- •1.Кеден ісінің негізгі категориялары мен ұғымдары
- •2.Кеден органдарын басқару үдерісінің мәні мазмұны
- •3.Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеу жүйесінің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі.
- •1.Кедендік әкімшіліктендірудің түсінігі, мақсаттары мен міндеттері.
- •2.Кеден өкілінің құқықтық статусы.
- •3.Қр сыртқы сауда саясатының бағыттары мен мақсаттары
- •1.Кедендік әкімшіліктендірудің объектілері мен субъектілері
- •2.Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекарадан өткізудің негізгі қағидалары.
- •3. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу жүйесіндегі тарифтік әдістер.
- •1.Кедендік бақылау- кедендік әкімшіліктендірудің элементі.
- •2.Кеден органдарының алдын ала шешім қабылдау тәртібі мен қолданылуы.
- •3.Кеден төлемдерінің ерекше түрлерін қолдану: қорғаушы, антидемпингтік және компенсациялық
- •1. Уәкілетті экономикалық оператордың құқықтық статусы
- •6 Билет
- •1. Кедендік тасымалдаушының құқықтық статусы
- •2.Кедендік рәсімдеудің түсінігі, түрлері мен маңызы
- •3.Импорттық тауарларға қолданылатын ішкі салықтар.
- •1.Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау.
- •2.Кедендік режимдердің жалпы сипаттамасы. Кедендік режимдерді таңдау мен өзгерту.
- •3.Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу жүйесіндегі тарифтік емес әдістер.
- •1.Тауарлардың сыртқы саудасын мемлекеттік реттеудің әдістері.
- •2.Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялаудың нысандары.
- •3.Сыртқы сауданы шектеу: квоталау мен лицензиялау.
- •1. Кедендік әкімшіліктендіру элементтерінің классификациясы
- •2. Кедендік жүк декларациясына кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау жүргізу үшін құжаттар
- •3. Квоталау мен лицензиялаудың әдісі, түрлері мен мақсаттары
- •1. Кедендік бақылаудың объектілері, міндеттері мен мақсаттары
- •2.Кедендік статистиканың объектілері мен құқықтық негіздері
- •3. Кеден органдары мемлекеттк қызметкерлерінің құқықтық статусы
- •1. Жеке кедендік тексеріп қарау– кедендік бақылаудың ерекше түрі.
- •2. Қазақстан Республикасы территориясына әкелінген тауардың кедендік құнын анықтау.
- •3. Сыртқы сауданың кедендік статистикасын жүргізудің негізгі мақсаты.
- •1. Кедендік ережелерді бұзғаны туралы істерді қараудың тәртібі.
- •2.Кеден органдары жүйесінің құрылымы. Олардың функциялары, мақсаттары және міндеттері.
- •3. Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу тәртібі және оларды төлеу.
- •1.Кеден ісі саласындағы халықаралық құқықтық ынтымақтастық
- •2.Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеудің объектілері мен субъектілері.
- •3.Қр кедендік тарифі және оны қолданудың қағидалары.
- •1. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және басқа да қызметке қатысушыларды тексеру кезіндегі кеден органдарының құзіреті.
- •2. Тауарларды әкелу және әкету кезіндегі тиым салу мен шектеулер.
- •3. Кедендік құнды анықтау жүйесінің жалпы сипаттамасы.
- •1.Кедендік сараптаманың объектілері мен заттары
- •2. Жүк тауарлар декларациясын қолдана отырып тауарларды кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылаудың кезеңдері
- •3. Кедендік баж ставкаларының түрлері.Оларды қолдану мен төлеу тәртібі
- •1. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық, сауда және кедендік ұйымдармен ынтымақтастығы.
- •2. Жеке тұлғалардың әкелген тауарларын кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау тәртібі.
- •3. Кедендік құнды декларациялау тәртібі. Кедендік құн және оны анықтау әдістері.
- •1. Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасының халықаралық негізін құрушы құқықтық құжаттар.
- •2. Кеден органдары лауазымды тұлғаларының құқықтық статусы.
- •3. Тауарлар шығарылған елді анықтау. «Тауарлар шығарылған ел» ұғымы.
- •1. Кедендік сараптама жүргізу технологиясы.
- •2. Кедендік жеңілдіктер қолданатын шетелдік тұлғалардың тауарларын кедендік бақылау және кедендік ресімдеудің ерекшеліктері.
- •3. Тауарлар шығарылған елді анықтау өлшемдері. Тауардың шығарылғаны туралы сертификаттың ерекше нысандары.
- •1. Кеден органдарының экспорттық және импорттық тауарларды валюталық бақылау қызметі.
- •2. Кеден органдарының ақпараттандыру және консультация беруі. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы туралы ақпараттандыру.
- •3. Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер мен тарифтік преференциялар.
- •1. Сыртқы экономикалық қызметті және басқа да қызметтерді кедендік әкімшіліктендіру аясында тексеру.
- •2. Арнайы кедендік статистика.
- •3. Преференциялық режимдер қағидалары. Преференциялық жеңілдіктерді пайдаланудың міндетті шарттары: тауардың шығарылған туралы сертификаты, тікелей жеткізу, міндетті сатып алу.
