Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЦИКЛОПЕНТАНПЕРГИДРОФЕНАНТРЕН ТУЫНДЫЛАРЫ. КАРДЕН...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246 Кб
Скачать
☆

Физикалық қасиеті

Ақ түсті кристалды ұнтақтар, суда ерімейді, спиртте, эфирде, хлороформда, өсімдік майларында ериді. Жарыққа тұрақсыз, ауадағы оттегіге және басқа тотықтырғыш факторларға тұрақсыз.

Талдау әдістері, өзі екендігін анықтау

  1. Препаратқа хлороформ қатысында сурьма хлоридін қосқанда → қызыл-сары түс береді.

  2. ЖҚХ (ЖФ - CHCl3-ДМФА).

  3. Стероидты сақинаға тән Либерман-Бурхард реакциясы.

  4. Кальцийферолды дихлорэтанда еріткенде қызғылт-сары түс пайда болады

  5. Эргокальцийферол спирт қатысында концентрлі күкірт қышқылы мен қызғылт түс береді.

  6. Д витамині стероид сақинасының 3 жағдайдағы спирттік гидроксиліне байланысты күрделі эфирлер (ацетаттар, бензоаттар) береді, олардың өзіне тән балқу температурасы анықталады.

Сандық мөлшерін анықтау

ФЭК әдісімен анықтайды (сурьма хлоридімен түсті реакция бойынша).

Дзерт. · Cстанд. · 25 · d (тығыз преп.)

Х =

Дстанд. · а

Сақталуы: Б тізімі

Кальциферолдың құрылысы стериндердің құрылысымен тығыз байланысты, яғни ЦППФ туындысына жатады, айырмашылығы В циклі ашылған.

А мен В сақиналары өзара этиленді көпір арқылы байланысқан, 2 экзоциклді қос байланысы бар, осыған орай цис-транс изомериясы болады. Табиғи витаминдерде транс изомериясы болады. А циклінде гидроксил және метилен тобы болады. Қосылыстың қанықпағандығы өзіне тән физика-химиялық қасиеттер береді. Витаминдер бір-бірінен 17-жағдайда радикалы арқылы ажыратылады, яғни онда 8-10 көміртек атомы болуы керек.

Табиғи стериндер – кальциферолдардың провитаминдері, олар изомеризацияға ұшырап (фотолиз реакциясы)  витамин Д-ге айналады. Д витаминінің шығымы фотолиздің шартына байланысты жүреді: ҺV, tо-ұзақтығы, толқын ұзындығы, еріткішке және т.б. Көп уақыт фотолизге ұшыратса аткивтігі жойылады немесе улы стерин (токсистерин, супрастерин) түзіледі. Сондықтан фотолизді жүргізгенде шарттарын дұрыс қолдану қажет.

Иллюстративті материал:

- кестелер;

- презентация Microsoft Power Point.

Әдебиеттер:

1. А.П. Арзамасцев. Фармацевтическая химия: учебное пособие, 3-е изд., испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2006.-640с.

2.Беликов В.Г. Фармацевтическая химия. В 2-х ч: учебное пособие, 4-е изд., перераб. И доп. –М.: МЕДпресс-информ. 2007. -624с.

3.Руководство к лабораторным занятиям по фармацевтической химии: Э.Н. Аксенова, О.П. Андрианова, А.П. Арзамасцев и др. –М.: Медицина, 2001.- 384с.

4.Государственная фармакопея Республики Казахстан

5.Арыстанова Т.А., Ордабаева С.К. Стандартизация лекарственных средств. Учебное пособие. –Алматы, 2002.-98с.

Қазақ тілінде

  1. Бейсенбеков А.С. Фармацевтикалық химия оқулығы. Алматы, 1999.-440б.

Бақылау сұрақтары

  1. Қандай биологиялық белсенді заттар стероидтар деп аталады? Стероидтардың ағзадағы ролі

  2. Стеоидты қосылыстардың құрылымдық ерекшеліктері

  3. Стеоидты қосылыстардың дәрілік препараттарын атаңыз

  4. Жүрек гликозидтері, құрылысы, медицинада қолданылуы

  5. Стероидты қосылыстардың құрылымдық бөлігіне жүргізілетін қандай топтық реакцияларды білесіз?

  6. Стероидты циклге тән реакцияны атаңыз

  7. Стероидты қосылыстардың сандық мөлшерін анықтау әдістері

  8. Жүрек гликозидтерінің химиялық қасиеттері. Талдау әдістері

  9. Кальциферолдар. Жіктелуі

  10. Кальциферолдардың химиялық қасиеттері. Талдау әдістері