- •1.Кеден ісінің негізгі категориялары мен ұғымдары
- •2.Кеден органдарын басқару үдерісінің мәні мазмұны
- •3.Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеу жүйесінің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1.Кедендік әкімшіліктендірудің түсінігі, мақсаттары мен міндеттері.
- •2.Кеден өкілінің құқықтық статусы.
- •3.Қр сыртқы сауда саясатының бағыттары мен мақсаттары
- •1.Кедендік әкімшіліктендірудің объектілері мен субъектілері
- •2.Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан өткізудің негізгі қағидалары.
- •3. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу жүйесіндегі тарифтік әдістер.
- •1.Кедендік бақылау- кедендік әкімшіліктендірудің элементі.
- •2.Кеден органдарының алдын ала шешім қабылдау тәртібі мен қолданылуы.
- •3.Кеден төлемдерінің ерекше түрлерін қолдану: қорғаушы, антидемпингтік және компенсациялық
- •1. Уәкілетті экономикалық оператордың құқықтық статусы
- •6 Билет
- •1. Кедендік тасымалдаушының құқықтық статусы
- •2.Кедендік рәсімдеудің түсінігі, түрлері мен маңызы
- •3.Импорттық тауарларға қолданылатын ішкі салықтар.
- •1.Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау.
- •2.Кедендік режимдердің жалпы сипаттамасы. Кедендік режимдерді таңдау мен өзгерту.
- •3.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу жүйесіндегі тарифтік емес әдістер.
- •1.Тауарлардың сыртқы саудасын мемлекеттік реттеудің әдістері.
- •2.Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялаудың нысандары.
- •3.Сыртқы сауданы шектеу: квоталау мен лицензиялау.
- •1. Кедендік әкімшіліктендіру элементтерінің классификациясы
- •2. Кедендік жүк декларациясына кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау жүргізу үшін құжаттар
- •3. Квоталау мен лицензиялаудың әдісі, түрлері мен мақсаттары
- •1. Кедендік бақылаудың объектілері, міндеттері мен мақсаттары
- •2.Кедендік статистиканың объектілері мен құқықтық негіздері
- •3. Кеден органдары мемлекеттк қызметкерлерінің құқықтық статусы
- •1. Жеке кедендік тексеріп қарау– кедендік бақылаудың ерекше түрі.
- •2. Қазақстан Республикасы территориясына әкелінген тауардың кедендік құнын анықтау.
- •3. Сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізудің негізгі мақсаты.
- •1. Кедендік ережелерді бұзғаны туралы істерді қараудың тәртібі.
- •2.Кеден органдары жүйесінің құрылымы. Олардың функциялары, мақсаттары және міндеттері.
- •3. Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу тәртібі және оларды төлеу.
- •1.Кеден ісі саласындағы халықаралық құқықтық ынтымақтастық
- •2.Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеудің объектілері мен субъектілері.
- •3.Қр кедендік тарифі және оны қолданудың қағидалары.
- •1. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және басқа да қызметке қатысушыларды тексеру кезіндегі кеден органдарының құзіреті.
- •2. Тауарларды әкелу және әкету кезіндегі тиым салу мен шектеулер.
- •3. Кедендік құнды анықтау жүйесінің жалпы сипаттамасы.
- •1.Кедендік сараптаманың объектілері мен заттары
- •2. Жүк тауарлар декларациясын қолдана отырып тауарларды кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылаудың кезеңдері
- •3. Кедендік баж ставкаларының түрлері.Оларды қолдану мен төлеу тәртібі
- •1. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық, сауда және кедендік ұйымдармен ынтымақтастығы.
- •2. Жеке тұлғалардың әкелген тауарларын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау тәртібі.
- •3. Кедендік құнды декларациялау тәртібі. Кедендік құн және оны анықтау әдістері.
- •1. Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының халықаралық негізін құрушы құқықтық құжаттар.
- •2. Кеден органдары лауазымды тұлғаларының құқықтық статусы.
- •3. Тауарлар шығарылған елді анықтау. «Тауарлар шығарылған ел» ұғымы.
- •1. Кедендік сараптама жүргізу технологиясы.
- •2. Кедендік жеңілдіктер қолданатын шетелдік тұлғалардың тауарларын кедендік бақылау және кедендік ресімдеудің ерекшеліктері.
- •3. Тауарлар шығарылған елді анықтау өлшемдері. Тауардың шығарылғаны туралы сертификаттың ерекше нысандары.
- •1. Кеден органдарының экспорттық және импорттық тауарларды валюталық бақылау қызметі.
- •2. Кеден органдарының ақпараттандыру және консультация беруі. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру.
- •3. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер мен тарифтік преференциялар.
- •1. Сыртқы экономикалық қызметті және басқа да қызметтерді кедендік әкімшіліктендіру аясында тексеру.
- •2. Арнайы кедендік статистика.
