- •5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы
- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
- •Мазмұны
- •Нормативтік сілтемелер
- •Анықтамалар
- •Белгілеулер мен қысқартулар
- •1 Жалпы білім беретін орта мектептің технология пәнінен оқу процесі
- •1.1. Оқу шеберхана талаптары
- •1.2. Оқу шеберхананы станокпен қамтамасыз ету
- •2. Технология пәнінде ағаштардан тұрмыстық бұйымдарды дайындау
- •Құрастыру технологиясы
- •Шығыс халықтарының сандық үлгісі
- •Бүгінгі заманның сандық бұйымы
- •Заманауи сандық үлгісі
- •2.2 Үлгілік сабақ жоспары
- •2.3 Ұлттық бұйымдарды дайындаудың негізгі талаптары.
- •Сандық бұйымын дайындау жолдары.
- •Орыс сандығын жасау технологиясы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер...........................................................................................7
Анықтамалар............................................................................................................ 8
Белгілеулер мен қысқартулар............................................................................... 9
Кіріспе ................................................................................................................. 10-12
1. Жалпы білім беретін орта мектептің технология пәнінен оқу процесі………………………………………………………………………….......13
1.1. Оқу шеберхана талаптары......................................................................... 13-17
1.2. Оқу шеберхананы станокпен қамтамасыз ету.........................................17-18
2. Технология пәнінде ағаштардан тұрмыстық бұйымдарды дайындау............................................................................................................19-20
2.1. 7-сынып оқушыларына ұлттық бұйым сандық үлгілерін
құрастыру технологиясы.....................................................................................21-24
2.2. Үлгілік сабақ жоспары..................................................................................24-25
2.3. Ұлттық бұйымдарды дайындаудың негізгі талаптары..............................25-27
Қорытынды............................................................................................................. 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 29
Нормативтік сілтемелер
Курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:
- Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан - 2030»― атты жолдауы;
- Университеттің ішкі нормативтік ережесі:
- УЕ – ХҚТУ – 027 – 2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен
өткізу ережесі.
Анықтамалар
Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі.
Шеберхана – оқушылырдың технологиялық шеберлігін арттыру мақсатындағы дәріс алу және тәжірибе алмастыру кабинеті.
Станок – оқушылардың арнайы бір бұйым жасауын жеңілдетуге арналған құрылғы.
Верстак – оқушылырдың ағаш материалымен әр түрлі бұйым жасауға ыңғайлы жұмыс үстелі.
Белгілеулер мен қысқартулар
ҚР – Қазақстан Республикасы
ЖОО - Жоғары оқу орны
СТД-120 - ағаш өндеу станогі
% - пайыз
м/с – метр секунд
Гц – гига герц
ОВП-5 - өрт сөндіргіш баллоны
м2 – метр квадрат
мм – миллиметр
ЭТ-62 - электроқайрақ
НС-12 типтегі бұрғылау станогы
Квт – киловатт
И-78 - марклі дискалы ара
И-93 - маркілі электролобзик
И-2УА – электросүргілер
С - градус цельский
См – сантиметр
ОТҚ - Оқытудың техникалық құралдары
Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде білім беру жүйесінде соңғы онжылдықта тың өзгерістер жасалып, әлемдік білім беруге ұмтылуда. Сол үшін еліміздің экономикасын қарқынды дамытуда алдымен бүгінгі жасұрпақты білімдар етіп, жан-жақты даярлау үкімет алдында тұрған еңбір жауапты мәселе екендігі барша қазақстандықтарға аян. Соның бір айғағы бүгінгі мектеп реформасынының өзекті мәселесінің бірі – оқушылардың еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беруді түбірімен жаңарту және әрбір мекеме орындарында жұмыс істей білетін жан-жақты да қабілетті мамандарды даярлау, ең өзекті мәселе болып табылады. Осы орайда әрбір жас буын алдымен өз білімін жеке басына ғана емес, қоғамға да пайда келтіретін саналы азамат ретінде мектеп қабырғасынан бастау алу керектігі аталып өтілуде.
Сондықтан да мектеп қабырғасынан оқушыларға пәндік білім беріп қана қоймай, олардың болашаққа бағытталған өз ұстанымын дұрыс бағытта дамытуда олардың шығармашылық белсенділі мен шығармашылық қабілетін арттыру болып табылады. Жалпы жоғары сынып оқушыларының шығармашылық белсенділік қабілеттерін дамытуда және олардың жан-жақты үйлесімді дамуында мектептегі еңбек тәрбиесінің (технология пәні арқылы берілетін) маңызы зор болып саналады.
Әсіресе білім беру ісі, балалардың жас ерекшелігіне сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік - мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шеше білуіміз керек.
Жалпы мемлекеттің күш-қуаты, ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің
ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың сапасымен анықталады. Сондықтан да өркениетті дамушы 50 елдің қатарында болу үшін мектеп оқушыларының әр уақытта қоғамдық санасының яғни жеке тұлғасының еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі өзекті де көкейтесті мәселе болып отыр.
Ол үшін мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуда мектепте өтілетін технология пәнінің алатын орны ерекше. Технология пәнінде жоғары сынып оқушылары, қарапайым еңбек түрінен бастап өндірістік білім негіздерінің теориялық жағынан мәлметтер ала отырып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі, техникалық шығармашылық қабілеттері артып отырады.
Дегенмен, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда қай пәннің болсада өзіндік үлесі бар болғанмен еңбекке баулу
(технология) пәнінің алатын орны ерекше екендігін атап кетуге болады.
Технология пәнінде мектеп оқушылары еңбектің алғашқы әліппесімен танысып, олардың байқағыштығы, ой - өрісі, сана-сезімдері және олардың пәнге деген қызығушылықтары арта түсіп, шығармашылық белсенділіктері артып отырады.
Сондықтан да жалпы білім беретін мектептің технология пәні
сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, дамытуда және мектеп оқушыларына жан-жақты білім беруде, бүгінгі мектептің технология сабағы дегенмен өз дәрежесінде өтіліп келе жатқан пәндердің бірі болғанымен оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұсынылған оқулықтарында кемшіліктер көтеп кездеседі. Мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділіктерін дамыта түсетін арнайы дайындалған оқу-әдістемелік құралдардың жоқтың қасы. Біз айтып отырған талаптардың орындалмауынан бүгінгі күні біршама қарама-қайшылықтар туындайды. Біз жазып отырған курстық жұмыстың тақырыбы да осы мәселелердің шешімін табу мақсатында оқу-әдістемелік құралдарға талдау жасауға «Технология пәнінде ағаштардан тұрмыстық бұйымдарды дайындау (сандық жасау өнері мысалында) -деп алуға себепші болды.
Зерттеу мақсаты – мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін ұлттық өнер арқылы дамытудың психологиялық ерекшеліктері мен педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктеріне және
осы мәселені зерттеген педагог-психологтардың еңбектеріне талдау жасау;
- жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін
технология сабақтарында оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдеріне талдау
жасау;
- мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін ұлттық өнер арқылы
дамыту;
Зерттеу пәні - Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін технология пәнінде дамыту.
Зерттеу әдістері – талдау, жинақтау, іздену, бақылау, оқушы жұмысын зерттеу, сауалнама жүргізу, т.б.
Зерттеу нысанасы – жалпы білім беретін орта мектептердің оқу- тәрбие үдерісі.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
