынысты жолмен көбейетін организмдерде айтарлықтай рөл атқармайды. Себебі дене клеткаларында пайда болатын өзгеріс ұрпаққа берілмейді. Жыныссыз жолмен көбейетін организмде бұл жағдай керісінше болады. Сомалық мутацияны зерттеудің обыр ауруының себептерін білуде маңызы зор. Қазіргі кезде қалыпты клеткалардың обыр клеткаларына айналуы сомалық мутация арқылы жүретіндігі туралы көптеген ғылыми деректер бар.
№ 21 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
Хордалылардың эволюциясы.
Өзгергіштік және олардың түрлері. Генетика тірі организмдердің тұқым қуалаушылық қасиетін ғана емес, олардың өзгергіштігін де зерттейді. Өзгергіштік деп организмдердің даму онтогенезінде жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қабілеттігін айтады. Бұл барлық тірі организмге тән қасиет. Өзгергіштіктің екі түрі болады: тұкым қуалайтын және тұқым қуаламайтын (модификациялық).
