Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС-тын жауаптары.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
275 Кб
Скачать
☆

1.Кедендік әкімшіліктендірудің түсінігі, мақсаттары мен міндеттері.

Кедендік әкімшілік жүргізу бұл Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын ұйымдық құқықтық және өзге де іс әрекеттер мен шаралар жиынтығы.

Кедендік әкімшілік жүргізудің мақсаты-кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асырудың,ұйымдастырудың және оның элементерінің ерекшеліктерінің қағидаларын қарастыру болып табылады.

Кедендік әкімшілік жүргізудің міндеті-кедендік әкімшілік жүргізу мемлекеттік қызметкерлердің өздеріне берілген құралдарды басқару жолымен мемлекеттің саясатын жүзеге асыруға бағытталған кәсіби басқарушылық қызметі.

Кедендік әкімшілік жүргізу қоғам өмірінің кез келген салаларында мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Кедендік әкімшілік жүргізу мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың процесі ретінде үлкен мағынаға ие.

Кедендік әкімшілік жүргізу кеден ісі төңірегіндегі кедендік әкімшілік жүргізудің бір түрі.Соңғы кездерде бұл термин мемлекеттің кеден жүйесінің қызметімен байланысты сұрақтардың шеңберін белгілеу үшін кең қолдануда.

Кедендік әкімшілік жүргізу кеден ісі саласының барлық ұйымдасырушылық және басқарушылық қызметінің негізін қалайтын құрама бөлік,Қазақстан Республикасының кеден және басқа заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді.С.Т.Әлібековтың пікірінше,«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік реттеудің жеке салалары ,соның ішінде кедендік әкімшілік жүргізу ,бұрынғы Кеңес одағынан қалған және олардың өзгеруі сыртқы экономикалық қызметті реттеуде нақтылы рөл ойнайды».

Кедендік әкімшілік жүргізудің негізгі элементтеріне кеден бақылауы ,кеден сараптамасы ,сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларын тексеру, тәуекелді бағалау мен басқару,олардың ортақ мінездемелері жатады.

Кедендік әкімшілік-бұл Қазақстан Республикасының кеден ісі және халықаралық шарттар бойынша заңдылықгы сақтауды қамтамасыз ету максатында Қазақстан Республикасының кеден органдарымен қабылданатын шаралар жиынтығы. Осы қызметтің мақсаты, тиімді құжаттық және нақты кедендік әкімшілік үшін, сонымен катар валюталық,экспорттық, ветереннарлық -экологиялық әкімшілік үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету мақсатына өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы толық,сенімді құжаттық акпараттық негізді қалыптастыру, мәліметтерді есепке алу мен тіркеу; сыртқы сауданың кедендік статистикасын және арнайы кеден статистикасын жүргізу; сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын орналастыру, осы режимнің сақталуы мен оның қызметін өз уақтысында аяқтауда СЭҚ қатысушыларына көмек көрсету.

Кедендік әкімшілік мен кедендік ресімдеуді ұйымдастыру - тауарлар мен көлік кұраларын кеден шекарасы арқылы өткізумен байланысты кеден органдары жүргізетін шаралар кешені. Бұл кешенге кедендік әкімшілік мен кедендік ресімдеуді оларды жүзеге асырудың көрсетілген орындары сияқгы, кедендік бақылау мен кедендік ресімдеуді оларды жүзеге асыраудың бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралары болатын және әкімшілік кеден органдарға жүктелген іс-әрекет жүзеге асыра алатын баска да орындарда кедендік әкімшілік мен кедендік ресімдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кеден инфрақұрылымын қүру жатқызамыз.