- •1. Құбырлардың бұрандалық жалғамалары
- •4 Билет
- •1.Бұрғылау құбыры
- •2. Негізгі параметрлерін есептеу және талдау
- •3.Бұрғылау шығырлары
- •4.Сорғыштардың негізгі техникалық көрсеткіштерін есептеу және қабылдау
- •2.Елегіштің конструкциялық схемасы
- •3.Қөтеру механизмінің жабдығының схемасы
- •5.Бұрғылау мұнараларының конструкциялық схемалары
- •5.Билет
- •1.Бұрғылау бағанасы
- •4.Бұрғылау сорғыштары қызметі мен негізгі талаптар
- •5.Күш берілістері және агрегаттары
- •1. Қалақты және алмазды қашаулар
- •2. Бұрғылау бағанасын есептеу
- •3.Есептеу күштердің мәндері
- •4.Бұрғылау сорғыштары
- •5.Бұрғылау кондырғыларының қозғалтқыштары
- •1. Тау жынысын қирату аспап сайманы
- •2. Шегендеу құбырлары
- •3.Қозғалмайтын және қозғалатын блоктар
- •4. Қөтеру механизмінің динамикасы
- •5.Айналым жүйесінің құрамы және технологиялық схемасы
- •1. Шарошкалы қашаулар
- •2. Шегендеу бағанасын беріктікке есептеу
- •3.Қөтеру арқандары
- •4.Түсіру - көтеру операцияларының ұзақтығы және жүктеулі бөлу
- •5.Бұрғылау қондырғылардың жетегі
- •1. Бұрғылау қондырғыларының құрамы мен бөлімдерінің орналасуы
- •2. Бұрғылау бағанасын есептеу
- •Жуусұйығынаназаятынынескермесекбұрғылаубағанасыныңауырлықкүшіненболатынсозылукернеуі
- •3.Сорғыштың конструкциялық параметрі
- •4.Көтеру механизмінің кинематикасы
- •5.Бұрғылау ерітінділерін дайындауға және ауырлауға арналған құрылғылар
- •1. Бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар
5.Бұрғылау мұнараларының конструкциялық схемалары
Бұрғылау мұнарасы тальдік механизмді, бұрғылау шамдары мен көтеріп түсіру операцияларын механизациялауды орнату үшін қолданылатын, ұңғы басында орнатылатын металдық құрылғы. Элементтердің орналасу ретіне және санына байланысты мұнаралы және діңгекті болып бөлінеді.
Башня типтес мұнараларда салмақ екіден артық тірекке беріледі. Ал діңгек типтес мұнараларда салмақ бір немесе екі тірекке беріледі.Башня типтес мұнаралар қатты және иілгіш торлардан жасалынады. Діңгек типтес мұнаралар А-тәрізді болып келеді және аяқтарының дәнекерлеп қосылуына байланысты үлкен монтажды қабілеттіліке ие.
5.Билет
1.Бұрғылау бағанасы
Бұрғылау бағанасы келесі негізгі функцияларды орындауға арналған:
- тау жынысын бұзатын аспапқа ротордан айналманың берілуі үшін;
- түп қозғалтқышпен ұңғыманы бұрғылау кезіндегі пайда болатын қозғалмайтын ротордың реактивтін айналу моментіне берілуі үшін;
- қашауға білік жүктің пайда болуы үшін;
- бұрғыланған тау жынысын ұңғыма түбінен тазартуға арналған жуу сұйықтығын өткізу үшін;
- ұңғыма сағасын зерттеуге арналған жабдықтарды түсіруге және керн материалын көтеру үшін;
Бұрғылау бағанасы бір - бірімен бұрғылау кілттерімен және муфталармен жалғанған жетекші құбырдан, бұрғылау құбырларынан және ауырлатылған бұрғылау құбырларынан тұрады.
Жетекші құбыр
Бұрғылау құбырларының типтері
Ауырлатылған
бұрғылау құбырлары
2.Елегіштің конструкциялық схемасы
3.Қөтеру механизмінің жабдығының схемасы
Көтеру механизмі бұрғылау қондырғыларының көтеру бөлігі – болат арқанмен айналған қозғалмайтын (кронблоктан) және қозғалатын (таль блоктан) блоктардан тұратын полипаст болып табылады. Қозғалатын блок бұрғылау бағанасын және шегендеу құбырларын ілу үшін қармақпен немесе автоматтың элеватормен жабдықталған.
Көтеру механизмінің болат арқанының екі шеті де қозғалмайтын блоктан шығып, біреуі бұрғылау шығырының дағырасына бекітіледі де, жүру немесе тарту арқаны деп аталады, ал екінші – мұнараның металл негізіндегі арнаулы құрылымға бекітіледі. Арқан дағыраға оралғанда қозғалатын блок қармағымен қозғалмайтын блокқа тартылады, ал түсірілген қозғалатын блок пен оған ілінген құбырлар бағаналық салмағымен арқан дағырадан тартылады. Арқанның қозғалмайтын (ілгегі) қармақ күшті өлшеуге арналған көрсету бергіштерді орнатуға пайдаланылады.
Көтеру арқанның жұмыс ілгек блоктардың шкифтері арасында орналасады да қармағы көтеріп– түсіреді, өздерінің ұзындықтары өзгереді. Арқанның жұмыс ілгектерінің санының шығырға баратын жүру ілгектерінің санына қатынасын жабдықтың еселігі деп аталады.
Жүру ілгегі біреу болғандықтан жабдық еселігі арқанның жұмыс ілгектерінің санына тең, өйткені арқанның екінші шеті қозғалмайды.
Екі дағыралы шығырларда арқанның екі шеті де жүретін жабдықтың еселігі жұмыс ілгегі санынан 2 есе аз.
Көтеру механизмі бұрғылау қондырғысының мұнарасына орналасуы мынандай сипатты ерекшеліктері бар:
қозғалатын қармағымен ұңғыма сағасының үстіне де ерікті ілінген жағдайында орналасады және тік бағытта дәл ұңғыма осі бойымен жүреді;
қармақтың көтерілу биіктігі мұнара биіктігімен және түсіру– көтеру операцияларының қауіпсіздігімен шектелінеді;
шкифтер диаметрлері мен басқа да жүк көтеру құралдарының өлшемдерін бұрғылау мұнарасының кесе өлшемдерін ескертіп қабылдайды;
әрекеттегі күштерді бақылау және бұрғылау процесіндегі қашауға берілетін остік күшті қолдау мақсатында көтеру механизмікөрсету бергіштерінен және бақылау– өлшеу аспаптарымен жабдықталады;
әрекеттегі күштер және түсіру– көтеру операцияларының жылдамдықтары ұңғыма тереңдігі мен құбырлар бағанасының ұзындығына байланысты кең шектеөзгеріледі.
(Крон блоктар)қозғалмайтын блоктар, қозғалатын блоктар, шкифтер, қармақтар мен арнаулы аспаптер(ілгіштер).
Көтеру механизмі жабдығының схемасы
