Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Шығыс халықтарының сандық үлгісі

Олардың аяғы болмаған. Қазіргі жағдайда сандық жасағанда, жерге қойғанда түбі дымқыл тартпау үшін оның астыңғы төрт бұрышына үйлестіре тақтайдан бұрыштап аяқтар орнатылады. Екі қапталына екі тұтқа орнатылады және төмендегідей үлгіде жасалынады. Тұтқаларды қалың сым темірден немесе қалың қаңылтырдан дайындауға болады. Сандықшаның алдыңғы қабырғасының дәл ортасынан қақпағына кекіл орнатылады. Кекіл сандықшаны құлыптап қою үшін қажет. Жасалынатын сандықшаның қарама - қарсы қабырғалары бірдей болғандықтан, олар бірге дайындалады. Бұл екі беті бірдей сүргіленген қарағай тақтайларды бір-біріне қапсырып қағуымыз керек немесе желім жағып желімдеуге болады. Қақпағын екі жерден топсамен бекітіп, тұтқасы мен кекілін орнатамыз. Сандықшаның даярлама бөлшектері дайын болғаннан кейін, ретімен мұқиаттап қағамыз.Енді сандықшамыз әзір болғасын, оның бет жағын әсемдеуді жасаушы оқушылардың өзіндік логикалық ойлау ерекшеліктері мен (фантазиясы) шеберліктеріне байланысты әзірлеуге болады.

Қазақстанның барлық аудандарында ежелден бері көп жасалған

бұйымның бірі — қол сандық. Қол сандықтарды бой жеткен қыздарға арнап жасататын, ол ұзатылғанда жасау құрамына енеді. Олай болса, қол сандықтар бой жеткен қыздар мен жаңа түскен жас келіншектердің еншісіндегі өте сәнді бұйымдардың бірі ретінде саналған. Оның көлемі де шағын (ұзындығы 45 - 50 сантиметр, ені 25 - 30 сантиметр, биіктігі 15 - 20 сантиметр шамасында) болатындықтан қыз - келіншектердің ине-жіп, айна-тарақ, әтір, сабын сияқты уақ-түйек бұйымдарын сақтауға арналады.

Бүгінгі заманның сандық бұйымы

Заманауи сандық үлгісі

Көпшілік қауымның жасататын қол сандықтары тек ағаштан ғана мұқият өңделіп, бір түсті бояумен сырланып жасалады. Сән қуған кісілер қол сандық беттеріне нұсқалы, бедерлі оюлар ойғызып, түрлі түсті бояулармен сан қилы ою - өрнектер салғызып отырған. Бұған қоса неше түрлі шұға, асыл тастар, сүйек пен күміс әшекейлерін кеңінен пайдаланатын болған. Әрине, қазіргі күнде қарапайым қол сандықтар сирек ұшырасады. Ел арасында да, мұражайларда қол сандықтың өте әсем көркемделген қымбат үлгілері ғана бүгінгі күні сақталған. Сондықтың, бетіне жүргізілген ою - өрнектері, әшекейлері бір - біріне ұқсамайтын нағыз өнер туындысы ретінде танылатын қол сандықтардың бірнеше үлгісіне Х. Арғынбаев былайша қысқаша сипаттама береді.

Қолда бар алтын қол сандықты көркемдеу ерекшеліктеріне қарай төрт топқа бөлуге болады. Бұлардың ішіндегі бірінші топқа жататын ең тәуірі сырты түгелдей сүйектеліп көркемделген Ақтөбе өлкетану мұражайында сақталған қол сандық. Оның төрт жағы түгелдей, қақпақтың төрт жиегі мен төбесі толығымен түйе сүйегінен кесілген әр түрлі әшекейлермен өрнектелген. Қол сандық жиектеріне қиыстырған сүйек әшекейлердің бетіне қос мүйіз оюлары жүргізілген. Алдыңғы бетіне үш үлкен шаршы ойыстырылған. Олардың араларында, астыңғы жағында шебер қиюластырылған әшекей беттерінде әдемі оюлар бар және астына жез немесе шұға төселген. Қол сандық ішкі құлыппен ашылып-жабылады. Ондағы әр түрлі сүйек әшекейлердің қиысу тәртібі де, әшекей беттеріне жүргізілген ою-өрнектер де симметрия заңдылығын мұқият сақтай орындалған.