- •5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы
- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі
- •Мазмұны
- •Нормативтік сілтемелер
- •Анықтамалар
- •Белгілеулер мен қысқартулар
- •1 Жалпы білім беретін орта мектептің технология пәнінен оқу процесі
- •1.1. Оқу шеберхана талаптары
- •1.2. Оқу шеберхананы станокпен қамтамасыз ету
- •2. Технология пәнінде ағаштардан тұрмыстық бұйымдарды дайындау
- •Құрастыру технологиясы
- •Шығыс халықтарының сандық үлгісі
- •Бүгінгі заманның сандық бұйымы
- •Заманауи сандық үлгісі
- •2.2 Үлгілік сабақ жоспары
- •2.3 Ұлттық бұйымдарды дайындаудың негізгі талаптары.
- •Сандық бұйымын дайындау жолдары.
- •Орыс сандығын жасау технологиясы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.2. Оқу шеберхананы станокпен қамтамасыз ету
Аралас станок стол үстінде сүргілеу және дискалы ара -1 дана, стол үстінде қойылатын ағаш ендеу токарь станогы 2-дана, ЭТ-62 (электроқайрақ) типтегі электр қайрақ 1-дана, НС-12 типтегі бұрғылау станогы - 1- дана. Шеберханаларға жабдықтарды тандап алуда, әр түрлі типтегі станоктарға койылатын талаптарды ескеру керек.
Бұргылау станогы. Көпшілігінде ағаш және метадды бұрғылауда, мектепте бұрғылау диаметрі 12 мм дейінгі бұрғылау станогы тиімді. Бұрғылау станоктарының жалпы мәліметі төмендегідей. Ең үлкен диаметр 12 мм, доңгелек стол 200x250 столдың қолмен көтерілуі 100-150 мм. Шпиндельдің шығуы 100-150 мм электроқозғалткыштың қуаты 0,25-0,3 квт.
Қайрау станогы. Ағаш және металл өңдейтін құрал-саймандарды
қолмен кайрау үлкен қиындық тудырады. Оқу шеберханалары үшін қайрау станогының шығарылған қозғалтқыш өсінің екі шетіне дөңгелек қайрақтар бекітіледі.
Ағаш өңдеу токарь станогы. Стол үстіне қойылатын СТД-120 ағаш өндеу станогі және оның толықтырылған бұрғылау жабдығы түрі СТД-120М мектеп кабырғасында кеңінен қолданылады (3-сурет).
Центр аралығының ең үлкен кашықтығы 500 мм, центр биіктігі 120 мм, сондай-ақ алдыңғы топайы электроқозғалтқыш қызметін атқаратын және өңделетін дайындама бекітілетін тетікпен жабдықталған токарь станоктары да қолданады.
СТД-120 м ағаш токарь станогы
Дискалы ара. Оқу шеберханалары үшін аралас дискалы ара станогы орнатылады. Пышақ ұзындығы және дисканың диаметрі 120 мм. Дискалы арада қосымша жабдықсыз-ақ ағаш аралаумен қатар шпунт, фальцы, т.б. кеседі.
Мектепте И-2УА типтегі электросүргілер, И-93 маркілі электролобзик, И-78 марклі дискалы ара т.б. кең көлемде қолданылады. Аталған құрал-саймандарды мектептерде пайдалану өте тиімді бірақ олармен жұмыс істеу мұғалімге ғана рұксат етіледі.
Шеберханада жабдықтарды орналастыруда көптеген талаптарды ескеру керек. Механикалық жабдықтарды мұғалімнің жұмыс орнына мүмкіндігінше жақын орналастырған жөн. Бұл жағдайда оқушылардың станоктарды және станоктардағы жұмыстарды қадағалауына жеңіл болады.