- •1. Кеден ісі саласындағы қылмыстардың түсінігі мен түрлері.
- •2. Қр кеден ісі саласындағы аудиттің түсінігі мен маңызы.
- •3. Қр кеден органдарының жүйесі: құрылымы мен функциялары.
- •Кеден кеден огандарының лауазымды тұлғаларын әлеуметтік қорғау.
- •Кедендік әкімшіліктендіру - мемлекеттік реттеу нысаны.
- •Қр кеден ісі саласындағы уәкілетті органының құқықтық статусы.
- •Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік тарифтік реттеуінің құқықтық негіздері.
- •Кедендік бақылау: объектілері, субъектілері, мақсаттары мен міндеттері.
- •Кеден органдарына қызметке қабылдау тәртібі.
- •Кедендік жүк декларациясының түсінігі, оны толтырудың шарттары мен талаптары.
- •Жеке кедендік тексеріп қараудың түсінігі, оны жүргізу шешімі мен тәртібі.
- •3. Кеден органдары мемлекеттік қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері.
- •1.Тәуекелдерді басқару және бағалау саласындағы кеден органдарының құзіреті. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тазалау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып кедендік бақылау
- •2.Кедендік бақылау объектілерін бірегейлендіру мақсатында жүргізілетін кедендік сараптаманың тағайындау негіздері мен жүргізутәртібі.
- •3. Кеден органдары мемлекеттік қызметкерінің материалдық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі. Қазақстан республикасының кеден органдары
- •1. Кеден органдарының алдын ала шешімдерінің қолданылуы мен тағайындалуы.
- •2) Кедендік сараптаманың түсінігі, мәні, тағайындалуы және жүргізу әдістері.
- •3) Кеден органдарындағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациядан өткізу және оны жетілдіру жолдары.
- •1. Тәуекелді басқару жүйесін қолдану мақсаттары.
- •2. Кедендік сараптама кезеңдері: дайындау, талдау, нәтижелерді бағалау және қорытындыны негіздеу.
- •Кеден зертханаларында кедендiк сараптама жүргiзудiң Ережесі 1. Жалпы ережелер
- •2. Сараптаманың түрлерi
- •3. Сараптама жүргізу орны
- •5. Сараптама жүргiзуге қатысатын адамдардың мiндеттерi мен құқықтары
- •6. Сарапшының қорытындысы
- •7. Қорытынды ережелер
- •3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік саясаты.
- •2. Бажсыз сауда дүкені иесінің құқықтық статусы.
- •Қр кеден органдарының мемлекеттік қызметкерінің тәртіптік жауапкершілігі.
- •1. Кеден қоймасы иесінің құқықтық статусы.
- •2. Кеден органдарының жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес.
- •3. Қр кеден саясатының түсінігі, қағидалары мен мақсаттары.
- •1. Кеден органдарының сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және басқа да тұлғалармен өзара іс-қимылы.
- •2.Кеден органдарының мемлекеттік қызметкерлерінің заңды жауапкершілігінің түсінігі мен түрлері.
- •3. Кеден ісінің құрылымы мен мазмұны.
- •Басшылық
2.Кедендік бақылау объектілерін бірегейлендіру мақсатында жүргізілетін кедендік сараптаманың тағайындау негіздері мен жүргізутәртібі.
Кедендік сараптама тағайындау
1. Кедендік сараптама кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымның үй-жайларында да, сонымен бірге егер бұл зерттеу ерекшеліктерін не кедендік сараптама объектісін жеткізу мүмкін еместігі ескеріле отырып, қажет болған кезде одан тыс жерлерде де жүргізіледі. 2. Егер кедендік операцияларды жасау кезінде туындайтын мәселелерді түсіндіру үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдар талап етілетін жағдайларда, кедендік сараптама тағайындалады. 3. Кедендік сараптаманы кеден органдары тағайындайды және кедендік сарапшылар, сондай-ақ өзге де уәкілетті ұйымдардың сарапшылары жүргізеді. Өзге уәкілетті ұйымдарға кедендік сараптаманы тағайындау кедендік сарапшылардың мұндай сараптаманы жүргізуі мүмкін болмаған жағдайда ғана жүргізіледі. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын беру үшін қажетті арнайы және (немесе) ғылыми танымдарға ие кез келген тұлға сарапшы ретінде тағайындалуы мүмкін. Кеден органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшы кедендік сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тартылады. 4. Кедендік сараптама тауарларға, оның ішінде көлік құралдарына, кедендік операцияларды жасау үшін қажетті кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға және оларды сәйкестендіру құралдарына қатысты тағайындалады. 5. Кеден органының уәкілетті лауазымды адамы жазбаша нысанда кедендік сараптама тағайындау туралы шешімқабылдайды, онда оны жүргізудің негіздемесі, сарапшының тегі, аты-жөні немесе кедендік сараптама жүргізілетін ұйымның не кеден органының атауы, кедендік сарапшының (сарапшының) алдына қойылған мәселелер, кедендік сарапшының (сарапшының) иелігіне ұсынылатын материалдар мен құжаттардың тізбесі көрсетіледі. Шешімде, сондай-ақ кедендік сарапшының (сарапшының) көрінеу жалған қорытынды бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілігі жөнінде кедендік сарапшыға (сарапшыға) ескертілгені туралы көрсетіледі. Кеден органының кедендік сараптама тағайындау туралы шешімінің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 6. Кедендік сараптаманы жүргізетін ұйымның басшысы немесе оны алмастырушы адам: 1) кедендік сараптама жүргізу үшін