Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЦИКЛОПЕНТАНПЕРГИДРОФЕНАНТРЕН ТУЫНДЫЛАРЫ. КАРДЕН...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246 Кб
Скачать
☆

1.2. Циклогексанолэтиленгидриндан қосылыстары (д тобының витаминдері – стериндер)

Эргокальциферол және холекальциферол циклогексанол-этиленгидриндан витаминдері тобына жатады. Олардың химиялық құрылыстары, физика-химиялық қасиеттері және ағзаға (организмге) әсері өзара ұқсас.

Химиялық құрылысы жағынан кальциферолдар-17 жағдайда 8-10 көміртек атомынан тұратын тармақталған алифатты радикалы бар, 6-(3α-окси-10-метиленциклогексан-5-илен)-7-(13β-метиленгидриндан-8-илен) этанның туындысы. Талдау әдістерін түсті реакцияларды қолдану арқылы жүргізеді, қоспаларды жұқа қабатты хроматография әдісімен анықтайды. Сандық мөлшерін физика-химиялық әдістермен анықтайды. Олардың оңай тотығу қасиетіне байланысты, жарықтан және температурадан сақтау керек.

Табиғатта Д витаминінің бірнеше түрлері кездеседі (Д1-Д5). Солардың ішінде маңыздысы витамин Д2 және Д3. Д2-эргокальциферол, Д3-холекальциферол; эргокальциферол және холекальциферол - физика-химиялық және фармакологиялық қасиеті жағынан өте ұқсас – витамин Д-жұмыртқаның сарысында, икрада, сары майда, сүтте кездеседі. Әсіресе витамин А мен бірге бауырда, балықтың майлы тканьдерінде (треска) көптеп кездеседі.

Ағзада фосфор мен кальций алмасуын реттейді, ішек арқылы сіңіруіне көмектеседі, сүйек тканьдерінің қалыптасуына әсер етіп, рахитке қарсы қолданылатын дәрілік зат ретінде қолданылады. Организмге қажетті витамин Д теріде пайда болады. Рахитті, сүйектегі кальций алмасуын реттеу үшін қолданылады.

1924 жылы А. Гесс және Вейншток және оларға қатыссыз. Г. Стинбок өсімдік майларына УК сәулемен 280-310 нм толқын ұзндығында әсер ету арқылы, балаларда кездесетін рахит ауруына қарсы қолданылатын активті препарат алған. Бұл қасиеті эргостерин (Д1) витамині көрсететіні анықталды 1932 ж. А. Виндаус ашытқыдан эргостеринді бөліп алды, ол Д витаминдік активтікті эргостерин емес, оның УК сәулемен әсер еткендегі өнімі витамин Д2 кальциферол екенін дәлелдеді. 1965 ж. химиялық номенклатураны қарастыратын Халықаралық комиссия Д2 витаминіне эргокальциферол атын берді. Эргостерин химиялық құрылысы бойынша қанықпаған бір атомды циклді спирт, оның негізі циклопентанпергидрофенантрен сақинасынан тұрады. УҚ сәулемен әсер еткенде бірнеше аралық өнімнен кейін (люмистерин, тахистерин) Д2 витаминіне айналады:

Жоғарыдағы реакция теңдеуіне қарап Д2 витамині УК сәуле әсерінен эргостериннің В сақинасының 9 және 10 жағдайдағы көміртек атомдарының бөлінуі нәтижесінде түзіледі.

1936 жылы А. Виндаус лабораториясында балық майынан рахитке қарсы қолданатын Д3 витамині синтезделеді.

Д3 витамині 7-дегидрохолестеринге УК сәулемен әсер еткенде түзіледі:

Адам ағзасында холестерин және 7-дегидрохолестериннің болуына байланысты күн сәулесінің әсерінен дененің үстіңгі қабатында Д3 витамині синтезделеді. Осы әдіспен жас балалардағы рахитті емдеуге болады.

Ergocalciferolum

2 4-метил-9,10 секохолеста-5,7-10(19) 22 тетраен-3β-ол.

Фармакопеялық препараты - Ergocalciferol-дың 0,125% майлы ерітіндісі.

Майлы сұйықтық, ашық-сары түстен тұйық сары түске дейін, иіссіз.