Дискалы арамен сүргілеу станоктарын косымша бөлмеге орналастыру керек. Верстактарды және станоктарды орналастыруда, жарықтың оқушылардың жұмыс орнына түсуіне өзара орналасу қашықтықтарына қойылатын талаптарды орындау керек. Шеберханаларда оқушылардьщ дайындап аяқталмаған жұмыстарын сақтайтын орын болуы тиіс. Ондай болмаған жағдайда көптеген қиындыктар туындауы мүмкін.
2. Технология пәнінде ағаштардан тұрмыстық бұйымдарды дайындау
2.1 7-сынып оқушыларына ұлттық бұйым сандық үлгілерін
Құрастыру технологиясы
Ежелден қазақ халқы үй жиһаздарын ағаштан жасалған өнердің қас
шебері болғанын біздер тарихтан білеміз. Қазақстанның солтүстік, шығыс, батыс аймақтарымен Алтай төңірегінде қайың, шырша, қарағай секілді ағаш түрлері көптеп өссе, оңтүстік өңірде терек, қара тал, жиде және жеміс ағаштары, батыста қарағай, қайың, жөке ағаштары өседі. Ағаш ұқсатумен айналысатын ағаш шеберлерді үйші, оймашы, балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген. Ағаштың адамзатқа, тұрмыс-тіршілігіндегі қолданылатын орнымен қатар ата-бабаларымыз үшін қасиетті де, киелі ағаштың орны бір бөлек екенін байқаймыз.
« Ел іші - өнер кеніші » дегендей біздің өлкемізде де ағаштан түйін түйетін небір атақты шеберлеріміз болған. Мысалға, соның бірі белгілі қолөнер шебері - Айдос Мұратұлы атамыз. Халық шеберлерінің ағаштан жасаған кең тараған бұйымдарының бірі-сандық бұйымы. Сандық киім-кешек т.б. заттарды салуға арналған. Қыз ұзатқанда қыз жасауы сандық болған. Ағаштан жасалған үй жиһаздарының безендіру тәсілдерінің де ерекшеліктері бар. Мысалы: Оңтүстікте бояумен сәндеу, ою жүргізу басымырақ болса, Солтүстік, Орталық, Шығыста түсті металдар мен әсемдеу жиі кездеседі. Ал, Батыста бедерлеп ою ойылып, қосымша түрлі түсті бояулар жағылып үйлесімді көркемделеді.
Үй жиһаздарына салынатын ою - өрнек мотиві де әр түрлі. Оңтүстікте геометриялық фигурада пайдаланса, Солтүстік, Орталық, Шығыс аймақтарда жануар стилі (зооморфты) және өсімдіктер стилін жиі пайдаланады. Ертеде қазақ халқы үй жиһазының әдемілігіне ерекше көңіл бөлген. Әсіресе өрнегіне. Ежелгі шеберлер үй жиһаздарының бетіне нақыштап сүйектен, күмістен, алтыннан оюлармен әшекейлеген. Мысалы сандықтың, ағаш төсектің беттеріне. Қолөнерге бай қазақ халқының үй жиһаздарының ішінде сандықтың ежелден үш түрде жасалып келген киім-кешек, әр түрлі ұсақ - түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді-кішілі қолсандық, жағлан және әбдіре пайдаланған. Үлкен әбдіре - сандықтың ұзындығы 90 - 100 см,биіктігі мен ені 45-50 см шамасында жұқа қарағай тақтайлардан жасалады. Жағландар әбдіре - сандық сияқты үлкен емес. Оның ұзындығы 60 - 70 см, ені мен биіктігі 30 - 35 см шамасында. Қол сандықтарды бойжеткен қыздарға арнап жасатады. Оның көлемі де шағын, ұзындығы 45 - 50 см, ені 25 - 30 см, биіктігі 15 - 20 см шамасында болады.
Жасалу ерекшеліктеріне байланысты да әрқилы. Мысалы: ағаштан ойған сандықтар, терімен қапталған жағландар, сүйек сандықтар, жұмсақ
қаңылтырмен әсемделген сандықтар.