- •3. Преференциялық режимдер қағидалары. Преференциялық жеңілдіктерді пайдаланудың міндетті шарттары: тауардың шығарылған туралы сертификаты, тікелей жеткізу, міндетті сатып алу.
- •1. Кеден ісі саласындағы қылмыстардың түсінігі мен түрлері.
- •2. Қр кеден ісі саласындағы аудиттің түсінігі мен маңызы.
- •3. Қр кеден органдарының жүйесі: құрылымы мен функциялары.
- •Кеден кеден огандарының лауазымды тұлғаларын әлеуметтік қорғау.
- •Кедендік әкімшіліктендіру - мемлекеттік реттеу нысаны.
- •Қр кеден ісі саласындағы уәкілетті органының құқықтық статусы.
- •Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік тарифтік реттеуінің құқықтық негіздері.
- •Кедендік бақылау: объектілері, субъектілері, мақсаттары мен міндеттері.
- •Кеден органдарына қызметке қабылдау тәртібі.
- •Кедендік жүк декларациясының түсінігі, оны толтырудың шарттары мен талаптары.
- •Жеке кедендік тексеріп қараудың түсінігі, оны жүргізу шешімі мен тәртібі.
- •3. Кеден органдары мемлекеттік қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері.
- •1.Тәуекелдерді басқару және бағалау саласындағы кеден органдарының құзіреті. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тазалау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып кедендік бақылау
- •2.Кедендік бақылау объектілерін бірегейлендіру мақсатында жүргізілетін кедендік сараптаманың тағайындау негіздері мен жүргізутәртібі.
- •3. Кеден органдары мемлекеттік қызметкерінің материалдық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі. Қазақстан республикасының кеден органдары
- •1. Кеден органдарының алдын ала шешімдерінің қолданылуы мен тағайындалуы.
- •2) Кедендік сараптаманың түсінігі, мәні, тағайындалуы және жүргізу әдістері.
- •3) Кеден органдарындағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациядан өткізу және оны жетілдіру жолдары.
- •1. Тәуекелді басқару жүйесін қолдану мақсаттары.
- •2. Кедендік сараптама кезеңдері: дайындау, талдау, нәтижелерді бағалау және қорытындыны негіздеу.
- •Кеден зертханаларында кедендiк сараптама жүргiзудiң Ережесі 1. Жалпы ережелер
- •2. Сараптаманың түрлерi
- •3. Сараптама жүргізу орны
- •5. Сараптама жүргiзуге қатысатын адамдардың мiндеттерi мен құқықтары
- •6. Сарапшының қорытындысы
- •7. Қорытынды ережелер
- •3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік саясаты.
- •2. Бажсыз сауда дүкені иесінің құқықтық статусы.
- •Қр кеден органдарының мемлекеттік қызметкерінің тәртіптік жауапкершілігі.
- •1. Кеден қоймасы иесінің құқықтық статусы.
- •2. Кеден органдарының жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •3. Қр кеден саясатының түсінігі, қағидалары мен мақсаттары.
- •1. Кеден органдарының сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және басқа да тұлғалармен өзара іс-қимылы.
- •2.Кеден органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің заңды жауапкершілігінің түсінігі мен түрлері.
- •3. Кеден ісінің құрылымы мен мазмұны.
- •Басшылық
1.Кедендік бақылау- кедендік әкімшіліктендірудің элементі.
Кедендік бақылау – Қазақстан Республикасының кедендік және басқа да заңнамаларының орындалуын бақылайтын Қазақстан Республикасы кеден органдарымен жүзеге асырушы шаралардың жиынтығы.Кеден бақылауы кеден органдарының лауазымды тұлғаларымен мына жағдайларға байланысты жүзеге асады:
-Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан өтуші өнімдер және көліктерге;
-Қазақстан Республикасы Кеден кодексімен қарастырылған тауар және көліктер туралы мәліметтердің және құжаттардың кедендік декларациясына;
-кеден брокерлері сипаттас тұлғалардың қызметін, кедендік аудармашылардың, сонымен қатар жеке кедендік режимдерінің ішінде қызметті жүзеге асырушылардың және уақытша сақтау қоймалардағы кедендік қызмет;
-тауарларды қолдану және басқару құқығына қойылған шектеулерді сақтау;
-кедендік төлемдерді және салықты төлеу және аудару.
Кұжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік қүралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік кұралдарынын есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимаратын және кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік қүралдары орналаскан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсім-діктерге кауіпсіз және тауарлар мен көлік қүралдарына зиян келтірмейтін техникалык құралдарды қолдану арқылы) тексеру — кеден бақылауының түрлері болып табылады.
Кедендік бақылаудың мақсаты экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында валюта қаражатын заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.
2.Кеден органдарының алдын ала шешім қабылдау тәртібі мен қолданылуы.
