Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275 Кб
Скачать
☆

3.Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеу жүйесінің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі.

Сыртқы сауда байланыстарының дамуы экономика-ның табысты дамуы үшін экспорт пен импортты реттеу жөніндегі мемлекеттің қолданатын шараларымен тығыз байланысты болып саналады.

Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеу:

1. Мемлекеттік реттеу құралдарын үкіметтің келісуінсіз немесе саудадағы әріптестерінің кеңесімен, біржақты реттеу;

2. Сауда саясатының шаралары, сауда саласындағы әріптестер болып саналатын елдер арасындағы келісілген екі жақты реттеу;

3. Сауда саясаты көпжақты келісімдермен реттелетін көп жақты реттеу. Мысалы, БСҰ, Еуропа одағына мүше елдердің сауда саласындағы келісімі.

Мемлекеттің халықаралық саудаға араласуының ауқымына қатысты сыртқы сауда саясатының келесі түрлері (типтері) ажыратылады:

1. Ырықтандыру немесе сауда еркіндігі — бұл сұраныс пен ұсыныстың еркін нарықтық күші кезінде дамитын, сыртқы саудаға мемлекеттің аздаған мөлшерде араласу саясаты.

2. Протекционизм — бұл сауда саясатының тарифтік және тарифсіз құралдарын пайдалану жолымен ішкі нарықты шетелдік бәсекеден қорғаудың мемлекеттік саясаты.

Еркін сауданың жақтастары, негізінен, халықаралық еңбек бөлінісінің (ХЕБ) неғұрлым тиімді нұсқаларын таңдауды қамтамасыз етудің және осы негізгі қатысушы елдер халқының өмір деңгейін көтерудің мемлекетпен реттелмейтін қабілетін атап өтеді.Протекционистік шаралардың жақтаушылары, негізінен, кез келген ұлттық өнеркәсіптің мүдделерін қорғауды, халықты жұмыспен қамтуды, жоғары өмір деңгейін және т.б. қамтамасыз етуді олардың қажеттілігі деп атап көрсетеді.

Протекционистік шаралардың қазіргі заманғы жүйесі әртүрлі бағыттарды қамтиды. Солардың ішінде ең маңыздылары:

1. Басқа елдерден әкелуді қиындату немесе ол елден өнімдердің белгілі бір түрлерін сыртқа шығаруды сирету. Кедендік салық салулар ( тарифтік кедергілер). Ұлттық өндірушілердің шетел фирмаларымен бәсекелестігін жеңілдету үшін, негізінен шетелдерден дайын өнімдерді, әсіресе, қымбат сән-салтанат заттарын әкелу кезінде жоғары кеден баж салықтары белгіленеді, ал шикізат пен материалдар импорты кезінде кеденнің баж салықтары неғұрылым төмен болады.

2. Тарифтік кедергілер, экономикалық саяси және әкімшілік әдістердің көмегімен СЭҚ-тің тікелей және жанама шектеулерінің жиынтығын білдіреді.

Қазіргі тәжірибедегі мемлекетаралық алмасудың кейбір таралуы сыртқы экономикалық операциялардың мөлшерленуі мен лицензиялануына ие болады. Мөлшерлену-бұл, соның шегінде сыртқы сауда операциялары салыстырмалы түрде еркін жүзеге асырылатын, жекелеген тауарлар мен тауарлардың топтарын сыртқа шығаруға ( экспортқа) белгілі бір квоталардың белгіленуі. Тәжірибе жүзінде оның құрамын белгілеу (контигирование) еркін әкелінуі немесе сыртқа шығарылуы мүмкін шектелген тауарлардың тізімі түрінде белгіленеді.

Лицензиялау, ұйымдардың сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыруға үкімет органдарынан рұқсат алу (лицензиясын) қажеттілігін болжайды. Салық жүйесі мен ұлттық шектеу жекелеген порттар мен темір жол станцияларының шетелдіктер үшін жабық болатын жанама шектеулеріне жатады.

Тәжірибеде мемлекеттердің сыртқы сауда саясаты, протекционизм мен ырықтандыру элементтерін ұштастыра отырып, алуан түрлілігімен өзгешеленеді. Халықаралақ сауданы жан-жақты реттеу, ең алдымен сауда жөніндегі бас келісім бағыты мен тарифтер (ГААТ) және оның мұрагері- бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) арқылы жүзеге асырылады.

№2 билет