- •Тақырыбы: циклопентанпергидрофенантрен туындылары. Карденолидтер. Кальциферолдар
- •1.1 Жүрек гликозидтері (карденолидтер, буфадиеналидтер)
- •Буфадиеналидтер
- •Алу жолдары
- •Химиялық құрылысы мен фармакологиялық активтігі арасындағы өзара байланыс
- •Қант бөлігінің фармакологиялық активтігіне әсері
- •Агликонға тән реакция
- •Жүрек гликозидтерінің тазалығын анықтау
- •Жүрек гликозидтерінің сандық мөлшерін анықтау
- •1.2. Циклогексанолэтиленгидриндан қосылыстары (д тобының витаминдері – стериндер)
- •Физикалық қасиеті
- •Талдау әдістері, өзі екендігін анықтау
- •Сандық мөлшерін анықтау
1.1 Жүрек гликозидтері (карденолидтер, буфадиеналидтер)
Жүрек гликозидтері, жүрек ауруларын емдейтін талғамды кардиотоникалық әсері бар, негізгі дәрілік зат ретінде қолданылады.
Жүрек гликозидтері өте тұрақсыз заттар, қышқылдардың, сілтілердің, ферменттердің әсерінен ыдырап кетеді. Оларды қыздырғанда агликонға және қант бөліктеріне ыдырайтын екіншілік гликозидтер түзеді. Жүрек гликозидтерінің агликондары (гениндері) стероидты құрылыстан тұрады, яғни циклопентанпергидрофенантрен туындысы, ал көмірсулары қалдығы әр топтың заттарына тән өзгеріп келіп отырады, мысалы, 6-дезоксигексозалар, 2,6-дезоксигексоза немесе 3-0-гексозалардың метил эфирлері.
Олардың химиялық құрылыстары мен фармакологиялық әсерінің арасында үлкен байланыс бар. Биоактивтік қасиетті агликон көрсетеді. Көмірсулары бөлігі олардың сіңіру жылдамдығына әсерін тигізеді, яғни әсерлерін ұзартуға себебін тигізеді.
Жүрек гликозидтерінің стероидты агликонының көміртекті скелеті төмендегі ерекшеліктерімен жіктеледі:
а) А/В цис сақиналары
б) В/С – транс сақиналары
в) С/Д – цис сақиналары (басқа стероидтардан айырмашылығы)
г) 17β-жағдайда қанықпаған бес мүшелді лактон сақинасы болады (карденолидтер) – барлығы 23 көміртегі атомынан тұрады, немесе алтымүшелді екі қос байланысы бар лактон сақинасы (буфадиеналидтер) – барлығы 24 көміртек атомнына тұрады.
д) 3β , 14β және көбінесе 12β немесе 1, 5, 11, 16, 19 жағдайларда окси топ болады.
Агликондары бір-бірінен төмендегі кесте бойынша ажыратылады
Дигитоксигенин |
R |
X1 |
X2 |
X3 |
CH3 |
H |
H |
H |
|
Гитоксигенин |
CH3 |
H |
H |
OH |
Дигоксигенин |
CH3 |
H |
OH |
H |
Олеандригенин |
CH3 |
H |
H |
C CH3 |
Строфантидин |
O C H |
OH |
H |
H |
Қант бөлігі:
Карденолидтер 10 жағдайдағы R-на байланысты 2 топқа бөлінеді.
1
0
жағд. R-СН3
О
1
0
жағд. R – С
Н
Дигиталис тобы Строфант тобы
агликоны Дигитоксигенин агликоны Строфантидин
препараттары: Дигитоксин, препараттары:
Ацетилдигитоксин Строфантин, конваллотоксин
Дигоксин
Целанид
Буфадиеналидтер
Дәрілік препараттары:
Буфатоксин – (бақаның қабыршағынан алынады)
2. Сциларен А (теңіз пиязынан алынады)
3. Корельборин (морозник өсімдігінен алынады)
Агликоны - геллебригенин
Алу жолдары
Жүрек гликозидтері – табиғи дәрілік заттар. Алыну көзі – дәрілік зат өсімдік шикізаты және буфадиеналидтерді бақалардың терісінің кілегей қабатынан алынады. Осы уақытқа дейін жүрек гликозидтерінің синтетикалық препараттары алынбаған, тек алуға талпыныстар болған. Мысалы В.Г. Чернобай (ВНИИХТЛС) жүрек гликозидтері – конваллотоксиннің жартылай синтезін тапты. Н.К. Абубакиров, Ташкент қ. узарогенин агликонын синтездеді.
Өсімдік шикізатынан алу өте қиын, себебі өсімдіктердегі ферменттер өте лабильді заттар, оларға рН, to, уақыт әсер етеді. Жүрек гликозидтері өздерінің ферменттерінің әсерінен ферментативті ыдырауға ұшырайды, сондықтан өсімдік шикізатын жинаған соң, кептіріп, органикалық еріткіш буларымен ферменттерді инактивациялау керек. Өсімдік шикізатынан алудың тағы да бір қиындығы, онда гликозид өзі ғана емес суммарлы түрде кездеседі, экстракциялағанда балласты заттар да экстрагирленеді, содан олардың еруі нашарлайды.
Қазіргі кезде осы мақсатта негізінен хроматографиялық әдістер қолданылады, (препаративті хроматография).
Дигиталис тобының негізгі өсімдік шикізаты наперстянка пурпурная және түкті наперстянка. Наперстянка пурпурнаяда кездесетін (пурпуреогликозид А және В) нативті гликозидтен ферментативті ыдырау нәтижесінде (глюкоза молекуласының ыдырауы арқылы) дигитоксин түзіледі. Түкті наперстянкада нативті гликозид дигиналид А, В, С бар. Дигиланид С (целанид)-дан ферментативті ыдырау нәтижесінде дигоксин алынады, ал дигиланид А-дан – ацетилдигитоксин алынады.
Строфант Комбе тұқымынан (онда 2 гликозид бар – К строфактозид және К-строфантин β) – строфантин К алынады (жүрек гликозидтері қоспасы). Нативті гликозид – К-строфантозидтің ферментативті ыдырауы нәтижесінде (α-глюкозидаза ферменті арқылы) 1 молекула глюкозаға ыдырап К строфантин β түзіледі.

O