Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты по бурению.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
774 Кб
Скачать
☆

3.Есептеу күштердің мәндері

Қармақтың бөлшектеріне

PKP=Рmах+Gшт+Gэл

Көтеру блоктың бөлшектеріне

РТ.Б=Ртах+Gкр+Gшт+Gэл

Кронблогының бөлшектеріне

,

мұндағы PKP; РТ.Б; РКБ– қармақтың, көтеру блогінің және кронблогінің бөлшектерін есептеу күштері;Ртах– қармаққа жіберілген күш; Gшт;Gэл; Gкр; GТ.Б штроптың, элеваторды, қармақты және көтеру блогінің ауырлық күші;GТ – көтеру механизмінің қозғалтқыш бөліктерінің ауырлық күші, GТ=(0,03…0,04)Ртах; –көтеру жүйесінің еселігі (краткость).

К

Көтеру механизмінің жабдығының схемасы

6-і сурет

өтеру механизмінің схемасы мен еселігін таңдау, қабылдау өте маңызды мәселе. Еселінгендіктен пайдаланатын арқанның диаметрі және ұзындығы тәуелді қабылданады, есептелінеді, әрі бұрғылау комплектісінің, шығырдың, оның жетегінің, барлық көтеру бөлігінің кинематикасы мен оған түсетін күштер анықталынады.

Қармақты көтеру жылдамдығы (м/с) мына формуламен анықталады

мұндағы nДВ– шығыр қозғалтқыш білігінің айналу жиілігі, айн/мин;DCP– шығыр барабанына оралатын арқанның орташа диаметрі, м; – көтеру жүйесінің еселігі (кратность); – трансмиссияның беріліс саны (қатынасы) (қозғалтқыштан шығырға дейін).

Осы формуладан

Көтеру механизмінің бөлшектерін төзімділікке эквиваленттік күштерге есептейді

Рэкв=КЭР

мұндағы КЭ – эквиваленттік өміршеңдік коэффициенті;Р– есептеу күші.

Көтеру механизмінің бөлшектеріүшін (подшипниктерінен басқалары) эквиваленттік коэффициенті КЭ=0,5.

Статикалық беріктіктің [S] және төзімділіктің [п]қор коэффициенттері төмендегі жіберілген мәндерден кем болмауы керек[п]=1,7; [S]=3,5

Шкифтердің айналу жиілігі қармақтың жылдамдығына және арқанның ілгексанына тәуелді

мұндағы пi– i– тік шкифтің айналу жиілігі, айн/мин;ii– қозғалмайтын шкифтен i– тік шкифке дейінгі жұмыс ілгектерінің саны; νКР – қармақ жылдамдығы, м/с;DШ – шкиф диаметрі, м.

Подшипниктерді ең көп күш түсетін жүріс шкифтерінің айналу жиілігі бойынша және оның күштеріне есептеуді және таңдайды. Подшипниктердің есептік өміршеңдігі айналмау шартты жиілігі 100 айн/мин жағдайында 3000 сағатқа деп қабылданады.

4.Бұрғылау сорғыштары

Бұрғылау сорғыштары: ұңғымаға оның түбі мен оқпанды бұзылған жыныстардан тазарту және оны жер бетіне шығару; қашауды салқындатуға және майлау; сорғылау қашауларымен бұрғылағанда гидромониторлық эффект тудыру; түптік гидравликалық қозғалтқыштарда қозғалысқа келтіру үшін жуу сұйығын айдауға арналған.

Қызметі мен пайдалану жағдайын ескеріп бұрғылау сорғыштарына мынандай негізгі талаптар қойылады:

  1. ұңғыманы тиімді жууды қамтамасыз ететін шектеп сорғыштың реттелетін берілісі қажет;

  2. сорғыштың қуаты ұңғыманы жууда және түптік қозғалтқышынан жетектеуге жеткілікті болуы керек;

  3. сорғыштан шығатын жуу сұйығының жылдамдығы бұрғылаудағы шиеленіске соқтыратын инерциялық жүктелу мен қысым теңселісін, қосымша энергетикалық шығындар мен шаршау бұзылуларын болдырмау үшін бір қалыпты болуы керек;

  4. сорғыштар абразив мен май құрамында бар коррозиялық, белсенді әртүрлі тығыздығы жуу ерітінділерімен жұмысқа бейімделінуі керек;

  5. жуу ерітіндісімен әрекеттесетін тараптар мен бөлшектер жеткілікті өміршеңдікке қабысып және істеп шыққанда ыңғайлы да тез алмастыруға бейімді болулары керек;

  6. ірі габаритті тараптар мен бөлшектер сенімді ұстататын және жөндеу мен техникалық күтімде қозғалатын құрылым жабдықталуы керек;

  7. жетектеу бөлімінің тораптары мен бөлшектері жуу ерітіндісінен қорғалуы және қараумен техникалық күтімде қолайлы болуы керек;

  8. сорғыштар жиналған түрінде алыс және жақын қашықтықтарды тасымалдауға және бұрғылау қондырғысы шетінде сүйреп жылжытуға бейімді болуы керек;

  9. сорғыштың конструкциясы олардың қозғалтқыштарының сол және оң жағымен де орналасуына мүмкіндік беру керек;

  10. сорғыштардыңсенімділігі мен өміршеңдігі олардың тиімділігі мен пайдалану қауіпсіздігімен үйлесуі керек.

Бұрғылау сорғыштарын жасаудың техникалық шарттары стандарттармен тәртіптелген.

Бұрғылау тереңдігінің өсуіне байланысты бұрғылау сорғыштарының қуаттары да айтарлықтай көбейеді, бұрғылау талапатарының жоғарылауына жауап беретін бұрғылау сорғыштарының жаңа үлгілері өндіріске дайындалуға және мөлшерінде ғылыми– зерттеу және тәжірибелік– конструкциялық жұмыстарда жиналған тәжірибе және де ғылым мен техникалық сорғыш жасау және шектес салаларының жаңа жетістіктері негізінде бұрғылау сорғыштары үздіксіз жетілуде: олардың сенімділігі мен өміршеңдігі жоғарылауда, массасы төмендеуде және жасауға пайдалану мен жөндеуге кететін материалдар мен еңбек шығындары қысқаруда. Бұл пайдалану мен барлау ұңғымаларын бұрғылаудың отандық және шетелдік тәжірибесінде қолданылатын бұрғылау сорғыштарының кеңінен үлгідегі мен түрлерінің қамтамасыз етеді.

Бұрғылау сорғыштарының екі жақты әрекетті екі поршеньді түрі кең тараған, оларды соңғы жылдары бір жақты әрекетті үш поршеньді сорғыштар алмастыруда оларға тарелкалы конструкциясы қолданылады, сорғыш және айдағыш машиналар өзара алмастырмалы жасалған.

Жетектеуші білік сорғыштың трансмиссиялық білігінен цилиндрлік тісті жұппен қозғалысқа келтіріледі. Жуу сұйығы жалпы қабылдау желісінен және бір рет бұрғының бір сатылы және бір аяғында схемадан қозғалады. Поршеннің бір қалыпты емес жылдамдығынан туған қысымның тең өзгерілуі пневматикалық компрессорлар арқылы практикада қолайлы деңгейге дейін төмендетіледі.Бұрғылау сорғыш агрегаттарында көбінесе электроқозғалтқыштары және дизельдер пайдаланады, олардан айналғаш сорғышының трансмиссиялық білігіне сыналы белдікті немесе шынжырлы берілістермен жеткізіледі.