Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты по бурению.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
774 Кб
Скачать
☆

5.Күш берілістері және агрегаттары

Күш беретін (қуат) беріліс қозғалтқыштардан қуатты шығырға, сорғыштарға, роторға және бұрғылау қондырғысының басқа да тұтынушыларына беруге арналған құрылғылар болып табылады.

Негізгі жетектің күш беретін берілісі мынандай функцияларды орныдайды:

  • бұрғылау шығыры мен роторғаәсер ететін падаланулық жүктелудің өзгеруіне сәйкес момент пен айналу жиілігін реттеу;

  • бұрғылау сорғышы поршендерінің жүріс сандарын керек берілу мен қысымға байланысты реттеу;

  • топтық және көп моторлы жетекте қозғалтқыштар қуатын қосу;

  • топтық жетекті бұрғылау қондырғыларында қуатты шығыр, сорғыштар мен ротор арасында тарату;

  • жабық қосу және қозғалтқыштарды шектен тыс артық жүктелгенде қорғау;

  • жылу қозғалтқыштарынан жетектелетін шығыр мен ротордың айналу бағытын өзгерту.

Гидротрансформаторлардың гидромуфталардан айырмашылығы, олардың жұмыс қуысында турбиналық Т және сорғыштық Ндөңгелектерден басқа реактор Р деп аталатын қозғалмайтын қалақты аппарат бар.

Г

Гидротрансформатордыңконструктивті схемасы

18-і сурет: 1-турбина, 2-сорғыш, 3-реактор, 4-еркін жүріс муфтасы

идротрансформатордағы моменттің өзгерілуі реактор қалақтарының сорғыштан турбинаға келетін сұйық ағасының жылдамдығы мен бағытына әсеріне байланысты істелінеді. Реактордағы гидравликалық шығынның көптігіне байланысты ең жетілген гидротрансформаторлардың ПӘК 0,8…0,92– ден көп емес,гидромуфталарда ол 0,94…0,98 құрайды.

Гидротрансформатордың түрлендіру қасиеттері мен гидромуфтаның жоғары ПӘК– і комплексті гидротрансформаторда белгілі дәрежеде біріктірілген. Оның конструкциялық ерекшелігі реактордың корпуспен еркін жүрісті муфтамен (ЕЖМ) жалғасқанында. Көп жүктелгенде, турбинадағы момент МТсорғыштағы моментпен МНкөп болғанда, реакторда пайда болған момент МР ЕЖМ– сын сыналайды да реакторда тоқтатады.

6 - билет

1. Қалақты және алмазды қашаулар

Тау жынысын бұзу әрекетіне байланысты бұрғылау қашаулары және бастары уату - опырып салу (шарошкалы), кесу - опырып салу (лопасты), ұнтақтау - кесу (алмаз типтес).

Лапасты қашаулар мынадай түрлерге бөлінеді: екілопасты 2Л, үшлопасты ұнтақтап - кесу 3ИР, алтылопасты ұнтақтап - кесу 6ИР, бірлопасты П. Лопасты қашаулар шарошкалы қашауларға қарағанда оңай контрукциялы және цементтелмеген, жұмсақ, борпылдақ тау жыныстарын бұзу кезінде қолданылады. Лопасты қашаулар көбінесе роторлы қашау кезінде қолданылады. Бірлопасты қашаулар цементтік тығынды бұзуға арналған.

Алмазды қашаулар қатты жыныстарды бұзуға арналған және қашауды жасауда бағалы алмаз немесе синтетикалық алмаз қолданылады.

Қалақты қашаулар (лопостые)

Алмазды қашаулар (алмазные)

2-і сурет

3-і сурет

2. Бұрғылау бағанасын есептеу

Бұрғылау бағанасы келесі негізгі функцияларды орындауға арналған:

- тау жынысын бұзатын аспапқа ротордан айналманың берілуі үшін;

- түп қозғалтқышпен ұңғыманы бұрғылау кезіндегі пайда болатын қозғалмайтын ротордың реактивтін айналу моментіне берілуі үшін;

- қашауға білік жүктің пайда болуы үшін;

- бұрғыланған тау жынысын ұңғыма түбінен тазартуға арналған жуу сұйықтығын өткізу үшін;

- ұңғыма сағасын зерттеуге арналған жабдықтарды түсіруге және керн материалын көтеру үшін;

Бұрғылау бағанасы бір - бірімен бұрғылау кілттерімен және муфталармен жалғанған жетекші құбырдан, бұрғылау құбырларынан және ауырлатылған бұрғылау құбырларынан тұрады.

Стандарт бойынша, бұрғылау құбырларын өз салмақ әсеріне байланысты беріктікке, айналу нәтижесінде тұрақтылықты жоғалту кезіндегі айналу моменті мен майысу берілетін беріктікке есептейді.

Пайдалы салмақ мына формуламен анықталады:

Жанама кернеу мына формуламен анықталады:

τ=MK/WK,

Бұрғылау бағанасының айналуына қажет болатын қуат кВт, В.С.Федоровтың формуласымен анықталады:

NХB=сρЖgd2lп1,7

Айналу моментін қуат арқылы анықтайды:

MK=(NХ.B+NД)/ω

Жуу сұйықтығындағы айырылған салмақты есепке алмағанда, өз салмағы әсерінен бұрғылау бағанасының созылу кедергісі:

σ=[(l-l0) q +ql0]/F

Беріктік шарты мына формуламен анықталады:

Бұрғылау бағанасының статикалық беріктігі мына формуламен анықталады: