Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Сандық бұйымын дайындау жолдары.

Орыс сандығын жасау технологиясы

Қорытынды

Жас ұрпақты бүгінгі қоғамның талаптарына сәйкес тәрбиелеу және білім беру оқыту процесінің негізгі принциптерінің бірі. Оқыту процесінде тәрбиенің барлық түрлері қамтылады. Сондай тәрбиенің бірі оқу процесіндегі еңбек тәрбиесі.

Жалпы еңбек тәрбиесінде еңбек сабақтарының мәні ете зор, оларда оқушылар еңбек операцияларын меңгереді. Бұл сабақтарда оқушылар өздері үшін керекті және басқа нәрселерді даярлайды, еңбек дағдыларын меңгереді, техникалық және технологиялық білімдерімен қаруланады. Оқушылардың еңбеккерлік сезімдері әсіресе жоғарғы сыньштарда, оқушылар бригадаларында, мектеп шеберханаларында беки түседі. Жалпы еңбек тәрбиесі мектептің технология пәні арқылы беріледі. Еңбек тәрбиесінің мүмкіншіліктері де мектептің оқу бағдарламасы бойынша өтілетін технология пәні арқылы іске асырылып отырылады.

Қазақ халқы сонау ерте заманнан-ақ күнделікті еңбек қызметінде өзінің қолданбалы өнерін дамытып отырды. Көркемдік талғам мен талапқа сәйкес олар рудың, отбасының, жеке бастың тұрмыстық және рухани қажеттерін қанағаттандыру, айырбас сауда жасау үшін ең қажетті заттарды дайындады. Жүн, тері, сүйек пен мүйіз, яғни мал шаруашылығы өнімдері, ағаш, металл, қолданбалы өнер туындыларын жасайтын материалдар қызметін атқарды. Міне, осының бәрін жастайынан көріп, көңіліне тоқып өскен балалар бірте-бірте бұл өнердің қыр-сырын меңгеріп, өз бетімен өмір жолын бастағанға шейін айтарлықтай тәжірибе жинақтайды.

Қазақ баласы қолөнерін игеру барысында қажыр – қайратын шынықтырумен қоса, үлкен – кішімен қарым – қатынас жасауды тұрмыс – тіршіліктің қиын кезеңдерінде қайырымдылық танытуды, ата – ананы, еңбек адамын қадірлеуді үйренді.

Қорыта айтар болсақ, еңбекке баулу арқылы бала тәрбиесі бір – бірімен тығыз байланысып отыратын екі мақсатқа бағытталған.

1. Баланы еңбекке үйрету барысында оның қабілет – ептілік, икемін, дағдысын дамыту.

2. Еңбек үстінде бала бойына халықтық ізгі қасиеттерді сіңіріп, дарыту .

Баланы өнерге баулуда халқымыз оның бойында талғампаздық, сұлулық, әсемдік, көркемдік, сыпайыгершілік сезімін оятып, эстетикалық талғамының жетілуіне ықпал еткен.

Ұлттық өнер, ұлттық мазмұн тек мектептерде кәсіпке баулитын арнаулы пәнде ғана емес, балғын жасқа тәрбие беруде және оқу барысында кез келген сабақта ұлттық педагогика мен үндестік тауып жатуы тиіс. Міне, осы негізді басшылыққа ала отырып мектеп оқушыларын қолөнершілікке баулуда кәсіби білім беру– бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. - Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

«Қазақстан - 2030»― атты жолдауы;

  1. Ракишев. М.Е. (Мектептегi технология. 2006. №12. 4-б)

  2. Ортаев. Б.Т, Камалов. Ю.Н, Маханов. Т.Ш, Ағаш өңдеу практикумы. –Шымкент, 2008.

  3. Сыздықов.О, Пошаев.Д.Қ, Ортаев. Б.Т. «Технология» пәнін оқыту әдістемесі: 5В011200-Кәсіптік оқыту мамандығына арналған. Оқу құралы. –Алматы: Нұрлы әлем, 2010.-394 б

6. Бешенков.А.Н, Васильченко.Е.А, Воловиченко.А.Н, т.б. Трудовое обучение.М; Просвещание, 1989. 15 – 30б.

7. Сыздықова.О, Сыздықов.О. Материалтану және слесарлық іс: 5В011200-«Кәсіптік білім» мамандығына арналған. Оқу құралы.- Алматы: Нұрлы әлем, 2010.-240 б

8. Білім стандарты. – Алматы. 1999.

9. Жасанова А. Технологияны оқыту әдістемесі. – Алматы. 2005.

10. Шардарбеков Д. Сабақ және оны өткізудің негіздері.- Алматы. 2003