ақпарат жеткіліксіз болған; 2) кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім тиісінше ресімделмеген; 3) сынамалар немесе үлгілер орамының сақталуы кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімде көрсетілген сипаттамаға сәйкес келмеген; 4) кедендік сараптама жүргізетін ұйымның штатында талап етілетін біліктілігі бар кедендік сарапшы болмаған; 5) кедендік сараптама жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық база, арнайы жағдайлар болмаған; 6) кедендік сараптамаға жіберілетін сынамалар немесе үлгілер жеткізу, тасымалдау кезінде зақымданған, бүлінген не ішінара жоғалған; 7) сынақтар немесе зерттеулер жүргізу үшін тауардың сынамалары мен үлгілері болмаған және жеткіліксіз болған жағдайда кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді орындамастан, кедендік сараптама жүргізу үшін ұсынылған материалдарды, құжаттарды, сынамалар мен үлгілерді қайтарады. 7. Кедендік сараптаманы жүргізуден бас тарту бас тартудың себептері көрсетіле отырып, жазбаша түрде ресімделеді. Ұсынылған материалдар, құжаттар, сынамалар мен үлгілер кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына қайтарылады. 8. Кеден органы кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірмей декларантты немесе кедендік тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғаны кедендіксараптаманың тағайындалуы туралы жазбаша хабардар етеді. 9. Кедендік сараптаманы жүргізуге арналған шығыстар бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
Кедендік сараптама жүргізудің тәртібі мен мерзімі
1. Кедендік сараптама жүргізу тәртібі Комиссияның шешімімен айқындалады. 2. Кедендік сараптама жүргізу мерзімі кедендік сарапшы (сарапшы) материалдарды жүргізуге қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс. Зерттеудің салыстыру (салғастырмалы) әдістерін қолдануды және әр түрлі ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануды талап ететін, уақыты бойынша ұзақ болып табылатын кедендік сараптаманың екі және одан да көп объектілеріне зерттеу жүргізу кезінде кедендік сараптаманың мерзімі мұндай мерзімді ұзарту себептері көрсетіле отырып, кедендік сараптаманы жүргізетін ұйым басшысының немесе оны алмастыратын адамның жазбаша рұқсатымен, егер тауарларды шығару кедендік сараптама нәтижелерін алғанға дейін жүзеге асырылмаса, тауарларды уақытша сақтау мерзімінен аспайтын мерзімге ұзартылады. 3. Кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі: кедендік сарапшының (сарапшының) кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органы алдында оған қосымша материалдарды, сондай-ақ сынамаларды және (немесе) үлгілерді ұсыну туралы өтініші болған; кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамынан зерттеулер немесе сынақтар жүргізу барысында кедендік сараптамаға ұсынылған, кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына қайтаруға жататын тауарларды, құжаттарды, сынамаларды немесе үлгілерді елеулі зақымдауға немесе жоюға жазбаша рұқсат алу қажет болған; кедендік сараптама жүргізуге кіріскен кедендік сарапшы (сарапшы) дәлелді себеппен (еңбекке уақытша жарамсыздық, іссапар) болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады. 4. Кедендік сараптама нәтижелері бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы беріледі.
Декларанттың ,тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлғаның және олардың өкілдеріні кедендік сараптаманы тағайындау және жүргізу кезіндегі құқықтары
1. Кедендік сараптаманы тағайындау және жүргізу кезінде декларант, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлға және олардың өкілдері: 1) кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына сол бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын алу үшін кедендік сарапшыға (сарапшыға) қосымша сұрақтар қою туралы өтінішін мәлімдеуге; 2) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысымен танысуға және кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органынан осындай қорытындының көшірмесін алуға; 3) кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдарының сынамалар мен үлгілерді іріктеп алуы кезінде қатысуға; 4) қосымша немесе қайталама кедендік сараптама жүргізу туралы өтініш жасауға құқылы. 2. Декларанттың, тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлғаның немесе олардың өкілінің өтініші қанағаттандырылған жағдайда кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органының лауазымды адамы тиісті шешім шығарады. Өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан кезде кеден органының лауазымды адамы бұл туралы өтініш берген тұлғаға жазбаша нысанда дәлелді түрде хабарлауға тиіс.
Кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) тарту тәрітібі
1. Кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыны (маманды) тарту тәртібін кедендік реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 2. Кеден органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшы (маман) кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына сарапшыда (маманда) қажетті арнайы және (немесе) ғылыми танымардың болуын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