Алдын ала шешiмдi мүдделi тұлғаның (декларанттың) белгiленген нысандағы жазбаша өтiнiшi бойынша кеден органдары қабылдайды.СЭҚ ТН-ға сәйкес жiктемеге қатысты алдын ала шешiм қабылдау кезiнде өтiнiште тауар туралы алдын-ала шешiм қабылдау үшiн қажеттi мәлiметтер қамтылуы тиiс. Өтiнiш берумен бiр мезгiлде тауардың СЭҚ ТН-ға сәйкес жiктемесiне қатысты алдын ала шешiм қабылдау үшiн қажеттi тауардың сынамалары (үлгiлерi), оның сипаттамасы, фото суреттерi, сызбалары, коммерциялық, техникалық не өзге де құжаттар ұсынылады. Мүмкiндiгiнше алдын ала шешiм қабылданатын тауардың сынамалары немесе үлгiлерi де ұсынылады.Ереже белгiлi бiр мерзiм iшiнде бiрдей дайындаушы бiрдей ұйымда өндiрудiң бiрдей технологиясын пайдалана отырып шығарылған тауарлардың шыққан елi туралы алдын ала шешiм қабылдаудың тәртiбiн айқындайды. Кеден органы алдын ала шешiмдi тауарлардың шыққан елiн анықтау тәртiбiне қатысты халықаралық актiлермен немесе Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген өлшемдерге сәйкес нақты бiр елде толық шығарылғандығы немесе жеткiлiктi түрде қайта өңделгендiгi туралы ақпараттың негiзiнде қабылдайды.Өтiнiштi кеден органы қарайды және егер, өзге де ақпараттар не сараптама жүргiзу талап етiлмесе өтiнiш тiркелген күннен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде алдын-ала шешiм бередi. Егер, өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтер алдын-ала шешiм қабылдау үшiн жеткiлiксiз болса кеден органы белгiленген мерзiмде қосымша мәлiметтердi ұсыну қажеттiгi туралы тұлғаны хабардар етедi. Егер, деректер белгiленген мерзiмде ұсынылмаған жағдайда алдын-ала шешiм қабылдау туралы өтінiш қабылданбайды. Дәлелдеме ұсынудың жалпы мерзiмi өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар еткен сәттен бастап 30 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс.
Алдын ала-шешiм қабылдау туралы өтiнiш қабылданбаған жағдайда кеден органы қажетті құжаттарды ұсыну мерзiмi аяқталған күннен бастап жетi жұмыс күнiнiң iшiнде өтiнiш берушiге жазбаша дәлелдi бастартуды жiберуге мiндеттi. Өтiнiштi қабылдамау, өтiнiш берушiнiң өтiнiштi қабылдамау үшiн негiз болған себептердi жоюы шартымен қайтадан алдын-ала шешiм қабылдау туралы жүгiнуiне кедергi болмайды.
Тауардың жіктемесіне, шығу елін айқындауға қатысты алдын ала шешім нақты тауарға қатысты беріледі. Алдын ала шешім белгіленген нысандағы бланкте ресімделеді (2-қосымша) және оған кеден органының басшысы не осы бағытты басқаратын оның орынбасары қол қояды. Алдын ала шешім бланктері қатаң есептілік бланктері болып табылады, олардың баспаханалық әдіспен жасалған реттік нөмірлері бар. Алдын ала шешімнің бірінші данасы кеден органының таңбалық мөрімен расталады және ілеспе хатпен бірге өтініш берушінің мекен-жайына жіберіледі, немесе жүк кеден декларациясымен бірге одан әрі ұсыну үшін өтініш берушінің қолына беріледі, екінші дана (ілеспе хаттың екінші данасымен бірге) оны берген кеден органында сақталады. Кеден органы қабылдаған алдын ала шешімнің көшірмесі уәкілетті органға жіберіледі. Егер мұндай шешім декларант берген толық емес немесе сенімсіз ақпараттың негізінде қабылданса, алдын ала шешімнің күшін жою жүргізіледі. Күшін жою жаңа алдын ала шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Кеден органдарының алдын ала шешімі ол қабылданған сәттен бастап үш жыл бойы күшінде болады. Алдын ала шешімге өзгеріс енгізу оның қолданылу мерзімін ұзартпайды.Алдын ала шешiм Қазақстан Республикасының кеден органдары үшiн мiндеттi болып табылады. Егер келiсiм-шарттың, тасымалдаудың, қозғалыс маршрутының және т.б. шарттары бойынша сол бiр тауарды жеткiзу әртүрлi уақытта және/немесе әртүрлi кеден органдарының қызмет аймағында партиялармен жүзеге асырылған жағдайда алдын ала шешiмдi тауардың бiрiншi партиясын кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органы қабылдайды, бұл ретте, осы келiсiм-шарт бойынша ұқсас тауардың одан кейiнгi партияларын ресiмдеу үшiн осындай шешiм қабылдаған кеден органы ресми растаған алдын ала шешiмнiң көшiрмесiн пайдалануға болады.
