Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эволюция шпорррррр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146 Кб
Скачать
☆
  1. Табиғи сұрыпталудың эволюциядағы мәні.

Егер түрге жататын өкілдер қасиеттері әртүрлі болғандықтан қоршаған ортаға тәуелділігі де әртүрлі болады. Көптеген өкілдердің бірқатарының қоршаған ортаға бейім ерекшеліктері болады. Демек, организмнің тіршілік қабілеттері де әртүрлі. Қандай да болмасын тіршілікке бейімділігі жоғарылау организмдер аман қалып арттарынан ұрпақ қалдырып отырады. Осылай бір организмнің қырылып кетіп, екінші біреулерінің аман қалып арттарынан ұрпақ қалдыруын табиғи сұрыптау деп атаймыз.

Сұрып атауын жабайы организмге қолданудың өзі шартты түрде. Себебі табиғи жағдайда қолдан сұрыптаудай ешкім сұрыптау жүргізбейді. Сұрыптау атауын Дарвин қолдан сұрыптаумен салыстырып қолданған. Мұндай аналогияның мәнісі табиғи сұрыптауда да, қолдан сұрыптау да сұрыптау материалы организмнің ұсақ, жеке өзгергіштіктері болып табылады. Демек, сұраптау нәтижесі біртіндеп жиналады. Сөйте тұра, қолдан сұрыптаудың бір ерекшелігі, оның нәтижесі біртіндеп болса да табиғи сұрыптаумен салыстыра, әлде қайда жылдам жүреді.

  1. Онша мамандалмаған ата тектен пайда болу ережесі, мысал келтір.

жана топтың (таксонның) қарапайым, маманданбағац топтардан келіп шығуы — оны 1904 жылы Э.Коп тұжырымдаған. Бұл ереже бойынша жаңа топтар тек қарапайым, маманданбаған топтардан келіп шығады. Оның негізі ретінде маманданбаған топтарда тіршілік үшін күрес әр алуан болатындығын және маманданбаған топтардан әр түрлі адаптациялардың пайда болатындығын айтуға болады.Казіргі органикалық дүние тірі ағзалардың көптеген топтарынан тұрады. Олардың құрылыстары, физиологиясы түрліше болғанымен бәрі бірге тіршілік етеді, демек олардың бәрінде де тіршілік үшін күрес сәтті болғаны. Тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде органикалық дүниенің бір тобы басым болып, ал екіншісі аз мөлшерде кездесіп отырған. Дегенмен де, шағын топ ағзаларына да экспансия, яғни кең таралу, жаңа мекен орталарын жаулап алып игеру қасиеті тән. Ал үшінші біреулері құрып жойылу күйінде болады.

  1. Анаболия. Оның эволюциялық маңызы.

Анаболия — дамудың соңғы фазасында болатын филогениялық өзгеру жолы. Морфогенездің ортаңғы фазаларында болатын өзгерістердің онтогенездік жолы девиация делінеді. Архаллаксис органның эмбриондық дамуының ең басында болатын өзгерістер, осыған байланысты бүкіл морфогенез барысы кенет өзгереді.Филэмбриогенездің осы үш жолы туралы ұғым беретін нақтылы мысалдарды қарап өтейік. Анаболия, немесе дамудың соңғы сатысындағы қондырма. Анаболия кезінде белгілі органның жеке дамуы ата-тегіндегідей жүреді. Ал, дамудың аяқ кезінде қондырма ретінде осы оргаға өзгеріс енеді.Сарган деп аталатын балықтың дамуы жануарлардағы анаболияны түсіндіру үшін мысал бола алады. Сарган езіне жақын балықтардан жақ аппаратының қүрылысы женінен ажыратылды. Оның екі жағы да ілгері карай сорайып шығып, тұмсык, құрап тұрады , және мұның астыңғы жағы үстіңгі жағынан бір шама ұзын. Сарганның онтогенезін зерттегенде жеке дамуының ең басында ұзындығы 10 ммэмбрионының жақтары сорайған ұзын емес, оның астыңғы жағы үстіңгі жағынан болмашы ғана ұзындау болатындығы анықталды. Сарганға туыстас балықтардың бәрінің жақтары, мысалы атеринканікі де осындай, олардың ересектерінде де сол қалпын сақтайды. Ал саргандағы жағдай басқаша, оның ұзындығы 21 мм келетін шабағының төменгі жағы сорайып өсіп, үстіңгі жағынан әлденеше рет үзын болып кетеді. Кейінірек шабақтың ұзындығы тоғыз сантиметрге жеткенде үстіңгі жағы ұзарып өсе бастайды, бірақ мұның өсуі, астыңғы жағының өсуінен баяу болады. Үстіңгі және астыңғы жақтардың осындай қалпы гемирамфустың ересек особьтарында болады. Бұл мысалдан, сарганда атеринкаға қарағанда, жеке даму барысында өкі жаңа фаза — гемирамфус фазасы және ересек сарган фазасы қосылатыны көрінеді. Сөйтіп, сарганның жақ аппараты анаболия жолымен дамиды, яғни.онтогенездің аяғында қондырма пайда болады; мұнда атеринкамсіі салыстырғанда екі қондырма болды.Қазіргі уақытта биологиялық системалар интеграциялануына көптеген өзгерістер еніп жатыр. Себебі көптеген түрлер жойылып, ал басқа бір түрлер қолдан сұрыпталу нәтижесінде пайда болып отыр. Биологиялық жүйелердің тұрақталмауы – ол табиғи процесс. Себебі эволюция барысында оларға көптеген өзгерістер енеді.